Бала кейіпкер кішірейген сайын жан сезімін, нәзік ой-түйсігін, айнала
дүниені қабылдау сырын суреткерлікпен шынайы жеткізу де қиындай
түспек. М.Қабанбаевтың «Қала және қыз бала», «Бақбақ басы толған күн»,
«Пысық болдым мінеки» повестерінің басты жетістігін бала кейіпкер жанын
аша білгендігінен табамыз. Марат повестерінде шығармаға кейіпкер таңдау,
оны ойлы, мұңды бейнелеуі арқылы өмір шындығын көрсете отырып,
шығарма оқиғасына моральдық мәселелерді қамтиды.
М.Қабанбаевтың «Бақбақ басы толған күн» повесінде қазақ прозасында
ұмытылыңқырап
бара
жатқан
әңгімешілдікті
тапқандай
болдық.
Жасөспірімдердің жазғы демалысы қазақ балалар әдебиеті үшін дәстүрлі
тақырып. Еркін жазғы демалыста әкесі Сауытпекпен еріп шөп шабуға
барады. Бір қарағанда қазақ әдебиетінде бар ситуацияны автор екі сәтте
жаңалаған. Бір кейіпкер сөзіне екі міндет жүктеу – қалай айтқанда да
шеберлік. Мараттың бала кейіпкері былай толғанады:
«– Мынау тұра ма, ей, жоқ па?
– Заманбек, енді екі айтқызба.
...Сезіп жатырмын: көкем салидол аңқыған қайырма қонышты етігін
салмақтай сәнмен басып үйден шықты. Екі айтқызбайтынымды онсыз да
біледі. Атып тұрып шалбарымды апыл-ғұпыл киетінімді, сөйтіп сақадай сай
шөпке әзір болатыныма дейін сезіп барады» [1.52].
Бұдан әрі қарай Еркін күн ұзаққа шыжыған ыстықтың астында белі
қайысып шөмеле салады. Қынжылып тұрып әнеукүні ауданнан келген
көзілдірікті апайдың айтқанын есіне алады: «Жазғы демалыста
ұйқыларыңды жақсылап қандырыңдар, тірсектеріңді майыстырып ауыр
жұмыс істемеңдер. Балық аулау, суға сүңгіп рақаттана шомылу денсаулыққа
пайдалы». Ал, балық аулап, суға шомыл. Суға сүңгуді өзіміз де жақсы
көреміз. Бұлқынта қармаққа алтын бауыр сазан ілу де жанның рақаты».
Осыны көкеме түсіндіріп айтса деп бала көңілімен армандайды.
«Кәне, кеттік! – Көкем салидолмен шылқытып сылап тастаған ұзын
бишікті қабырғадағы шегеден алды. Маған бұрылып та қараған жоқ. Басқа,
менің артымда көрінбей тұрған бөтен біреуге сөйлеген сияқты. Немесе
қабырғаға. Және бір бұл емес, ылғи да солай. Жуықта пионер газетіне
«Мектебім» деген өлеңім жарияланғанда, бетіме ежірейіп қарап отырып:
«Өй, ит» – деген. Басымнан да сипамады. Көкем сондай адам: тентектік
жасасам, бишікпен тартып жіберуден тайынбайды. Өлеңім шықса мәнерлеп
тұрып ит дейді» [1.54].
132
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Адырбекова Э. М.Қабанбаев повестеріндегі дәстүр мен жаңашылдық
Осы үзіндіден, біріншіден, бала жаны, бала ойы өрнектелсе, екіншіден,
баланың аңғал айтылған әңгімесінен үлкендер қаракеті көрініс тауып
жатады. Бұл жоғарыда айтқанымыздай бір диологпен екі міндетті қатар
атқару.
М.Қабанбаевтың «Бақбақ басы толған күн», «Пысық болдым мінеки»
шығармасы ауыл өмірінен жазылған. Бірақ бұл алдыңғы бірнеше буын
қаламгерлер жазып өткен ауыл емес, жаңарған, өзгерген, кейде ескі мен жаңа
сабақтаспай, әрі-сәрі күй кешкен бүгінгі ауыл көрінісі. Шығарма
кейіпкерлері – ауыл балалары. Дегенмен олар әдебиетте бұрын бейнеленген
бала кейіпкерлерден бөлек. Ата дәстүрін сақтаған, немесе урбанизацияға
ұшыраған жаңа ұрпақтың ұнамды, ұнамсыз сипатын бойына жинақтаған
балалар. Ұлттық ұрпақтың жаңа буыны. Уақытқа сай ауыл көркі өзгерген,
уақытқа сай ауыл адамдары өзгерген. Ойы түлеген, табиғаты күрделене
түскен жаңа бала-кейіпкерлер суреттеледі бұл шығармаларда. Ең басты
айырма осында жатса керек.
Марат Қабанбаевтың «Пысық болдым мінеки», «Бақбақ басы толған
күн» повестері қазақ әдебиеті дәстүрінде туған. Кейбір ұқсас сипаттар,
көзтаныс ауыл суреттерінің автор шығармасында көрініп қалу себептері де
осыдан. Ұлттық әдебиет дәстүрінде туған дегенімізбен, бұл шығармаларда
оқушысын адамзат тағдырына жетелей жөнелетін үлкен әлеуметтік ойлар
саябыр. Ұлт әдебиеті дәстүріне адалдық жақсы-ақ, ал оны жаңарту
жаңғырту, тереңдете дамыту игі іс.
Марат Қабанбаевтың «Қала және қыз бала» повесінің жай-күйі
жоғарыдағы туындыларынан бөлектеу. Шығармада қала баласының тірілігін,
психологиясын бейнелеу талабы бар.
Біртекті мұңдылау көңіл-күйіне құрылған «Қала және қыз бала»
повесінің кейіпкері – Айгүл он бес жаста. Бала кейіпкер кішірейген сайын,
оның көңіл түкпіріне үңілу де қиындайды. Жазушыларымыздың көбіне
кейіпкерін жалпы мектеп оқушысы етіп алуының сыры да осындай
қиындықтан туындаса керек.
«Өткен жылы әке-шешем облыс орталығына көшіп, пәтер алды. Биыл
осында ауысып келдік. Мына балаларға әлі үйренген жоқпын. Ермек іздесем
автобусқа отырып қыдырамын. Пәтер күн асқан сайын көңілсіз тартып
барады. Бала жастан көзқанықты жиһаз, үйреншікті аквариум, сабақ
қарайтын ескі парта. Сөрелерде қаз-қатар тұрған жылтыр тысты қалың-
қалың кітаптар, баяғыда оқылып біткен кітаптар.
Ал ауылда әлем кең дүние еді. Аспан биік болатын. Ертегідей екі бөлмелі
томашадай ғана үйіміз болды. Жаз туа айналдыра гүл егіп тастайтынбыз.
Тоқал қоңыр сиырымыз жыл ара қысыр қалатын. Сүті мол еді. Күн ыси
бастаса тауға шығып, бүлдірген, жуа, көкбояу, қызылқат, тошала, қарақат
теретінбіз, жеміс-жидектің астында қалатынбыз. Ішсең маңдайыңнан бір-ақ
шығатын тау өзеніне сүңгіп алып, жалма-жан қайта атып шығатынбыз.
Көкем мен тәтем тау-тас аралай шыққанда мені
133
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Адырбекова Э. М.Қабанбаев повестеріндегі дәстүр мен жаңашылдық
өздерімен қоса ертіп ала кететін. Күні бойы шотпен шағып, тастардың
үлгісін жинаймыз. Кешке үлгерсек, үйге қайтамыз, үлгермесек бір қабақтың
үстіне шатырды шошайтып тіге қоямыз. Ашық аспан, жыпырлаған
жұлдыздар, сай түбіне өзен сарқырап ағады, алыстан мылтық атылады, бұл
қасқырларды қорқытып жатқан қойшылар. Шатыр алдында от жалпылдап
жанады, басыма бүркеген шапан астынан мен оған көз тігіп жатырмын.
Бір күні түске таман таудан еңістегі өткелге қарай құлдилап келе жатып,
суға шомылған аюдың үстінен түстік. Қорыққанымыздан орнымызда қаққан
қазықтай состиып-состиып тұрдық та қалдық. Бір-екі рет жылтырап қарап
қойғаны болмаса, аю бізді менсінген жоқ, суды одан әрі шалпылдата берді.
Ертегі өмір еді бәрі де... Қазір оның бірі жоқ – қалада тұрамыз» [2.14-15].
Автор Айгүлдің ауылдағы ортасын бірсыпыра суреттеген соң, қаладағы
жаңа ортасына ойысады. Айгүлдің мінез-құлығындағы, іс-әрекетіндегі
өзгеріс, жеке пәнді игеруі, жүріс-тұрысындағы айырмашылықтарды суреттеу
арқылы жазушы оған даланың не бергенін, қаланың не берерін салыстыра
отырып, бала жанын психологиялық тұрғыдан терең ашқан.
Әже мен немере арасындағы сағыныш әдебиетте аз-кем жазылған. «Қала
және қыз бала» повесінде Айгүлдің әжесіне деген сағынышының әсері
аңғарылады.
Аталмыш повесте кәрі әже сыртта жүрген ұл-келінін жоқтатпайын дей
ме, ұршықпен жіп иіріп отырып, білген ақылын немересінен аямайды.
«Бұрнағы жылдың қаңтарында әжем қайтыс болды. Көп ауырған жоқ.
Үйде екеуміз оңаша қалған кезде қасына шақырып алып, басымды сипайтын:
«Көп ұзамай келмес сапарға кететін шығармын, қызым. Адым аттасам
болды, қара жер емес, баланың еңбегін басып жүргендей еден былқ-былқ
етеді. Әке-шешеңді қойшы, өз аузына жетті. Сен қарашығымды ойлаймын
да. Қайда жүрсең де, жақсы адамдарға жақын бол, қарғам, өсиетім осы»
[2.19], – дейтін. Әжемнің бұл ақырғы рет армандасқаны екенін мен білмедім
ғой.
Енді мен көкем, тәтемнің басыбайлы қызымын. Екеуі бірігіп, бір әжемнің
орнын толтыра алмайды. «Айнымай маған тартқансың» демейді. Апам құсап
алдана да салмайды. Күліп тұрған әжімдері де жоқ».
«Сұмдық жалғызсыраймын. Көкем мен тәтем болса бауырындағы
Айгүлді көрмей, жер астындағы алтын мен күмісті іздеп жүр. Жадырап
отырған күндері: «Айгүл де біздің жолымызды қуып, геолог болады-ау», –
деп қояды. Ит бағып, ирек қамшылап кетсем де геологтан сақтасын! Мен
жер астындағы алтын, күміс емес, дос-туыс болуға татитын адамдар іздеп
жүрмін ғой» [2.20].
Белгілі сыншы, филология ғылымының докторы Құлбек Ергөбек: «Қала
және қыз бала» повесі тың ізденістің жемісі. Айтпақ ой салмақты. Жер
астынан асыл тас іздеп жүрген ата-ана қолдарында тұрған асылдай перзент
тәрбиесіне зер салмағандықтан оны жоғалтып алу қаупінде. Олай дейтін
134
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Адырбекова Э. М.Қабанбаев повестеріндегі дәстүр мен жаңашылдық
болса, ондай ата-ананың жер асты асыл тасын іздеуінде қандай барқадарлық,
нендей мұрат болмақ?» – дейді [3.306].
Соңғы жылдары жарық көріп келе жатқан шығармаларға зер салсаңыз,
кейінгі кезде әдебиетте де, өмірде де мұғалім беделі күрт түсіп кеткенін
көреміз. Ілуде бір шығармада мұғалім кездессе, оның өзі жағымсыз кейіпкер
райында кестеленеді. Қабанбаев повесінің бір ерекшелігі – белсенді кейіпкер
бейнелеп, мұғалім беделін көтергісі келеді. Бастауыш сыныпқа сабақ беретін
Жамал апайдың ерінбей еткен еңбегін, кішкентай бүлдіршіндерге деген
үлкен махаббатын суреттейді. Ойы – жасөспірімді тәрбиелемек.
Шығармада Айгүл: «Бұрын мен балерина болғым келетін. Сол кештен
бастап Жамал апай секілді мұғалім болуды армандай бастадым», – дейді.
Тереңірек ой жіберсеңіз тәрбие мен оқу егіз – бірінсіз-бірі жоқ, сол себепті
проблемасы шарттылау көрінетін осы мәселеден автор ұстаздыққа деген
бүгінгі ескі көзқарас пен жаңа көзқарас тартысын өріп шығарыпты.
Әрине, Айгүл әлі тәрбие ісінде төңкеріс жасай алған жоқ. Бірақ,
ұстаздық жайлы бұлтартпас тоқтамға келді. Енді ол азапты да, ләззатты да
ұстаздық тізгінінен ұстамақ. Осының өзі Айгүл жеңісінің басы емес пе?
Шығармаға нұрлы шұғыласын сеуіп тұрған осындай ой.
Марат Қабанбаев шығармаларын оқығанда, талдау барысында ауылға да
саяхаттағандай, ауылдан қалаға қайта оралғандай боласыз. Ауылдан кіндігі
ажырамаған авторлар үшін қазақ әдебиетінің дәстүрлі тақырыбы оңтайлы да
кенттік психологияда тәрбиеленіп келе жатқан жаңа буын, жас ұрпақ өмірін
бейнелеу көп қиындық келтіріп отырғандай. Ал Мараттың шығармаларын
оқығанда, осы қиын қамалды алу үшін жасалған бетбұрысты көреміз.
Филология
ғылымдарының
докторы
Құлбек
Ергөбек:
«Оның
шығармаларындағы кемшіліктің өзі тың ізденісті игеруден кетіп жатады», –
деген [3. 306]. Ең бастысы Марат Қабанбаевтың шығармаларында белгілі
уақыт белдеуінде туған, ұлттың уыздай арманы – балалардың сырлы әлемі
бейнеленіп отыр. Автор дәстүр аясында қалып қоймай, дәстүрді жете
меңгере отырып, жаңа биікке бет түзеген.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қабанбаев М. Қала және қыз бала. -Алматы: Жалын, 1984. 268 бет.
2.
Қабанбаев М. Бақбақ басы толған күн. -Алматы: Жазушы, 2003. 240 бет.
3.
Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. -Алматы: Өркениет, 2003. 368 бет.
135
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
А.Е.ӘБДІРАХМАНОВА
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ізденушісі
C.ЖҮНІСОВТІҢ «ЖАПАНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ҮЙ»
РОМАНЫ МЕН ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ТІЛДІК ТАНЫМ
В данной статье рассматривается антропоцентрическое значение «языковой картины мира»
на основе художественности рассказов и романа «Дом в степи» С.Жунусова и на когнитивном
уровне анализируется взаимозависимость языка и познания.
The article gives the meaning of the “world language vision” on the base of art of S.Zhunusov’s
stories and the novel “The house in the steppe”. The interdependence of the language and knowledge has
been also analyzed at the cognitive level.
Тілдегі адам факторының орнын белгілеуді, яғни тілдің табиғатын адам
табиғатымен
тығыз
байланыста
қарауды
қажет
ететін
тілдің
антропологиялық лингвистика саласы өз бастауын В.фон Гумбольдтің
лингво-психологиялық
концепцияларынан
алған
болатын.
Оның
пайымдауынша, адамның өзін-өзі тануы – адамды адам етіп тұрған күш-қуат
көздерін анықтау деген сөз. Ал тіл – адамды «жасаушы» сондай
бастаулардың бірі. Адам баласының шығармашылық мүмкіндіктерін
барынша терең көрсететін де, адамды адам ретінде танытатын да – тіл
[1.55].
Тілді антропоцентристік бағытта зерттеу дегеніміз – тіл мен таным
арақатынасының адамға қатысты мәселені шешумен түйінделуі. Өйткені кез
келген тілдік құбылыстың табиғатын тілдің өзінің ішкі заңдылықтарының
негізінде ғана зерттеп тану тілдің бай мазмұны мен ішкі мәнін жан-жақты
ашып өз дәрежесінде таныта алмайды. Бұл бағыттың басты арқауы – тілді
сол тілде сөйлеуші халықтың рухани дүниесінің қалыптасуымен тығыз
байланыста қарау. Тіл – адамзат дүниетанымын, ойлауды, сананы
қалыптастырып дамытуға қызмет ететін күрделі құбылыс.
Б.Қ.Ақбердиева тілді антропологиялық бағытта зерттеу барысында тіл
және адамның рухани белсенділігі; тіл мен ойлау; тіл және адам
физиологиясы; тіл және индивид психологиясы; тіл және мәдениет; тіл және
таным; тіл және қоғам; тіл және жалпыхалықтық құндылықтар; тіл және
коммуникация сияқты мәселелерді алға қою керек дейді [2.74].
Адам санасында тұтас күйінде қайталанып өмір сүріп отыратын ғалам
бейнесін жүзеге асыратын – тіл. Адам баласының тілі адам – әлем
қатынасының нәтижесінде пайда болатын жалпы адамзатқа ортақ әлемдік
бейне тіл – ойлау бірлігінің көрінісі болып саналады.
Адам қоршаған ортаны ойлау арқылы танып біледі, ол адам санасында
көрініс табады. Адамның шындық болмысты танып білуі ой арқылы жүзеге
асса, тіл – ойдың бейнелеу нәтижесін бекітудің құралы ретінде қызмет етеді.
Қандай тіл болмасын өзінің тілдік құрылымы мен тілдік үлгілері жағынан
ерекшеленгенімен, шындық болмысты түсінуде ортақ танымдық
дүниелерден тұрады. Сонда таным мен түсінік тіл арқылы емес, ми, ойлау
арқылы жүзеге асады. Яғни ғалам бейнесі дегеніміз – концептуалды
136
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Әбдірахманова А.Е. C.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романы мен әңгімелеріндегі тілдік...
(логикалық) және тілдік үлгілер формасымен берілетін санамен тікелей
байланысты дүние туралы білімдер жиынтығы.
Кез-келген халықтың ойлау ерекшелігі оның ұлттық тілінде көрініс
табады. Себебі адам санасының танымдық қатпарларындағы архетиптер кез-
келген ұғымның қалыптасуына қатысып, таным процесіне әсер етті. Қазіргі
тіл білімінде осы бағыттағы зерттеулер кешенді сипатта антропоцентристік
және когнитивтік лингвистиканың «ғаламның тілдік бейнесі» теориясының
негізінде жүргізілуде. Өйткені тілді зерттеудің танымдық парадигмасы
«дүниені тіл әлемінде тану» қағидасына сай бағытта жүргізілуі – тіл
біліміндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Халық өз даналығын,
таныған қазынасын тілінде көрсеткен [3.161].
Қазіргі таңда ғаламның тілдік бейнесі мәселесі Ю.Н.Караулов [4],
А.А.Уфимцева [5], Е.С.Кубрякова [6], В.Н.Телия [7], т.б. зерттеулерінде
қарастырылып жүр.
«Ғаламның тілдік бейнесі» – когнитивтік лингвистиканың ең басты
категорияларының бірі. Г.В.Колшанскийдің пікірінше «ғаламның тілдік
бейнесі» жөнінде жеке әңгіме етуге болмайды, себебі бұл ұғым «тілдік
санамен» тікелей байланысты [8.25]. Тілдік санада халықтың ділі сайрап
тұрады, ал халық ділінің ішкі мазмұны мен қасиетін ана тілінің
көріністерінен танимыз. Ұлт пен тіл біртұтас дейтін болсақ, ұлттың
ұлттылығын айқындайтын діл мен тіл біртұтас деп айтуымызға әбден
болады, себебі діл мен тіл ұлт танымының ментальді және вербальді
көріністері. Ж.Манкееваның пікірінше «...тіл мен ой немесе таным, тіл мен
ұлт, т.б. мәселелер сайып келгенде, ұлтты, ұлттың танымын өзінің терең
құрылымдары арқылы тұтастырушы, тілдің табиғатын анықтауға
байланысты қазіргі тіл білімінде осындай жаңа бағыттардың айқындалып,
қалыптасып, дамып келе жатқаны байқалады» [9.43].
Тіл мен таным сабақтастығын қарастыратын когнитивтік лингвистика
саласының негізгі зерттейтін нысаны – адам – тіл және шындық болмыс.
Яғни адамның шындық болмысты тануы, ақиқатқа деген көзқарасы,
қабылдауы тілде бейнеленеді. Тілдегі адам факторын тереңінен зерттеу
нәтижелері санадағы ақиқат дүниенің бейнесін, оның ішінде дүниенің тілдік
бейнесін анықтауға әкелді. Тілдік санада дүние бейнесін қалыптастыруда тіл
екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден, тіл қойнауында дүниенің тілдік
бейнесі жасалады. Бұл – адамның санасындағы әлемдік бейнелердің ең терең
қабаты. Екіншіден, тілдің өзі басқа дүние бейнелерін танытуға, оның
мазмұнын ашып көрсетуге, түсіндіруге қолданылады. Тіл арқылы
индивидтің жинаған тәжірибелі білімі ұжымға тарайды.
Ақиқат дүниенің бейнесі – өзгермелі құбылыс. Ал адам санасында
қалыптасқан ақиқат дүниенің бейнесі арқылы тілдік қорды, тілдің ішкі
мағыналық формасындағы өзгерістерді зерттеуге мүмкіндік жасалатыны
137
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Әбдірахманова А.Е. C.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романы мен әңгімелеріндегі тілдік...
қазіргі тілді зерттеудің танымдық, антропоөзектік бағыты арқылы дәлелденіп
отыр.
Адамзат үшін ақиқат дүние біреу болса, оны түсіну, тану, сол дүниенің
біртұтас бейнесін санада қалыптастыру әрекеттері әр адамда, әр ұлтта әр
деңгейде сан алуан интерпретацияда беріледі. Сондықтан тіл иесінің ой-
өрісіне, концептілік әлеміне байланысты дүниенің танымдық бөлшектері
тілде өзінше көрініс табады, өзінше бейнелеп суреттейді, ал тіл иесі
танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние бейнесіне сәйкес танытуға
тырысады.
Иісі қазақ атына қанық, туған халқы үкілеп «Сәкен сері» атап кеткен,
әдеби туындыларымен кең танылған, көрікті сөз бен көркем ойдың иесі,
қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақстан халық жазушысы,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісов – шығармашылық
бақыттың шынайы биігіне көтерілген қаламгер. Суреткер есімін есті
оқырманға ерте танытқан автордың отызында жазған алғашқы күрделі
шығармасы – «Жапандағы жалғыз үй» романы. Бұл қазақ даласына
қуаныштан гөрі қасіретті көбірек алып келген, бірақ оны кеңестік идеология
ауыз буып айтуға мүмкіндік бермеген тақырыпқа – тың және тыңайған
жерлерді игеру мәселесіне алғаш сүрлеу салған туынды. Соқа тісі тілім-
тілім еткен ен даладағы – жапандағы жалғыз үйдің иесі – қыңыр мінезді,
қайратты, Қарасай есімді қара шалдың тағдыры баяндалатын бұл шығарма
астарында жатқан ақиқат үні ащылау. Ол – заман шындығы. Мыңдаған
жылдар бойы көшпелі жұрттың өмір сүруінің көзі болған төрт түліктің
қасиетті мекені қазақ жерінің төсін шынжыр табан алпауыттардың жүн
түткендей жұлмалай бастағанын көріп, күңірене күйзелген жанның кейпін
суреттеу арқылы шығарма сол ақиқаттың тамырын тап басып ұстайды.
Тарихи шындықтың көркемдік шындыққа, өмірлік ақиқаттың көркемдік
ақиқатқа шебер айналғанын айтатын осы көркем туынды зерттеуіміздің
нысаны болып табылады.
Сәкен Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романы мен әңгімелеріндегі
ғаламның тілдік бейнесі ұлттық менталитеттің өзіндік ерекшелігімен
айқындалады. Тілдің көркемдік-әдеби тәсілдері автордың дүниеге деген
қатынасын
суреттеп,
ұлтымызға
тән
ойлау
процесінің
негізгі
ерекшеліктерінен хабар береді. Жазушы тіліндегі сөз қолданыстары –
образдар ғаламның (шындық болмыс) тілдік бейнесін жасауға негіз болатын
тілдік бірліктер.
«Ғаламның тілдік бейнесі, тілдік көрінісі» дегеніміз – тілдің
лексикасында,
фразеологиясында,
грамматикасында
таңбаланған,
«құлыпталып» бекітілген, сақталған тіл иесінің күллі дүние, әлем, ғалам
туралы білімдерінің жиынтығы. Сыртқы дүниедегі құбылыстар мен заттар,
шындық болмыс адам танымында «мәндік өріс», «мағыналар жүйесі»
ретіндегі ішкі образ түрінде орнығады. Олай болса, ғалам бейнесі, ғалам
көрінісі дегеннің өзі образдар жүйесі» [10.66].
138
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Әбдірахманова А.Е. C.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романы мен әңгімелеріндегі тілдік...
Когнитивтік ғылымның басты мәселесі – адамның білімін жүйелеу.
Адамның барлық танымдық әрекетіне дүниені тануға бағытталған бір
дамушы үрдіс ретінде қарау керек, себебі бұл әрекеттер объектінің
ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратудан басталады. Бұл әрекеттердің
нәтижесінде концепт қалыптасады. Концептіні анықтау үшін дүниенің
кейбір ерекшеліктері мен заттық құндылықтары, олардың объектілерімен
қатынасы, олардың қызметі мен оларға берілген ұжымдық сананың сипаты
әрі бағасы айқындалуы қажет.
Когнитологтар белгілеген концептіні анықтаудың жолдары мынадай
ретте жүргізіледі: концептілер бақыланған, қиялдан туған бейнелерді өзара
ұқсастырып, ұқсас дүниелердің ортақ белгілерін бір ортаға жинақтайды. Бұл
білім санада сақталып, субъектінің тәжірибесі ретінде оның концептуалдық
жүйесінің құрылымдық элементтеріне айналады. Екі не одан да көп әр түрлі
объектілердің (бейне, дүние) әрқайсысы бір элемент ретінде категорияның
құрамына ене алады. Осы белгі төңірегіне жинақталған дүниелер бір класқа
ене алады. Әрбір класс топтаса келіп, категорияны құрайды немесе маңызды
концептілер кодталады.
ХХ ғасырдың 80 жылдары концепт ұғымы жаңа мазмұнға ие болды. Ол
адам санасындағы психикалық және ментальді ресурстардың бірлігін таныту
қызметін атқарады және адамның білімі мен тәжірибесін айқындайтын
ақпараттық құрылымды танытады. Демек, концепт – бұл адам психикасында
бейнеленген барлық дүние бейнесінің, ой тілінің, концептуалдық жүйенің,
ментальді лексиконның мазмұндық бірлігі.
Концепт ұғымдық ақпараттан басқа психологиялық, этимологиялық,
прагматикалық, мәдени ақпараттарды да білдіреді.
Қазақ тіл білімі зерттеушілерінің арасында да концепт мәселесіне терең
зерттеу жүргізіп, анықтама ұсынғандары бар. Дүниенің тілдік бейнесін
ұлттық мәдениет контексінде қарастырған А.Исламның пайымдауынша:
«Концепт дегеніміз – ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы
дүниетаным құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс тапқан күрделі
бірлік. Әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды.
Концептілер бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірінен туындап
отырады. Әр қоғамның даму кезеңдерге сәйкес тіл мен мәдениет иелерінің
абстрактілі концептілерді танып түсінуінде өзгерістер болғанымен, негізгі
мәдени, дүниетанымдық мәні өзгеріссіз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады»
[11.12].
Концепт санада белгілі бір концептілік жүйе арқылы қалыптасады.
Концептілік жүйе иерархиялы (сатылы) құрылымнан тұрады: 1) дүниенің
қасиеті, белгілері (сенсорлы перцептивті қабылдау); 2) когнитивтік модель
(ассоциация, бейне, символ, этикет, эталон, стереотип формаға ие болуы); 3)
концепт типтері (фрейм, сценарий, скрипт, схема, ойсурет формасына
салынуы); 4) дүниенің тілдік бейнесі (метафора, фразеологизм, сөз, сөйлем,
поэтикалық мән)» [12.10].
139
Достарыңызбен бөлісу: |