Ғылым туралы түсініктер. Адамзат қоғамның қалыптасып, одан әрі өсіп-өркендеуінде, тарихи сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі ерекше екені белгілі. Екінші жағынан, ғылым - қоғамның өзін дүниеге келтірген, оның өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүниені танып, игерудің, данышпандық пен зерделіліктің қайнар көзі екенін жақсы білеміз. Сонда ғылым дегеніміз не? Ғылым ме білім деген түсініктер бір мағнада ма?
Адамның айналасындағы дүниені танып-білуі күрделі қайшылыққа, ұзаққа созылатыны және де оның адамның жаңа әрі тың білімді игерумен байланысты екені алғашқы тауарлардан мәлім. Білім дегеніміз - материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнелеуі. Жалпы білім қорын ғылымға дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған қарапайым білім және ғылыми білім деп екіге ажыратуға болады. Ғылымға дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында, іс-әрекет үстінде, тәжірибе ауқымында жинақталады. Ол бар болған құбылысты сипаттайды, оқиғаның қалай етіп жатқанын пайымдайды. Ал ғылыми білім терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылысты неге мұндай, оқиға неліктен басқаша емес, дәл осылайша өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген сұрақтарға дәйекті жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, ғылыми білім оқиғаларды, құбылыстар мен фактілерді бейнелеп, сырттай сипаттап қана қоймайды сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғаттың, мәнді жақтары мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын айқындап түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың, құбылыстардың бұдан былайғы даму бағдарына болжам жасайды. Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен және теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтар мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-әрекеттің барысында туындап, жинақталып, жүйеленеді. Ол таным процесінің әрі күрделі нәтижесі болып табылады.
Сөйтіп, ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен процесстердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын, байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы, ақиқат, жүйеленген, қисынға келтірілген білім және объективті шындық.. Тарихи тұрғыдан ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір сатысында, өзі туғызатын қажеттіліктерге байланысты, ой еңбегі мен дене еңбегі бөлініп, қауымдық қоғам ыдырап, таптық қоғам қалыптаса бастаған кезеңде пайда болған. Алғашқы ғылым жүйелі ой пікірлер мен тұжырымдар ертедегі Шығыста, Египетте, Вавилонда, Грекияда т.б. қарапайым білім негізінде дүниеге келген. Тарихи ең алғашқы ғылыми жүйе философия болғаны белгілі. Ғылымның шынайы шарықтап дамуы қайта өрлеу дәуірімен және жаңа заман кезеңімен байланысты. Капиталистік өндіріс тәсілінің орнығуы, өндіргіш күштердің күрт дамуы, техника саласындағы табыстар. Орасан зор географиялық ашылымдар жаңа дәуір ғылымының өркендеуіне негізгі себеп болып табылды.
Ғылыми таным мен ғылымның пайда болуына өндірістік және әлеуметтік, логикалық факторлар әсер етті. Практикалық қызмет, қоғамдық қатынастар, қоғамдық еңбек бөлінісінің өндірістік, техникалық талаптар-әлеуметтік ғылымдардың өмірге келуіне түрткі болған факторға, ал ғылыми таным дамуының ішкі логикасының қажеттері - логикалық ғылымдарды талап ететін факторға жатады. Сондай-ақ әрбір ғылымның дамуының ішкі логикалық заңдылығы бар. Ол - бір жаңалық бір жаңалыққа түрткі болып, бірінен-бірінің туындауы. Ғылымның әлеуметтік мәні, негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын ашуда әлеуметтік және логикалық факторлардың бірлігі қажет.
Осы тұрғыдан алғанда ғылым дегеніміз қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айырықша әлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің жоғарғы саласы. Ғылымның негізгі ерекшеліктеріне тоқталсақ. Табиғат пен қоғамның объективі, адам санасынан тәуелсіз заңдарын ашу - ғылымның негізгі мақсаты. Ғылым тарихы - заттық және рухани дүниенің объективті заңдарын ашу және қарастырып отырған құблыстарды, процесстерді солардың негізінде түсіндіріп, жаңа бағыттармен бағдарларын болжай білу құралы. Ғылымды математикаландыру, ғылым мен техниканың дамуында есептеу техникасы мен информатиканы кеңінен қолдану, адам қызметінің көптеген саласына компьютерлік техниканың еркін енуі - қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі.
Ғылымға енетін қағидалар дәлелденген және негізделген болуы керек. Күмән туғызатындар ғылым аясынан шығарылып тасталды. Сондықтан ғылым теориялардың ашық жүйесі болғандықтан, оған ғылыми прогресс барысында үнемі жаңа теориялар еніп отырады.
Қазіргі дәуір - қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын ұлы өзгерістер кезеңі. Ғылымды - қоғамдық өндіріс қажеттеріне, ал өндіріс ғылымға қарай батыл бұру қажет. Ендеше, ғылым мен өндірістің бір-бірімен қабысуы мен бірігуі, ғылымның тікемның өндіргіш күшіне айналуы - қазіргі ғылымның ерекшелігінің бірі.
Ғылымның техникамен және өндіріспен байланыстыратын қажетті буын - қолданбалы зерттеулер мен технологиялық ізденістер. Олардың міндеті ғылым ашқан жаңа заңдар мен идеяларды қоғамдық өндірісте қолданудың ең қысқа және ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресті жеделдету жағдайында іргелі және қолданбалы зерттеулер арасындағы байланысты анықтау ғылыми жұмысты тиімді жоспарлау мен ұйымдастырудың қажетті шарты болып отыр. Ғылыми жетістіктер негізінде жаңа техника мен технология жасалып, содан кейін олар өндірісте қолданылды.
Тарих дәлелдегендей ғылым мен дін әртүрлі жағдайларда пайда болып, әртүрлі міндеттер орындағанымен, ғылым адамдардың шындықтағы табиғи қажеттіктерін қанағаттандырса, дін - әлеммен сезімдік-эмоцияналді үйлесімділік қажеттілігін, бірде ынтымақтастың, бірде қарама-қарсы күрес формасында тіршіліктерін ары қарай жалғастыруда. Орта ғасырда дін өзіне ғылымды бағындырды. Ғылыми шындықтар «шынайы сезімдерге» қарағанда (дін шындықтары) өте төмен қоғамдық және гносеологиялық статусқа ие болған.
Жаңа заман дәуірінен бастап, ғылым мен дін, табиғи және әлеуметтік құблыстарды әрқалай түсіндіріп, өз бетінше тіршілік етуде. Дін оның ішінде католицизм ғылыми жетістіктерге жетуде құдайдың құдреттілігінің әсерінен екендігін дәлелдеуде. Бұлар екі жақты сипатта мистикалық, яғни құдайлар бейнесін бейнелеуге арналған, және рационалды (нақты тарихи жағдайларды, адамдарды, табиғатты көрсету).
Атақты тарих ғалымы Дж Холтон ғылым мен антиғылымның (яғни, дінің) арасындағы қарама-қарсылық қазіргі уақытта өткірлене түскендігін ескерткен. Діни сенімдер зиянды, қиратушы күштерге ие.
Оның айтуынша, Америкалық ғылым және өнер академиясында Дж. Мурдың «Протестандық ментализмнің креационистік космосы» атты жұмысы шығарылған, онда АҚШ-тың антиэволюциялық қозғалысының сипаттамасы берілген. Ғылымның белгілері; ғылымның әртүрлі сипатын мәдениет аспектісінде қарастыруда, ғылымды философиямен, өнермен, дінмен салыстыра отырып, қоғам өмірінің рухани бөлігі ретінде ғылымның нақты белгілерін жасауға мүмкіндік берейік.