Макарон өнімдерін картон қораптарға, целлофан және полиэтилен қапшықтарға массасы 250-ден 1000 г дейін өлшеп, қаптайды. Бұл үдеріс автоматты немесе жартылай автоматты жабдықтардың көмегімен орындалады.
Осы буып-түйілген дайын өнімдер сақтау қоймасына жөнелтіледі.
Макарон бұйымдарын құрғақ, таза бөлмелерде 18 °С аспайтын температурада (температура ауытқуы болмауы керек), 60–70% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды. Сақтау ұзақтығы: қоспасыз макарон бұйымдары 1 жылға дейін; томат қосылған макарон бұйымдары 3 ай; сүт өнімдері және жұмыртқа қосылған макарон бұйымдары 5 ай.
Сақтау кезінде макарон өнімдерінде төменгідей өзгерістер жүруі мүмкін.
Макарон өнімдерінің түсінің өзгеруі каратиноидтардың тотығу нәтижесінде жүреді. Өнімдер жағымсыз сұр иіске ие болады. Сұр реңдерді жоғарылататын меланоидин түзу реакциялары жүруі мүмкін. Сүт және жұмыртқа ақуыздармен байытылған өнімдерде ақырын жүреді.
Макарон өнімдерінің ашуы – сүт өнімдері қосылып жасалған өнімдерде айқындалады, жұмыртқа қосылған және байытқышсыз өнімдерде ол ақырын жүреді.
Макарон өнімдерінің беріктілігінің өзгеруі желімтек ақуыздарының ескіру нәтижесінде жүреді. Оларда микрожырықтар пайда болып, сынық және ұнтақ өнімдер түзіледі.
Сақтау мерзімнің тәртібі бұзылуынан көгеру, қышқылдығының жоғарылауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |