Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет272/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Тоңазытылған етті сақтау. Тоңазытылған етті микроағзалар дамуын болдырмайтын температурада сақтайды. Бірақ ылғалдың жоғалуы, ақуыз пен май қасиеттерінің өзгеруі сияқты үдерістер жүре береді де, соңында сапасының төмендеуіне немесе ақаулардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл өзгерістерді сақтау камерасында тұрақты төмен температураны, жоғары салыстырмалы ауа ылғалдылығын қадағалап және өнімдерді дұрыс орналастырып минимумға жеткізуге болады.

Сақтау камерасындағы температура –18 С жоғары емес, салыстырмалы ауа ылғалдылығы 95-98%, ауа айналымы табиғи болу керек. Сиыр етін –18 С температурада - 12 ай, –20 С - 14 ай, –25 С - 18 ай сақтауға болады.

Бөлшек саудаға ет өндірістік және тарату тоңазытқыштардан түседі.

Етті суытылатын автотранспортпен 6 С жоғары емес температурада сақтайды. Суытылған және тоңазытылған етті ілгекке ілінген күйде немесе торға салынған күйде тасымалдайды.

Ірі дүкендерде екі суыту камералары болу керек: бірі – суытылған ет үшін, екіншісі – тоңазытылған ет үшін. Орналастыру үшін ет сөрелерімен және ілгектермен қондырылу тиіс.

Суытылған ұша не жарты ұшаны өзара жақындатпай ілінген күйде сақтайды. Суытылған ет температурасы 0–4 С дейін, ауа ылғалдылығы 80–85% болу керек. Дүкендердің суыту камерасында суытылған ет 3 тәуліктен артық сақталмау тиіс.

Тоңазытылған етті штабельде ұшаларды, жарты ұшаны және ширек ұшаны тығыз орнатып, температурасы 0–2 С, 80–90% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды. Бұл жағдайда сақтау мерзімі 3 тәуліктен аспау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет