Ф. Ш. Оразбаева Ғылыми редакторлар



Pdf көрінісі
бет7/22
Дата03.03.2017
өлшемі2,43 Mb.
#5943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

ӘОЖ 408.52 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
44 
 
 
Э.Қ. Ортаева – аға оқытушы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 
Б.А. Пазилова – аға оқытушы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 
 
Ш.МҰРТАЗА ШЫҒАРМАЛАРЫ ТІЛІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН КЕЙБІР ГРАММАТИКАЛЫҚ 
ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Түйіндеме:  Әдеби  тілде  қолданылып  жүрген  барынша  танымал  болған  кейбір  грамматикалық 
тұлғалар  арқылы  жасалған  бағзы  бір  сөздер  әдеби  тілдің  стильдік  ережелеріне  сәйкес 
келмейтіндіктен,  әдеби  тілдің  нормасына  ене  алмай  тыс  қалады.  Сондай  сөздердің  бірқатары 
Ш.Мұртаза  шығармалары  тілінде  де  кездеседі.  Бұл  мақалада  Ш.Мұртаза  шығармалары  тілінде 
кездесетін  кейбір  грамматикалық  тұлғалардың  қолданылып  көріну  тәсілдері  мен  жасалу  жолдары 
туралы әңгіме етілген.  
Тірек  сөздер:  грамматикалық  тұлғалар  (морфемалар,  аффикстер,  жұрнақтар,  қосымшалар), 
грамматикалық ерекшеліктер, көркем әдебиет, әдеби тіл, анықтамалар, нұсқалар, ережелер, туынды 
түбірлер, фонема, лексема, орфографиялық сөздік. 
Аннотация:  В  художественном  языке  некоторые  слова,  образовавшиеся  с  помощью 
грамматических  форм,  не  могут  соответствовать  стилистическим  нормамлитературного  языка  и  не 
входят в «Орфографический  словарь».  Такие слова встречаются и в произведениях  Ш.Муртазаева.  В 
данной  статье  рассматриваются  особенности  употреб-ления  таких  грамматических  форм  и 
ихсловообразование (на основе произведений Ш.Муртазаева)  
Ключевые  слова:  грамматическая  форма  (морфема,  аффиксы,  окончания),  грамматические 
особенности,  худо-жественная  литература,  литературный  язык,  правила,  варианты,  производный 
корень, фонема, лексема, орфографи-ческий словарь). 
Abstract: Some grammatical forms which employed in the literary language can not answer the stylistic 
norms of the literary language. These words are also used in the works of Sh.Murtaza. This article deals with 
the  features  of  grammatical  forms  of  some  words  and  their  word  formation  (based  on  the  work  of 
Sh.Murtaza) 
Keywords:  grammatical  form  (morpheme,  affixes,  endings)  grammatical  features,  fiction,  literary 
language, rules, variants, root-derived, phoneme, lexeme, spelling dictionary. 
 
Қазақ әдеби тілінің  жасалу көздері мен қалыптасу  негіздерін  Н.Т.  Сауранбаев төрт түрге 
бөліп қарастырған абзал деп жазған еді: 1) ертеден бері Мирас болып келе жатқан жатқан 
жазба  әдеби  тіл;  2)  қазақ  фольклорының  ауыз  әдеби  тілі;  3)  шығыс  әдебиетінің  дәстүрі 
бойынша  жазылған  кітаби  тіл  және  4)  жалпы  қазақ  тілінің  ауызекі  сөйлеу  тілі»  *1.71+. 
Мұндағы «кітаби тілді» автор «Орта ғасырда шығып, бірнеше түркі халықтарының арасына 
мол  тараған.  Орта  Азия  түрік  әдебиет  (я  шағатай)  тілі»  деп  аталатын  тілдер  осындай  орта 
ғасырдағы «кітаби тілдер» деп көрсетеді*1,114+. 
Әдеби  тілді  жалпы  халықтық  қарапайым  тілмен  бірдей  деп  қарауға  болмайды.  Әрине 
халықтың  қарапайым  тілі  әдеби  тілге  жат,  басқа  бір  тіл  емес,  екеуі  де  халықтықтіл,бірақ 
екеуінің арасында белгілі дәрежеде өзгешілік бар *1,115+ 
«Қазіргі уақытта» – деп жазады автор, – әдеби тілге деген көзқарас бұрынғыдан басқаша. 
Әдеби  тілдің  анықтамасы  қазір  оның  әралуан  түрлі  ерекшеліктерін,  белгілерін  қамтиды. 
Кітаби  тілмен  я  болмаса  қарапайым  сөйлеу  тілмен  салыстырғанда,  әдеби  тілдің  өзіне  тән 
белгілері ерекше қасиеттері бар. Олар – сөйлеу тілінде не кітаби тілде жоқ қасиеттер. Сөйтсе 
де әдеби тілдің халық тілімен негізі де бір, құрылысы да бір. А.М. Горький «бір сөзбен әдеби 
тіл–халықтық тіл, бірақ оның шеберлер арқылы сұрыпталған түрі» деп жазған. *1,115+ 
Әдеби  тіл  туралы,  оның  анықтамалары,  мен  белгілерін,  нұсқалары  мен  ережелерін, 
өзіндік  ерекшелік-тері  мен  стильдік,  нормалық,  көркемдік,  жанрлық  және  басқа  да 
қасиеттерін,  қолданылуы  мен  көрініс-терін,  оларды  талдап,  жүйе-жүйесіменсаралап 
зерттейтін ғылыми еңбектер, оқулықтар мен бірсыпыра жұмыстар жарық көрді. Бұл салада 
көптеген қазақ оқымыстылары қалам тебірентті. 
«Көркем әдебиет тілін зерттеудің негізгі мұраты» – деп жазды Рабиға Ғалиқызы Сыздық, – 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
45 
 
тілдің өзін емес, оның мүмкіншілігін көрсету. Әрі қарай Р.Ғ. Сыздық «Көркем әдебиет қазақ 
әдеби  тілінің  қалыпта-сып  дамуы  барысында  басты  рөл  атқарып  келгені  мәлім»–  деп 
көрсетті. 
Біз  төменде  осы  аталып  отырған  әдеби  тіл  мен  көркем  әдебиет  тілінің  ара-қатынасын 
айқындайтын,  олардың  өзара  өзектес  болып  келетін  байланысын  байқап,  байыптау  үшін 
кейбір  грамматикалық  тұлға-лардың  Ш.Мұртаза  шығармаларының  тілінде  қолданылып 
көріну  тәсілдері  туралы  әңгіме  етеміз.  Алдын-ала  бірайта  кетейік  дегеніміз  –  төменде  сөз 
болатын  грамматикалық  тұлғалар  (морфемалар,  аффикстер,  жұрнақтар,  қосымшалар)  – 
әдетте әдеби тілде жұмсалып жүрген форматтар, айырма, бірақ, мынада: біз келтіріп отырған 
грамматикалық көрсеткіштер арқылы жасалған сөздер осы күйінде тұрып, дәл қазіргі әдеби 
тілдің стильдік нормаларына тиісті  дәрежеде жауап бере алмайтын тәрізді.  Сондықтан бұл 
лексика-лар шетқақпайлап таса, назардан тыс қала беретін сияқты болып көрінеді. 
Ш.Мұртаза  шығармаларының  тілінде  сөнік  деген  сөздің  қолдану  жөні  ерекше  бір  ойға 
қалдырады.  Тілімізде  етістік  түбірліріне  белгілі  бір  жұрнақтар  жалғану  арқылы  есім 
тұлғалары жасалатыны баршамызға мәлім. Әрине, бұл лексиканың негізгі түбірі – сөн (яғни, 
етістік).  Оған  әдетте  айтыла  беретін  ‘’-қ//-к,  -ық//-ік,  -ақ//-екаффиксі  ол  кезде  жиі 
қолданылатын  болған.  Бұл  лексеманы  қазақ  тілінің  орфографиялық  сөздігіне  қоспаса  да, 
Ш.Мұртаза  өзінің  шығармаларында  қолданады.  Ол  “өлімсіреген  сығырайған”  деген 
мағынаны  білдіреді.  Мысалы,  “Ашу  қысқанда  сөнік  көздеріне  қан  құйылып  кеткендей 
қызарып шыға келеді екен”*2,191+. “Кім біледі, кейбір жолдастардың басында да бір – қоқыс 
болуы мүмкін, – деп кегін кешіре алмай, зілденіп, күрең қызыл жып-жылтыр бетінің алауы 
қайтып, боп-боз сөнік көзі мөлие бастаған» *2,12+.  
Бұл  жаңа  сөздің  жасалу  үйлесімінде  грамматикалық  ерекшеліктерге  қайшы  келерліктей 
бөтен өзгеріс жоқ, ол белгілі бір нормалық қалыпқа құйылып, өңделіп шыққан. Өйткені қазақ 
тілінде етістіктің сөн деген түбірі  бар (сөнген, сөндіру, сөндірігіш, сөнбеу т.б  сөздер  де осы 
түбірден жасалған). Жаңа сындық ұғымындағы сөнік сөзіне қысқаша тоқталып өтсек. -ық//-ік 
өнімді  жұрнақтары  жөнінде  А.Ысқақовтың  “Қазіргі  қазақ  тілі”  деген  еңбегінде  былай 
делінген:  -ық//-ік  жұрнақтары  өзі  жалғанатын  салт  және  сабақты  етістіктің  лексикалық 
мағынасына тікелей байланысты түрлі сындық ұғымдарының атауларын жасайды. Мысалы, 
ашық, бітік, ілікт.б. 
Бұлым.  ”Дәл  иегінің  астынан  тарғыл  тастан  аумайтын  бір  топ  кекілік  пыр  етіп  жер 
бауырлай ұшып, бұлым айналып кетті”*4,225+. “Бұрыла беріс басқа бұлымнан сар-сар еткен 
шалғы  даусы,  баудай  түсіп  жатқан  атан  бел  дәстелердің  сыбдыры  естіледі”  *4,270+. 
Орфографиялық  сөздікте“бұлын”  және  “бұлың”  деп  берілген.  Сөз  түбірі,  әрине,  –  бұл. 
Осыдан  барып  туынды  түбірлер  жасалады:  бұлыңғыр  (бұлыңғыр-лану,  бұлыңғырланған, 
бұлыңғырланбау). Шынына келгенде бұл туынды түбір бұлың (бұлыңғыр емес) бұлын және 
бұлынғыр  болып  келуі  тиісті.  -ғыр//-гір,  –қыр//-кір  белгілі  қосымша.  Олай  болатын  себебі, 
бұлын  деген  сөздің  құрамындағы  н-фонема,  бұлың  деген  сөздің  құрамындағы  ң-фонема 
емес, ол н-фонемасының ғ-фонемасының алдында келіп тұрғандығына байланысты өзгеріп 
айтылатын түрі: аман – Амангелді. Сонда, бұл негізгі түбірінен -ын жұрнағы арқылы да -ым 
аффиксі арқылы да (бұлым) туынды түбір жасала береді екен деп ойлауға болады. Бұл екеуі – 
синоним аффикстер. Біреуі (-ын) әдеби тіл нормасына еніп үлгерген де, екіншісі (-ым) үлгере 
алмай  жүрген  болу  керек,  бірақ  екеуінің  жасалу,  қолданылу  заңдылығы  бірдей.  Тағы  бір 
мысал:  ”Үшеуі  Оспан  сайының  үлкен  бір  бұлымын  еңсере  алмай  шалдыға  бастаған  кез-
еді”*4,270+ 
Қазақ  тілінде  бұлың-бұлың  және  бұлым-бұлым  дегенқайталама  қос  сөздер  өзара 
синонимдес  болып  келеді,  олар  бұралаңы  көп,  қисық-қисық,  бұрылысы  мен  бұрмасы  жиі 
кездесетін  жалғызаяқ  соқпа  жол  мен  тышқанның  т.б  жәндіктердің  іні  туралы  айтылады. 
”Бұлың-бұлың алыстан көрінеді немесе алыстан бұлаңдап көрінеді” деп те айтылуы мүмкін. 
Сол  сияқты  бұлаң  (бұлаң  ету,  бұлаң,  құйрық)  бұлаң-бұлаң,  бұлаңдау,  бұлаңдату,  бұлғақ, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
46 
 
бұлғақтау, бұлғақ-бұлғақ, сықылды сөздердің де бастапқы түбірі бұл болуы ғажап емес, бірақ 
оларды арнайы сөз етіп, зерттей түсу керек сияқты. 
Академик Р.Сыздық Ш.Мұртаза шығармаларының тіліне байланысты былай деп жазады: 
”Жазушы  бұлым  деген  сөзді  бірнеше  рет  қолданған,  контекске  қарасаң,  ол  жер  бедеріне 
қатысты  сөз  тәрізді.  Қазақ  тілінің  лексикасынтүгендеген  он  томдық  “Түсіндірме  сөздікте 
бұлым сөзі жоқ, ал бұлың сөзі зат есім емес, сын есім, яғни бір-біріне жалғасы, белең-белең, 
қалтыраста»  деген  мағынаны  білдіріп,  негізінен  бел  сөзімен  келетінін  білдіреді:  бұлың 
белдер...*5,60-61+.  Р.Сыздық  бұл  мысалдарда  «автордың  сөз  қолданысы,  қолданған 
сөздердің сыр-сипаты, еркешеліктері» деген тақырып бойынша қарастырады. Осыған орай, 
сөз  жеке  сөздер  мен  тіркестерді  образ  етіп  жасауы,  сөз  құбылтуы  (орыс  тіл  білімінде 
“словопреобразование”  деп  соңғы  кезеңдерде,  өз  алдына  бөлек  категория  ретінде 
қарастыратын  құрылысты  біз  осылай  атадық  ,  көне,  сирек  кездесетін,  жергілікті  сөздерді 
“әдеби  айналымға  түсіруі,  синонимдер  қатарын  таңдауы”  сияқты  амал-тәсілдеріне  назар 
аударылады деп біз үшін бағдарлама болатындай, жол-жоба көрсетіп отыратын нұсқалы сөз 
айтады.  Сөз  соңында  айта  кетейік,  көне  түркі  тілдерінде  булуң  орысша  “угол”  (в  разных 
значениях) деген мағынаны береді *ДТС,124+. 
Мүңкіс. Мысалы: “Майы тамшылаған жаюлы еттің мүңкіс иісі болмаса бұл шайла – нағыз 
жұмақта  тұратындардың  мекені  сияқты”  *2,100+.  Осы  келтірілген  мысалдың  ішіндегі  мүңкіс 
сөзі қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде жоқ. Сөз түбірі мүңк – мүңкіу-мүңку етістігі оған -с 
(-ыс//-іс) форманты жалғану арқылы “мүңкіс” сөзі жасалған. Қазақ әдеби тілінде бұл – әдетте 
қолданыла беретін әдіс, мысалы жел-іс, жүр-іс, тойтар-ыс т.т. бірақ бұл аффикс өлі түбірге де, 
тірі  түбірге  де  жалғанады  (мысалы:  айқас,  қарғыс  сөздерінің  түбірлері  ескіріп  кеткен). 
«Мүңкіс»  сөзінің  семантикасына  келетіні  болсақ,  бұл  лексема  жағымсыз  иіс,  сасық  иіс 
дегенді білдірсе керек. 
Әдеби  тілде  қолданылып  жүрген  барынша  танымал  болған  кейбір  грамматикалық 
тұлғалар арқылы жасалған бағзы бір сөздер әдеби тілдің стильдік ережелеріне сәйкес келе 
алмайтын  болғандықтан,  әдеби  тілдің  нормасына  ене  алмай  тыс  қалады,  қатарға  қосыла 
алмай шетқақпайлап қалып қалады, көзге түспейді. Ең өкініштісі – олар әрқилы сөздіктердің 
реестерінетіркелмейді. Осыған орай, ол сөздер қазақ тілінде бар болып есептелінбейді. 
 
1 Cауранбаев Н.Т. Қазақ тілінің проблемалары.Таңдамалы еңбектерінің жинағы. – Алматы: CCРҒА, 
1982. – 145 б. 
2 Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Морфология. – М.: Наука, 1988. – 
125 с. 
3 Ысқақов А. Қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Мектеп, 1974. – 145 б. 
4 Мұртазаев Ш. Мылтықсыз майдан. Повестер мен әңгімелер. – Алматы: Жазушы,1997. –156 б. 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 80181  
 
Қ.О. Сейталиева – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы 
 
КӚРКЕМ МӘТІНДІ ТАНУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ 
 
Тҥйіндеме:  Мақалада  тілдің  қызметі,  тіл  құралдарының  нақты  мәтін  ішіндегі  қызметі  мәселесі, 
мәтіннің  конструктивтік  идеясы  мәтіндегі  сӛздердің  ұйымдасуынан,  құралу  ерекшелігінен 
байқалатындығына тоқталады. Мәтінді толық түсіну – мәтінде неліктен басқа емес, нақ осы сӛз, осы 
синтаксистік  құрылым  қолданылған;  нақ  осы  ойды  жеткізу  үшін  неліктен  осы  сӛздер  қажет  болды 
деген сұрақтарға жауап бергенде ғана жүзеге асатындығын айтады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
47 
 
Тірек  сөздер:  Кӛркем  мәтінді  талдау,  мәтін  лингвистикасы,  кӛркем  шығарма,  тілдік  талдау, 
құрылымдық-семантикалық тұтастық. 
Аннотация: В статье автор обращает внимание на то, что функция языка, вопросы употребления 
языковых средств внутри текста, конструктивная идея самого текста тесно связаны с особенностями 
его образования, с употреблением каждого слова в контексте. По мнению автора, детальное понимание 
текста  возможно  только тогда, когда есть ответы  на  то,  почему  употреблено  именно это слово, а  не 
другое, какую функцию выполняет то или другое слово для передачи той или иной мысли. 
Ключевое  слова:  анализ  художественного  текста,  лингвистика  текста,  художественное 
произведение, языковой (лингвистический) анализ, структурно-семантическая целостность. 
Abstract: In this article the author takes into consideration the function of language the problem of using 
lingual  means  in the text, constructive idea of  the  text  is closely  connected to the  formation peculiarities by 
using every word in the context. According to the author it is possible to understand the next in detail while it 
has concrete answer and its function to reproduce thought. 
Key words: fiction analisis, text linguistics, fiction, linguistic analisis, structural and semantic totality. 
 
Кӛркем  мәтінді  талдау  мәтін  лингвистикасының  маңызды  мәселесі  болып  табылады. 
Мәтін  негізгі  сӛйлеу  бірлігі  ретінде  ХХ  ғасырдың  60  жылдары  мәтін  лингвистикасының 
негізгі  зерттеу  нысанына  айналды.  Оның  негізі  Э.Бенвенист,  В.Скаичка,  С.И.  Карцевский, 
В.Матезиус,  Ш.Балли,  В.В.  Виноградов,  З.Заррис  т.б.  еңбектерінде  қалыптасты.  Жалпы  тіл 
біліміне  арналған  еңбектерде  кӛркем  мәтінді  талдау  құрылымдық  тіл  білімінің  аясында 
қалыптасқаны  айтылады.  Құрылымдық  тіл  білімі  «құрылымдық,  құрамдық  элементтерге 
жіктелушілік  және  олардың  бір-бірімен  байланысы  тілдің  ең  негізгі  қасиеті,  тіл  білімінің 
негізгі  міндеті  –  тілдің  құрылымдық  элементтері  арасындағы  байланысты  талдау  –  тіл 
білімінің  тек  ӛзіне  ғанат  ән,  оның  бірден-бір  нысаны  деп  білді»  [1,186].  Бүгінде  «тілдің 
құрылымдық  элементтері  арасындағы  байланыс»  нәтижесінде  туындайтын  мәтін  кӛптеген 
ғылымдардың  зерттеу  нысанына  айналып,  оны  зерттеудің  саналуан  қыры  анықталды. 
Осылардың  ішінде  мәтін  лингвистикасы  мәтіннің  ӛзіне  тән  мәні  мен  болмысы,  ерекшелігі, 
шындық  болмыстың  мәтінде  бейнеленуі,  мәтіннің  түзілу  ерекшелігі,  оны  қабылдаудың 
сипаты,  мәтіндегі  автор  мәселесі  т.б.  жайттарды  қарастырады.  Бастапқыда  жүйелік-
құрылымдық тұрғыдан қызығушылық тудырған тіл элементтері бертін келе функционалдық 
қырынан  сӛйлеу  әрекеті  мен  тілдік  қатынас  теориясы  тұрғысынан  зерттеле  түсті.  Л.Г. 
Бабенко,  Ю.В.Каза-рин,  Л.Новиковтардың  ойынша,  мәтін  лингвистикасы  дербес  ғылым 
саласы ретінде соңғы отыз жыл ішінде қарқынды дамыды және ол ХХІ ғасырда әлемдік тіл 
білімі  салаларының  ішінде  алдыңғы  қатарға  шығады.  Соның  ішінде  кӛркем  мәтін 
лингвистикасы  аса  маңызды  орынды  алады.  Себебі  онда  мәтіннің  бірнеше  бӛліктерінің 
ықпалдасуы  жүзеге  асып,  семантикалық  және  эстетикалық  қызметі  толық  ашылады. 
Академик  Л.В.  Щербаның  айтуынша,  кӛркем  әдеби  шығарманы  талдау  дегеніміз  –  әдеби 
шығарманың  идеялық  мазмұны  мен  сол  арқылы  оқырманда  туатын  түрлі  сезімдер  тіл 
арқылы  қалай  жасалып  тұр  деген  мәселені  зерттеу  болып  табылады.  А.Байтұрсынұлы  оны 
кең ауқымда алып қарайды: «Ақылісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға 
салып  ойлау,  қиялісі  –  меңзеу,  яғни,  ойдағы  нәрселердің  белгілі  нәрселердің  тұрпатына, 
бейнесіне ұқсату, бейнелеп, суреттеп ойлау, кӛңілісі – түю, толғау. Тілдің міндеті – ақылдың 
аңдауын  аңдағанынша,  қиялдың  меңзеуін  меңзегенінше,  кӛңілдің  түюін  түйгенінше  айтуға 
жарау». [2,23]. Адамзат баласына тән қасиеттердің бәрін ӛзінің бойына тоғыстырған мәтіннің 
табиғатын  тану  тек  қана  тіл  бірліктерін  санамалаудан  ғана  тұрмайтыны  белгілі.  Әйтпеген 
күнде ол «фактологияға» айналары хақ (Р.Сыздық).  
«Ақын тілінің»  ӛңі мен кӛркі, лебізі тұтас  мәтін контексінде танылады.  Кӛркем сӛз бен 
ӛрілген  мәтін  ӛрнегін  А.Байтұрсынұлы  үй  салу  ӛнеріне  ұқсатады.  «Сӛзден  құрастырып 
пікірлі  әңгіме  шығару  үшін  жұмсалатын  зат  –  сӛздер.  Топырақтан  иленіп  кірпіш  жасалған 
сияқты.  Дыбыстан  құралып,  сӛз  жасалған,  кірпіштен  қалап  түрлі  үй  жасау  сияқты,  сӛзден 
бірігіп  түрлі  әңгімелер  айтылады.  Үйдің  түрлі  болып  шығуы  –  балшығынан,  кірпішінен, 
әсіресе  қалауынан  болатыны  сияқты,  әңгіменің  түрлі  болып  шығатыны  тілдің  дыбысынан, 
сӛзінен,  әсіресе  сӛздің  түзілуінен.  Балшық  жаман  болса,  кірпіші  жақсы  болмайды,  кірпіші 
жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Бұл рас. Бірақ кірпіш жақсы болсада, қалауы 
жаман болса, онан жақсы үй шықпайды. Сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
48 
 
қосылуы жақсы болмаса,  сӛз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Бірақ тізуі жаман 
болса,  дыбысы  жақсы  сӛздерден  де  жақсы  әңгіме  шықпайды.  Сондықтан  мәнісінің  зоры 
кірпіштің  қалауында,  жобаның  жасауында  болған  сияқты,  әңгіменің  әдемі  болып  шығуы 
сӛздің  тізілуі  мен  әңгіме  айтушының  пікірлеуінде...  Дыбыстың,  сӛздің,  сӛйлемнің  сыр-
сипатын  тану,  заңдарын  білу  –  бұл  үйге  керек  заттардың  сыр-сипатын  білу  сияқты  нәрсе. 
Керек заттарын сайлап алып, үй салуға кірісу – дыбыстың, сӛздің, сӛйлемнің  жайын біліп, 
солардың  әрқайсысын  дұрыстап  орнына  жұмсап,  пікірлі  әңгіме  шығаруға  кіріскен  сияқты 
болады».  Айтушы  ойын  ӛзі  үшін  емес,  ӛзгелер  үшін,  ӛз  ойын  объективтік  шындыққа 
айналдыру,  шығармашылық  ойын  жүзеге  асыру,  адам  және  қоршаған  орта  туралы  ой-
толғаныстары  мен  білімдерін  жеткізу  мақсатында  айтады.  Сол  арқылы  автор  санасындағы 
дүниелер  ӛзге  адамдардың,  тұтас  қоғамның  құндылығына  айналады.  Жеке  санаға  қатысты 
терең  психологизм  мен  философия,  дүниетаным  мен  танымдық  әрекет  және  ойлау,  сӛйлеу 
стилі мәтінге  ӛзінің қайталанбас ізін қалдырып отырады.  «Кӛркем әдебиет ӛнер туындысы 
болғандықтан,  оның  тілі  сол  ӛнердің  құралы,  «материалы»  ретінде  қаралып,  олда  ӛнер, 
демек,  шеберлік  тұрғысынан  сӛз  болуы  қажет»  (Р.Сыздық).  Мәтіннің  семантикалық, 
құрылымдық  және  қатысымдық  сапалары  автордың  кӛркемдік  идеясына,  эстетикасына 
бағына ұйымдасып, мәтінді кешенді талдаудың негізі не алынады.  
Кӛркем  шығарма  қатысымдық  тұрғыдан  келесі  компоненттердің  қатысуымен 
ұйымдасады:  
1. Әдеби туындының авторы мен туындының мәтіні және оны қабылдаушы оқырманның 
болуы. Кӛркем шығарма осы үштік одақтың үйлесімділігінен тұрады. 
2. Жеткізуші алдын-ала кодтаған мәтіннің таңбалануы және оның қабылдаушы санасында 
қайта кодталуы (декодталу).  
3. Таңбалардың шарттылығы, яғни шынайы ӛмірді ӛнерде бейнелеу ұстанымы және оның 
кӛркем шығармаға тән дәстүр бойынша берілуі.  
Соңғы  екі  шарт  оқырманның  шығарма  тілін  түсініп,  оған  ӛзіндік  талдау,  пайымдаулар 
жасауына мүмкіндік береді.  
Әдебиеттің обьектісі ӛмір, предметі адам болғандықта да, кӛркем мәтін адамнан тыс бола 
алмайды. Гуманитарлық ғылымдардың ішінде әдебиет бұл «жансыз зат туралы емес, ӛзіндік 
ерекшелігі бар адам туралы ғылым... ал адамның ерекшелігі – ол әрқашан ӛзін-ӛзі контексте 
танытады  (сӛйлеу  арқылы),  яғни  ол  мәтін  түзеді...  Әрбір  шынайы  кӛркем  мәтін  әрқашан 
белгілі  бір  деңгейдегі  жеке  адамның  еркін  танылуы  (откровение)»  [3,116].  Ендеше  әрбір 
мәтіннің  артында  адам  тұрады.  Сол  себепті  де  М.Горький  әдебиетті  «адамтану»  туралы 
ғылым  деп  бағаланғаны  мәлім.  Адам  қаншалықты  күрделі  болса,  мәтінді  талдауда,  тануда 
соншалықты  кӛп  қырлы  болып  келеді.  Бүгінде  мәтінді  зерттеудің  тілдік,  мәтіндік, 
антропоцентристік, когнитивтік негіздері қалыптасты.  
Мәтінді  тілдік  талдау  басқа  талдау  түрлеріне  қарағанда  ғылыми  әдебиеттерде  кӛбірек 
қарастырылған. Тілдік талдаудың логикасы тіл бірліктері мен категорияларының қызметіне 
негізделеді.  Ол  әдетте  стилистика,  кӛркем  сӛз  поэтикасында  кеңінен  қолданылып, 
лексикалық,  фонетикалық,  грамматикалық,  стилистикалық  бірліктер  мен  категориялардың 
қызметін талдауға құрылады. Мәселен, белгілі ғалым Р.Сыздықтың Абай шығармаларының 
тілін  зерттеуге  арналған  еңбектері,  Ф.Мұсабекованың,  М.Серға-лиевтің  еңбектері  осы 
бағыттағы  тілдік  талдауға  негізделген.  Сонымен  қатар,  соңғы  кездерде  жеке  авторлардың 
идиостилін  зерттеуге  құрылған  Г.Сәрсеке,  Л.Мақұлова,  Г.Әбікенова,  К.Еңсебаева, 
Ж.Б.Саткеновалардың еңбектерінде тілдік талдау ең негізгі талдау түрі ретінде қолданылған. 
Дара стильді зерттеуге құрылған еңбектерде жекелеген сӛз таптары мен сӛз дыбыстарының, 
сӛз тіркестері мен сӛйлем түрлерінің, оқшау сӛздердің кӛркем мәтіндегі қызметі сӛз болды. 
Мәтіннің  конструктивтік  идеясы  мәтіндегі  сӛздердің  ұйымдасуынан,  құралу  ерекшелігінен 
байқалады.  Осылайша  тілдің  қызметі,  тіл  құралдарының  нақты  мәтін  ішіндегі  қызметі 
мәселесін  шешуге  қол  жеткізуге  болады.  Мәтінде  неліктен  басқа  емес,  нақ  осы  сӛз,  осы 
синтаксистік құрылым қолданылған; нақ осы ойды жеткізу үшін неліктен осы сӛздер қажет 
болды  және  осылайша  ұйымдасты  деген  сұрақтарға  жауап  бергенде  ғана  мәтінді  толық 
түсіну  жүзеге  асады  [4,9].  Бұл  бағыттағы  зерттеулердің  басты  ерекшелігі  –  нақты  тіл 
бірлігінің  функционалдық  қызмет  сапасын  анықтап,  белгілі  бір  жазушының,  ақынның  сӛз 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
49 
 
қолданудағы  дара  стилін  зерделеуге  мүмкіндік  береді.  Мұндай  функционалдық-
стилистикалық  зерттеулер  функционалды  лингвис-тикамен  бірге,  функционалды 
стилистиканың  да  қалыптасуына  ықпал  етті.  Мәтін  лингвистикасы  тұрғысынан  келгенде, 
мұндай зерттеулер тіл бірліктерінің мәтін ішіндегі қызметі мен рӛлін, семантика-сын толық 
ашуға мүмкіндік бермегендіктен, тіл бірліктерінің мәтін жасауға қатысы назардан тыс қалып 
қойды. 
Мәтін  қандай  да  бір  шығармашылық  үдерістің  нәтижесі,  жемісі  болғандықтан  оны 
кешенді  зерттеу  неғұрлым  пайдалы  болмақ.  Талдау  жекелеген  тілдік  тұлғаларды  табу, 
анықтау  тұрғысынан  емес,  ол  олардың  байланыстарын,  қарым-қатынастарын  ашу 
тұрғысынан жүргізіледі... сондықтан текстің құрылымдық-композициялық негізін құрап, оны 
ұйымдастыратын тәсілдерді зерттеу маңызды. ...текстің жалпы құрылымдық ерекшеліктерін 
зерттей  келіп,  ол  ерекшеліктерді  мазмұндық  ұғым-категориялармен  (тақырып,  идея) 
байланыста алып, әрбір нақтылы текске олардың қарым- қатынастарының қандай болатынын 
ашу керек»[5,3]. 
Г.А.  Золотова,  Н.А.  Кожевникова,  И.И.  Ковтуновтардың  зерттеулерінде  мәтін 
құрылымдық-семантикалық тұтастық ретінде қарастырылғанмен, мәтіннің семантикасы мен 
грамматикасы  шартты  түрде  екі  бӛлек  алынады.  Сол  сияқты  И.Р.  Гальпериннің,  Е.А. 
Гончарованың, В.А. Кухаренконың, Б.Шалабай, Х.Кәрімов, Е.Жанпейісов т.б. зерттеулерінде 
мәтін тӛменнен жоғары бірліктердің жеке дара жиынтығы ретінде емес, сӛйлеудің әмбебап 
түрі ретінде қарастырылады.  
Антропоцентристік  зерттеу  мәтіннің  жасалуы  және  оның  әсері,  автор  мен  оқырман 
позициясы тұрғысынан аса маңызды. Ол іштей бірнеше бағытта қарастырылады:  
- психолингистикалық (Л.С. Выготский, М.М. Мұқанов, Т.М. Дридзе, А.А. Леонтьев, И.А. 
Зимняя, Н.И. Жинкин, А.Р. Лурия, Л.В. Сахарный, А.М. Шахнарович т.б.);  
- прагматикалық (А.Н. Баранов, Г.Әзімжанова); 
- қатысымдық (Г.А. Золотова, Н.С. Болотнова);  
- жанрлық-стильдік (М.М. Бахтин, М.Н. Кожина т.б.); 
- когнитивтік-концептуалдық (Ю.А. Сорокин, Е.С. Яковлева, 
 Е.С.  Кубрякова,  В.Н.  Телия,  А.Вежбицкая,  А.П.  Бабушкин,  С.А.  Аскольдов,  А.Н. 
Баранов, Д.О. Доб-ровольский, Н.Д. Арутюнова, Н.Н. Болдырев, Э.Д. Папова, И.А. Стернин, 
Ю.Н. Караулов, В.А. Маслова, А.В. Лосев, Қ.Жаманбаева, Ж.Б. Саткенова, Ш.М. Елемесова 
т.б.). 
Кӛркем  мәтінді  лингвистикалық  талдау  прозалық  және  поэтикалық  туындылардың 
жанрлық  табиға-тын  да  ескеріп,  мәтінтануда  олардың  ішкі  ерекшеліктерін  басшылыққа 
алуды қажет етеді. 
 
1 Қордабаев Т. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. – А.: Дәуір, 2004. – 240 б. 
2 Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991. – 463 б. 
3 Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. // Сб. избр. трудов. – М.: Искусство, 1986. – 444 
с. 
4 Бобылев Б.Г. Стилистический анализ художественного и публицистического текста. – Алматы: 
Мектеп, 1987. – 120 с. 
5 Шалабаев Б. Кӛркем шығарма тілі және оны мектепте оқыту. – Алматы, 1982. – 100 б. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет