Кофені сараптау кезінде ілестірмелі құжаттарды, қаптамасының күйін және дұрыс маркіленуін тексереді. Сапасын анықтау үшін партия өлшеміне байланысты үлгі таңдалады.
Кофе сапасын органолептикалық, физика-химиялық, қауіпсіздік көрсеткіштер бойынша анықтайды.
Қуырылған табиғи кофенің органолептикалық көрсеткіштері – бұл сыртқы түрі, дәмі мен хош иісі, ал ерігіш кофеде сонымен қатар түсі болып табылады.
Қуырылған табиғи кофенің сыртқы түрін сипаттау кезінде дақылдардың біркелкі және біртекті қуырылуына назар аударады. Ұнтақталған кофе қоңыр түсті ұнтақ болу керек.
Кофе дәмін демдеген соң экстракт дәмін татып көру арқылы анықтайды. Кофенің хош иісін құрғақ өнімде және экстрактта анықталады. Кофе дәмін анықтау үшін аздап жұтып, алғашқы дәм татымдарын белгілейді.
Кофе дәмі ауыз қуыратын бос, шөп татымды, ауыз қуыратын, ащы, бархатты, шарап татымды, толық, жағымды, нәзік, өткір, дөрекі жәе т.б. терминдермен сипатталады.
Кофенің хош иісін бағалау үшін экстрактты мұрынға алып келіп, толық иіскейді. Жақсы кофе нәзік хош иісімен ерекшеленеді.
Физика-химиялық көрсеткіштерден: ылғалдың массалық үлесі, жалпы күлдің массалық үлесі және тұз қышқылында ерімеген күл мөлшері, экстрактивті заттардың массалық үлесі, кофеиннің массалық үлесі, металмагнитті және бөтен қоспалардың массалық үлесі, тарту ірілігі (ұнтақталған қуырылған кофе), ыстық және суық суда толық ерігіштігі, глюкоза мен ксилозаның массалық үлесі (ерігіш кофе) анықталады.
Қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша уытты элементтер, радионуклидтер, В1 афлатоксин мөлшері нормаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |