А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Әбдірахманова А.Е. C.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романы мен әңгімелеріндегі тілдік...
Б.Ақбердиева, Ш.Елемесова, Н.Аитова, Қ.Қаирбаева, Ф.Қожахметова,
Г.Имашева, Ж.Саткенова, З.Абдуллина, А.Байғұтова, Ж.Абдрахманованың
т.б. зерттеулерінде тіл арқылы сақталып, берілетін ұлттық, мәдени,
дүниетанымдық қордың концептілік жүйесі жан-жақты қарастырылған.
Соның нәтижесінде анықталған концептілер жиыны тұтас және құрылымдық
орта ретінде концепт аясын (концептосфераны) құрайды. В.П. Нерознактың
пікірінше, «Концептосфера языка, его лексикон объединяют в себе непросто
слова, а концепты культуры каждого народа, его мироведения» [13.108].
Жоғарыда аталған зерттеулерде әрбір концептілерді бірыңғай
топтастырғанда, осы концептілердің өзара байланысына тән, ерекше ұлттық
дүниеге көзқарасы мен бағасы, бағалау көзі анықталады.
С.Жүнісов шығармаларының негізгі концептілік жүйесін «кеңістік»,
«уақыт», «заман», «дала», «жалғыздық», «достық», «қасірет», «тартыс»
деп анықтауға болады. Бұлар автордың «танымдық бейнесін» сомдайтын
жеке мағыналардың жиынтығы. Аталған концептілер жазушы тіліндегі ғалам
бейнесін суреттеудегі константалар болып табылады. Себебі олар жазушы
шығармаларының өн бойында көрініс тапқан. Бұл концептілер басқа да
ақын-жазушылардың шығармашылық арқауын құрай алады. Солай десек те,
әрбір суреткер төл шеберлігінің нәтижесінде өзінің танымын, өзіндік
көркемдік әлемін көрсете алса керек. Мақала көлемінің көтермеуіне
байланысты аталған концептілердің кейбіреуінің ғана талдауын ұсынбақпыз.
Кеңістік пен уақыт категориялары біртұтас құбылыс ретінде
қабылданады, өйткені олар бір-бірін толықтырып, айқындап отыратын
ұғымдар. Олар мазмұны әр дәуірде өзгеріске ұшырап отыратын, адамзат
дамуының барлық сатысына тән ортақ құндылықтар. Міне, осы белгілері
олардың концептік сипатын аша түседі.
Сондай-ақ қазақ ұғымында уақыт өте жылдам ағып жатқан құбылыс
ретінде қабылданады: «Уақыт зымырап өтіп жатыр». Қазақ халқы
болашақты алдымызда, өткен артта қалады деп түсінеді. Бұл көшпенді өмір
салтындағы кеңістіктің алар басты орнымен түсіндіріледі. Көшпенділер
философиясында кеңістік уақыт бағытын айқындаған. Осыған орай ұлттық
пәлсапалық, психологиялық стереотипті ұғымдардан ұлт болмысы
қалыптасқаны байқалады. Қазақ халқының мінезіне тән байсалдылық осы
фактордың айғағы.
Ұлы Абай қазақ философиясына тән заманды адамға тәуелсіз, барлығын
өзіне бағындырар ерен құбылыс: «Әркімді заман сүйремек, Заманды қай жан
билемек?» деп қарастырады. Ұлттық дүниетанымыздағы заман концептісін
тереңірек ұғыну үшін зерттеуімізге нысана болып отырған көркем
шығармалардан мысал келтірейік:
«...Қарасай тас-түйін киініп, ағаш бауырында тар тұсамыспен ұзай
алмай жүрген атын ерттеп мінді де, Халелді іздеп шықты. Көңілінде еш
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Әбдірахманова А.Е. C.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романы мен әңгімелеріндегі тілдік...
140
қауіп жоқ, тоқ атты жай аяңдатып ойда келеді: «Апыр-ай, мына целина
келмей жатып бүкіл жапан-түзді ғана асты-үстіне аударып тастамай,
жалғыз үйдің де шаруашылығын шайқап, қопаңдатын аудара бастады-ау.
Ертең бұл маңдағы жыртылмаған бос жерге совхоз малы жайылса,
Қарасайдың көп жылқысы, сиыр, қойы көзге шыққан сүйелдей көрінеді-ау.
Ертеңгі күні Халел жылқышы болса да, осынша көп малды тоғытып
жіберу енді оңайға түспес... Қара жыртындыға тірелген ат жарға
киліккендей осқырып шегіншектей беріп еді, Қарасай аттан бетер
осқырып, бетіндегі қара қал жыбыр етті. Апырмай, мына ескі жерді де
қайта жыртып тастапты-ау. Бұл баяғы уақытта Сұлу мұрт пен Күргерей
егін еккен орын ғой. Балта аулы қайтып бұл жерге аттап баспап еді, меселі
қайтып, тауы шағылғаны қайда. О, заман-ай, заман!» [14.85].
Бұл үзіндіден уақыт пен заманның біртұтас ұғым ретінде
қабылданатынын байқауға болады. Заман сөзінің лексика-семантикалық
аясында белгілі бір ұрпаққа, оның іс-әрекетіне қатысты қолданылатын
«дәурен» сөзі «заман» концептісінің субституциясы бола алады. Келтірілген
үзіндіде «О, заман-ай, заман!» деген сөздер арқылы шығарма кейіпкері
Қарасай өткен уақытқа өкініш білдіреді.
«...Қазіргі заман ақша заманы. Кімнің қалтасы қалың, сол беделді, сол
өтімді. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дейді қазақ. Бұрынғылар
білмей айтпаған. Ендеше ақшаның көзін табатын жігіт базардан безбес
болар. Ағаң Жәлел тірі болғанда, қайда барам десең де ерікті өзіңе беретін
едім. Басың ауған жаққа тарта берер ең. Жас болса келіп қалды, осы қара
орман енді саған қалмағанда кімге қалады...Шаңыраққа ие болар шаққа
жеттің» [14.125]. «...Әйтеуір көп малды орнын тауып жұмсау қажет.
Одан арғысы тағы бірдеме бола жатар. Енді малдан гөрі басқа
шаруашылықтың көзін таппай болмайды. «Заманың түлкі болса...» [14.85].
Бұл үзіндіде «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» тіркестерін қолдану
арқылы жазушы уақыттың/заманның құбылмалылығы адамның ішкі рухани
дүниесінің өзгеруіне ықпал ететінін, сондықтан уақыт/заман ағымына сай
болу керек деген идеяны көрсетеді.
Көшпелі елдің барша тіршілік болмысы жер-ана, табиғатпен тамырлас,
олар табиғат құбылыстарының сырын терең танып табиғатпен етене жақын
болған сайын өмір сүру қолайлы екенін жақсы білген. Сондықтан да олар
табиғат тылсымын мал жайылымына қажетті тәжірибе үшін ғана біліп
қоймай, мұның өзін ұлттық рухани болмысын бейнелейтін атаулармен
белгілеп отырған.
Кеңістік концептісінің ішкі мазмұнын түсініп тану үшін «дала»,
«атамекен», «ата қоныс», «жұрт» ұғымдарын қазақтың кең даласы –
атамекені тіршіліктің символы – деп түсінуіміз керек.
Р.Сыздық «Сөз құдыреті» еңбегінде: «Дала сөзі қазақ поэзиясында, тіпті
прозасында да бұрын да, қазір де туған жердің, қасиетті Отанының
символы», – деп көрсетеді [15.190].
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Әбдірахманова А.Е. C.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романы мен әңгімелеріндегі тілдік...
141
Ұлттың ұлт болып қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі –
ұлттың рухани болмысының табиғатпен тікелей байланысы. Осы тұрғыда
қазақ халқы үшін Отанды, туған жерді, кеңістік пен еркіндікті бейнелейтін
сөзі – « дала». Себебі қазақтар үшін ерлік, қонақжайлық, сыйластық,
ұйымшылдық, кеңдік, мәрттік, т.б. ұғымдар ұлттық концептінің мәдени
категориясына жатады.
Дала – қазақ дүниетанымында көшпелі қазақ халқының алтын бесігі,
қазақты тәрбиелеген кең байтақ жазық өңір, мезгіл, кеңістік, өзгеріс,
қозғалыс. Сондықтан да болса керек қазақ халқының бойынан, қанынан
даладай дарқандықты, алаңсыз өмірді, кең дүниені байқау қиын емес.
Осы дәстүрді ұстанған Сәкен Жүнісов өз шығармасында үлкен шеберлік
танытқанын мына үзіндіден көреміз:
« Дикада мына тусырап жатқан дала қасиеті бар екен. Қазақтың кең
сахарасындай мінезі кең, жерін жыртып, кейін қазбасаң біле бермейтін,
бар алтынын ішке сақтайтын, ғажайып бай жердей, мақтаншақтығы жоқ
тұйық, самал желіндей, баяу тербелген көліндей жуас, бұлтсыз мөлдіреген
кіршіксіз аспанындай жүрегі таза, ақ көңіл. Қазақ даласын келіп көрмей,
сырттай еститіндер оның осы байлығын біле бермейді. Не орманы, тауы
жоқ бұл жер оларға ұшы-қиырсыз жатқан қу мекиен мидай дала боп
көрінеді. Дика да сол секілді бір қарағанда көзге түсе бермейтін, тек жүре-
жүре іштегі бар асыл қазынасы көрінетін қарапайым адам. Еңбекқор
адам...» [14.230]. Жазушы осы бірнеше сөйлемнің аясына қазақ даласының
кеңдігі, табиғатының байлығы адам мінезінің жақсы қасиеттерін
қалыптастыратынын сыйғыза отырып, қазақ халқының рухани болмысының
сол жердің табиғатымен тікелей байланыстылығын осындай айшықты
сөйлемдермен кестелейді. Ал, суреттеудегі кейіпкердің азан шақырып
қойған аты – Тұрсын. Жетімдіктің салдарынан жабайы күн кешіп,
көрінгеннің есігінде жалшылықта жүргендіктен Дика ( орыс тілінің «дикий»
сөзі ) атанып кеткен. Бұл да – шығармадағы заман шындығының көрінісі.
Жазушы С.Жүнісов роман атауының өзінде де қазақ халқының ұлттық
рухани болмысын бейнелейтін «жапан» сөзін қолданған. «Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігінде» «жапан» сөзіне мынадай түсініктеме беріледі: зат.
Елсіз кең дала [16.188]. Осы жапан сөзі дала, түз сөздерімен тіркесіп, жапан
түз, жапан дала тіркестері ретінде қолданады. Жапанда тұрған жалғыз
үйдің иесі Қарасайдың қайсар да қыңыр мінезінің салдарынан роман
соңында жалғыз қалып қатты күйзелгенін уақыт пен кеңістік тұрғысынан
жазушы былайша суреттейді:
«Төрінен көрі жуық Қарасай қатты күйзеліп тұр. Алпыс жыл жасаған
ғұмыры да бір, қадірсіз, құнсыз болған соңғы бір күні де бір. Есіл өмір. Зая
кеткен жасына қайғырып тұрып, терең күрсінді: «Елу жылда ел жаңа.
Елін тапқан ер жаңа. Бабын тапқан жер жаңа. Жалғыз үйдей жым-жылас,
жұрнақсыз қалған мен дара, ұрпақ та жоқ, дос та жоқ, адасқан
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Әбдірахманова А.Е. C.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романы мен әңгімелеріндегі тілдік...
142
қаздай мен ғана», – деп жетім көңіл торға түскен тотыдай бұлқынып,
жүрегін тырнап тұр...» [14.289].
Шығарманың өн бойында кездесіп отыратын үлкен жүк көтеріп тұрған
сөз – «жалғыз» сөзі:
Бұл – «Малжан ағашы» дейтін бір шоқ қайыңның баурындағы жалғыз
үй иесі – Қарасай. Жалғыз үй болсақ та, жолаушыға боранда пана,
ыстықта саямыз [14.6]. Бұл үй – осы жапан түзде қалқиған жалғыз қора
[14.11]. Жапандағы жалғыз үйдің бар қызығы да, қуанышы да осы
Ақбөпенің бойында екен-ау. Егер ол болмаса бұл үйде не қасиет, не
жақсылық қалмақшы [14.39]. «Сабалақ қопаның» бергі қырында атам
заманнан бері тұрған қартайған жалғыз қайың болатын. ....жапан түздегі
осы жалғыз ағаш қыз бетіндегі жалғыз меңдей жолаушыға нысана, белгі
болып тұра беретін [14.146]. Талай жылдан бері Малжан ағашының
бауырындағы жапан түзде түтін түтеткен жалғыз үй – атадан қалған
ескі көз, көне жұрт еді... Жапандағы жалғыз үйдің үйіндісі де жоқ. Жалғыз
үйдей дараланып жеке бастың қамымен өмір кешкен Қарасайдың өзі де
қазір толқын айдап шыққан салынды сияқты: не қызуы, не жылуы жоқ
бойында [14.289]. Райхан кей уақыттарда өз-өзінен жалғызсырап,
әлдененің орны толмай үңірейіп тұрғандай, көңілі омсырайып қалатын
кездері болатын... [14.286]. Жетімсіретпе. Менің орныма әке бол...
Райханым «жалғызым, жалғызым...» – деп қашан көз жұмғанша аузынан
тастамады [14.141]. Сонау шашырап жатқан қыстаулар сол ескі қоныс,
жеке ошақ, жалғыз шаңырақтың белгісі ғана [14.49]. Жалғыз үйдей жым-
жылас, жұрнақсыз қалған мен дара, ұрпақ та жоқ, дос та жоқ, адасқан
қаздай мен ғана», - деп жетім көңіл торға түскен тотыдай бұлқынып,
жүрегін тырнап тұр...» [14.289]. «Апыр-ай, мына целина келмей жатып
бүкіл жапан-түзді ғана асты-үстіне аударып тастамай, жалғыз үйдің де
шаруашылығын шайқап, қопаңдатын аудара бастады-ау» [14.85].
Міне, осылайша «жалғыз» сөзі қолданылған сөйлемдер тізбегін тізе
беруге болады. Ол сөздің тура мағыналарымен қатар екінші, астарлы
мағынасы да жоқ емес. Жазушы сөз мағынасын ойнатып, астарлы қолдана
білген. Қаламгер бұл сөзді жиі қайталау арқылы қазақ дүниетанымындағы
«бөлінгенді бөрі жейді» деген пайымдауын аңғартады. Осы «жалғыз» сөзі
шығарма мазмұнын кеңірек ашуда үлкен қызмет атқарып тұр.
Тіл арқылы сақталған ұлттық танымның көрінісін, көркемдік танымның
заңдылықтарын ұлттық болмысымен ерекшеленетін нақты тілдік деректерді
С.Жүнісов шығармалары тілінің негіздерін зерттеуден табамыз.
Ойымызды қорыта келе, тіл тек ойды білдірудің құралы немесе оның
тікелей құрылысы ғана емес, тіл – алдымен сол ойды әр ұлттың өзіндік
танымына ғана тән, мыңдаған жылдар бойына дарытқан дүниетанымдық
негізде құраушы құрал деген тұжырым жасаймыз. Адам санасындағы ғалам
бейнесі табиғаты жағынан әр алуан болып келетін концептердің көмегімен
көрініс тауып, олар сөз арқылы таңбаланып беріледі.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Әбдірахманова А.Е. C.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романы мен әңгімелеріндегі тілдік...
143
Ақыл-ойдың жемісі болып табылатын, ақиқат өмірдің бейнеленуін
қамтамасыз ететін ең жоғары таным-түсінік тек адамзатқа тән, ол сөйлеумен
тікелей байланысты форма. Адам таным-түсінігін тіл арқылы жеткізеді,
әлемнің идеалды және абстрактілі бейнесін қалыптастырады. Осындай тіл
табиғатындағы тілдік құбылыстарды жасауда Сәкен Жүнісовтің «Жапандағы
жалғыз үй» романы мен әңгімелерінің орны айрықша. Бұл көркем
туындыларында жазушы қазақ халқының бүтін болмысы, мәдениеті мен
қоршаған табиғатты, әлеуметтік жағдайын, ұлттық психологиясын көрсетуде
үлкен шеберлік танытқан.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Гумбольдт В.фон. Язык и философия культуры. -М.: Прогресс, 1985. -451 с.
2.
Ақбердиева Б. Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік танымдық құрылымдар. // Кандидаттық
диссертацияның қолжазбасы. -Алматы: 2000, 114 б.
3.
Ержанова Ұ. Тілдегі қазақтар дүниетанымы // Ұлт тағылымы. Ғылыми-педагогикалық басылым. №4.
2002. 161-163-бб.
4.
Караулов Ю.Н. Русский язык и языковая личность. -М.: Наука, 1987. 264 с.
5.
Уфимцева А.А. Роль человеческого фактора в языке: Язык и картина мира. -М.: Наука, 1988. 216 с.
6.
Кубрякова Е.С., Демьянков В.З. Краткий словарь когнитивных терминов. -М.: МГУ, 1996. 263 с.
7.
Телия В.Н. Русская фразеология: Семантический, прагматический и лингвокультурологический
аспекты. М.: Школа «Языки русской культуры», 1995. -315 с.
8.
Колшанский В.Г. Объективная КМ в познании и языке. -М.: 1990.
9.
Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. -Алматы: 1997, 272 б.
10.
Маслова В.А. Лингвокультурология. Издат.центр «Академия». -М.: 2007. – 208 с.
11.
Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті (салыстырмалы-салғастырмалы
лингвомәдени сараптама). Филология ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация. -Алматы: 2004.
12.
Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшеліктері. Фил.
ғыл. канд. дисс. -Алматы: 2006. 125 б.
13.
Нерознак В.П. Национальное самосознание: концепт и структура // Этнические и национальное
самосознание: тезисы конференции. -М.: 1995.
14.
Жүнісов С. Жапандағы жалғыз үй. Роман. -Алматы: Атамұра, 2005. 304 бет.
15.
Сыздық Р. Сөз құдыреті. -Алматы: Санат, 1997. 224 б.
16.
Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. -Алматы: «Мектеп», 2008. 680 бет.
144
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
А.СӘДІБЕКОВ
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы
ҚОҒАМДЫҚ ТЕЛЕАРНА – ЗАМАН ТАЛАБЫ
В статье рассматривается необходимость открытия в Казахстане «общественнего телеканала».
The article deals with the problem of the necessity of opening of “a social TV channel” in Kazakhstan.
Қазіргі таңда әлемдік өркениет қарыштап дамып, жетіліп келеді. ХХІ
ғасырды ғалымдар білім, ғылым ғасыры деп атағандай-ақ зор тарихи
жаңалықтар ашылуда. Бұл әр сала бойынша өзіндік жемісін беріп жатыр.
Осы ретте қоғам көшін бастап жүрер бұқаралық ақпарат құралдарында да
техникалық, теориялық және практикалық даму үрдісі байқалады.
Бүгінде телевизия саласы үлкен даму даңғылында келеді. Техникалық
жағдайы орасан шарықтау кезеңінде тұр. Телевизияда жаңа терминдермен
қатар жаңа жанрлар, жаңа сипаттағы телеарналар да пайда болуда.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері қоғамдық телеарна құру
жөніндегі мәселе БАҚ беттерінде оқтын-оқтын көтеріліп, қоғамдық пікірге
айналып жүр.
Аталмыш
телеарнаның
артықшылықтары
мен
ерекшеліктеріне
тоқталсақ. Қоғамдық телеарна қоғамның мүддесіне жұмыс істеп, тек соның
ғана бақылауында болады. Оның басты мақсаты – халықтың мүддесін қорғап
қоғамның кеселін ашып көрсете білуінде.
Ол жарты ғасыр бұрын пайда болып, бірқатар елдерде халықтың беделі
мен сеніміне ие болып отырғанымен, оның барлық мемлекеттерге ортақ
үлгісі жоқ. Қоғамдық телехабарлар аса зор әлеуметтік-саяси маңызға ие.
Десек те, ТМД елдерінің арасынан алғашқы болып 2010 жылы Еуропалық
қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететін елімізде бір қоғамдық
телеарнаның болмауы демократиялылығымызға сын. Бізге қоғамдық
телеарна құратын уақыт жеткелі қашан. Еліміздің қазіргі кезде қоғамдық
телеарна ашуға әбден мүмкіндігі бар. Бірақ қолға алынбай отыр. Мәселен:
«Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілі Миклош
Харацидің айтуынша, Орталық Азияның өзге елдеріне қарағанда
Қазақстанда қоғамдық телевизияның қарқынды дамуына қолайлы жағдай
бар» [1] екендігін айтқан. Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық, саяси
жағынан болсын жылдан-жылға қарыштап дамуы ақпараттық кеңістіктің де
өсуіне
ықпал
етуде.
Билік
басындағыларды
қоғаммен
тікелей
байланыстыратын бірден-бір көпір – қоғамдық телеарна.
Өзіміздің қоғамдық телеарнамыздың жобасын жасау үшін әлем
елдеріндегі телеарналардың құрылу және жұмыс істеу тәжірибесіне көз
жүгіртсек.
Қазіргі таңда әлемде қоғамдық телеарнаның 50-ге тарта түрі бар.
Олардың модельдерінің соншалықты көп болуы әрбір елдің өзіне тән
ұлттық, саяси, тіпті әлеуметтік жағдайына да тікелей байланысты.
145
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Сәдібеков А. Қоғамдық телеарна – заман талабы
Қоғамдық телехабар тарату өзінің бастауын Ұлыбританиядан алады. Оны
1920 жылы Лорд Джон Рейт «Би-Би-Си» (ВВС) қоғамдық корпорациясының
негізін қалап, оның негізгі концепциясын бекіткен болатын. Концепция үш
міндетке негізделген – ақпараттандыру, хабарландыру және көңіл көтеру.
Дәл осы қоғамдық телеарна Еуропаның өзге де елдеріне үлгі болып,
қоғамдық
телеарнаның
классикалық
моделіне
айналды.
«ВВС»
телеарнасының қаржыландыру көзі – «лицензиялық төлемақы жинауға»,
яғни, «теледидарға салық» немесе абоненттік төлемақы болып табылады.
Ұлыбританияның әрбір тұрғыны жыл сайын абоненттік төлемақы төлеп
тұрады. Телеарнаға мемлекет бюджетінен де қаржы қарастырылған. Одан
басқа әлемдік тәжірибеде 100 пайыз қоғам қаржысына жұмыс істеп келе
жатқан Азия құрлығының Жапония мемлекетіндегі «Эн-Эйч-Кей» қоғамдық
телерадиокорпорациясын айтуға болады. Бұл телеарна қарапайым
жапондықтардың «қалтасына» жұмыс істейді. Елдің әлеуметтік жағдайы
халықтың қоғамдық телеарнаны баптап, қарауына мүмкіндік береді. Еуропа
елдерінде мемлекеттік немесе жекеменшік болсын БАҚ-тың бәрі қоғамға
қызмет етеді. Осыдан-ақ олардың сөз бостандығы мен ой еркіндігіне
қаншалықты мән беретіндіктерін аңғаруға болады. Еуропадағы қоғамдық
телеарналардың ұлттық сипатына келер болсақ, оларды бірнеше түрге бөлуге
болады. Қоғамдық-құқықтық (Германия, Польша), қоғамдық-мемлекеттік
(Франция, Дания), «колонналар жүйесі» (Нидерланды), «солтүстік бағытта»
яғни, коммерциялық. Жеке дара болып тұрған АҚШ пен Австралия елдері
өздерінің ерекшеліктеріне сай қоғамдық телеарна қалыптастырған.
Бүгінгі таңда биліктің емес, қоғамның мүдде-мақсаттарына негізделген
қоғамдық телеарна әлемнің 39 елінде жұмыс істейді. Бұрынғы Кеңес
Одағының құрамында болған мемлекеттерде де қоғамдық телеарна құру
қызу талқылануда. Қазіргі кезде Украина, Молдава, Ресей Федерациясында
қоғамдық телехабар тарату туралы заң қабылдану үшін талқылануда. Ресей
Федерациясы демократияның даңғыл жолына түскен дамушы елдердің бірі.
Алайда, олар қоғамдық телеарна ашуға құлықсыздық танытып отыр.
Ресейлік ғалымдардың бірі Лондон Яков «қоғамдық телевизия – біздің
ертеңіміз емес, бұл өткен күннің ісі» деген пікір білдіреді. Оның ойынша,
Ресейде қоғамдық телеарна ашқаннан гөрі, техникалық базасы мықты жеке
меншік арналар ашқан әлдеқайда тиімді. Бұл іс қоғамдық телевизия туралы
заң шығару, оның басшыларын тағайындау, қаржыландыру жүйесін реттеу
сияқты қыруар жұмыстардың алдын алатын көрінеді. Ал, бауырлас әрі
көршілес Қырғызстанда «Эль» қоғамдық телеарнасы мемлекет бюджетінен
бөлінген қаржыға жұмыс істеуде. «Жабық қоғам» болып саналатын
Өзбекстан журналистері де қоғамдық телеарна құру керектігін айтып дабыл
қағуда. Сол сияқты Әзірбайжан мен Арменияда қоғамдық телеарна бар. Осы
елдердегі арналардың аты болмаса, затының қаншалықты «қоғамдық» екенін
телевизия саласының сарапшылары талай рет сын тезіне алғаны
Достарыңызбен бөлісу: |