«Фигуралардың ауданы» эллективтік курсының бағдарламасы



бет13/43
Дата24.12.2022
өлшемі3,17 Mb.
#59349
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
Сабақтың ортасы
4 мин

6 мин


  1. мин

5 мин

4 мин




Ой қозғау сұрақтары арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Оқушылар слайдты көріп, параллелограмның, ромбтың ауданы туралы жаңа мәлімет алады, сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін айтады.
Параллелограмм – қарама-қарсы қабырғалары параллель болатын, яғни параллель түзулердің бойында жататын төртбұрыш.
Параллелограмның
қасиеттері

Қарама – қарсы қабырғалары тең: |AB|=|CD|, |AD|=|BC|.
Қарсы жатқан бұрыштары тең: А=С, В= D
Диагональдары қиылысады және қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді: |AO|=|OC|, |BO|=|OD|.
Бұрыштарының іргелес біржақты жатқан қабырғаларының қосындысы 180º-қа тең.
Диагональдарының квадраттарының қосындысы оның барлық қабырғаларының квадраттарының қосындысына тең. d12+d22=2(a2+b2).
Параллелеограмның ауданын есептеу үшін оның екі элементімен танысамыз. Параллелограмның бір қабырғасын табаны десек, осы табанға қарама-қарсы қабырғасының кез келген нүктесінен түсірілген перпендикуляр биіктігі деп аталады.
Теорема. Параллелограмның ауданы оның табаны мен биіктігінің көбейтіндісіне тең.
S=a*h
Ромб - барлық қабырғалары тең болатын 
параллелограмм.
Ромбтың белгілері:
Параллелограмм ромб болады егер:
Оның екі айқыш қабырғалары тең.
Диагоналдары перпендикуляр.
Диагоналдарының біреуі бұрышының биссектрисасы болса.
Ромбтың қасиеттері
Параллелограммның барлық қасиеттері.
Дигоналдары перпендикуляр.
Диагоналдары өздері шығатын бұрыштарының биссектрисалары болып табылады.
Ромбтың ауданы диагональдарының көбейтіндісінің жартысына тең. S=d1*d2/2
Ромбтың белгілері:
Параллелограмм ромб болады егер:
Оның екі айқыш қабырғалары тең.
Диагоналдары перпендикуляр.
Диагональдарының біреуі бұрышының биссектрисасы болса.
Осы жерде тақырыптың ашылуына байланысты топтарға ат беріп кетейік:
1-топ «Параллелограмм»,
2-топ «Ромб».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет