А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Сәдібеков А. Қоғамдық телеарна – заман талабы
146
белгілі. Әлі де тоталитарлық жүйеден арыла алмай жатқан елдердің «қоғамдық
телеарналарын» ақпарат теңізіне еркін жіберуге батылы бармай отыр. Сондай
мемлекеттердің бірі – Түркіменстан.
Дәл қазір мемлекетімізде «қазақстандық қоғамдық телеарнаның» сипаты
қандай болатынын айшықтай алмай отырмыз, мамандар болса Англия, Франция,
Канада тәрізді айтулы елдердің тәжірибесіне сүйенгенді жөн көріп отыр. V
Еуразиялық медиа форумда отандық қоғамдық телеарнаның құрылу мәселесі
талқыланған. Осы үлкен жиылыста сөз болғанымен ешбір қозғалыстың
болмағаны қоғамдық телеарнаны ашуды құптаушылардың көңілінен су
сепкендей болды. Осыдан біраз жыл бұрын, дәлірек айтсақ 2004 жылдың 31
шілдесінде бұрынғы ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбайұлы «Қоғамдық
телевизия туралы» заң жобасын дайындауға кіріскен еді. Алайда, ол кісінің бұл
ісі жүзеге аспаған болатын.
Қоғамдық телевизия жеке меншік телеарналар сияқты құрылтайшысы болып
табылатын қаржылық топтың емес, қоғамның мүддесін көздейді, бұқаралық
пікірталас мінбесінің қызметін атқарады. Қазір Қазақстан Журналистер конгресі
«Хабар» агенттігін қоғамдық телеарна етіп құруға дайын деп есептейді. Осы
пікірге Дариға Назарбаева да қосылып: «Елімізде «Хабар» арнасы барлық
жоғары техникалық аппараттармен жабдықталған. Тек қоғамдық телеарна құру
туралы жақсы жобаны қабылдап, жұмыс істеуіміз керек» [2] - деп отыр. Ал,
бұған қарсы Ақпарат және мәдениет министрлігінің ұстанымы кереғар. Осы
уақытта Қазақстан Журналистер конгресі қоғамдық телеарнаға байланысты
жоба дайындап жатыр. Оның қашан дайын болып, депутаттардың талқысына
ұсынылатыны белгісіз... Көрермен болса қоғамның мүддесін ойлайтын, заман
талабына сай қоғамдық телеарнаның ақпаратын қажет етеді.
Қоғамдық телеарнаның негізгі ұстанымы – азаматтардың мүдделерін ескере
отырып, оларды теңдей қарастыру, нәсілі мен тегіне, жынысына бөлмей, бәріне
ортақ ақпарат пен қажетті өнім ұсынып, сол арқылы қалтқысыз қызмет
қалыптастыру [3].
Қоғамдық телеарна бар жерде қоғаммен байланыс бар. Өйткені, кез келген
елде азаматтық қоғамның орнауы мен шынайы демократияның қалыптасуына
бастар құрал да қоғамдық телеарна екені даусыз. Оған қазір әлемнің түпкір-
түпкіріндегі қолданыста келе жатқан қоғамдық телеарналардың тәжірибелері
айқын мысал бола алады. Ол үшін қоғамдық телеарна ұғымына берілер
сипаттамалар да өзінің ерекшеліктерімен дараланса керек-ті.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
http://www.аikyn.kz
2.
Матаев С. Ең алдымен «қоғамдық телеарна туралы» заң қабылдау қажет // «Айқын-апта», №154 (921) 8.09.2007.
3.
Сәрсенұлы Ж. Қоғамдық телеарна // «Айқын апта», №142(838) 2.08.2007 жыл
147
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Т.АБДУКЕРИМОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі
«ОТЫРАР АЛҚАБЫ» (АУДАНДЫҚ) ГАЗЕТІ БЕТІНДЕГІ
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ
В статье изучены применения фразеологических выражений на страницах газеты «Отырар
алқабы».
This article touches upon the phraseology expressions in “The Otrar Alkaby” newspaper.
Тіліміздегі фразеологиялық (тұрақты) тіркестер – лексиканың айрықша
бай саласы. Бұлар өзінің экспрессивті-эмоциялық әсерлігімен көзге түседі.
Фразеологизмнің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын
үш түрлі басты негізі бар.
1.
Даяр қалпында жұмсау белгісі.
2.
Мағына тұтастығы.
3.
Тіркес тиянақтылығы.
Фразеологиялық тіркестердің қолданылу аясына қарай өз ерекшеліктері
бар. Сонымен қатар барлық фразеологизмдердің қолданылу өрісі стильдік
қызметі жағынан әр түрлі болып келеді. Осыған орай біз өз зерттеуімізде осы
ерекшеліктерді негізге ала отырып, «Отырар алқабы» газеті бетіндегі
фразеологизмдердің қолданылуын қарастырдық.
Фразеологиялық тіркестердің семантикалық топтарына тоқталсақ,
«Отырар алқабы» газеті бетіндегі мына сөйлемді мысал етіп алуға болады.
Егер келешектен жан-жақты тәрбиелі, саналы, білімді, «сегіз қырлы – бір
сырлы» ұрпақ күтер болсақ, мұғалімнің атқарар қызметі ұлан-ғайыр.(№57
тамыз 1993 ж.). Мұнда фразеологиялық бірлік болып отыр. Себебі
фразеологиялық бірліктің бір бүтін мағынасының өзін құрастырушы
сыңарлардың мағыналарымен байланысып барып туады. Бірақ тіркестің
бүтіндей мағынасы ауыспалы, образды түрде келеді. «Сегіз қырлы – бір
сырлы» деген сөз образды мағынада жұмсалып тұр. Ал компоненттері сан
есім, зат есім, сын есім болып тіркеседі. «Мүйізі қарағайдай екі мекеме де
облыстық бағыныста» деген сөйлемде ( жарамды, мықты, зор, дәрежесі
жоғары, қасиеті мол деген мағынаны білдіреді, №44 маусым 1993 ж.)
фразеологиялық мағынаның жасалуына сөз жоқ ең алғашқы еркін тіркестегі
тура мағынасы ауыспалы мағынаға негіз болған. Сол сияқты мына мысалда
«Қалай десек те, тәртіптің қай саласы болмасын ретке келмеуі себепті
халықтың тиісті орындарға наразылығы, өкпесі қара қазандай екені рас».
Соңғы фразеологиялық мағынаның беретін ұғымы қазанның қарасына
теңеліп тұр. Яғни бейнеленген туынды мағына екенін көреміз.
Фразеологияның құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден
жымдасып кеткен. Олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға
болмайтын тұрақты тіркестерді фразеологиялық тұтастық дейміз. Мысалы:
«Сондықтан да басшыларға орынсыз талап қойып, буынсыз жерге пышақ
ұратын қиқарлықты пішеншілер қажетсіз, абырой әпермейтін қылық деп
есептейді». «Буынсыз жерге пышақ ұру» (орынсыз
148
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Абдукеримова Т. «Отырар алқабы» (аудандық) газеті бетіндегі фразеологизмдердің қолданысы
жерге жабысу, кісінің қимас нәрсесін сұрап, әлек болды, босқа әуреленді
деген мағынаны білдіреді). Бұл семантикалық жақтан ажыратылмай бір бүтін
тұтастық болып отыр. Осы секілді, яғни бастапқы дара мағынасынан
айырылып қалған сөзде «Таңдайына бұлбұл жұмыртқалаған талантты
әнші талай байқаулар мен конкурстарда да көзге түсіп жүрді» (№7. 8
наурыз. 1997 ж.). Таңдайына бұлбұл жұмыртқалау – өнерлі, асқан әнші
немесе шешен адам туралы айтады.
Фразеологиялық түйдек. Бұл топқа мақал-мәтел, афоризм, қанатты
сөздер енгізіледі. Мұндай ерекшеліктер біз қарастырып отырған «Отырар
алқабы» газеті бетінде молынан ұшырасады. Мұның өзгешелігі аяқталған
ойды білдіретін жай не құрмалас сөйлем болып келеді. Құрамындағы
сөздердің өзінің дербес мағынасын сақтауы. «Жоқтық жомарттың қолын
байлайды» – демекші, кейде қаржының жетіспеуінен мектептерге берер
жәрдеміміз аздау болып жатады деген сөйлемде (№8. қыркүйек 1993 ж.).
«Жоқтық жомарттың қолын байлайды» – деп түйдектеп, түйіндеп айтып
отыр. «Сол сөзімде тұрамын», «Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені» – дейді
(№8. 09. 1993 ж.) мұнда дербес мағынасын сақтап тұр. Мақалдар негізінен
екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс-әрекеттің шарты мен жағдайы
айтылып, соңынан сол пікірді түйіндеп, қорытындылайды. Болмаса екі
нәрсені бір-біріне қарсы қойып салыстырады. Мысалы. «Ақылсыз достан,
ақылды дұшпан артық» деген сөйлемде бір-біріне қарама-қарсы шендестіріп
қолдану арқылы тұжырымды ой береді. «Ұстазы жақсының ұстамы
жақсы» деген осы (№3. қаңтар. 1999 ж.). Фразеологизмдердің мағыналары
астарлы бейнелеу мәнде келеді. Бұл мысалдан осы жайтты аңғаруға болады.
Фразеологизмдердің лексикада қолданылуы. Фразеологизмдер лексикада
өз дәрежесіне сай қолданылады. Мәселен антонимге байланысты
фразеологиялық тіркестерді молынан пайдалануға болады. «Ағайын бір
өліде, бір тіріде» дейді атам қазақ. (№43. маусым. 1993 ж.) «бір өлі, бір тірі»
деген іргелес тіркестердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып тұр.
Ал мына сөйлемде «Кішкентай ғана қара тас, атан түйе тарта алмас»
мағынасы, не беретін ұғымы тас туралы емес. Бір кішкентай ғана мәселенің
жүгі ауыр, шешімі қиын екенін меңзеп тұр (№44. маусым. 1993ж.). Мұны
лексикалық ерекшелігіне орай афоризмдер қатарына жатқызамыз. Осы
сияқты афоризмге жатқызуға болатын «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
деген мысалды келтіруге болады.
Фразеологизмдердің грамматикаға байланысты қолданылуы. Сөз
таптарына қатысты фразеологиялық тіркестер екі топқа бөлінеді. Олар есім
және етістік тобына жататындар. Есімдер тобына жататын фразеологиялық
тіркестерге заттық мағыналы сөздер, яғни Мауқын басып, кіндік қаны
тамған жерді көрдім (№7. 03. 1997ж.) деген сөйлемде кіндік қаны тамған
жердің мағынасы – туған жер деген мағынаны білдіріп тұр. Есімдер тобына
149
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Абдукеримова Т. «Отырар алқабы» (аудандық) газеті бетіндегі фразеологизмдердің қолданысы
жататын сындық мағынадағы тұрақты тіркестер. Мысалы: «Кәрі қойдың
жасындай жасым қалды» (жасы жетіп, қартайды деген мағынаны білдіреді)
(№3. 01. 1999ж.). Ұғымы жеке сөздердің беретін ұғымынан әсерлі де күшті.
«Кілең көрсе көз тоятын, маңдайлары кере қарыс жануар екен-ау» деген
сөйлемде сындық мағынадағы сөздер экспрессивті мәнді де тудырып тұр.
Етістік тобына жататын фразеологиялық тіркестер. «Отырар алқабы»
газеті бетінде қолданылған етістіктерді атауға болады. Мысалы: Көздерінде
жас, езулері құлақтарында, ішек-сілелері қатып қалыпты. Тілдерінің уыты
бар көрермендер әр тұстан айқайлап, күлкіге май құя түсуде. (№41.
06.1993ж.). Бұл сөйлемде қолданылып тұрған фразеологизмге, іс-әрекетке
күшейтпелі мән үстейді. Сол секілді тағы бір мысал: Олардың да достары
бар, дұшпандары бар дегендей, әзілдеп айтса да «тойға барып не пайда
таптыңыз?» – десе жер шұқылап, жүздері пәсейіп қалары белгілі... «Жер
шұқылап» деген ұялып деген мағынаны білдіріп, етістік қызметін атқарып
тұр. Фразеологизмдер мағына жағынан бір ұғымды білдіріп, бір сөздің
орнына жүретіндіктен, сөйлем ішінде бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін
атқарады. Мысалы: Ал қазір, құдайға шүкір, өрмек жүзінен ауған шақта
бригаданың жұмыстары жайлы жан-жақты айтуға болады. «Өрмек
жүзінен ауған шақ» (жұмыс нәтижесі аяқталуға жақындағанын білдіреді).
Мұнда үстеу қызметін атқарып тұр. (№64. қазан, 1998 ж.).
Фразеологиялық тіркестер құрмалас сөйлемде де кездеседі. Мысалы:
Маңдай терімен құралған қолындағы азды-көпті ырыс-несібесі қылмыстық
жолмен күнелткісі келгендердің, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында
кетпес пе еді – деп үміттенеміз. Бұлар (іргелесіп келген) құрмалас сөйлемге
жатады.
Салалас құрмаластың түрлері мақалдарда жиірек кездеседі. Сондай-ақ
салалас құрмаластың баяндауыштары да фразеологизмнен болып келетін
сөйлемдер газет беттерінен кездесіп отырады. Мысалы: Ұрылардың
қылмыстық әрекеттеріне «малым жанымның садағасы, жаным арымның
садағасы» деп кең пейілдік танытып «құдайы» деп қойған мал қаншама?
(№3. қаңтар, 1999ж.).
Тілдің суреттеме және көркемдеуіш құралдары. Теңеуде біріне-бірінің
ұқсастығы бар екі зат салыстырылады. «Кәрі қойдың жасындай жасым
қалды». Кәрі қойдың жасындай деген – аз ғұмыр қалды дегенді білдіреді.
Көрсе көзі тоятын, маңдайлары кере қарыс. Бұл мысалда ойды бейнелі
түрде жеткізіп тұрған эпитетті байқаймыз. Езулері құлақтарында, ішек-
сілелері қатып қалыпты – деп асыра әсірелей суреттелген гиперболаны
анықтауға болады. Отырар халқының қабырғасы қайысқанын да көрдік, –
деген мысалда қатты қайғыру мағынаны әсірелей жеткізіп тұр.
Алмақтың да салмағы бар (№43. 1993ж.) деген сөз бейнелі мағына беріп
антитеза болып тұр.
150
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Абдукеримова Т. «Отырар алқабы» (аудандық) газеті бетіндегі фразеологизмдердің қолданысы
Қорыта келгенде, халық қазынасы болған фразеологизмдердің талай
заманды басынан кешіріп, өңделіп, шыңдалып келіп, халық санасында
сақталды. «Отырар алқабы» газеті бетіндегі тақырыптар бойынша жазылған
туындыларда мақал-мәтелдер, фразеологиялықтүйдектер, тілдің суреттеме
және көркемдегіш құралдары, стильдік фигуралар, заттық мағыналық,
сындық
мағыналы, сан есіммен үйірлесетін фразеологизмдер және етістік
тобындағы фразеологизмдер, т.б. кездеседі.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
«Отырар алқабы» газеті №44 1993.
2.
«Отырар алқабы» газеті №7. 8 наурыз. 1997, №8. 09. 1993ж., №3. 01. 1999ж., №5. 02.1997.
3.
Кеңесбаев І. «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі». -Алматы:
151
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Г.ӘБІЛ
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
Р.БЕРДІБАЙ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНДАҒЫ
ЭТНОДЕФОРМАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
В статье анализируются проблемы этнодеформации в публицистике академика Р.Бердибая.
This article deals with the problems of ethnodeformation in Rakhmankul Berdibayev`s publicistic
writing.
XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде екі түрлі дүниетанымның –
ұлттық ойлау жүйесі мен кеңестік ойлау жүйесі қоса қабат өмір сүргені аян.
Бұл кезде ұлттық ойлау жүйесі қазақтың азатшыл демократ қаламгерлерінің
арқасында үлкен қуатты күшке айналды.
Ұлттық ойлау жүйесі, әрине, кең ұғым. Ал мұның ұлттық мүддеге
қарым-қатынасы әр уақытта ұлт мүддесін ойлаған азаматтар қатарының
аздығына және көптігіне де байланысты.
Мәселен, 1937 жылдан кейін мұндай адамдар қатарының таздың
шашындай сирексіп қалғаны да рас. Оның үстіне 30-жылдардан бастап
кеңестік мүдде мен ұлттық мүддені теңдей ұстап, оның мұң-мұқтажын,
қайғы-қасіретін бірдей деңгейде сөз етіп отырудың өзі де мүмкін емес еді.
Осы екі бірдей жүйені қатар арқалап, ауыр салмағы иығыма түсті демейтін,
нағыз халық үшін еңіреп туған аптал азаматты уақыттың өзі ауадай қажет
етті. Шындығында да бұл қиындық қаптаған жауға жалғыз қарсы шабатын
қаһарман жандардың мойнына түсті. Бір қызығы, осы жүкті кеңес одағының
соңғы жарты ғасырлық тарихында үздіксіз көтергендер бар да, үздіксіз
көтере алмай қабырғасы қайысып, жарты жолда қиындықтан жылыстап
шығып кеткендер бар. Бұл реттен алғанда Рахманқұл Бердібай эпикалық
жырлардағы алып батырларға ұқсайды. Міне, сонау 50-жылдардың орта
шенінде қазақ ұлтының шетқақпайлана бастаған алмағайып тағдырын қорғау
мақсатында жазған мақаласы төңірегіндегі ой-мұңымен бітпейді.
Алаш ұранды әдебиет өкілдерінің қалдырған тағы бір дәстүрі –
этнодеформацияның асқынуын тежеу ісі. 20-жылдарда негізі қаланған бұл
дәстүрдің шын мәніндегі жалғасы 1956 жылдан басталды [1]. Бұл жылы ұзақ
уақыт бойында сөз болмай келген ұлттық мәдениет мәселесі көтерілді.
Соның бір айғағы болған публицист Р.Бердібайдың «Қазақ әдебиеті»
газетінде «Ең үлкен мәдени байлық» деген мақаласы жарияланды [2]. Бұл
мақаласында ұлттық мәселелерді көтерді. Бұл мақаланың жазылуына себеп
болған мына мәселелер: 1953-54-55 жылдарда Алматының жоғары оқу
орнына барған абитуриенттер түсе алмай, ауылына қайтады. Өйткені, орыс
тілінен шығарма жаздыратын. Сөйтіп жүздеген қазақ балаларының тауы
шағылатын. Екінші себеп: қазақ мектептерінің жабыла бастауы, аралас
мектептер саны көбейді. Үшіншіден, терминдерді орысшалау науқаны
басталды. Терминдер орысша қалай жазылса, қазақша солай жазылуы керек
деген «ереже» пайда болды. Төртіншіден, жүздеген мектептердің аты
орысшаға ауыстырылды. Бесіншіден, үлкен ресми жиналыстардың бәрінде
152
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Әбіл Г. Р.Бердібай публицистикасындағы этнодеформация мәселелері
дерлік бірыңғай орыс тілінде сөйлеу үрдісі қалыптасты. Осы тұста қазақтың
халық әндерін жинау, насихаттау, оларды жас қауымға үйрету жұмысы
мүлде тоқтатылды. Музыканың ең биік үлгісі де Европа операларынан
алынды. Міне, осындай мәселелерді кеңінен қамтыған «Ең үлкен мәдени
байлық» деп аталатын мақаланың тосындығы, батылдығы жағынан
Р.Бердібайдың зор жан айқайы болып естілді. Бұндай мақаланың шығуы нар
тәуекелділіктің, намысшылдықтың көрінісі еді. Өйткені Компартияның
саясатына қайшы келетін сөздер ол кезде баспа жүзін көрмеген болатын.
Осы мақала жарияланысымен артынша жоғарыда сынап айтылған
мәселелерге қолдау көрсеткен басқа авторлардың материалдары да газет
бетіне көптеп шыға бастады.
Этнодеформацияның өздігінен қозғалысы негізінен 1920-30-40-50
жылдары бола қойған жоқ. Мұндай көрініс 60-жылдардан былайғы уақытта
кеңінен етек алып кетті. Бірақ оның алғы шарттары Р.Бердібайдың «Ең үлкен
мәдени байлық» атты мақаласында айтылатын мәселелермен тығыз
байланысты еді. Сондықтан көрнекті публицист этнодеформацияның
өздігінен қозғалысын болдырмауға бар күшін жұмсады. Аталған мақаланың
ең маңыздылығының өзі де осында. Өйткені этнодеформацияның өздігінен
қозғалысынан өздігінен мобилизациялануы туындайды. Демек, бұл тұста
этнодеформациялық мобилизация мүлдем басқа сапалық дамуға көшті.
«Қазақ әдебиеті» газетінің мұндай күтпеген мінез көрсетіп, «еркіндікке»
баруы,
стандарттан
шығып
кетуі
Қазақстан
Компартиясының
басқарушыларына ұнамады. Сондықтан да олар «Ең үлкен мәдени байлық»
атты мақаланың тақырыбы кеңес дәуіріндегі тоталитарлық әміршілдік
саясаттың ұлттық мүддеге мүлдем сай келмейтін қарама-қайшы табиғатынан
туындағанын анық байқады. Сондықтан да, ол кезде ұлт мүддесінің тірегі
өзіндік санасы қалыптасқан қазақтың ұлтжанды азаматтары да болды. Сол
азаматтар түгелдей қудаланып, оларды түгелдей атып өлтірілгеннен кейін
ұлттық ойлау жүйесінің ұлт мүддесіне қызмет етуі тарих сахнасынан
біржола түсіп қалды ма екен деген халық санасында күдік туындады.
Мұнан да маңыздысы мақаланың этнодеформацияның өздігінен
қозғалысының пайда болуына алдын-ала кедергі туғызып қарсыласуы.
Мұндай қарсылықты ол «Шығыс қазынасы», «Бодандықтан бостандыққа»,
«Қазақша энциклопедия қажет» деген мақалаларын «Қазақ әдебиеті»
газетіне жариялауын тоқтатпауымен күшейте түсті. Осындай мақалалар
жариялағаны үшін Р.Бердібай республика Компартиясы Орталық
Комитетінің басшылары тарапынан қысым көрді. «Қазақ әдебиеті» газетінің
редакциясының бірнеше қызметкерлері жұмыстан шығарылған соң,
Р.Бердібай жазғандарын ешбір жерде өз атымен шығара алмай,
мақалаларына лақап ат қоюға мәжбүр болды.
Әлбетте, газет бетінде көтерілген үлкен проблемалық мәселелер ізсіз-
түзсіз кеткен жоқ. Сол кезде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетін
153
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Әбіл Г. Р.Бердібай публицистикасындағы этнодеформация мәселелері
басқарып отырғандар да шыңғырған шындықпен санасуға, жұрт тілегін
ескеруге мәжбүр болғандай еді. Бұған Орталық Комитетінің 1957 жылы
қабылдаған қазақ әдебиеті мен музыкасының жай-күйі жөніндегі, сондай-ақ
қазақ тілінде іс-шаралар жүргізу туралы қаулылар дәлел болды. Бұл
қаулылардың тиісті пайдасы да болды. Кейбір көне мұралар жарыққа шыға
бастады. Ақырында 1959 жылы қазақ әдебиетінің тарихына арналған
ғылыми
конференцияның өткізілуі бұған дейін «Қазақ әдебиеті» газетінде
көтерілген жұртшылық пікірінің нәтижесінің көрінісі. Сол кездегі 1956-57-
жылдардағы газет беттеріне қарасаңыз, әдебиет, мәдениет мәселелерін
қозғайтын мақалаларда Р.Бердібайдың есімі ылғи сын садағына алынып
отырғанын көресіз. Егер партияның XX съезінде Сталиннің жеке басқа
табынушылығы сыналмаған болса, бір топ қазақ сыншылары мен
публицистеріне, соның ішінде бірінші кезекте Р.Бердібайға 1937 жылдың
нәубеті кездесуі күмәнсіз еді. Өз адресіне айтылған мұндай сындар,
қиянаттар бұл авторға кезінде ауыр тигенін, көңілсіз жағдайларға душар
еткенін түсіну қиын емес. Екінші жағынан, автор осындай қиындыққа төтеп
беріп күрес жолында ширыға түскенін, азаматтық келбетінің қалыптасқанын
көрмеуге болмас. Өйткені қаншама кітаптар жазды, дәрежелер алды,
абыройға ие болды. Ол – өз алдына жеке мәселе.
Қандай
да
ұлттық
санада
этнодеформацияның
өздігінен
мобилизациялануы пайда болған уақытта идеологиялық тұрғыдан ашық
түрде күштеу саябырсиды. Түрлі қаулы, қарарлардың, түрлі айыптаулар мен
жазалаулардың орнын енді көзге көрінбейтін, зардабы мен қасіреті бірден
сезілмейтін басқа айла-шаралар басады. Мәселен, 60-жылдардан былайғы
кезеңде этнодеформациялық мобилизацияны туындататын партияның қаулы,
қарарлары бұрынғымен салыстырғанда азайды деуге болады. Соған
қарамастан этнодеформацияның өздігінен мобилизациялану дәуіріне өтіп
кеттік. Мұны 50-жылдардың нақты шындығынан алынып отырғанын
Р.Бердібайдың: «Бұл науқанның 1937, 1951 жылдардағы «жау іздейтін» –
саяси науқандардан бір ғана айырмашылығы ешкімді де «ит жеккенге»
айдамағаны болды» – деп жазуының өзі айғақтайды.
Этнодеформацияның өздігінен қозғалысы мен этнодеформацияның
өздігінен мобилизациялануы – тікелей ұлттық сананың көзқамандануының
жемісі. («көзқамандану» да Р.Бердібайдың енгізген термині – Ж.Әбіл
«Этнодеформация және әдебиет» кітабында) [3]. Міне Р.Бердібай өзінің
атақты «Ең үлкен мәдени байлық» деген мақаласында сол көзқамандану
дәуірінің алдындағы кезең шындығын дәл анықтап жазды.
Р.Бердібай туралы айтқанда оқырмандар мен әдебиет зерттеушілерінің
аузына «сыншы-публицист» деген сөз түспей қала береді. Ал түптеп
келгенде, көрнекті сыншының бүкіл сын мақалаларына, ғылыми еңбектеріне
көрік беріп, сән-салтанат дарытып тұрған нәрсе оның публицистік қабілеті.
Онсыз Р.Бердібай шығармаларына тән бояу-бедер барынша көмескі тартар
еді. Р.Бердібайдың жоғарыда сөз болған "Ең үлкен
154
Достарыңызбен бөлісу: |