Луфарь (луфарь тұқымдасы) – теңіз балығы. Ол Африканың жағалауындағы суларда Орталық және Оңтүстік Африкада, Қара теңізде тіршілік етеді. Оның мекендейтін жеріне байланысты тұрқы мен салмағы өзгеріп отырады. Қара теңізден салмағы 300 грамнан 1 килограмм болатын ұсақ луфарь, ал мұхиттан 8 килограмдық луфарь ауланады. Еті дәмді және хош иісті, одан неше түрлі балық тағамын әзірлеуге болады. Құрамындағы ақуыз мөлшеріне байланысты асханалық балықтарының ішінде алғашқы орын алады.
Мұздатылған, тұздалған және ысталған түрде сатылады.
Шортан (щука) – шортан тұқымдасына жатады, тұщы суда өседі. Оның 5 түрі бар. Шортан еті – арық. Уылдырығы жоғары сапасымен ерекшеленеді. Шортан Қырымда, Зайсан – Буқтырмада, Ертісте, солтүстік су қоймаларында, Түрікменстанның шағын өзендерінде, Охот теңізінің жағалау суларында т. б. өседі. Кәсіптік маңызы бар. Ірі шортандардың салмағы 35 килограмға дейін, ал ұсақ шортандардың салмағы 200–300 г болады. Әдетте сауда орындарына салмағы 1–3 кг шортандар түседі. Ірі және орташа шортандарды балық котлетін, фрикаделька және фарш жасау үшін пайдаланады, ал ұсақтарын дәмді нәрге қайнатады. Ұзындығы 30 см жоғары (басымен бірге) ірі, ал 30 см дейін – ұсақ шортан болып саналады. Саудаға тірі, мұздатылған, суытылған, тұздалған, ысталған және консервілері түрінде түседі.
Жайын (сом) – жайындар тұқымдасына жататын балық. Балхаш көлінде, Жайық өзенінде, кішігірім өзен-көлдерде кездеседі. 40 жылдай тіршілік етеді. Ұзындығы 5 м, массасы 300 кг-дай. 4–5 жасында тұқым бере бастайды. Уылдырығын көктемде су түбіндегі шөп арасында шашады. Қазақстанда жылына 400-500 т жайын ауланады. Мұның жер жүзіндегі суларда 28 тұқымы бар. Кәсіптік маңызы зор. Жайын еті тағамға пайдаланылады, ал терісінен түрлі бұымдар жасалынады. Оның денесі ұзынша келеді, кішкентай арқа қанатшасы бар,ал аналь қанатшасы ұзын және құйрыққа жалғасып кетеді. Қалыпты ұзындығы – 50–90 см, ал салмағы – 1,5–6 кг. Кейде салмағы 80 кг дейін және одан асып түседі. Ірі жайынға ұзындығы (баспен бірге) 53 см жоғары, ал ұсағына – 53 см дейін болатын жайын жатады. Жайын еті дәмді және майлы (4– 11%-май).