Өзен бифуркациясы - өзенің арнасы мен аңгары екі бұтаққа бөлінуі.
Медицинадағы бифуркация – құбырлы мүшенің /түтікше әлде кеңірдек/ екі ұқсас бұрыш бойынша екі бұтаққа бөлінуді айтады.
Механикалық бифуркация –динамикалық жүйенің қозғалысында параметрларының кішкентай өзгерісіне қарамай жаңа сапаға өтуді айтады.
Білім бифуркациясы – жоғары оқу орында жоғары сыныпты екі бөлімге бөлуді айтады.
Уақыт-кеңістік бифуркациясы –ғылыми фантастикада уақытты әр қайсысында параллельдік /қатарлас/ түрде сол жағдайлар болып жатқан /қайталанатын/ бір-неше ағымға бөлу. Қатарлас уақыт пен кеңістікте геройлардың өмірі өзгеше болу мүмкін.
Бифуркация нүктесі –жүйенің түрақты жұмыс уақытының ауысуы. Синергетика мен теңсізөлшем термодинамикадан алынған термин.
Аттрактор (ағыл. attract – қатыстыру, тарту) деп – динамикалық жүйенің фазалық кеңістігінде жүйенің траекториясы ұмтылған көп нүктелерді атайды. Траектория аттракторға қарай жақын өтсе, келесіде сол аймақтан шықпай оған жақындай береді, яғни, аттракторға тартылу эффекті байқалады /аттракторлардың бәріне тәрізді емес/. Нүкте аттрактордың ең қарапайым түрі. Аттрактор болып қисық және тегіс көптүрлердін астары болуы мүмкін; сонымен қатар фракталды көптер. Соңғысы оғаш /әпенді/ аттрактор деп аталады және олар динамикалық жүйелердің теориясында зерттеледі.
Аттракторлар тұрақты және тұрақсыз деп бөлінеді.
Тұрақты деп:
өзгеше /асимптотикалық тұрақты/ нүктелер;
тұрақты /орбиталды асимптотикалық/ шекті циклдер /айналма/;
тұрақты инвариантты торлар.
Хаос теориясы –сызықты емес динамикалық жүйелердің жағдайын сипаттайтын математикалық аппарат. Жүйе бастаушы шартқа сезімтал болса хаосқа ұрынады. Салдары ретінде жүйенің мінезқұлығын детерминистік сипаттау моделіне қарамай оның мінезқұлығы кездейсоқтыққа ұқсас. Мысалы, атмосфера, турбуленттік ағымдар, коммуникативті қоғам, биологиялық популяциялар т.б.
Хаос теориясы бойынша, қиын жүйелер алғашқы шарттарға тәуелді және қоршаған ортадағы кішкентай өзгрістер күтпеген салдарға әкелу мүмкін.
Хаотикалық мінезқұлығына ие математикалық жүйелер детерминацияға бағынады, сол себепте реттелген деп саналады.
Осы теорияның пионерлары: француз физигі, математик Анри Пуанкаре; совет үкіметінің математиктары А.Н. Колмогоров, В.И. Арнольц, Мозер /басқаша Колмогоров, Арнольд, Мозер – КАМ/ хаос теориясын құрастырған.
Эвристика (грек ευρίσκω «іздеймін», «ашамын») – жаңа концептерді, идеялар мен объектлердін арасындағы байланысты ашу үшін әдістерді қолдану, қосымша оқыту процесстердің тәсілдері туралы шығармашылық іс-әрекетті зерттейтін ғылым. Эвристикалық әдістердін /эвристиканың басқа атауы/ шешімдерді жылдамдатуға ықпал жасайтын өзгешелігі бар. Сол жағдайда, эвристика деп мақсаттарды шешу әдістерінің жиынтығын атайды; әлде сократикалық майевтикадан бастама алатын оқыту тәсілін атайды. «Эвристика» сөзі грек тілінен «heurēka» - «іздеймін», «табамын». Ежелгі аңыз бойынша, «Эврика!» («Таптым!») деген сөзді ежелгі грек математигі және механик Архимед (287-212 б.ғ.д.) гидростатика заңын ашқанда айытқан. Осы сөзден антика философиясында «ақиқат іздеу өнері» - эвристика деп аталған.