Топтық жұмыс Жаңа сабақты меңгеру. Оқулықпен жұмыс Белсенді оқу әдісі: «Джигсо» Мұғалім оқышыларға ақпарат беріледі.
- Бастапқы топтағы оқушылар 1-ден бастап нөмірленеді. 12 оқушы болған жағдайды қарастырайық, әр топта 4 оқушыдан: А тобында А-1, А-2, А-3, ; В тобында В-1, В-2, В-3, .., С тобында С-1, С-2, С-3, D тобында D-1, D-2, D-3.
Барлық бастапқы 3 топқа үшбұрыштың 3 белгісі беріледі. - Ортақ мәселемен жұмыс істеу үшін, барлық оқушылар өз тапсырмаларына сәйкес сарапшы топ болып, қайта топталады. Мұғалім бұл жағдайда жұмыс орындарындағы бастапқы топтардың атауы жазылған белгіні осында жиналатын ойыншылардың нөмірлеріне ауыстырады: 1, 2, т.с.с.. Осылайша әртүрлі 3 топтағы 4 оқушыдан жаңа топ – сарапшылар тобы анықталады, мозаика құралады:
1-белгісі бойынша сарапшылар: А-1, В-1, С-1, D-1, 2-белгісі бойынша сарапшылар: А-2, В-2, С-2, D-2,
3-белгісі бойынша сарапшылар: А-3, В-3, С-3, D-3
Сарапшылар өздерінің тапсырмаларын жан-жақты талдап, талқылағанда, білгендерін өзгелерге қалай үйретуге болатынын да ойластырады: сызба, карта, кластер, т.б. жасайды. Талқылау соңында әр оқушы өз сұрағы (тапсырмасы) бойынша сарапшыға айналады. Мұғалім талдауға жеткілікті уақыт бөліп, топтардың талқылауларын қадағалайды, дұрыс шешім қабылдануын басқарады.
- Сарапшылар өз топтарына қайтады, бастапқы топ қайта құрылады. Әрбір сарапшы-ойыншы сәйкес нөмірі бойынша кезекпен өзінің білгенін құрдастарына үйретеді. Осылайша оқушылар мұғалімнің рөлінде болып, бірін-бірі үйретеді, топтағы әрбір оқушы үшбұрыштың 3 белгісін де игеріп шығады.
Бағалау критерийі:Білім алушы
Ұқсас үшбұрыштардың қасиеттерін, ұқсастық коэффиценттерін анықтайды;
Үшбұрыштың ұқсастығының белгілерін ажыратады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну
1Белгі: Егер үшбұрыштың екі бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі бұрышына тең болса, онда үшбұрыштар ұқсас болады;
2Белгі. Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы екінші үшбұрыштың екі
қабырғасына пропорционал және арасындағы бұрыштары тең болса, онда бұл үшбұрыштар ұқсас болады;
3Белгі: Егер бір үшбұрыштың үш қабырғасы екінші үшбұрыштың үш қабырығасына пропорционал болса, онда бұл үшбұрыштар ұқсас болады.