Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді


Білім беру бағдарламасының пререквизиттері



бет2/13
Дата08.11.2022
өлшемі47,15 Kb.
#48512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
APSP 5102 Қазіргі заман философиясының өзекті мәселелері (3кредит)
IFN 5201 Ғылым философиясы мен тарихы (2 кредит)
FO 5103 Білім философиясы (3 кредит)
4. Емтихан тақырыптарының тізімі


«Қазіргі заман философиясының өзекті мәселелері» пәні


Тақырып 1. Философиядағы өзекті мәселелер.
Әлеуметтік-философиялық саладағы сараптау: сұрақтарды қою ерекшеліктері. Антропологиялық, эпистемологиялық және әдістемелік салалардағы философиялық сараптаудың өзекті мәселелері.
Тақырып 2. Жаһандану жағдайындағы философияның дамуы
Қазрігі заманның өзекті мәселелерін зерттеу аясындағы жаһандық, өркениеттік және модернизациялық үрдістері. Қазіргі заман философиясының өзекті мәселелерін қоюдың «өркениеттік» және «жаһандық» аспектілері. Философияның өзекті мәселелері және техногендік өркениет пен мәдениет құндылықтары.
Тақырып 3. Қазіргі заманғы ғылым мен мәдениеттегі философия.
Философиядағы инновациялық тенденциялардың ерекшеліктері, негізгі перспективалары. Философиялық мәдениеттегі және философиялық білімдегі инновациялық реалдылық. Инновациялық үрдістердің, өзгерістердің, модельдердің типологиясы және әртүрлілігі және «философиялық моделдеу» қажеттілігі.
Тақырып 4. Қазіргі заманғы философияның өзекті мәселелері – мәдениет пен философиялық ойдың трансформациясының негізі.
Философиялық ойлаудың жаңа түрлері мен философияның қазіргі заманғы тілі туралы сұрақтың өзектендірілуі. Қазіргі заманғы философиядағы «Пәнаралық кеңістік» өзекті мәселе ретінде: философияның когнитология, нейрология, биология және тағы басқа пәндермен байланысы және арақатынасы.
Тақырып 5. Қазіргі философияның жүйелілік сипаты.
Қазіргі заманғы философияның «практикалық» сипаты. Қазіргі заманғы философияның компаративистикалық перспективалары мен модельдері. Мәдениет түрлерінің өзгеруі философиялық пайымдаудың өзгеруі ретінде, философиялық пайымдаудың өзгеруі мәдениет түрлерінің өзгеруі ретінде. Қазіргі заманғы философияның заманауи ғылымның пәнаралық мәртебесінің өзгеруіне ықпалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет