12.3.2. Албырт тұқымдасы
Албырт балықтары денесі тығыз күміс қабыршақпен жабылған, ал басында қабыршағы жоқ. Арқасындағы жүзу қанаты қысқа және денесінің ортаңғы бөлігінде орналасқан. Ол дүзу қанатының астында жұмсақ майлы қанатша бар. Албырт балықтарының ішінде өрістейтін (кета, албырт, ақсерке және т.б.) және тұщы су балықтары (ақсаха, бахтақ балық) бар. Барлық албырт тұқымдас балықтар уылдырығын тұщы суда шашады. Албырт тұқымдас балықтардың еті нәзік, майлы, қызғылт немесе қызыл түсті болады.
Албырт балықтарға тынық мұхит албырттары – кета, горбуша, нерка, чавыча, кичуж, сима; нағыз албырттар – ақсерке, өзен және каспий албырттары, өзен бахтақ балықтары, ақсахалар – көкшұбар балық, тугун, омуль, пелядь, чир, сиг, нельма, белорыбица, голецтер – кунджа, мальма, таймень, ленок жатады. Албырт (лосось) – өнерсәсіптік жолмен ауланатын балықтар тобы, оларға Тынық мұхит албырттары (горбуша, кета, чавыча, кижуч, нерка, сима, кунджа, мальма), ақсерке Каспий албырттары, кумжа, бақтақ және голец балықтары жатады. Албырттардың көбі әзендер мен көлдерде тіршілік етеді, сондай-ақ кейбіреулері негізінде көл-дерді мекендегенімен, уылдырық шашарда өзендерге шығады. Етінің түсі ашық қызыл, жұмсақ және майсыз ұсақ сүйегі жоқ, хош иісті болады.
Албырттың етінен – таза консервілер, түрлі балық тағамдарын дайындауға, сондай-ақ тұздап ысталған күйінде (шамалап тұздалған), ет және уылдырық тарамдарын әзірлеуге болады.
Тынық, мұхит албырттарына – қызыл (нерка), кижуч және сима жатады, олардың салмағы 3–5 килограмға дейін жетеді. Бұл балықтардың етінің дәмділігі горбуша мен кетенің етіиен кем емес, әдетте оны тұздайды, ыстайды немесе кептіреді, одан консерві әзірлеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |