«Керуен» журналы. 2006. № 4. 191–195-бб.
474
ҒАЛЫМ Н. КеЛіМБеТОв жӘНе ӘДеБиеТ ТАРиХЫН
ЗеРТТеУ МӘСеЛеЛеРі
1972 жыл. Қыстың бір күні менің жұмыс кабинетіме ұзын бой-
лы, қалың қабақты, ат жақты жігіт кіріп келді. Сәлемдестік. Содан
соң ол өзін таныстырды. «Мен, Келімбетов немат, Министрлер
советінің Мәдениет бөлімінде референт болып істеймін. Сізге кел-
ген себебім – кандидаттық диссертация жазып едім. тақырыбы
– «Ақын Шәді Жәңгіров және оның әдеби мұрасы». Ғылыми
жетекшім – профессор Бейсенбай Кенжебаев. диссертацияның
авторефератын қазақша жазып бітірдім, енді орыс тіліне аудару
қажет. Сіз туралы маған Әбділда тәжібаев айтып еді. осы авто-
рефератты орысшаға аударып берсеңіз деген өтінішпен келіп
отырмын, – деп сөзін аяқтады.
Мен машинаға басылған 25 беттік мәтінді алып қалдым. оқып
шықтым. Жақсы жазылған екен. Мазмұнды. тілі жатық. ойлары
нақты. Көп сөзділік жоқ екен. Келісілген уақытта аударып бердім.
1973 жылдың бас кезінде ол ойдағыдай қорғап шықты. Міне, со-
дан бері біздің байланысымыз үзілген жоқ. Күнде көріспесек те,
анда-санда отбасымызбен бірге араласып жүрдік.
Алғаш көргеннен мен нематтың өте ізденімпаздығына таң
қалдым. Авторефератын оқып шыққан соң ойыма келгені: «Бұл
жігіт өкімет жұмысында жүріп, ғылыммен қалай шұғылданып
жүр? уақыты қалай жетеді?» – деген сұрақ еді. Себебі ол кез-
де мемлекет қызметкеріне ғылыми зерттеумен шұғылдану онша
оңай емес-ті. Құпталмайтын. Сөйтсем, немат Келімбетов – өзі
ізденгіш, еңбекқор адам екен. Бұған оның осы күнге дейін жазған
еңбектерін оқыған адамның толық көзі жетеді.
немат Келімбетовтің әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі
ауыз толтырып айтарлық, өте мол. оннан астам монография
мен оқулықтары, жүздеген мақалалары мен эсселері – бүгінде
ғалымдар тарапынан да, қалың оқырман тарапынан да жоғары
бағаға ие болған құнды зерттеулер. оның ең басты нысанасы –
қазақ әдебиетінің тарихы, дәлірек айтқанда – ежелгі замандағы
және орта ғасырлардағы әдебиет.
Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесі көп уақытқа
дейін мамандар арасында дау туғызып келгені мәлім. Ұлттық
әдебиет тарихын қай заманнан бастау керек, оның даму
кезеңдері қандай болды? осындай сұрақтар ХХ ғасырдың 70-
475
жылдарына шейін оң шешімін таппай келді. Әр түрлі пікірлер
айтылды, дискуссиялар болды. тек 1967 жылы ғана Б. Кенжебаев
басқарған КазГу-дің ғалымдары «Ежелгі әдебиет нұсқалары»
атты жүйеленген хрестоматияны жарыққа шығарды.
Содан кейін іле-шала Х. Сүйіншәлиевтің, М. Мағауиннің,
А. Қыраубаеваның еңбектері жарық көрді. Сөйтіп, қазақ әде-
биетінің VІ ғасырдан басталатын тарихы бар екені дәлелденді.
Алғашқы болғандықтан оларда жалпылама шолу басым болды,
кейбір деректер жаңсақ көрсетілді, шығармаларды әдебиет үлгісі
ретінде талдау жетіспей жатты, қайшылықты тұжырымдарға
орын берілді.
осындай шақта қазақ әдебиетінің ерте заманнан бергі тари-
хын жүйелеп, бір ізге түсіріп, көркем ойдың даму жалғастығын
көрсеткен еңбектің бірі, бірі ғана емес, бірегейі – немат
Келімбетовтің 1986 жылы басылып шыққан «Қазақ әдебиетінің
ежелгі дәуірі» атты оқулығы болды. Ақиқатын айтқанда, бұл кітап
– ежелгі дәуірдегі әдебиет туралы жоғарғы оқу орнына арналған
тұңғыш оқулық еді. Кейін, 1991 жылы, бұл оқулық екінші рет
толықтырылып, қайта басылды. оқулықтың 3-ші, яғни жаңа ба-
сылымы 2005 жылы жарық көрді.
Міне, осы оқулықтың алғашқы басылымы мен соңғы басылы-
мын салыстырсақ, профессор немат Келімбетовтің үнемі іздену
үстінде болатынын және тағы да өз саласында жаңалық табуға
күш салатынын көреміз. Сөзіміз дәлелді болу үшін нақты мысал-
дар келтірейік.
Бірінші басылымда қазақ әдебиетінің тарихы ҮІ-ғасырдан
басталып, мынадай кезеңдерге бөлінген:
Бірінші кезең: VІ–ІХ ғасырлардағы түркі әдебиет
ескерткіштері деп аталған. онда «Күлтегін мен тоныкөк» жыр-
лары, «Қорқыт ата кітабы», «оғызнаме» талданады және әл-
Фарабидің әдебиет туралы еңбектері қарастырылады, ұлы
ойшылдың кейбір өлеңдері зерделенеді. Мұндағы үлкен бір
жаңалық – «орта ғасыр ғалымдарының әл-Фараби туралы
пікірлері» атты арнайы тарауша берілуі.
Екінші кезең: Х–ХІ ғасырлардағы әдебиет. Бұл кезеңге
Жүсіп Баласағұнидің, Махмұт Қашғаридің, Ахмет Йүгінекидің
шығармалары жатқызылған.
Үшінші кезең: ХІІІ–ХV ғасырлардағы әдебиет. Аталмыш
дәуірдің көркем туындылары ретінде Хорезмидің «Мұхаббат-
намесі», «Құтбты», «Хұсрау-Шырыны», Сайф Сараидің «Гүли-
476
стан-бит-түрки» шығармалары талданады. немат Келімбетов бұл
кезеңде «тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежіресі» бар
деген идея ұсынып, оның үлгісі саналды. Захириддин Бабырдың
атақты «Бабыр-намесін» сөз етеді. Бұл да оның жаңалығы еді.
Сөйтіп, «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» атты еңбегінде не-
мат Келімбетов 1980 жылдарда қабылданған дәуірлеу принципін
ұстанып, Қазақ хандығына дейінгі әдебиетті үлкен үш кезеңге
бөледі. Бірақ ол әр кезеңді өз тарапынан жаңа деректермен,
шығармалармен толықтыра түскен.
Ал, енді осы оқулықтың соңғы басылымына назар аударайық.
2005 жылы шыққан оқулық «Ежелгі дәуір әдебиеті» деп ата-
лып, көптеген жаңалықпен толықтырылған. Ең алдымен кітапқа
жаңа тараулар мен бірнеше шығарма енгенін, олардың жаңаша
дәуірленгенін және барлық материалдың өзгеше жүйеленгенін
айту керек. Мәселен, әдебиетіміздің түркілер заманына дейінгі
кезеңі «тәңірлік дәуір әдебиеті» деп аталған. Мұның өзін
ғалым іштей тарихи және жанрлық тұрғыда жіктеген. Сөйтіп,
«Сақтардың қаһармандық дастандары («Алып Ер тоңға», «Шу»),
«Ғұндардың батырлық жырлары» («оғыз қаған», «Аттилла», «Көк
бөрі», «Ергенекон», «Авеста»), «түркі жазба жәдігерліктері»
(«Күлтегін», «тоныкөк», «Қорқыт ата») деген үлкен үш топты
құрайтын шығармаларды талдайды.
Келесі кезеңді «Ислам дәуірі әдебиеті» деп атап, зерттеуші
бұл шақтағы шығармаларды «этикалық-дидактикалық поэзия»
жанрына жатқызады. Мұнда бұрынғы еңбегінде зерттеген ав-
торлармен қоса ғалым немат Келімбетов Қожа Ахмет Иассауидің
екі туындысын («диуани хикмет», «Мират-ул-Құлуб»), Сүлеймен
Бақырғанидің («Бақырғани кітабын») поэзиясын қарастырады.
Айтылмыш оқулықтың тағы бір жаңалығы – «Алтын орда
дәуіріндегі әдебиетті» жеке кезеңге бөлуі. Бұл дәуірде С. Сараи-
мен, Хорезммен, Құтбпен бірге енді дүрбек ақынды да қамтып,
оның «Жүсіп пен Зылиха» дастанын талдайды.
Ал, ендігі бір кезең Алтын орда ыдырағаннан кейінгі дәуірді
қамтиды. Бірақ немат Келімбетов оны басқаша атайды. «тарихи
шежіре және көркемдік дәстүр». оқымыстының мұндағы зерт-
теу нысанасы – Әбілғазы Баһадүрханның «Шежіре-и түрік»,
Қадырғали Жалайридің «Жамиғ-ат-тауарих», Хайдар дулатидің
«тарих-и Рашиди» атты туындылары. «Бабыр-наме» бұрынғы ба-
сылымда бір болатын.
477
Сонымен, көзіміз жеткені – профессор немат Келімбетов
өзінің оқулығын жаңадан жазып шыққан. Мұнда әдебиет тари-
хын дәуірлеу жаңа, жаңадан 13 шығарма талданған. Сондай-ақ
дәуірлеуді тарихи-өркениеттік (историко-цивилизационный)
шарт бойынша жіктеген. Бұрын хронологиялық принцип бола-
тын. тұңғыш рет ежелгі әдебиеттің жанрлық белгілері анықталған.
Автор әр дәуірдегі шығармалардың жанрлық өзгешеліктерін
дәл байқаған. Мәселен, сақтар мен ғұндар дәуіріндегі дүниелер
– қаһармандық шақтағы дастанға жатса, түркі заманындағы
шығармалар – қазақ эпосына жақын екенін байқаған. Сол
сияқты Алтын ордадан кейінгі уақытта жазылған туындыларда
тарихи сипат басым екені ескеріліп, оларды тарихи шежіре деп
атау да орынды секілді.
осы соңғы оқулықтағы жаңалықтар – профессор немат
Келімбетовтің көп жылғы ізденістерінің нәтижесі. оған ғалымның
басқа еңбектерін сараласақ та көз жеткіземіз. ол әр кітабына
бір жаңалық енгізіп отырған. Сол жаңалығын соңғы оқулыққа
енгізген. осылай үнемі шығармашылық ізденіс пен сұрыптау,
ширатып отырған, кітаптан-кітапқа жетілдіріп отырған. тіпті
кейбір тұстарда бұрынғы еңбегінде қарастырылған шығарманы
ендігі кітабына енгізбей, оның орнына жаңа бір дүниені қосады.
Мысалы, 2004 жылы шыққан «Ежелгі әдеби жәдігерлер» атты мо-
нографиясын алайық.
Мұнда автор «Ислам дәуірін» «Қайта өрлеу дәуірі» деп атай-
ды (Х–ХІІІ ғасырлар) да, тұңғыш рет Қожа Ахмет Иассауидің
«диуани хикметін» талдайды. Ал соңғы оқулығында (2005 жылы
шыққан) «Қайта өрлеу дәуірі» деген атауды алып тастаған, Қожа
Ахмет Иассауиге лайықты орын берген. Сондай-ақ 2004 жылғы
монографиясында «Кодекс куманикуске» арнайы тарауша берген
де, оқулықта шолу түрінде сипаттаған. оның есесіне айтылмыш
монографияда мүлде жаңа тарау бар. ол «Қазақ әдебиетіндегі
нәзира дәстүрінің көрінісі» деп аталады. Бұл тарауға ғалым фоль-
клордан бастап ұттық классикалық әдебиетімізде орын алған
«нәзирагөйлікті» кең түрде көрсетеді, біздің шығыс мәдениетімен
ежелден етене жақын, тіпті бір кездерде бір ел болып, аралас-
құралас өмір кешкенімізді, біз де шығыс мәдениетінің мұрагері
екенімізді дәлелдейді.
осы тұста аса көңіл бөліп айтатын ғалым немат Келімбетовтің
бір ойы бар. ол Абай туралы. Профессор немат Келімбетов бы-
лай деп жазады:
478
«Абайдың махаббат лирикасындағы шығыстық сарындар-
ды сөз еткенде мықтап ескеретін бір жайт бар. Кезінде Абай
оқыған мектеп-медреселерде суфизм сарынындағы ақындарды
оқыту басымырақ болғаны мәлім. Әйтсе де ойшыл Абай суфизм
бағытындағы ақындардан гөрі низами, науаи, Физули, Сағди,
Хафиз секілді ұлы гуманист-шайырлардың жырларына көбірек
үңіліп, солардан үйреніп отырды.
Суфизм поэзиясы махаббаты тәңірден келген құбылыс деп
біледі де, ғашықтық сезімі Алланың өзін сүю үшін қажет деп
біледі. Сол арқылы суфизм философиясы шын өмірдің өзінен ту-
ындайтын адам бойындағы табиғи сезімді, яғни реалдық махабба-
ты теріске шығарады.
Ал, Абай сопылық поэзия сарынына бой алдырмайды. ол шын
өмірді жырлап, махаббат сезімін барынша ардақтайтын низами,
Сағди, Хафиз,науаи поэзиясының гуманистік бағыт-бағдарын
жалғастырып, оны өрістете түсуге әрекет жасайды.
1
дұрыс сөз. Соңғы жылдары кейбір зерттеушілер Абайды
молда, сопы етіп көрсетуге күш салып жүр. Анығында бұл – тым
біржақты, әрі үстірт. Абайдың исламға қатысын зерттегенде
ұлы ақынның исламның гуманистік жағына көңіл бөлгенін есте
ұстау керек. Ал, махаббат сезімінің бой алуын түрлі болатынын
Абай жақсы білген, оны тек Алламен ғана байланыстырмаған.
Абай түсінігінде Аллаға махаббатпен қатар сүйікті жарға ма-
хаббат, адамға махаббат, балаға махаббат, ана махаббаты деген
сүйіспеншілік түрлері бар. Сондықтан Абайдың махаббат лири-
касын суфизм тұрғысында қарастыру – әділдік бола қоймас.
Профессор немат Келімбетов сөз болып отырған моно-
графиясында «назира» дәстүрін нақты мысалдармен көрсете
отырып, Шәді Жәңгірұлының шығармашылығына тоқталады.
оның өмірін баяндап, әлеуметтік көзқарасын анықтайды. Содан
соң Шәді Жәңгірұлының әдеби мұрасын сипаттайды, ақындық
шеберлігін ашады.
Ғалым Н. Келімбетов және әдебиет тарихын зерттеу
мәселелері. Н.Келімбетовтің 75 жылдығына арналған
республикалық конференциясы. – 2007.
1
немат Келімбетов. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. Астана. Фолиант, 2004.
371-бет.
479
ДіН МеН ҒЫЛЫМДЫ үйЛеСТіРгеН
Әбсаттар дербісәлі қажымен мен 1973 жылы сырттай та-
ныстым. ол кезде Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар
бөлімінде ғалым хатшы болатынмын әрі «Қазақ ССР Ғылым
академиясының хабарлары. тіл және әдебиет сериясы» атты
журналының жауапты хатшысы едім. Бір күні Москвадан үлкен
конверт хат келді. Конвертті ашсам «А. дербисалиев. Абу-
ар Рахман ибн Халдун о поэзии Магриба» деген мақала екен.
Мақала ұнады. Сөйтіп, оны журналдың сол жылғы №5 санын-
да жарияладық. Аспирантураны бітіріп келген соң Әбсаттар бір
жылдай М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында
жұмыс істеді де, 1977 жылы КазГу-ге ұстаздық қызметке ауысты.
Міне, содан бері байланысымыз үзілген жоқ, үнемі хабарласып,
пікірлесіп тұрдық. тіпті ол Мароккода, тунисте жүргенде де хат
жазып, хал-жағдайынан хабардар етіп, жұмысы жайында айта-
тын...
Сол үрімдей жас жігіт бүгінде әлемге танымал, көрнекті
ғалым, беделді қайраткер, білікті дінтанушы, нағыз азамат
ретінде еліне аянбай еңбек етіп жүр. Ғылым мен білім сала-
сында көп жыл бойы тынымсыз ізденіс нәтижесінде Әбсаттар
ғұламалық дәрежеге жетті. оның бойында оқымыстылық пен
ұстаздық, жазушылық пен ұйымдастырушылық сияқты әралуан
қасиеттер сәтті тоғысқан. ол жұртшылыққа ең алдымен ғалым
болып танылды. Бұл салада 400-дей еңбек жазып, әдебиет пен
мәдениеттің, тіл мен тарихтың, ислам дінінің көптеген күрделі
мәселелерін тыңнан көтеріп, өзіндік жол салды. Бұрынғы Кеңес
одағы шығыстанушыларының арасынан бірінші болып араб
тілінде жасалған Марокко әдебиетінің жүйелі тарихын жазып
шықты. Шындығын айтқанда, Марокконың өзінде де мұндай
зерттеу жоқ болатын. Мароккодағы араб жұртының сөз өнері VІІІ
мен XX ғасыр арасында қандай жолдардан өтті, нендей дәуірлерді
басынан кешірді деген проблема өзінің нақты шешімін тапқан
еді. осындай үлкен істі атқарумен қатар Әбсаттар жалпы шығыс
мәдениеті, әсіресе қазақ әдебиетінің орта ғасырлардағы шығыс
мәдениетімен, әдебиетімен байланыстарын да зерттеді. оның
қаламынан туған бұл тұрғыдағы ең басты еңбектері – «Шыңырау
бұлақтар» (1981), «Қазақ даласының жұлдыздары» (1995), «Мырза
Хайдар дулати» (1999), «Ислам және заман» (2003) атты кітаптар.
480
Бұлардың бәрін жіліктеп талдамай-ақ, соңғы «Ислам және заман»
кітабына тоқталсақ та, Әбсаттар қажы дербісәлінің қаншалықты
биікке тағы да көтерілгеніне көз жеткіземіз. Мұнда ол жоғары
парасатты дінбасы, халықаралық дәрежедегі дінтанушы-ғалым,
талантты оқымысты, ізденімпаз шежіреші әрі шебер әңгімеші
ретінде көрінеді. Мұнда біз исламға толық сенген, жан-тәнімен
берілген және өз ұлтын жанымен сүйетін, оның тарихын,
әдебиетін, мәдениетін өте жақсы білетін, бірақ сонысымен ғана
шектеліп қалмай, исламды ұстанатын да, басқа дінді қолданатын
да халықтарды құрметтейтін, жалпы адамзат баласын сыйлайтын
үлкен жүректі азаматты көреміз.
«Ислам және заман» атты кітапты оқып отырып, Әбсаттар
қажы дербісәлінің Бас муфти болғанына риза боласың
әрі қуанасың. Еліміздің халқының 70% пайызын құрайтын
мұсылмандар діни басқармасына жетекші болу – өте ауыр әрі
жауапты міндет. Атеизмнен кеше ғана шығып, мешітке, ондағы
діни қызметкерлерге күдікпен қараған жамағатты дінге қайтару,
сендіру, исламның ізгі құндылықтарын көпшілікке түсіндіру оңай
емес еді. ол үшін тек құранды оқи білу, әрине, жеткіліксіз екені
күмәнсіз. ол үшін бүкіл исламдық ғылымды, сондай-ақ басқа да
ғылым салаларын білу, басқаша айтқанда толық мағынасындағы
зиялы, жан-жақты білімді, парасатты, білікті азамат болу қажет
болатын. Міне, аталмыш кітапты оқыған шақта сондай азаматтың
табылғанына, оның діни басқармаға келгеніне риза боласың
және ендігі уақытта қазақ жеріне ислам құндылықтары нық
орнығатынына сенесің.
Бес бөлімнен тұратын кітаптың әр бөлімі Әбсаттар қажы
қызметінің, діни басқарма жұмысының көп салалы екенін
айғақтайды. Алғашқы бөлімнің өзі-ақ көп нәрсенің сырын аша-
ды. небәрі екі жыл атқарылған істің бәрін санамалап шығу
мүмкін емес. дегенмен, кейбір маңызды дегендерін атап кетуге
болар. Мәселен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
құрылымын қайта жасау; Алматыда республика имамдарының,
дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру курсын ұйымдастыру;
халықаралық діни конференцияларға қатысу, баяндама жасау;
көптеген мешіттерді ашу, дін туралы ақпарат құралдарында
мақала жариялау, сөйлеу, сұхбат өткізу; қажылық сапарға
бару тәртібін реттеу; шетелдерге діни оқуға жастарды жіберу,
т.т. Жалпы, Әбсаттар қажының келуімен байланысты діни
481
басқарма жұмысында аса маңызды реформалар мен игілікті
іс-шаралардың жүзеге асқаны дүйім жұртқа мәлім. Ең алды-
мен діни басқарма төралқасының жаңа құрамы бекітілгенін,
сол төралқада басқарма бөлімдері мен имамдардың тоқсандық,
жылдық есебін тыңдау тәртібі енгізілгенін айту ләзім. Сондай-ақ
облыстар мен аудандардағы ірі мешіттердің компьютерлермен,
факстермен жабдықталғаны да заман үрдісіне лайық жаңалық.
Ең үлкен әрі тиімді реформа деп діни басқарма жанынан
аттестациялық комиссияның құрылғанын, имамдарды аттеста-
циядан өткізу ісінің қолға алынғанын айту керек. Ал, 2006 жылы
діни басқарманың Интернет сайты ашылып, имамдар ғана емес,
басқа да адамдар өзіне қажетті ақпарат алуға мүмкіндік жасалды.
Басқармадағы ұйымдастыру жұмысының бір парасы әр облыс
имамдарының іс парағы жасалып, хаттамалық мәселелер тәртіпке
келтірілуімен байланысты. діни басқарманың шаруашылығы да
жөнге келтірілген, бас мешіттің іші де, ауласы да көріктендіріліп,
күрделі жөндеулерден өткізілген т.т. Әсіресе, діни ағартушылық
жұмыстың жолға қойылғаны қуантады. «Ислам және өркениет»
газеті мен «Иман» атты журналдың тиражы жылдан-жылға өсіп
келе жатқаны – халқымыздың исламға бет бұрғанының көрінісі.
Муфтидің өзі, Басқарма қызметкерлері, имамдар республикалық,
облыстық газеттер мен журналдарға мақала жариялап ғана
қоймай, көптеген мекемелерде, оқу орындарында дін, ислам
туралы әртүрлі әңгіме, сұхбат, лекция өткізіп тұрады екен. Ал,
Әбсаттар қажының өзі республиканы қойып, шет мемлекеттерде
өткен көптеген діни конференция мен симпозиумдарға қатысып,
баяндама жасапты. оның Еуразия Ислам Шурасы төрағасының
бірінші орынбасары болып екі рет қатарынан сайлануы – біздің
Бас муфтидің халықаралық беделін көрсетсе керек.
Әбсаттар қажы дербісәлі – Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының жетекшісі, Бас муфтиі ретіндегі жаңашылдық
орасан қызметімен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын да биік
деңгейге жүргізіп келеді. Өзінің іс-сапар кезінде барған елдерінде
ол үнемі ғылыми ізденіспен де шұғылданады. осындай тынымсыз
ізденудің арқасында Әбсаттар қажы қазақ жерінен шыққан елу
шақты ғалымдар мен ойшылдарды тауып, олардың мұрасын зерт-
теп, ғылыми айналымға енгізді. Мәселен, бір ғана Фараб (отырар)
қаласынан шыққан Әбу-л Қасым әл-Фараби, Исмайл әл-Жауһари
әл-Фараби, Әбу Ибраһим Ысқақ әл-Фараби, Бурһан ад-дин Ахмад
482
әл-Фараби, Махмұт әл-Фараби еңбектерін талдағанын айтуға бо-
лады. Сондай-ақ, Әбсаттар қажының зерттеуі арқасында біз жеті
түркістани, үш Кердери, үш Сайрами (Исфиджаб) болғанын да
білетін болдық. оның ашқан үлкен жаңалығының бірі – атақты
Мырза Хайдар дулатидың бейітін табуы мен құлпытасындағы
эпитафиясын шешуі. Бұған қоса дулатидың «Жаһан наме» атты
поэмасының Берлиндегі және Қашғардағы қолжазбаларын тау-
ып, шағатай тілінен қазақ тіліне аударып, 2006 жылы ғылыми
түсініктер мен жарыққа шығарғаны да ғылымға қосылған зор
үлес екенін айту қажет.
Әбсаттар қажы дербісәлі жоғары да аталған «Ислам және за-
ман» кітабының ІV бөліміндегі жолжазбалар мен әдеби зерттеу-
лерге арналған тарауларынан оқырман өте қызықты да мәнді та-
рихи, мәдени, әдеби мәліметтерге қанығады. Сауд Арабиясы мен
Мысыр сапарлары туралы жазбаларда Мекке мен Мединадағы
қазақтар жайында өте жылы әрі тартымды сыр шертіледі. осы
елдегі елу қазақ отбасының хал-жағдайы әңгімеленеді, автордың
оларды іштартып, жаны ашығаны соншалық, өзінің диплома-
тиялық құзырын ұтымды пайдаланып, әлгі қандастарымызды
елге қайтарады. Міне, қазаққа тән бауырмалдық! Мұсылманға
тән қайырымдылық!
Ал, Әбсаттар қажының Қашғарияда, Пәкістанда, Үндістанда
болған күндері туралы жазбалары – тұнып тұрған тарих
пен әдебиет. оқырман мұнда Жүсіп Баласағұнның кесенесі
мен Махмұт Қашқаридың мазары жөніндегі әңгімелерді,
суреттемелерді оқиды, сөйтіп, автормен бірге географиялық әрі
тарихи саяхатқа кіреді. Қашғар, лаһор, Кашмир қалаларының та-
рихымен, хандар әулетінің шежіресімен, ғұлама-ойшылдардың,
ақындардың өмірі жайындағы деректермен танысып, оқырман
өз білімінің де көкжиегі кеңейтеді. осының бәрі әдемі тілмен,
қызықты стильмен баяндалып, саяхатшы автордың шебер
әңгімеші, қырағы байқағыш екенін көреді, оның білікті ғалым
ғана емес, төселген жазушы екенін де мойындайды. Сөйтіп,
Әбсаттар қажы дербісәлі – ізденімпаз оқымысты болумен бірге
талмайтын саяхатшы, сыршыл да шыншыл қаламгер екеніне
көзіңіз жетеді. Жолжазбаларының өзінде ол жай ғана көрермен
яки тыңдарман емес, көрген-білгенін, естігенін ой елегінен
өткізетін, ал, өзімен серіктес немесе жолбасшы болып жүрген
адаммен де ашық пікірлесіп, өзінің ойын күдігін жасырмай ай-
483
татын зерттеуші екенін байқатады. нені жазса да ол шынайы
көңілмен жазады, бей-жай қалмайды. Мұны, әсіресе Мырза Хай-
дар дулати хақындағы жазбаларынан, оның мұрасына деген зор
құлшынысынан әрі ілтифатынан көруге болады. Ұлы ғалымның
бейітін тапқан кездегі өзінің тебіренісін автор былай суреттейді:
«Зират құлпытасын сүрте бастағанымды байқаған Мұхаммед
Сикондар дымқыл орамал алдырды. Сонан соң екеуміз мәрмәр
тасты ысқылап тазалауға кірістік. Ұзамай оңнан солға қарай
жалғасқан парсы тіліндегі жазулар тізбегі жетелей жөнелді.
одан: «Хууа-ал бақи Мирза Хайдар гурган ибн Мирза
Мұхаммед Хусейн гурган навас Юнус хан, халезад Бабур пади-
шах, вазир Абу Саид-хан падишаһ яркенд ва Мағулистан...» деген
сөздер анық оқылды.
Бұл – біз ұзақ жылдар іздеген, түркі халқының ұлы тұлғасы,
Мырза Мұхаммед Хайдар дулатидың зираты еді.
Бойымды өкініш яки күйініш пе, әйтеуір алапат бір сезім
биледі. Ұлы ғалым: «Алыста, жат жерде қалған бабаларыңды 447
жылдан кейін енді ғана таптыңдар ма?! Мені де іздейтін күн туды-
ау, әйтеуір» дейтіндей.
Өзіме өзім келген соң, қазанама мәтінін хатқа түсіре баста-
дым» (465-б.).
осы зиратты табу мен Хайдар дулатидің «Жаһан-наме»
поэмасын аударып жариялауының нәтижесінде Әбсаттар қажы
дербісәлі орталық Азия мен Қазақстан тарихына, әдебиетінің
тарихына тың мәліметтер қосып, ғылым аясын айтарлықтай
кеңейтті. Ғылым мен діннің ұнасымды үйлесуі – тағы да ислам
дінінің ғылыми әрі ізгілік құндылықтарының байи түсуінің кепілі
дегеніміз осы болар.
Достарыңызбен бөлісу: |