Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді


Тақырып 18. Сана және ойлаудың заманауи контекстеріндегі ақиқаттылық мәселесі



бет5/13
Дата08.11.2022
өлшемі47,15 Kb.
#48512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Тақырып 18. Сана және ойлаудың заманауи контекстеріндегі ақиқаттылық мәселесі.
Философиялық ойлау және қызметтің мәні мен құндылығы. Ақпараттық ағымдар мен мәдениеттегі ақиқаттық, шындық, түпнұсқалық, құндылықтық өлшемдерінің шарттары және жоғалуы мәселесін заманауи бағалау. Қазіргі заманғы мәдениет пен философиядағы сананы децентрациялау феноменін бағалаудың мәні.
Тақырып 19. Заманауи философияда қазіргі заманғы метамәдениеттердің қалыптасуы мәселесі.
Ақпараттық-коммуникативтік ортаның деңгейін философиялық бағалау. Жаңа семиотикалық жүйелер және Интернет. Заманауи ақпараттық қоғамның негізгі өркениеттілік контекстері.
Тақырып 20. Синергетикалық талдау контекстіндегі заманауи философия.
Синергетикалық көзқарас жаһандық мәселелерді шешу әдісі ретінде. Синергетика танымдық үрдіс ретінде. Пәнаралылық және синергетиканың ұстанымдары. Синергетика және постнеклассикалық эпистемологиялық кеңістік. Өзін-өзі ұйымдастырудың философиялық мәнін түсінудің маңызы. Әлеуметтік ортадағы синергетикалық тұғырдың және зерттеу әдістемесінің мағынасы.
Тақырып 21. Гуманитарлық саладағы өзекті мәселелер: әдістемелік, антропологиялық, әлеуметтік-философиялық ракурс.
Жалпыфилософиялық дамудағы гуманитаристиканың негізгі мәселелері: герменевтикалық, лингвистикалық және т.б. әдістер. Эпистемологиядағы гуманитарлық фактордың мәні.
Тақырып 22. Заманауи философиядағы сана аясын зерттеудің өзекті мәселелері.
Сана философиясындағы натурализм және оның мәселелері. Сана философиясы және ғылым. Адам психикасындағы саналылықтың және бейсаналылықтың арақатынасы. Сана философиясы және постмодернизм. Жасанды интеллект тұжырымдамасы.
Тақырып 23. Қазіргі заманғы философиядағы тіл саласын зерттеудің өзекті мәселелері.
ХХ ғасырдағы әлеуметтік-гуманитарлық талдау персоналийлері: тіл саласын талдау; түсіну саласын талдау; интерпретация саласын талдау; мәтін саласын талдау; семиотика саласын талдау (постструктурализм, постмодернизм және басқа бағыттар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет