Жалғаушы ұлпа бөлек ұлпадарды өзара және қаңқамен байланыстырады. Ол зат алмасуға, басқа ұлпаларда құруға қатысады, ағзаның қорғаушы функциясын жүзеге асырады. Жалғаушы ұлпа жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады. жасушаралық зат құрамына негізгі аморфты заттар, талшықты құрылым және сұйық ұлпа шырыш кіреді. Талшықты құрылымдар физикалық қасиеті мен химиялыққұрылымы бойынша ажыратылатын коллагенді, эластикалық және ретикуляр талшықтары болып табылады.
Жасушаралық затта коллагенді, эластикалық және ретикуляр талшықтарының қайсысы басым болатындығына және олардың орналасуына байланысты жалғаушы ұлпа келесі түрлерге бөлінеді: ретикуляр, борпылдақ, тығыз және эластикалық. Жалпы бұл ұлпаның ұшадағы мөлшері 9,7–12,4%. Бұл ұлпаның тағамдық құндылығы төмен және еттің қаттылығын жоғарылатады.
Ретикуляр жалғаушы ұлпа өзара көп өскіндермен жалғанған дұрыс емес пішінді жасушалардан тұрады. Бұл ұлпа қан ұю функциясын атқарады, тірі ағзаны бөтен денелерден (микрофлора, токсиндер) қорғайды. Ол лимфа түйіндерінде, көкбауырда, қызыл сүйек миында және басқа жерлерде орналасқан.
Борпылдақ жалғаушы ұлпаның жасушааралық затында коллаген талшықтары басым және ол әртүрлі бағытта орналасқан, сонымен қатар арасында эластикалық талшықтар болады. Бұл ұлпа барлық мүшелердің құрамына кіреді, мүшелердің арасында, теріде және тері асты жасұнықсында орналасқан. Бұл ұлпа негізінде май ұлпасы құрылады.
Тығыз жалғаушы ұлпасының жасушааралық затында коллаген талшықтары басым, ол параллель түйінділермен орналасқан және бұл ұлпаның беріктілігін жоғарылатады. Тығыз жалғаушы ұлпасынан бұлшықтардың сіңірі, байланыстар құралған.
Эластикалық жалғаушы ұлпасының жасушааралық затында жуан эластикалық талшықтар басым, ал коллагенді талшықтар мен аморфты заттар аз.
Достарыңызбен бөлісу: |