А.СӘДІБЕКОВ
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы
БЕЙСЕМБАЙ КЕНЖЕБАЕВТЫҢ САТИРАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ
В статье дается анализ опубликованных в периодических изданиях сатирических трудов
Б.Кенжебаева.
The author of the article analyses Kenzhebayev’s satirical works published in periodicals.
Бейсембай Кенжебаев шығармаларының бір шоғыры ретінде сатиралық
мақалаларын қарастыруды жөн көрдік. Журналистің осы жанрда қалам
тартқан тақырыптары да әр алуан болып келеді. Сол кезеңде қоғамдағы
кемшіліктерді кекесін, келемеж, мазақтама түрінде жазуда мақсатына жете
де алған.
Жалпы сатира дегеніміз не, оның талай жылдардан бергі ғалымдар
зерттеп, айтып кеткен ой-пікірлері не дейді? Осы сауалдарға жауап іздеп,
сатираның теориялық негізіне қанығу үшін алдыменен бірқатар
ғалымдардың ғылыми пікірлеріне тоқталғымыз келеді.
Орыс теоретигі В.В.Ворошилов «Журналистика» атты оқулық еңбегінде
сатираға мынадай пікір жазады: "…юмор – это безобиное, беззлобное
выставление людских недостатков и слабостей, сатира – гневное и резкое
высмеивание. И разница однако не столько в силе, сколько в объекте
насмешки, в принципиальной авторской позици по отношению к объекту –
положительной или, наоборот, отрицательной. Юмор и сатира – это
комическое, применяемое в различных целях. Сатира есть использование
комического для критики общественно вредных явлений. Во всех других
случаях использование комического будет юмором. Давно замечено: ничто
так не обезоруживает порок, как сознание того, что он угадан и по его
поводу уже слышен смех" [1.225].
Қазақ ғалымдары ішінде сатиралық жанрларды терең зерттеп көптеп
еңбек сіңірген үлкен ғалым, профессор Темірбек Қожакеев өз ғұмырында
сатира тұрғысында түйдек-түйдек еңбек жазған. Сол еңбектерінің бірінде
былай дейді: "Сатиралық жанрлардың бәрі – юморлық сезім мен
тапқырлықтың жемісі. Олардың әрқайсысы-ақ уытты да өткір, әсерлі де
көркем етіліп жазылады. Бұл орайда олар бірдей тілдік, стильдік
құралдарды, ұқсас әдіс-тәсілдерді қолданады. Мысалы, көркем-әдеби және
публицистикалық элементтер, ұғым мен образ фельетонда да, памфлетте де
пайдаланылады. Мұндайда сатиралық жанрлар бір-бірінен сынап-мінеп
әшкерелеудің деңгейі мен келемеждеудің құрал-әдістерін пайдалану
шегімен, ерекшелігімен ажыратылады" [2.8].
Демек, сатира арқылы қоғамдағы кемшіліктерді сын, келемеж, сықақ
арқылы түзеу керек. Қазақтың аталы сөзінде айтылғандай "сын түзелмей, мін
түзелмейді" дегенге саяды.
Журналист Бейсембай Кенжебаев шығармалары тек қоғамдық ой-пікір
туғызуға не ғылыми тұжырымға арналған. Сондай еңбектері мен
шығармаларының бір көрінісі ретінде де дәл осы күндегі күрмеуі қиын, жең
117
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Сәдібеков А. Бейсембай Кенжебаевтың сатиралық еңбектері
ұшынан жалғасқан сыбайластық, қоғамды жаулаған парақорлық сықылды
дауасы жоқ, ем қонбайтын, шешімі табылмай жүрген мәселелер сары қағаз
бетінде сайрап жатыр.
"Ара" сатиралық журналында жарық көрген "Орынбала оқуға түсті" [3]
тақырыбынан байқалғандай, жоғары оқу орындарындағы парақорлық,
сыбайластық қоса сыналады. Ащы сынға ұшыраған, яғни сарказмге
құрылған туынды тақырыбы сол күндерде оқшау тақырып болған, бүгінде
де сол бетінен тая қойған жоқ.
Фельетоншы басшы Өткірбай образы арқылы намысқа тырысып,
қаншама шығынға батып, білімсіз қызын оқуға түсіретіндерді көрсетеді.
Бірақ қорытынды ойын білімсіз баланың оқи алмастан студент қатарынан
шығып қалу қауіпін білдіреді. Мұндағы автордың айтқысы келген негізгі
түйіні қанша ақшаң болғанымен білімсіздің күні қараң екендігі болып отыр.
Мәселен мына сөйлемнен аллегорияны байқауға болады: "Ал, біздің баланы
сүйреу керек боп тұр. Шылбырдан тартатын біреуді таппасам болатын емес"
[3]. Автор шеберлігін сатиралық құбылыстарды нақты пайдалана білуінен
байқайсың.
Өткірбайдың шаруа көршісі Жанболдың алтын медальмен бітірген
баласының оқуға түсе алмай елге қайтуы оқырманды тағы ойлантады. Бұл
жерде әділетсіздіктің тағы бір құрбанын Болат образымен беруге тырысады.
Келесі "Байкенже мен Темірбек" деп қол қойған "Ара" журналындағы
"Десеңші…", "Көрелік…" фельетоны мемлекет мүлкінің сыбайластықпен
талан-таражға түскені сыналады. Бұл дәл бүгінгі күннің қайнап тұрған
тақырыбы. Бірнеше жолдардан тұратын диалогқа құрылған бұл еңбектің
мәнін бұзбас үшін толық күйінде беруді жөн көрдік.
Кейіпкерлердің өзін сөйлетейік:
"Мақтабек кабинетіне келіп, стол басына отыра бергені сол еді, телефон
шыр ете қалды.
-
Алло, тыңдап тұрмын.
-
Мен Мәлімбекпін ғой. Сәлеметсіз бе!
-
Шүкір… шүкір… Алла деп. Жайшылық па?
-
Аздаған бұйымтай боп тұр.
-
Айта беріңіз!
-
Шет жағасын өзіңіз де білесіз, біздің Жарғанат Зооветті итшілеп жүріп
бітірді ғой, әйтеуір. Осы қала іргесіндегі совхоздардың біріне бас зоотехник
боп орналасса деп едік. Соны анау министрлікте отырған нағашыңа бірдеңе
десеңші. Ет жеп, май асап тұрсақ жаман болмас… Хе-хе-хи!
-
Ондай бос орын бар ма екен?
-
Бар екен. Нағашы үшкірсе, сол ем болғалы тұр. "Адам күні адаммен"
ғой бүгінде. Ұмытпасбыз.
-
Жарайды. Көрелік…
118
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Сәдібеков А. Бейсембай Кенжебаевтың сатиралық еңбектері
Міне "десеңші…", "көрелік…" деген осы. Енді Мәлібектің маубасы бас
зоотехник болды дей беріңіз. Өйткені сіз ол орынға көреліксіз бара
алмайсыз" [4].
Бұл сюжет арқылы Б.Кенжебаев қызметке орналасудың да тек
таныстықпен шешіліп жататынын көрсетіп отыр. Сауатсыз басшы шолақ
ойлайтындығын, кемтар шешім қабылдайтындығын бүгін болмаса келешекте
белгілі бір дәрежеде залалын тигізетіндігін осы кейіпкерлер бейнесі мен
оқырманына ұсынған.
Мұнан ары қарай келесі көрініс:
"- Ассалаумағалейкум!
-
Уағалейкүмассалам!
-
Жол болсын?
-
Әлей болсын. Дача деген бір "дертке" қалдық емес пе? Жер алдық…
Үй жоқ. Соған тақтай, шеге-шақпыт іздеп, шарқ ұрып шаршап келемін.
-
Босқа арам тер боласыз, Көшеке. Ең алдымен, табудың тәсілін білу
керек қой.
-
Тәсілі қайсы?
-
Тәсілі - "блат". Тамыр-таныстық.
-
Ойбай-ау. Ондайым болса мен…
-
Түу, Көшеке-ай, қалайша күн көріп келгенсіз, бұл уақытқа дейін.
-
Етің тірі еді… өзің бірдеңе жасамасаң…
-
Олай болса, осындағы не қилы құрылыс материалдарын біздің құданың
құдасы басқарып отыр. Былқ етпе.
-
Ой бәрекелді, Есеке! Соныңа бірдеңе десеңші… өлгенде ұмытпайын!
-
Көрелік…" [4].
Осы бір өмірдің өзінен алынған мысалға зерделі көзбен қарайтын болсақ,
"табудың тәсілін білу керек қой" деген сөйлемдегі "тәсіл" инверсияға
құрылып отыр. Бұл сөздің астары нені меңзегенін қараңыз, тамыр-таныстық,
ал "көрелік…" ол мә маған, мә саған дейтұғын параның нақ өзі. Осы бір
жерін жазбагер қалай әдемі, түсінікті түрде жеткізіп отырғандығына тәнті
боларыңыз анық. Ал мына тұста шынайы өмірдегі жең-ұшынан жалғасып
жатқан сыбайластықтың шынайы суретін көзге елестете аласыз: " - Түу,
Көшеке-ай, қалайша күн көріп келгенсіз, бұл уақытқа дейін". Демек танысың
болмаса күнің қараң дегенді айтып отыр, яғни бұл психологияның қоғамды
әбден дендеп алғанын көрсетеді. Материалда метонимия мен инверсияның
көрінісі бар. Осы әдістерді дұрыс қолдана білген.
Автор материалды аяқтай келе бұл келеңсіздікті мынадай оймен
түйіндейді: "Жасыралық па, бұлар, әрі-беріден соң, кейде біздің қоғамдық
традициямызға, ережеге кесе көлденең кеселін тигізуде. Ендеше, бұған бір
минутта төзуге болар ма! Демек, тым асқынып кетпей тұрып, "Десеңшіні"
ауыздықтап, "Көреліктің" көмейін құрым киізбен тығындау қажет екені хақ
емес пе?!
119
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Сәдібеков А. Бейсембай Кенжебаевтың сатиралық еңбектері
Олай болса, біз де өзіміздің дерімізді деп болдық, тек… көрелік дей
көріңіздер, жарандар!" [4]. Яғни бұл дертке бірге қарсы тұруға шақырады.
Б.Кенжебаевтың кез-келген фельетоны қоғамның жанды, жаралы
тұстарын көрсетуге тырысады. "Бәрі де түсінікті" тақырыбына құрылған
диалогты қарасаңыз, үлкен ойды берері сөзсіз. Әрине мұны көзбен емес
көңілмен оқу, оны жүрекке тоқи білу керек. Бұл қысқа ғана материалды
жұлмаламай бүтіндей ұсынуды жөн деп шештік. Өйткені бөліп алуға тіптен
де болмайды, мағынасы, мән-мазмұны бұзылады:
"- Бұл кім?
-
Апа, мен ғой, Роза. Алматыдан сөйлеп тұрмын.
-
Қарашығым, қалай: денсаулығың, оқуың жақсы ма?
-
Жақсы, өздерің қалайсыңдар?
-
Шүкір, аманбыз.
-
Апа, мен сені алпыс жасқа толуыңмен поздравить етем.
-
Базарға кетем дейсің бе? Е, бара ғой, қарағым.
-
Жоқ, құттықтаймын.
-
Қытықтай бер, жаным. Алдымен өзің келсейші ауылға.
-
Апа, мен саған музыкалық сәлем жолдадым…
-
Ол не?
-
"Танцовать" деген ән.
-
Оны не істеймін?
-
Радиодан естисің. Билейсің!
-
Не дейді тағы да!
-
Жарайды, сау бол, пока!
-
Папа деймісің? Ол кешке келеді" [5].
Бұдан ұғатынымыз қайсы талдап, екшеп көрелік. Қалай болғанда да
автордың айтпақ ойы бар мұнда. Қалаға білім қуып кеткен немересі мен
түсінісе алмай ауылда жүрген әжесінің әңгімесі. Иә ауылдың періште ұлдары
мен қыздарының қалаға оқу іздеп барып, біршама күннен соң орысша
шүлдірлеп шыға келетіні сынға алынады. Автор, ирония мен сарказмды
дұрыс бере білген. Шығарма әзілмен болса да оқырманға ой салады, «өзге
тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей, тіл мәселесі мен қазақи
намыстың, менталитеттің, салт-дәстүрдің бұзылмауын көздейді.
Әрине, ол кезде қазақ мектептері мен балабақшалары, кітапханалар мен
мәдениет ошақтарының барлығы дерлік орысшаланып жатқан тұс болатын.
Әрбір қазақ зиялыларының көкейінде бір-ақ мәселе болды. Қазақ ұлтын ұлт
күйінде сақтап қалу. Міне, Бейсекең өзінің ғұмырында Кеңес дәуірінің
қарыштап күшіне мінген шағында ұлт мәселесін ойлауды, сол үшін күресті.
Ол үшін "таяқ" жеді.
"Ара" журналының кезекті санында жарық көрген "…Бір түрі" [6]
аталатын сықақ әңгімесі ескінің адамы мен қазіргі қоғам адамының әңгімесін
бере отырып, қоғамның тағы бір мәселесін сөз етеді. Мұндағы
120
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Сәдібеков А. Бейсембай Кенжебаевтың сатиралық еңбектері
көтерілген жайт жас отбасыларының дәм-тұзы жараспай, тез ажырасып
жататындығы.
Бейсембай Кенжебайұлының бұл шығармалары ұлт тағдырына арнаған
еңбектерінің оннан бірі ғана деп ойлаймыз. Біз бұл мақалаларды өз шама-
шарқымызша талдап өттік. Өзім түйген бір ғана ойым: Б.Кенжебаев нағыз
қазақ қоғамында өткен қайталанбас тұлға және журналист редактор.
Бейсембай Кенжебайұлы сатиралық шығармаларын да оқтын-оқтын
кітап етіп бастырып отырды. Сөзімізді нақтылай түссек «...Бейсекең халық
әзіл-қалжыңын теріп жинауды қашан көзі жұмылғанша жалғастырды. Олары
«Тымпыйдан» (1945) соң «Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелері» (1963),
«Көңілашар» (1971), «Тымпи» (2004)-деген атпен әр кез-әр кез кітап болып
жарық көргенін көпшілік білсе керек» [7.5] – деп жазды көрнекті әдебиет
сыншысы, профессор Құлбек Ергөбек.
Осылайша журналистік парызын терең сезінген ол шын мәнінде халық
жанашыры бола білді. Рас, сол кездегі идеологияға сәйкес жазылған ұран
іспетті сөз, сөйлемдер кездесіп қалатыны жасырын емес. Кейбір насихаттық
мақалаларынан кеңестік дәуірдің лебі, үні еседі. Сөйтсе де қоғамдық пікір
қалыптастырушысы, халықтың жоғын жоқтаушы журналист ретінде
Бейсембай Кенжебайұлы қазақ журналистикасы тарихынан өзіндік орын
алуға тиіс.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Ворошилов В. Журналистика. -М.: 2001. 500 ст.
2.
Қожекеев Т. Сатиралық жанрлар. -Алматы: 1983. 213 б.
3.
Кенжебаев Б. Орынбала оқуға түсті // Ара. 1967. №6 (157), июнь. 3-бет.
4.
Кенжебаев Б. «Десеңші...», «Көрелік...» // Ара. 1970. №11 (178). ноябрь. 7-бет.
5.
Кенжебаев Б. Бәрі де түсінікті // Ара. 1969. №4 (159), апрель. 8-бет.
6.
Кенжебаев Б. ...Бір түрі // Ара. 1970. №8 (175), август. 9-бет.
7.
Кенжебаев Б. (Құрастырғандар: профессор Қ.С.Ергөбек, А.К.Сәдібеков) Тымпи. – Түркістан. – 2004
ж. 229 б.
121
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
M.Z. ZHANIBEKOV
teacher of English MA of A.Yasawi IKTU
THE IMPORTANCE OF TEACHING READING
Бұл ғылыми мақалада ағылшын тілін оқытуды үйретудің кейбір пайдалы жолдары
қарастырылады.
В данной научной статье рассматриваются некоторые эффективные пути обучение
английскому языку.
Reading is important skill which must be taught with integration of other
skills. Reading is receptive skill too and plays an important role in the learning
process. According to E.S. Pang (et.al) reading is understanding about reading
written text. It is a complex activity that involves both perception and thought.
Reading consists of two related processes word recognition and comprehension.
Word recognition refers to the process of perceiving how written symbols
correspond to one’s spoken language. Comprehension is the process of making
sense of words, sentences and connected text. Readers typically make use of
background knowledge, vocabulary, grammatical knowledge, experience with the
text and other strategies to help understand written text.
[1]
There are five components of reading strategies. They are the phoneme,
fluency, vocabulary, prior knowledge and comprehension. Phonological and
phonemic awareness are closely associated with reading ability. When the learners
are taught how to pronounce the sound units or phonemes and spelling, it helps
them to read correctly and quickly. It is very effective to teach reading rules at the
beginning level. We also believe that the learners are able to differentiate the
sound system and it helps them read accurately.
The second component of reading is fluency. Fluency is important because it
is closely related to comprehension. Fluency in reading means being able to read
text accurately, quickly and with expression. The other component is vocabulary.
Vocabulary is crucial to reading comprehension [1].
If the learners do not know words they may not understand the text. The
essential component of reading is prior knowledge. The learners use prior
knowledge to understand the text. Their background knowledge aids
comprehension. Comprehension is an active process in the construction of
meaning. The learners recognize words and with the help of their background
knowledge they will be able to comprehend the text. Further discussion can be
held on. To make reading effective teachers should use varieties of activities. We
suggest some reading activities because textbook activities are boring and
mechanical. One of the examples of mechanical activities is reading the text and
answering the comprehension questions [2]. It seems to have problems as having
lack of motivation and inadequate preparation. The students answer WH questions
(who, where, what, why. When. These types of questions check only overall
understanding of the text. In addition, they do not require them think critically.
Reading comprehension in the classroom is often presented as though it was
testing rather than teaching activity. That is, the teacher simply instructs the
122
Beginning
I think the beginning of the book is quite interesting/ordinary because
I liked
Main body
.
Conclusion
.
It is unbelievable that
.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Zhanibekov M.Z.
The Importance Of Teaching Reading
students to read the passage and answer the questions that follow it. It is almost the
same activities are repeated. That is why we should present texts in different ways.
In this article we offer useful techniques of working on a text. One of them is story
telling technique. M.Rinvolucri uses types of storytelling techniques and he looks
at that the power of storytelling technique lies in the fact that the teacher is in
direct communication with the class, she is not dealing with ‘’ third person’’ text,
by telling a story she makes her own [3]. For example, Little Red Riding Hood,
The fisherman and His Wife, The Poor Shoemaker and others. The second
technique we suggest is completing stories. We can give part of the stories and ask
questions to complete it. This activity may be done in groups of three or four
depending on the size of your group. Words can be deleted from the text and the
students in groups fill the gaps with the given words. The third technique is
reading stories individually. The students can choose stories and evaluate their
reading. It is very useful and the students will enjoy evaluating their story. It is
suggested by teacher of English L.G. Cetin.
Using the following table [4] the students learn to summarize and analyze the
story. In conclusion reading is crucial and different types of activities besides
textbook materials can be used to motivate the learners in the learning process.
READER EVALUATION – CHECK LIST (WHILE READING)
123
What I have learned from this text is that
And the most interesting thing I have learnt is that
.
At first sight what the title told me was that the book
After I read it I understood that
.
What I found really interesting / boring / silly / clever / etc. about the
text is that
.
What I didn’t understand / like / enjoy / etc. about the book is that
.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Zhanibekov M.Z.
The Importance Of Teaching Reading
Достарыңызбен бөлісу: |