Байланысты: Азық түлік тауарларын тану және сараптау
Албыртбалықтарының уылдырығы. Қиыр шығыс албырт балықтарынан алынған уылдырықты кета немесе қызыл уылдырық деп атайды. Құныс және кета балықтарының уылдырығының дәмдік қасиеттері жоғары, ал қалған лосось уылдырықтарында ащы дәм білінеді.
Түйірлі уылдырықты 6–18 минут қайнатылып 10 С дейін суытылған тұздықта тұздайды. Тұздықтан бөліп алған соң антисептик (уротропин мен сорбин қышқылының қоспасы), содан кейін сұйық май және глицерин (май түйірлер жабыспау үшін, ал глицерин кеуіп кетпеу үшін және ащы дәмді жұмсарту үшін қосылады) қосады. Дайын уылдырықты металл немесе шыны банкілерге 270 мг-нан, сонымен қатар 50 л-дан бөшкелерге салады.
Шарбылы уылдырық жібіген балықтан алынған жетілген немесе жетілмеген шарбылардан жасалады. Тұздалған шарбыларды 25–30 л бөшкелерге салады.