Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет314/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   379

12.3.1. Бекіре тұқымдасы




Бекіре балықтар (осетровые) – бұларға бекіре, қортпа, пілмай, калуга, шоқыр, сүйрік балықтары жатады. Бекіре балықтары мүлде сүйексіз болады. Олардың етінен әр түрлі балық тағамдарын және ысталған тағамдар әзірлейді. Бекіре еттері көптеген кулинарлық тағамдар әзірлеуге жарайды.

Бекіре – бекіре тұқымдасына жататын балық. Тек Каспий теңізінде, Еділ мен Жайық өзендерінде ғана мекендейді. Ұзындығы 5 м-дей, массасы 200 кг-ға дейін, 50 жылдай тіршілік етеді. 10–20 жасында ағыны күшті өзенде уылдырық (80–840 мың) шашады. Шабағы 3 жасқа дейін өзенде өсіп жетіледі де, кейін теңізге шығады. Ересегі ұрық шашып болысымен теңізге қайтады. Бекіре қортпа, шоқыр, пілмай, сүйрік балықтарымен оңай будандасады. Бекіре тұқымдас балықтардың ішіндегі семізі және еті жұмсағы да осы.

Бекіре балықтары саудаға суытылған, мұздатылған және ысталған түрде түседі, сонымен қатар оны балық өнімдерін және әртүрлі балық консервілерін өндіруде қолданады.



Қортпа (белуга) – бекіре балықтарының ішіндегі ең ірісі. Орташа ұзындығы -1,5–2 м, ал салмағы 45–80 кг. Қортпа уылдырығы өте жоғары сапалы. Оны Каспий, Азов және Қара теңіздерінен және оларға құятын өзендердің сағасынан аулайды. Ірі кесек күйінде қайнатьш пісірілген қортнаның еті мыжыл май, жақсы кесіледі.

Калуга – ірілігі жағынан қортпаға жақын. Оны Амур өзені мен Татар бұғазынан аулайды. Ол қортпадан арықтау, еті жұмсақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет