Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет97/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер (1)

Ғылыми революция – ғылыми білімнің динамикасында ғылымның негізімен бағытталған, зерттеу стратегиясын өзгерту кезеңдерінде күрделі роль атқарады. Сол кезеңдерді ғылыми революция деп атайды. Адамзат өзінің дамуында бір-неше ғылым мен техниканың революциясынан өтті: өнеркәсіптік, электротехникалық, электрондық, бағдарлама және «жасыл» революциясы.
Сөйтіп, көлем мен өзгертудің тереңдігіне қарай революцияларды глобалды, локалды және мини-революциялар деп бөледі. Фундаменталды /глобалды/ революциялар ғылымның негіздерін /идеалдар, ғылым нормаларын/ және дүниенің ғылыми бейнесін /онтология өзгереді/ күрделі түрде өзгертеді. Локалды революциялар ғылымның негізін өзгерпей тек зерттеу реалдылықтың бейнесін өзгертеді. Солай, ғылым дамуында кардиналды өзгерістер сонша көп емес.
Ғылым философиясында глобалды революциялардың үш рационалдылық типтермен байланысты үш типі бар: классикалық, класикалық емес, постнеклассикалық; В.С. Степиннің пікірінше, тағы 4 типі – екіншісімен байланысты, пәндік ғылымның шығуымен /18 ғ. аяғы – 19 ғ. басы/ байланысты.
Ғылымда революция қалай қалыптасады? Кейбір пікірлер бойынша, ғылыми революциямен жаңалықтар ғылымда кездейсоқ болады, яғни, қосымша зат ретінде, нақты мақсатты шешкенде; ал басқа пікір бойынша, ол дәстүрлі жолмен қалыптасқан қатал қызметтің табиғи жалғасы деген.
Ал, осыған ықпал ететін факторларға келсек, олар ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Осының интерналистік пен экстерналистік нұсқаулары бар.
Мысалы, Б.Г. Юдин сыртқы факторлар үстемді десе, Б.С. Грязнов ішкі факторларды тандайды. Ал Микулинский сыртқы мен ішкі факторлардың ғылым дамуында бірлік ықпалы туралы айтады. Сол себепте, ғылыми революциялар ішкіпәндік пен пәнаралық байланыста мүмкін.

Енді нақты түрде осы мәселе бойынша ғылым философиясындағы концепциялар мен пікірлерге тоқтайық.

Карл Раймунд Поппердің логикалық-методологиялық концепциясы.


Карл Поппер 20 ғ. батыс филоофиясының әйгілі өкілі. Оның шығармалары философия, ғылым логикасы, ғылым методологиясы мен әлеуметтану салаларында жазылған / «Ғылыми білімнің логикасы мен дамуы», «Ашық қоғам және оның жаулары», «Историцизімнің жоқшылығы» т.б./
К. Поппердің атын «фаллибилизм» (ағл. fallible – қатеге бейімделген, күнәға батылған) атты ағыммен байланыстырады. Оның негізінде Поппермен ұсынылған жүйелердің «фальсифицияландыру принципі» жатыр. Универсалды пікірлерді фальсифицияландыру дегеніміз оларды «бар еместік» /жоқ/ түрінде бекіту. Демаркацияның мөлшері ретінде верификацияландыруды емес фальсифицияландыруды ұсыну қажет. Яғни, біз бір ғылыми жүйені тек сол жағымды түрде қабылдауды қажетті міндет етпеуміз керек, ал, оны эмпириялық тексеру арқылы жағымсыз мағынада шығару логикалық түріне лайықтықты қажет етуіміз дұрыс: эмпириялық жүйе тәжірибе арқылы өзін жоққа шығаруын рұқсат етеді.
Поппердің пікірінше ғылыми білімнің дамуы – ол бір жағымсыз теорияны жағымды теориямен ауыстыратың шексіз және тоқталмайтын процесс. Осындай теорияның құрылымын келесі түрде көрсетуге болады: 1. гипотезаны ұсыну; 2. гипотезаның фальсифицияландыру деңгейін өлшеу; 3. мүмкін фальсификаторлар саны көп жағымды гипотезаны таңдау қажет /яғни, күдікті гипотезалар лайыкты/; 4. эмпириялық тексеруі үстемді салдарды шығару және эксперимент өткізу; 5. принципиалды түрде өзгеше салдарды іріктеу; 6. фальсификация жағдайында гипотезаның өзін жоққа шыгару, ал теория фальсифицияландырылмаса оны уақытша сақтау қажет; 7. конвенционалды /келісім/ түрде тексеруді тоқтатып, нақты фактілер мен теорияны шартты түрде қабылдауды бекіту. Басқаша айытқанда, Поппердің пікірінше, ғылым батыл түрде ұсынылған пікірлер және келесіде оны қатал сыңнан - қарсы мысалдарды табу - өткізумен дамиды.
Осы философтың концепциясы жарты ғасырдың аралығында бір-неше модификациялық өзгеріске қарамай, өзінің тіректі негізін сақтап қалды. Яғни, тұрақты идея ретінде – ғылымның белгісі және ғылыми рационалдылықтың мәні – сынның қажеттілігі мен мүмкіндігімен қатар әр-қашанда өз ережелерін қайтадан қарастыру. Әр теория сыңнан осалды /әлсіздік/, олай болмаса, оны ғылыми деп санамайды. Теория фактілерге қарсы шықса онда оны жоққа шығару міндет. Реалдық ғылымда жоққа шығарылған теория мен гипотеза жедел түрде жойылады ма деген сұрақ қайшы, бірақ Поппер үшін, егер ғалым алдына оның теориясының әлсіздігі мен құлдырау фактісі айқын қойылса, бірақ ол теориясын қолдап қалса, яғни, ол рационалсыз және «ғылым ойының» ережесін бұзады. Сөйтіп, ғылыми теорияның ауысуы жәй емес, мәнді түрде қажетті. Поппердің айытуынша, ғылыми танымның тарихы батыл ұсыныстары мен оларды жоққа келтіруден, және «перманентті революциялар» тарихы ретінде көрсетілген. Сол себепте, Поппер үшін, ғылыми революция деген ұғым үстемді айналыс түрінде көрсетіледі, бір-бірін жоққа келтіретін теориялардың арасындағы қайшылықтар мен сол жағдайдың өзгеше ұштастығың білдіретін, мысалы, фундаменталды теорияларға қатысты болса.
Осы модельдің онтологиялық негізі болып «үшінші әлем» атты концепция табылады. Өзінің «Үшінші әлем» аталған концепциясында, «Объективтік білім» атты шығармасында ол келесі үш әлемді ажырату қажет деп тезис ұсынады: «біріншіден, физикалық объектілер әлде физикалық жағдайлар әлемі; екіншіден, сана, ойлау /менталитет/ жағдайы және іске диспозиция мүмкіндігі; үшіншіден, ойлаудың объективтік мазмұны, әуелі, ғылыми идеялардың, поэтикалық ойлар мен өнер шығармалары» Үшінші әлем физикалық әлем мен сананың нәтижесі, адам іс-әрекетінің нәтижесі. Оның қажетті шарты тілдің шығуы. Тілде тұрақталып, білім «объективтік рухқа» айналып, объективтік қасиетке ие болады.
Поппер тоқталғандай, «үшінші әлем» үстемді түрде, оған әсер етседе, біз оған әсер етсекте, автономды.
Үшінші әлемнің тұрғындарына теориялық жүйелер, мәселелер мен сынау пікірлер, журналдар, кітаптар мен кітапханалардың мазмұны кіреді. Ғылыми теориялардың даму процесстерінің өздерінің даму логикасы бар. «Менің зерттеу логикам білімнің даму теориясының мүмкіндік пен қатесін, яғни, қатені жоюдан тұрады. Ал, ол болса –Ламарктің ереже нұсқаулары, үйрету арқылы емес, Дарвинның селекциясы, ріктеуі арқылы». Осы аналогияны Поппер өмірінің соңында теорияның динамикасының төрт фазасы атты схемасында ұсынды:
1) Мәселе /бақылау емес/;
2) Шешу әрекет жасау - гипотезалар;
3) Қатені жою – гипотеза мен теорияның фальсификациясы;
4) Сыңшыл сұхбат нәтижесінде жаңа және мәселені нақты қою”. [Popper K., Alles Leben ist Problemlfosen. Muenchen, Zuerich, 1994/].
Қорыта айытқанда, попперлік «ғылыми теориялар» ғалым дүниесіне қатыспай идея әлеміне толық қатысты. Ғалымдардың іс-әрекеті рационалды болу қажет, яғни, теориялық құрылымды басқамен айуыстыру. Ғалымдардың «ашық қоғамында» интеллектуалды күрестен басқа ештеңе жоқ; сайысқа адамдар емес, идеялар шығады, ал, адамдар ғылымға адал қызмет жасау керек. Сол себепте, біз Поппердің көзқарасында жетілген «ғылыми революцияның құрылымын» таппаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет