Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов



Pdf көрінісі
бет29/32
Дата22.12.2016
өлшемі3,95 Mb.
#48
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Газета «Казахстанская правда». 

2006. 28 февраля. С. 6.

460

өМіРіН өРНеКТейДі өНеРМеНеН

он төртіне толып алған Ай дөп-дөңгелек сары алтын табақ бо-

лып, балқып, өзгеше алаулап, жер бетіне нұрын төгіп тұр. Айнала 

жап-жарық. тым-тырыс. тек қана түнгі шегірткенің шырылы мен 

ат тұяғынан шөптің ысылы естіледі. Екі салт атты суыт жүріп келе 

жатыр, біреуі әлсін-әлсін арт жағына қарап қояды. Шаба жөнелуге 

шама жоқ, аттары күндізгі ұзақ жүрістен шаршаңқырап, желме-

се  де  қатты  аяңға  басып  келеді.  Сүт  пісірім  уақыт  өткенде  арт 

жақтан  жылқының  дүбірі  естілді.  Қуғыншылар  ізді  тауып  алған 

екен.  Әне-міне  дегенше  олар  жетіп  үлгерді.  Әлгі  екеуі  қашқан 

жоқ, кілт тоқтады. Аналар мұндай оқыстықты күтпеген бе қалай, 

дауыс  жететіндей  жерге  келіп,  үйірілді.  Үн  жоқ,  аңысын  аңдып 

тұр.  Екі  аттының  біреуі  белінен  жарқ  еткізіп  балтасын  суырып 

алды да қуғыншыларға жалт бұрылып:

Жақындасаңдар, атып өлтірем! – деп, балтасын кезеді оларға 

қарата.


Қуғыншылар жарқ еткенді мылтық екен деп қалды да, өзді-

өзі күбірлесіп:

Өй, мынау шынымен біреуімізді мерт қылар! Қой, бала өзінікі 

ғой, жіберейік! – десті де кері қайтты.

Балтасын  беліне  қайтадан  қыстырып,  қойнындағы  баласын 

қыса түсіп, бетіне қараса, аппақ, торсық шеке бала бейқам, том-

пиып ұйықтап жатыр. Әкесі ұлын маңдайынан мейірлене иіскеді 

де  ішінен:  «–  Ә,  балам,  жолың  болады  екен!»  –  деді  де,  атын 

тебініп  қалды.  онсыз  да  елеңдеп  тұрғын  қарагер  ытқи  жөнелді. 

Жолаушылар түркістан жақты бетке алып, жүріп кетті...

Сол сәби – бүгінде Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының 

академигі,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор, 

Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  президенті,  елге  кең 

танылған азамат Өмірзақ Айтбайұлы болатын... 

Бір  күні  менің  жұмыс  бөлмеме  досым  Керімбек  Сыздықов 

келді.  Бүгін  кешке  халық  университетінде  шертпе  күй  туралы 

әңгіме  болады  екен.  Соған  нұрғиса  тілендиев,  төлеген  Момбе-

ков, тағы басқа күйшілер қатысып, күй тартады дейді, барайық, 

– деді.

Екеуміз бардық. Сол күні дәріс Химия институтының залын-



да  өтетін  болып,  сонда  жиналдық.  Зал  лық  толды.  нұрағаң  мен 

төкең ой, шіркін, құмарымызды қандырды. Сол кеште Керімбек 



461

мені  Өмірзақпен  таныстырды.  Кештен  кейін  Өмірзақтың 

5-ші  микрорайондағы  үйіне  бардық.  тағы  да  күй  жалғасты,  ән 

шырқалды, әдебиет, өнер, мәдениет туралы әңгіме-дүкен құрдық. 

Содан жиі араласып, достасып кеттік, небір қызықты да мазмұнды, 

қуанышы да, реніші де бар күндерді бастан кешіріп келеміз...

...Экраннан  әдемі  қырғыз  әні  төгіліп  тұр.  Киіз  үй  толған 

адам.  төр  жақта  үлде  мен  бүлдеге  оранған  бай-манаптар.  Ән 

тоқтар емес. Бір орындаушыдан қағып алып екіншісі шырқайды. 

Сұлуша келген қырғыз келіншегі әсем бір әнді құйқылжытты-ай 

кеп!  Ән  кезегі  босағаның  оң  қапталында  отырған  жігітке  келді. 

Үстінде  жұпыны  шекпен,  басында  қырғыз  бөрік  емес,  жай  ғана 

қара киізден жасалған қалпақ. «ой, осы не айтар дейсің?!» – де-

ген сыңай танытып, төрдегілер паңдана қарасады. Қасындағылар 

да  соған  қарап  қалған.  Бағанадан  бері  үнсіз  отырған  ол  қолына 

қазақ  домбырасын  алып,  шертіп-шертіп  жіберді  де:  «Ал,  дүние, 

өтеріңді біліп едім, Білсем де серілікпен жүріп едім, теміртас!» – 

деп, күңірене бастап, аса бір ызалы дауыспен әнге басты. Жұрт 

сілтідей тына қалды. Баяу басталған әуен бірте-бірте биіктей берді, 

сонсоң  бір  қалыпқа  түскендей  болды  да,  біресе  шамырқанып, 

бұлқынып,  енді  бірде  ащылау  шығып,  жоғары  көтерілді,  содан 

кейін қатқылдана түсіп, «теміртас» деп нық аяқталды. Әнші жігіт 

(Қарабалта)  әннің  әр  сөзіне  мән  бере,  әуеннің  нақыш-бояуын 

айқындата  айтып,  мазмұнына  сәйкес  бет  әлпетін  құбылтып, 

ашулы  да  асау  үнмен  шабыттана,  әсерлене  шырқады.  Ән  бітті. 

Жаңа ғана оны менсінбей, оған мүсіркей қарап отырғандардың 

көңілі пәстеніп, өздерінің кім екенін іштен сезгендей, өзгеше бір 

ыңғайсыз күйге түсті...

осы бір шалқып, лепіріп отырған топтың көңіл ауанын лезде 

өзгертіп, оларды бір сәтке болса да ойға түсіріп, тәубаға келтірген 

әннің  құдіреті  мен  орындаушының  шеберлігіне  таң  қалмасқа 

шараң  жоқ.  Ән  –  атақты  Біржан  салдың  «теміртасы»  еді  де, 

орындаушысы Өмірзақ Айтбаев болатын. Ән қырғыздың белгілі 

кинорежиссері  Болат  Шәмшиевтің  «Ыстық  көлдің  алқызыл 

гүлдері»  («Алые  маки  Иссык-куля»)  атты  көркем  фильмінде  ай-

тылады да, әуен бүкіл фильмге саздық арқау болып беріледі. осы 

Өмірзақ орындағаннан кейін «теміртас» жаңа серпін алып, оның 

екінші ғұмыры басталды десе болады. Ән Москвада жазылды.

Ұмытпасам, 1973 жылдың қыс кезі болатын, – дейді Өмірзақ. 

– Бір күні Асқар (Сүлейменов) бастаған үш жігіт үйге кіріп келді. 



462

Арасында Болат Шәмшиев бар. Ет жеп, шәй ішіп болған соң біраз 

ән салдық. Содан соң жігіттер «бұйымтайын» айтты. Қырғыздар 

тоқтоғұл  туралы  кино  түсірмек.  ол  Сібірден  Қазақстан  арқылы 

қашқан.  Қазақ  арасында  жүріп,  ән-күй  үйренеді,  соны  көрсету 

қажет.  Сол  фильмге  қазақ  әнін  қосу  керек.  Сонымен  айтқаным 

дұрыс деп тауыпты, Асқармен ақылдасып. Мен онша ыңғай бере 

қойғам жоқ. Москваға бару керек екен, ол үшін жұмыстан сұрану 

керек. олар олай үгіттеп, бұлай үгіттеп, ақыры мені көндірді. Со-

нымен, Мосвкаға келдік. Әнді жазу Бүкілодақтық радиокомитет-

те жүзеге асатын болды. Радионың симфониялық оркестрінің бас 

дирижері Юрий Силантьев бастаған музыканттар, режиссерлер 

проба жасау үшін маған «теміртасты» айтқызды. тыңдап болған 

соң,  кеңесе  келе,  «енді  жазамыз»  –  деді.  Болат  Шәмшиев  жан 

ұшырып,  жүгіріп  жүр.  «теміртасты»  салдым.  Болат  «ойдағыдай 

емес» – деді. тағы айттым. тағы да шықпады. Үшінші рет айтуға 

тура  келді.  Шәмшиев  мұны  да  жаратпады,  өзіме  де  сын  айтып, 

жер-жебіріме жетті. Содан намысым келді. денем шымырлап, бір 

түрлі  жағдайға  түстім.  «ой,  мына  қырғыз  неғыл  дейді?»  –  деп, 

ызаланып, ашумен төртінші рет айттым. Айтып болдым. Ел тым-

тырыс. Бір кезде отырғандар ду ете түсті. «во! Міне, енді шықты. 

тамаша! осы керек еді!» – деп, Болат Шәмшиев балаша қуанып, 

жылап  жіберді.  Сөйтсем,  фильмде  бас  кейіпкер  Қарабалта  – 

өмірдің  тұщысынан  ащысын  көп  көріп,  дүниеге,  өзін  қоршаған 

қауымға  наразы  адам.  ол  өзінің  ішкі  сезімін,  кеудесін  керне-

ген  ызаны  осы  әнмен  шығарады.  Біржан  мен  Қарабалтаның 

трагедиялық көңіл-күйі ұқсас болғандықтан Біржанның осы әні 

бас кейіпкердің бүкіл болмысын ашуы керек деп түйіпті киноре-

жиссер. Сол себепті ол мені әдейі ызыландырған екен. оны кейін 

білдім.  Басты  рөлде  ойнайтын  өте  талантты  актер  Сүйменқұл 

Чоқморов ерінбей-жалықпай «теміртасты» үйреніп, менің айтқан 

сөздерімді сол қалпында айтуға машықтанды. Соның арқасында 

фильмде Қарабалта мен менің айтқандарым өте үйлесімді шықты, 

– деп еске алады ол.

Өмірзақтың  әншілік  өнерін  өте  жоғары  бағалағандар  көп. 

Мәселен,  Ғарифолла  Құрманғалиев,  Мәлік  Ғабдуллин,  Ісмет 

Кеңесбаев, Мәулен Балақаев, Өзбекәлі Жәнібеков, т.б. Солардың 

бірі – Жүсіпбек Елебеков. Біз, Өмірзақтың жолдастары, мынан-

дай көріністің куәсі болдық. 1975 жылдың желтоқсаны. Бұрынғы 


463

ҚазПИ-дің  физика-математика  факультетінің  үлкен  залын-

да  қазақтың  біртуар  азаматы  Мәлік  Ғабдуллиннің  туғанына  60 

жыл  толғанына  арналған  салтанатты  кеш  өтті.  Ресми  баянда-

ма  мен  естеліктерден  кейін  тамаша  концерт  болды.  Майталман 

әншіміз  Жүсіпбек  Елебеков  өзі  ән  шырқап,  шәкірттеріне  ән 

айтқызып, кештің ажарын келтіріп жіберді. Біз Өмірзаққа ән айт 

деп қолқа салдық. Сол жолы, ұмытпасам, ол «Шәмшіқамар» мен 

«Бүркітбайды» айтты. Өте риза болған Жүсекең сахнадан түсіп 

келе жатқан Өмірзаққа:

– Қазір қайда істеп жүрсің? – деді.

– Академияда, тіл білімі институтында.

– онда қанша айлық аласың?

– Аға ғылыми қызметкермін, 250 сом алам.

– Маған кел. 300 сом берем.

– ой, аға, рахмет! Мен ғылыммен шұғылданып жүрмін ғой, 

– деп Өмірзақ биязы ғана жауап берді... 

Жалпы,  Өмірзақтың  репертуарында  ән  көп.  Студент 

кезінде  асқақ  әнші  Ғарифолладан  тәлім  алып,  Батыс  Қазақстан 

өңірінің  темпераментке  толы,  дүркіреген  әндерін  жастыққа 

тән  албырттықпен  құйындатып  шырқап  жүрген.  Ғарекеңнің 

репертуарындағы  әндерді  түгелге  дерлік  меңгеріп  алғанға 

ұқсайды.  «Айнамкөз»,  «тілеу,  Қабақ»,  «ой-айдай»,  «Ақ  кербез» 

сияқты әндерді әлі де тамылжытады.

Есейе  келе  Өмірзақ  Арқа  әндеріне  ден  қояды.  Сөйтіп,  ол 

Біржанның,  Ақанның,  Үкілі  Ыбырайдың,  Естайдың,  Ғазиз  бен 

Шашубайдың әндерін өз бетінше үйренеді, әсіресе, Манарбектің, 

Жүсіпбектің,  Мәдениеттің  әнді  орындау  мәнеріне  айрықша 

көңіл  бөледі.  Жай  ғана  оларды  қайталамай,  өз  даусы  мен  ұғым-

түсінігі бойынша әрлеп, өзінше айтуға ұмтылады. оның бұл ниеті 

ойдағыдай  іске  асқан  деуге  болады.  Сырлы  да  сазды  әндерді 

нәшіне  келтіре  құйқылжытқанда  ешбір  кәсіби  әншіден  кем 

түспейді. Бүгінде көп айтыла қоймайтын бірталай дәстүрлі клас-

сикалық  әндерді  осы  Өмірзақтан  естиміз.  ол  әндерді  орындап 

қана қоймайды, насихаттап жүреді, реті келгенде жастарға өнеге 

көрсетеді,  әндердің  сырын  ашады.  Кезінде  Жәнібек  марқұм  да, 

Қайрат та, Қажыбек те Өмекеңнен ақыл-кеңес алғаны белгілі. Ал, 

оның  сонау  Кеңес  кезінің  өзінде-ақ  қазақтың  бүктемелі  шағын 

ғана  қара  домбырасын  арқалай  барып,  Англияда,  Америкада  ән 

шырқағанын біреу білсе, біреу білмейді.



464

Өмірзақ ғылым жолында жүрсе де, оның бір өрісі – өнер бо-

лып, ол әнмен ғана шектеліп қалған жоқ. Кемел жігіт болған шақта 

күй  үйренумен  де  шұғылданып,  небір  тамаша  шығармаларды 

күмбірлете тартатын болды. тартқанда өзіндік мәнермен, әсемдеп, 

өнерлі орындайды. тәттімбеттің «Қосбасар», «Бес төре», Сүгірдің 

«Аққу»,  «Шалқыма»,  төлегеннің  «Қаратаудың  шертпесі»,  «Сал-

танат»  сияқты  күйлерін  үлкен  шабытпен,  шалқыта,  әсерлене 

тартады.  Әсіресе,  сезімге  құрылған  күйлердің  тарихын  баян 

етіп,  тыңдаушысына  эмоциялық  ләззатпен  бірге  танымдық 

мағлұмат та беріп отырады. Өмірзақтың күй тартуын тыңдау ғана 

емес,  көрудің  өзі  –  бір  ғанибет.  Салалы  ұзын  саусақтарының 

пернелерді  қуалап,  сәнді  жүгірісі,  оң  қолының  көз  ілестірмей 

шанақта  ойнауы,  қағысының  әрқилы  құбылуы,  домбыраның 

қос  ішегін  үйлестіре  «сөйлетуі»,  теріс  бұраудан  ғажайып  ды-

быстар  шығаруы,  –  осының  бәрі  керемет  гармония  тудырып, 

тыңдаушыны  әлдебір  сезімге  бөлейді,  небір  ойларға  жетелейді. 

Бір  мезет  көзіңді  жұмып  тыңдасаң,  аққудың  қанатымен  су  се-

белеп бара жатқанын естисің, бүлкілдеп желіп бара жатқан боз 

інгенді  көресің,  Қаратаудың  Келіншектауын,  шоқылар  тізбегін 

елестетесің,  тәкаппар  төрелердің  аттан  маңғаз  түсіп  жатқанын 

көз  алдыңа  келтіресің...  Міне,  бармағынан  бал  тамған  күйшінің 

өнері.

Бір  заңдылық  бар  сияқты:  Алла  тағала  бір  берсе  молынан 



беретін  тәрізді.  осындайда  орыс  халқының  «талант  –  во  всем 

талант»  деген  сөзі  ойға  оралады.  Иә,  дарынның  аты  –  дарын! 

Сондайлардың  бірі  –  осы  Өмірзақ  па  деймін?!  Құдайым  оған 

ғалымдықты,  әншілікті,  күйші-домбырашылықты  берумен  бірге 

ақындықты  да  дарытқан  екен.  Әкесі  Айтбай  (азан  шақырып 

қойған  аты  Айтмұхамед)  Белгібайұлы  –  атақты  ақын,  ғұлама 

дамулла болса, анасы Жұмагүл нарымбетқызы да реті келгенде 

қолма-қол  өлең  шығарып,  сызылта  ән  салатын.  осындай  отба-

сында туып-өскен Өмірзақ сол ата-анасының қасиеттерін бойы-

на  сіңіріп,  барынша  таза  сақтап,  қастерлеуде.  туа  біткен  дарын 

шықпай қоймады, ол мектепте жүргенде-ақ өлең жаза бастаған. 

Соғыста  жүрген  кіші  ағасы  Кенесарыға  (соғыста  мерт  болған) 

өлеңмен  хат  жазатын  болған.  Өлең  жазуын  ол  әсте  тоқтатқан 

емес, тек жариялауға келгенде кінәмшіл. Бірен-саран баспа жүзін 

көрген  өлеңдері  –  лирикалық  сипатта.  Мәселен,  1959  жылы 

«Сағыныштың  сазы»  деген  лирикалық  өлеңі  «лениншіл  жас» 



465

газетінде  өзі  шығарған  әнінің  нотасымен  бірге  жарық  көреді. 

Жас жігіт алыстағы сүйген жарына деген пәк сезімін, ыстық ма-

хаббатын былайша білдіреді.

Іштегі асыл сезімімді тербетіп,

Келді көктем көңіл-күйді селдетіп.

Қызғалдақтар белден асып барады,

Гүлмен орап, нұрға бөлеп жер бетін.

Сағыныштың сазын шерткен жүрегім

лүпіл қағад үнсіз айтып тілегін.

Сенің дағы қанатың жоқ ұшарға,

Жүргеніңді шыдап әрең білемін...

Ақындық  пен  сазгерлікті  кәсіп  қылмаса  да  Өмірзақ  терең 

тебіренген  сәттерде  өлең  де,  ән  де  шығарып,  жүрек  қылын 

тербетеді, көңілдегі шаттықты жырлап, рахатқа бөленеді, я болма-

са көңілдегі кірбеңді әуенмен ұзатып, рухани тазарады, жүректі 

сыздатқан  «кеселден»  айығады.  Мәселен,  балалары  дүниеге 

келгендегі  қуанышын  өлең-әнмен  паш  етіп,  Біржанға,  Ерланға, 

ләзизаға  арнаған  шығармалары  әлі  күнге  дейін  отбасының 

қызықшылығында  шырқалады.  Сондай-ақ  өзін  алғаш  «ата» 

атандырған  тұңғыш  немересі  Индираға,  оның  артынша  туған 

Шыңғыс  немересіне  бағыштаған  әндерін  бүкіл  әулет  болып  

айтады.  Өмірзақтың  бұлардан  басқа  да  өлеңдері  баршылық. 

«Ұстазыма»,  «Ағама»,  «Біржан  салдың  аруағына  тағзым» 

атты  шығармалары  автордың  нені  құрметтеп,  неден  безетінін 

айғақтайды.  Ал,  оның  қазақ  тіліне  қатысты  ән-өлеңдерінде 

азаматтық  позициясы  барынша  айқын  көрініп  тұр.  Еліміздің 

түкпір-түкпіріне тарап кеткен «Ана тілі» әні тек қана оның емес, 

бүкіл  қазақтың  көкейінде  жүрген  мұңын,  айта  алмай  жүрген 

сөзін төрткүл дүниеге жария етті.

Елдігім, есендігім, ерендігім,

Ақыл ой, арда сезім, тереңдігім.

Сеніменен аспаным арайланып,

Сеніменен нұрланар келер күнім.

Өзге елмен сен арқылы теңесемін,

Кемеңгер, даналармен кеңесемін...

...Жас ұрпақ, тоқта, ойлан, жетер енді,

Еңсеңді ез ой басқан көтер енді, ... –



466

деп,  жастарға  үндеу  тастап,  үлкен  сенім  артты.  Өмірзақтың 

дүниетанымын,  өмірге,  адамдардың  ара-қатынасына  де-

ген  көзқарасын  білдіретін  «дөңгелек  дүние»,  «Күншілдік», 

«Асықтырма, тағдырым», «Құдайдың маған берген олжасындай», 

«домбыра» атты бір үйір өлеңі бар. Бұларда автор – біресе адам 

тіршілігі жайлы толғаған жырау, біресе өмір ағымын бақылаған 

ойшыл.  дегенмен  де,  Өмірзақ  –  лирик.  Көк  жібек-желең 

жамылған сұлу Көкшені, күміс көл Бурабайды, көкке шаншылған, 

тәкаппар оқжетпесті жырламаған ақын аз. Өмірзақ та қалам тер-

беген. Өз әсерін, көңіл-күйін ол да өзінше кестелей білген, айна-

ланы қоршаған тамаша табиғатқа сүйсіне отырып, оны жандан-

дыра бейнелеген.

Қайыңдар – қыз-келіншек сыбырласып,

Өзгеше қылық ашып, жымыңдасып.

Жүректің қылын шертіп қытықтайды,

Перненің бірін аттап, бірін басып.

Қарағай сап түзеген жігіттері,

Зор оның қыз-қайыңнан үміттері.

Ентелеп, үнсіз-түнсіз тұрып қапты,

Іздейді-ау жүрек-құлып кілттерін...

Кәдімгі серуендеп, аспан әлемін, жер бетін қызықтап жүрген 

ғашықтар.  олардың  бір-біріне  деген  іңкәрлігі,  ынтығып  тұрған 

жігіттің қызға қалай жақындарын, сезімін ашық білдірудің амалын 

таба алмай, біресе ентелей келіп, біресе мелшиіп, не істерін білмей 

әлек  болған  сәтін  елестетесің.  осындай  шумақтарды  оқығанда 

Өмірзақтың  ақын  боп  туғанына  тағы  да  бір  көз  жеткізесің  де, 

егер  ол  поэзиямен  шындап  шұғылданған  болса,  небір  ғажайып 

туындылар берер еді деп ойлайсың...

Өмірзақ  күнделікті  өмірде  өте  ұстамды,  кішіпейіл.  Сырт-

тай  қарағанда,  өрмінез,  менменшіл,  суық  болып  көрінеді,  ал 

жақындап, көңіл көзін ашып сөйлессең, аралассаң, оның көкірегі 

толған имандылық екенін көресің. Адамға қатты сөз айтуды мін 

деп білетін ол біреу туралы ешбір ғайбат сөз айтпайды. Жолдас-

достарына ашық, көңілі таза, маңайындағыларға жылылық дары-

та біледі.

Бірде жары Үміттен: – Екеуің бір мектепте оқыдыңдар ғой. 

осы Өмірзақ оқушы кезінде қандай еді? – деп сұрадым. Мектепте 

менен бір класс жоғары оқыды. Үйірмеге қатысатынбыз. Сайлау 


467

мерекелерінде,  үлкен  мейрамдарда  клубта  концерт  қоятынбыз. 

Өмірзақ  домбырамен  ән  салатын.  Көбіне  халық  әндерін  айта-

тын.  Бір  жездесі  туралы  күлдіргі  әні  бар-ды.  Соны  айтқанда, 

жұрт күлкіге батады. Өзі көп сөйлемейтін. Жанды менсінбейтін 

сияқты көрінетін. Сыртынан біздер оны «бюрократ» дейтінбіз, – 

деп күле жауап берді Үміт.

Сол  «бюрократ»  Өмірзақ  жарасымды  әзіл  мен  жылы  қал-

жыңды  еш  бөтенсінбейді,  қайта,  өзі  кейде  мұрындық  болып 

жүреді.  ол  әртүрлі  әзілді-күлкілі  жағдайды  көбінесе  өзінің  сту-

дент кезінен жан досы Ілия Жақановқа жасайды, Ілия да қалыс-

пайды. тегі, бұл екеуінің ара-қатынасы ерекше, адам қызығарлық. 

Бір-біріне деген адалдығы, тазалығы, әсіресе, көңіл сәні мен жан 

сұлулығын  біріне-бірі  сыйлай  білуі  –  таңқалдыратын  құбылыс. 

Бірін-бірі  құрметтеп,  қастерлеп,  аялап  жүреді.  оны  мынадан  да 

көруге  болады.  1976  жылы  Өмірзақ  Англияда  СССР  халықтары 

мәдениеті  күніне  қатысып,  сонда  үш  ән  айтады.  Біріншісі  – 

Ғазиздің  «Шалқымасы»,  екіншісі  Біржанның  «теміртасы». 

Үшіншісі  –  Ілияның  Абай  сөзіне  жазған  «Есіңде  бар  ма  жас 

күнің?»  атты  әні  болады.  тыңдаған  жұртшылық  керемет  жылы 

қабылдайды.  Міне,  досының  жетістігіне  қалай  қуанады,  қалай 

оны  насихаттайды?!  Ілияның  алғашқы  әндерін  де  радиоға  жаз-

дырып,  насихаттаушы  –  осы  Өмірзақ!  Жалпы,  Өмекеңнің  до-

стары – әрқайсысы бір байтақ әлем. Бұл күндері ортамызда жоқ 

Шәмші  Қалдаяқов,  Сабырхан  Асанов,  Асқар  Сүлейменов,  Сей-

дахмет Айтжанов сынды азаматтар, сондай-ақ жарасты достығы 

мен  ілтифаты  үзілмей  келе  жатқан  Ілия  Жақанов,  Еркінбай 

Әкімқұлов, тұрсынхан Іргебаев, Керімбек Сыздықов, Әтен Егізов, 

Мыңбай  Ілесовтер  –  Өмірзақтың  рухани  ортасы  болып,  оның 

азамат ретінде қалыптасуында айтарлықтай рөл атқарды.

Ал,  біз  екеуіміздің  достасуымыздың  тылсымды  бір  сыры, 

прологі бар. 

Мен  аспирантурада  оқып  жүргем.  1966  жылдың  желтоқ-

санында  бір  күні  кешке  қарай  Академияның  кітапханасынан 

шықтым. орталық подъездегі үлкен есікті ашып, сыртқа шықсам, 

есіктің  алдында  бір  ақсақал  тұр.  Қарасам,  киімі  жұқа,  басында 

тақиясын сәлде құсатып орамалмен орап алыпты. Күн болса қызара 

батып барады. Аяз. Қарияны аяп кеттім. Ассалаумағалейкум! – 

дедім, қасына барып. Бетіме қарады да сәлемімді алды. Байқаймын, 

біраз тұрған сияқты. тоңып қапты.



468

– Ақсақал, кімді іздеп жүрсіз? – деп сұрадым.

– осында Айтбай ақынның баласы бар деп еді, – деп, қолыма 

тілдей қағазды ұстата берді. оқысам, Айтбаев Өмірзақ, ул. Меч-

никова 55, кв. 6 деген жазу бар. 

– Жүріңіз! – деп қарияны қолтықтап әкеліп, № 4 трамвайға 

міндік.  Салып  отырып  жаңағы  адреске  жеттік.  Үйді  таптық. 

Шағын ғана екі бөлме, дәлізі бар. Үйде екі ұл ойнап отыр. Бірі – 

сары, бірі – қара торы.

– Айтбаев Өмірзақтың үйі осы ма? – деп сұрадым. Үлкендеу 

сарысы:

– Иә, осы, – деді.



– Сосын көңіл жайланып, төргі бөлмеге қарадым, есік ашық 

екен. Қабырғада кілем мен домбыра ілулі тұр. «Е, бір дұрыс адам-

дар болды ғой!» – деп ойладым да:

– Ақсақал, осы үй екен. тосыңыз иелерін! – дедім де кетіп 

қалдым…

Кейін, көп жыл өткен соң Өмірзақтан сұраймын ғой:



– осы ана бір жылы сенің үйіңе бір қарт адамды апарып та-

стап ем, сол кім екен? – деп.

– Е, ертіп әкелген сен екенсің ғой, – деп Өмекең бір күліп 

алды.


– Е, неге күлесің?

– ой, ол шал түркістаннан екен. Әкемді білмейді де, көрмепті 

де.  Әйтеуір,  біреулер  «Алматыда  Айтбай  ақынның  баласы  бар», 

–  деп,  адресімді  беріпті.  Бір  апта  жатты.  оны  күтіп,  шаруасын 

бітіріп,  киім  алып  беріп,  шай-конфетін,  билетін  алып,  поезбен 

аттандырғанбыз. Батасын беріп, рахметін жаудырып кетті.

–  Қырықтың  бірі  –  Қыдыр  деген.  Әй,  сол  шал  тегін  емес 

шығар,  мүмкін,  Қыдыр  болар.  Біздің  достасуымызға  жол  ашқан 

сол болар, – деймін әзілдеп.

– Болса, болар! – деп Өмірзақ жымиып езу тартады.

– Иә, ләйім бәрімізге Қыдыр дарып, бақ қонғай!

«Керуен» журналы. 2006. № 3. 60–68-бб.


469

ТеАТРТАНУШЫ, СЫНШЫ БАҒЫБеК ҚұНДАҚБАйұЛЫ 

ТУРАЛЫ БіР үЗіК СЫР

Бүгін  сексеннің  сеңгіріне  шыққан  Бағыбек  Құндақбайұлы 

өнертанудың,  оның  ішінде  театртанудың  бастауында  тұрған 

белгілі  ғалым,  театр  сыншысы.  Сонау  50-ші  жылдардың  басын-

да  өзі  оқыған  ташкент  қаласындағы  театрлар  туралы  3  курстан 

бастап  жазып  келген  оның  бұл  мамандықпен  айналысып  келе 

жатқанына,  мінекей,  жарты  ғасырдан  асып  барады.  Сол  сту-

дент  кезіндегі  Өзбекстанның  әртүрлі  газеттерінде  жарияланған 

30  шақты  жеке  қойылымдар,  театр  жайындағы  рецензиялар 

мен  сын  мақалалары  оның  театртанудағы  бастамасы  болу-

мен  бірге,  өз  болашағына  сеніммен  қараған  шығармашылық 

алғашқы  ізденістері  болатын.  5-курста  дипломдық  жұмысына 

материал  жинауға  Алматыға  келгенде  академиялық  Қазақ 

драма  театрындағы  назым  Хикметтің  «Фархад  –  Шырын» 

қойылымына  жазған  көлемді  мақала-рецензиясы  соның  дәлелі. 

Және мақаланың мазмұн сипаты Бағыбек Құндақбайұлының ин-

ститутта  тиянақты  білім  алғанын  көрсететін  жәйт.  оның  кейін 

жарияланған  кітаптарына  енуі  –  театр  сыншылықтың  ұтымды 

бастамасы.  осылай  сәтімен  басталған  оның  сыншылық  қызметі 

әбден қалыптасып, толығып күні бүгінге дейін жалғасып келеді. 

оқудан  кейін  Алматыдағы  қызметін  бүгінгі  Ғ.Мүсірепов 

атындағы  академиялық  Балалар  мен  жасөспірімдер  театрының 

Әдебиет  бөлімінің  меңгерушілігінен  бастаған  ол  театр  туралы 

жазуды  үдете  түседі.  театрлардың  жаңа  қойылымдарына,  жеке 

актерлер  туралы  шығармалық  суреттемелер  жазу  оның  ба-

сты  ізденіс  мақсатына  айналады.  Кейбір  кездері  ол  апта  сайын 

мақала жариялап, бұрынғы «лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») 

газетінің  тұрақты  театр  шолушысы  болған.  театр  сыншылық 

шеберлігін  меңгеріп  қаламын  ұштауға  күнделікті  баспасөзде 

тиянақты мақала жазып отыру мол ықпалын тигізген.

60–90 жылдардың аралығында сын мақалалармен бірге, сах-

на  өнерінің  актуалды  мәселелерін  көтерген  ғылыми-теориялық 

дүниелер де молынан жарияланып отырды. оның осы тұстағы аса 

көп тиражбен тарап тұрған «Жұлдыз» журналына жыл сайын екі-

үш көлемді мақалалар сыни-ғылыми зерттеулер жариялап отыру 

оның театртанушылық қабілетін дамытуға мол әсерін тигізді.



470

1958  жылдың  мамырында  бұрынғы  Әдебиет  және  өнер 

институтының  Өнертану  секторына  кіші  ғылыми  қызметкер-

лікке  шақырылып,  күні  бүгінге  дейін  театр  сынымен  қатар 

ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып келеді. тура бір жарым 

жылдан кейін Бәкеңнің ғылыми жұмыспен айналысқанына тура 

жарты ғасыр толады екен. Елу жыл бойын тапжылмай бір жер-

де  ғылыммен  айналысу  –  оңай  шаруа  емес,  нағыз  батылдық. 

осы  кезеңде  Бағыбек  Құндақбайұлын  жалақысы  жоғары  талай 

жұмысқа  шақырылды,  ол  ұстаған  бағытынан  да,  алдына  қойған 

мақсатынан да айныған жоқ.

ол ғылыммен айналысуда жазып жүрген сын-мақалалардан 

табиғаты  бөлектеу,  өзіндік  бағыт-бағдары,  белгілі  бір  зерттеу 

нысанасы  болатынын  түсінгенімен,  неден  бастарын  білмей, 

алғаш біраз дағдарып қалғаны бар. оның бақытына ұлы Мұхтар 

Әуезовпен  тілдесіп,  ақыл-кеңес  алудың  сәті  түседі.  Жаңадан 

құрылып, ұйымдастыруға мол еңбек сіңірген бүгінгі Әдебиет және 

өнер  институтында  фольклор  бөлімін  басқарып  жүрген  Мұхтар 

омарханұлын  талай  көргенімен,  басын  изеп  қана  амандасудан 

арыға бата алмай жүргенде, ақыры Балтабай Адамбаев ағасының 

(ол Мұқаңның аспиранты болатын) ықпалымен ұлы ғалымның ал-

дын көреді. драматургия мен театр туралы әңгімеден еш уақытта 

жалықпаған  Мұхтар  омарханұлы  кеңесуге  сұранған  театртану-

шы жас ғалымға екі сағат алтын уақытын бөліп, зерттеуді неден, 

қалай, кімнен бастаудың ғылыми жолын айтып беріпті.

Бұл жерде ол ұзақ әңгіменің мазмұнын айтып жатпай, бүгін 

80-ге келген Бәкеңнің ғылыми жұмыстарының жемісті болуына 

сол  тұстағы  Мұхаңның  ақыл-кеңесінің  маңызды  болғанын  айту 

ләзім. Бұл туралы ол өзінің «Мұхтар Әуезов және театр» атты та-

маша монографиясында жазды. 

Бағыбек  Құндақбайұлының  жүріп  өткен  шығармалық  ұзақ 

уақыттың  ішінде  қаншама  сын  мақалалар,  рецензиялар  жазды, 

оның есебіне жету қиын. оның көптеген ғылыми идеяларының 

негізі  осы  жарияланымдарында  қаланды  ғой.  Кейін  есейе  де, 

төселе  келе  жұмыс  істеу  тәсілі  де  қалыптасып,  уақытын  босқа 

өткізбеуге  ұмтылады.  Мұхтар  Әуезовтың  кеңесімен  зерттелме-

ген, әрі шытырман қайшылығы мол 20–30-шы жылдардағы театр 

мен драматургия мәселелеріне ерекше ден қояды. 

Халық  өнері  мен  ауыз  әдебиетіндегі  театрлық  элементтер-

ден  бастап,  қазақ  топырағындағы  тұңғыш  сауық  кештерінің 



471

көркемдік  ерекшеліктері,  «Ес-аймақ»,  «Қызыл  керуен»  труппа-

ларының  дүниеге  келуі  мен  шығармалық  келбеті  Бағыбек 

Құндақбайұлының еңбектерінде жан-жақты зерттелген.

төңкеріске дейін кейбіреулері жарияланған, көбісі қолжазба 

күйінде тараған алғашқы драматургиялық нұсқалар мен «Шығыс 

кештерінің» ұлттық сахна өнерінің қосқан үлестері де Бәкеңнің 

еңбектерінде  анықталды.  ол  идеологияның  қысымын  көп 

көрсе  де  Алаш  ардақтыларының,  әсіресе  Смағұл  Сәдуақасов 

пен  Жүсіпбек  Аймауытовтың  шығармалық  құпияларын  ашып, 

батылдық  танытқан  ғалым.  Ж.Аймауытов  пьесаларын  Мәскеу 

архивтерінен тауып, шығармалық қызметін жан-жақты талдаған 

50 беттік алғысөз жазып 1990 жылы 6 мың тиражбен «Шернияз» 

деген атпен жариялады. Алаш ардақтыларының ұлттық драматур-

гия мен театр өнерін дамытудағы қайталанбас қызметін сескен-

бей жариялағаны үшін партиялық жолмен қатаң жазаланғаны да 

белгілі.

М.  Әуезовтің  ақылымен  ұлттық  театр  өнерінің  бастауы 

болған Семей өңірінің өнерін тұтас қамтып, бағалы ғылыми зерт-

теулер жүргізеді. Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Жұмат 

Шанин,  т.б.  ұлттық  театр  өнерінің  негізін  қалаған  ұлылардың 

шығармалық қызметі жан-жақты зерттеген.

Қазақ  топырағында  Жүсіпбек  Аймауытовтың  сахналық 

нұсқасын (инсценировка) түсіріп, әрі режиссурасымен қойылған 

«Біржан  –  Сара»  спектаклін  кәсіби  тұрғыдан  талдап,  ұлттық 

театрдың туған күнін 1915 жылдың 13 ақпаны деп анықтаған да 

Бағыбек Құндақбайұлы. 

Міне,  осылай  Семейден  бастау  алған  Еуропалық  үлгідегі 

сахна  өнері  үкімет  жарлығымен  1926  жылдың  13  қаңтарында 

ұйымдасқан  мемлекеттік  театрдың  негізін  қалады.  демек,  жаңа 

ашылған театрдың репертуары мен актерлерінің дені сол Семей 

мен басқа өңірлердегі театрлар сахнасына қойылып, біраз өзінше 

тәжірибе  жинақтаған  үлгілері  болатын.  осы  бір  жүйелі  зерттеу 

мен ізденіс қарқынын ол бәсеңдетпей келеді. 

Бағыбек  Құндақбайұлы  осы  кезеңде  Мәскеу  театр 

академиясының  (бұрынғы  ГИтИС)  аспирантурасына  түсіп, 

жиналғаны  мен  жазған  материалдарын  арқалап,  сонда  табаны 

күректей бір жыл елге қайтпай, тапжылмай зерттеуін бітіріп, 1963 

жылы кандидаттық диссертациясын қорғайды.


472

Сонан бері қарай зымырап өткен уақытпен жарысып, Бәкең 

де  талай  еңбектерін  жариялап  үлгірді.  ол  жазған  көптеген 

кітаптардың  мазмұн-көркемдік  ерекшеліктерін  сөз  етпей,  атап 

өткенім  жөн  болар.  «облыстық  қазақ  театрлары»  кітабының 

Семей  театрына  арналған  тараулары,  кіріспе  мен  қорытынды, 

әрі жауапты редактор-шығарушы міндетін қоса атқарған (1964), 

1975–1978  жылдары  жарияланған  екі  томдық  «Қазақ  театры 

тарихының» бар ауытпалығын көтеріп, 40 баспа табаққа жуығы 

Бәкеңнің үлесіне тиген. Мұнан басқа «Путь театра» (1976), «уақыт 

және театр» (1982), «Мұхтар Әуезов және театр» (1997), «Заман 

және театр өнері» (2001) күрделі ғылыми зерттеулерін атауға бо-

лады.  Бұлардан  басқа  бірталай  жинақтарда  жарияланған  сахна 

өнерінің санқилы мәселелеріне арналған тараулар мен мақалалар 

бар.  Солардың  ішінде  М.  Әуезов  атындағы  академиялық  драма 

театрының  60-жылдығына  арналған  театрдың  әр  даму  кезеңін 

айқындайтын қызық та кезеңдік қойылымдар жайындағы елге та-

нымал қайраткерлердің мақалаларынан іріктеп өзі құрастырып, 

ілеспе  сипаттама  берілген  «Бел-белестер»  атты  қалың  кітапты 

оқырман қауым жылы қабылдағаны белгілі. 

Бағыбек  Құндақбайұлының  архивінде  жазба  деректермен 

бірге, афиша мен фотоматериалдар да мол. ол театрдың жарты 

ғасырлық  фотошежіресін  жасап,  аумағы  10  б/т.  кітапты  орыс-

ша  алғысөз  жазып  жариялады.  Институттың  шығарған  қазақ 

әдебиеті  тарихына  байланысты  зерттеулердегі  драматургия  та-

рауларын да Бәкең жазған. 

ол енді өзіміздің республика ғана емес, тұтас ортазия регио-

нына, бұрынғы одақ көлеміндегі танымал театртанушы деңгейіне 

көтерілді.  Мәскеудегі  өнер  институтының  ұсынысымен  ол  «Со-

вет  драмалық  театрларының  тарихына»  автор  ретінде  қатысып, 

барлық  6  томдағы  «Қазақ  театрлары»  тарауларын,  одақтық 

театртануға арналған кітаптың да Қазақстанға тиісті бөлімін жаз-

ды.  оның  қазақ  театры  туралы  ғылыми  очеркі  ағылшын,  неміс, 

француз  тілдеріне  аударылды.  ол  1983  жылы  Халықаралық  те-

атр  сыншылары  ассоцациясының  жолдамасымен  Болгарияның 

астанасы  Софияда  өткен  дүниежүзілік  «Ұлт  театры–83» 

атты  Халықаралық  фестивальға  қатысып,  сонан  алған  әсерін 

баспасөзде жариялады.

Бағыбек  Құндақбайұлы  бірнеше  шетелдік  театр  энциклопе-

дияларына да ұлттық театрымыз туралы шағын мақалалар жари-



473

ялады.  Ал,  1990  жылы  АҚШ-тың  нью-Йорктегі  әйгілі  Колумбия 

университетінің шақыруымен Азия орталығында Қазақстан мен 

ортазия  театрлары  мен  драматургиясы  жайында  бір  айдай  лек-

ция оқып қайтты.

ол  педагогика  саласында  да  нәтижелі  еңбегімен  танылып, 

танымал  болған  ұстаз.  Еліміздің  театрларында  шығармалықпен 

айналысып  жүрген  көптеген  актерлер,  режиссерлер,  сах-

на  суретшілері  профессор  Бағыбек  Құндақбайұлынан  лекция 

тыңдаса,  т.  Жүргенов  атындағы  Қазақ  Ұлттық  өнер  академия-

сында өзі ғылыми жетекші болған тұңғыш театртанушылар білім 

алып шықты. оның ғылыми жетекшілігімен 12 адам өнертанудан 

кандидаттық диссертация қорғап шықты.

Мерейтойға  байланысты  дайындалған  3-томдық  таңдамалы 

шығармалары  баспаның  жағдайына  байланысты  кейінірек 

шықпақшы. Қалың бір томдық осы айдың ортасына қарай «театр 

туралы  толғаныстар»  деген  атпен  «Өнер»  баспасынан  жарыққа 

шығады. 


Б.  Құндақбайұлы  Қазақстан  Жазушылар,  театр  Қайраткер-

лері  одақтарының  мүшесі,  еліміздегі  өнертанудан  кандидаттық 

диссертация  қорғайтын  ғылыми  кеңестің  төрағасы  ретінде  де 

үлкен жұмыстар атқарып келеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет