Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет341/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Көмір балық (угольная рыба) теңіз балығы, Қиыр Шығыстың солтүстік теңіздерінде тіршілік етеді. Тұркы ұзыншақ, көлденең; дөңгелек, ал жоны мен бүйірі қоңыр (қара деуге болады) түсі (аты содан шыққан). Судың терең жерлерінен ауланады, салмағы 1–2 кг, кейде 10 кг жетеді. Еті ақ, семіз, ұсақ қылтанағы болмайды, өте дәмді, одан әр түрлі балық тағамын жасауға болады

Марлиндер теңізде өседі. Олар тропикалық және субтропикалық суларда мекендейді. Марлиндердің қара, ақ, ақшыл және теңбіл түрлері кездеседі. Олардың тұмсығы семсерге ұқсап, алға шығып тұрады. Салмағы 130 грамнан 180 грамға дейін болады. Оның еті тығыз, майсыз және талшықты болып келеді. Марлиндердің етінен көбінесе консерві дайындайды.

Шашқұйрықты тұқымдасқа қылыш-балық жатады. Қылыш-балық



(сабля-рыба) теңізде өседі. Оның бір-біріне ұқсас екі түрін Атлант және Тынық мұхиттарының субтропикалық суларынан аулайды. Қылыш-балықтың тұрқы ұзын, бүйірі шығыңқы, қылыш тәрізді, қабыршағы жоқ. Арқа қанатшасы ұзындығы бойына созылған. Денесінің түсі жылтыр. салмағы 700 грамнан 1 кг. Әдетте қылыш-балықты сауда орындарына басын кесіп жібереді. Оны тазартқан кезде еті аздап үгіледі. Еті дәмді, жағымды консистенциялы, тұздалған түрінде сардина дәміне ұқсас. Ыстық қақтауға, тұздауға қолданылады. Құрамында 73–78%-ылғал, 1–8%-май, 18–19%-ақуыз болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет