Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді



бет1/13
Дата08.11.2022
өлшемі47,15 Kb.
#48512
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
6D020100 каз


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




Ғылыми-Әдістемелік Кеңес
мәжілісінде бекітілді
5 хаттама, « 21 ».04. 2016 ж.
Оқу жұмысы жөніндегі проректор
_______________ Д.Ж. Ахмед-Заки





6D020100 – «ФИЛОСОФИЯ» МАМАНДЫҒЫНА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ, 2016

Бағдарлама «6M020100 - Философия» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес құрастырылған. Бағдарламаны құрастырушылар: философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж.Нұрышева, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Ю.Лифанова, философия ғылымдарының кандидаты Ж.А. Әмірқұлова.




Бағдарлама «Философия» кафедрасының мәжілісінде қарастырылған
Хаттама 2016 ж.
Кафедра меңгерушісі ____________________________ Г.Ж. Нұрышева

Философия және саясаттану факультетінің әдістемелік бюросында мақұлданған


Хаттама 2016 ж.
Әдістемелік бюроның төрайымы ____________________ Ж.С.Жұбаназарова


Ғылыми Кеңес мәжілісінде бекітілген
Хаттама 2015 ж.


Ғылыми кеңес төрайымы,
факультет деканы _________________________________ Ә.Р. Масалимова

Ғалым хатшы _________________________________ Ә.Өмірбекова



МАЗМҰНЫ


1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаты мен міндеті
Бағдарлама мақсаты: докторантураға түсушілердің философияның негізгі теориялық мәселелері, ғылымның генезисі және адам мен қоғам өміріндегі рөлі, білім философиясы мен қазіргі заман философиясының өзекті мәселелері, әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы туралы білімдерін анықтау.
Міндеті:

  • философиялық ойлаудың негізгі түсініктері мен категорияларын меңгеру және қазіргі заманғы өзекті мәселелерді кәсіби философиялық тұрғыдан шешу деңгейін айқындау;

  • әлемнің ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауды, ғылыми таным философиясының мәні туралы түсінікті және ғылыми қызмет жүргізудің негізгі әдістерін қамтамасыз ететін философиялық білім деңгейін анықтау;

  • қазіргі заман философиясының өзекті мәселелері, оның негізгі бағыттары мен өкілдері туралы білімдерін тексеру;

  • қазіргі заман аясында әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы туралы білім деңгейін нақтылау;

  • білім философиясының негізгі мәселелері бойынша білімдерін бағалау;

Емтихан тапсырушылар жауап парағына емтихан билеттерінің сұрақтарына жауаптарын жазады, емтихан комиссиясына ауызша жауап береді. Апелляцияға беру жағдайында қарастыру кезінде жауап парағы негізге алынады».

2. PhD докторантураға түсуші тұлғалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар





  • философия пәнін және оның негізгі кезеңдері мен тарихи даму ерекшеліктерін білу;

  • философия тарихы мен теориясындағы фактілерді, принциптерді және әдістерді қорыта білуді көрсету;

  • философияның мәселелеріне, философияның тарихы мен теориясының адамның мәдениеті мен өмірінің стратегиясына әсер етуіне қатысты сұрақтарды талдау;

  • «Қазіргі заман философиясының өзекті мәселелері», «Білім философиясы», «Ғылым философиясы мен тарихы», «Әл-Фараби мұрасы және қазақ халқының рухани мәдениеті» пәндерінің терминологиясын меңгеру;

  • білім философиясының табиғаты мен ерекшелігін талдай білу.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет