Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет25/47
Дата12.02.2017
өлшемі3,7 Mb.
#3948
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47

content. 
 
Елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаевтың 
тікелей 
бастамасымен 
еліміздің 
тарихында  ғана  емес  әлемдік  тарихта  да  кездесе  бермейтін  ұзақ  жылдар 
бойында қызмет ететін «Мәдени мұра» бағдарламасы іс жүзіне асырылуда.     
Қазіргі  күндері  жаһандану  жағдайында  әлемнің  Германия,  Жапония, 
АҚШ  сияқты  көптеген  елдерінде  әдебиет  пәні  жалпы  білім  беру  жүйесінде 
өзінің  дербестігінен  айырылып,  жалпы  мәдениет  туралы  білім  беретін 
«Мәдениет»  немесе  «Сөз»  деп  аталатын  блокқа  кіріктіріліп  кетіп  отыр.  
Электрондық  ақпарат  дамуы  болашақта  ақпарат  кеңістігінен  әдебиетті  ғана 
емес,  қағаз  басылым  түріндегі  бүкіл  бұқаралық    ақпарат  құралдарын  да, 
қымбатқа  түсетін  теледидарды  да  ығыстырып  шығарады,  сөйтіп  радио  мен 
цифрлық-сандық  ақпараттар  ғана  үстем  болады  дейтін  тенденция  барған 
сайын  күш  алып  барады.  Сондықтан  кітапты,  әдебиетті  сақтап  қалу  үшін 
күрес  қазіргі  әлемдегі  мәдени  қозғалыстардың  бірі  болып  отыр.  Соның  бір 
ғана  көрінісі  –  осыдан  бір-екі  жыл  бұрын  ғана  Астана  қаласында  өткен 
халықаралық әлемдік кітап оқу форумы. Міне, осы форумда кітапқа төнген 
жаһандану  қаупі  ерекше  ашып  көрсетіледі.  Жұртшылық  назарын  көркем 
әдебиетке аудару мақсатында әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік және 
қоғамдық  ұйымдар  бірлесіп  «Бір  жыл  –  бір  кітап»  акциясын  өткізу 
тәжірибесі  кең  етек  алған.  Ол  тәжірибе  біздің  Республикамызда    да  қолға 
алынған.  2007  жылы  «Бір  жыл  –  бір  кітап»  акциясы  бойынша  Абайдың 
қарасөздері оқылса, 2008 жылы бүкіл Республика болып М.Әуезовтің «Қилы 
заман» романын оқуға шешім қабылданды. 
Бұл  айтылғандар  қазақ  әдебиетінің  де  пән  ретінде  жалпы  білім  беретін 
мектепте, сақталуына қауіптің жоқ емес екенін көрсетеді. 
Әдебиеттің қай елде болмасын маңызы бар. Ал біздің қазақ халқы үшін 
ол ерекше. Халқымыздың тарихында сөз  өнерінің атқармаған қызметі жоқ. 
Ол жас ұрпаққа аға буынның барлық өмір тәжірибесін жеткізді, ол ұрпаққа 
білім,  өнеге,  тәрбие    берді,  ол  ел  өмірінің  барлық  салаларында  шешуші 
фактор  болды,  тіпті  мемлекеттік  мәселелерді  шешуде  де  негізгі  құрал 
қызметін атқарды. Демек әдебиетсіз халқымыздың өткенін елестету мүмкін 
емес. Әдебиетті мектепте оқытуды әлсірету – халқымыздың өткеніне  балта 
шабумен  бірдей,  оған  мән  бермеу  –  ел  тарихына  жасалған  опасыздық 
болмақ. 
Әдебиетіміз  –  қазіргі  тәрбиенің  де  көзі.  Мысалы,  ортағасырлық  әл-
Фараби,   М.Қашқари,   Ж.Баласағұни,   Қ.А.Ясауи   сияқты    ғұламалардың  
 
 

185 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Құрманбай К.С. Білім мазмұнына ұлттық әдеби мұраны енгізудің принциптері 
 
 
мұраларының  идеялары  бүгінгі  күндері  де  жас  ұрпақ  тәрбиесінің 
бағдарларымен  үндесіп  қана  қоймай,  зәрулік  сипаттарға  да  ие.  Атап 
айтқанда:  
-
 
адамның үнемі өзі іс-әрекетін, мінез-құлқын, сөйлеген сөзін қадағалап, 
өзін-өзі бақылап отыру; 
-
 
жақсылық істеу, әсем болу, әділ, шыншыл болу; 
-
 
бірлікке, татулыққа, ынтымақтастыққа ұмтылу; 
-
 
білім, өнер иесі болуға тырысу; 
-
 
адамдардың  жандүниесін  азапқа  салатын  істерден  аулақ  болу,  нәпсіні 
тыю, нашақорлық, маскүнемдік, құмар ойындарынан сақтану; 
-
 
кешірімділік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  адалдық  –  шын 
адамгершілік екенін білу, оны іс жүзінде ұстану т.б.  
Қазіргі  мектебіміз  өз  дамуында  жеке  тұлғаға  бағдарланып  отырған 
жағдайда тұлға бойына дарытылуы тиіс құндылықтардың теңдессіз  бай көзі 
біздің  өзіміздің  төл  әдебиетіміз  болса,  қалайша  оның    пән  ретіндегі 
мәртебесінің әлсіреуіне жол береміз?! 
Рухани асыл мұрамыз – әдебиетіміздің пәндік  мәртебесінің сақталуында 
өзге  де  шаралардың  ішінде  аса  маңызды  бір  жол  бар.  Ол  –  мектепке 
ұсынатын  әдебиет  білім  мазмұнының  өзінің  табиғи  болмысын  сақтай 
отырып, уақыт талабына, қоғамдық сұранысқа сай болуын қамтамасыз ету.  
Ал мектебіміздің жаңа дамуын  пайымдауда мәселені  білім мазмұнынан  
бастағанды  ғалымдар  да  құптайды.  Білім  мазмұнына  қойылатын  бүгінгі 
талап ҚР Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтың «Білім туралы жаңа 
заң» деп аталатын мақаласында айқын айтылған: «Оқу бағдарламалары білім 
алушылардың  ғылымдар  жүйесінің  базалық  негізін  игеруге,  олардың  жеке 
адамдар  арасындағы  және  этносаралық  қарым-қатынастарда  жоғары 
мәдениеттілігін  қалыптастыруға,  тұлғаның  өзін-өзі  тануы  мен  кәсіптік-
бағдарын  айқындауға  бағытталады».  Білім  мазмұнының  ең  басты    мақсаты 
ҚР  «Білім  туралы»  жаңа  Заңында  (2007  ж.)  белгілі  бір  білім  мен  біліктер 
жиынын    меңгеруден  нақты  тұлғаның  эмоциялық-адамгершілік,  ерік 
сапаларын  және  құзыреттілігін  қалыптастыруға  көшу  екені  айрықша  атап 
көрсетілген.  
Сонымен  бұл  айтылғандар  қазақ  әдебиеті  білім  мазмұнын  құруда 
төмендегідей  ұстанымдар  негізге  алынады  деп  тұжырым  жасауға  негіз 
болады: 
1. Қазақ ұлты өзінің болмысында әдебиетсіз бола алмайды, ол әдебиеттен 
бөлінбейді.  Әдебиетсіз,  мәдениетсіз  жаңа  әлеуметтік  және  экономикалық 
қатынастарды  құру  мүмкін  емес.  Сол  себептен  жалпы  білім  беретін   
мектептің    білім    мазмұнында    қазақ    әдебиеті  өзінің  табиғи  ұлттық 
болмысын,  бейнесін  толық  сақтап  енеді.  Осы  орайдан  жалпы  білім  беретін 
мектеп мазмұнында қазақ әдебиеті пән ретінде өзінің дербестігін сақтайды. 
2. Қазақ    әдебиеті    пәні    өз    мазмұнында   әлемдік   құбылыс   болып 
 
 
 

186 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Құрманбай К.С. Білім мазмұнына ұлттық әдеби мұраны енгізудің принциптері 
 
 
табылатын интеграция үдерісінен тыс қала алмайды. Сол себепті оның білім  
мазмұны  өзге  халықтар  және  әлем  әдебиеті  қазыналарының  озық 
үлгілерімен,  мәдениеттің  басқа  салаларының  эмоциялық,  сұлулық, 
адамгершілік,  дүниетанымдық  тенденцияларымен  интеграциялық  үйлесім 
табатын болады. 
3.  Қазақ  әдебиеті  білім  мазмұны  жалпы  білім  беретін  әдебиеттік    білім 
мен  біліктер  жиыны  ретінде  ұсынылудан,  яғни  энциклопедиялық  тарихи-
хронологиялық  сипаттан  бірте-бірте  тұлға  қалыптастырушылық  сипатқа 
көшеді.  Бұл  метептегі  әдебиет  оқулығы  қазіргі  өзінің  академиялық 
сипатынан  бірте-бірте  босанып,  тұлғаның  құзыреттілігін  қалыптастыруға 
басым  түрде  бағытталынатын  болады  деген  сөз.  Ол  құзыреттер  12  жылдық 
білім  беру  Тұжырымдамасында  айқындалғаны  бәрімізге  мәлім.  Олар: 
құндылықты-бағдарлық,  мәдениеттанымдық,  оқу-танымдық,  коммуника-
тивтік,  ақпараттық-технологиялық,  әлеуметтік  –  еңбек,  тұлғаның  өзін-өзі 
дамыту сияқты басты-басты кілттік құзыреттер. 
1) Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік – оқушының қоршаған ортаны  
бірдей  қабылдайтын  қабілеті,  жоғары  әдептілік,  құндылықтар  негізінде 
жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен 
елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай 
білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты 
болу,  азаматтық  белсенділігін  көрсету,  саяси  жүйені  түсіну,  болып  жатқан 
әлеуметтік жағдайларға баға бере білу. 
2)  Мәдениеттанымдық  құзыреттілік  –  жалпы  адамзаттық  мәдениет 
жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен 
жеке,  отбасылық  және  әлеуметтік  өмірлік  мәдениет  негіздерін, 
этномәдениеттік  құбылыстарды  игеруге  мүмкіндік  беретін  ұлттық 
ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін 
түсіну. Өз халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін  түсінуге 
және  бағалауға    мүмкіндік    беретін  мәдени-демалыс  қызметін  тиімді 
ұйымдастыру  тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттық идеяларына 
бейім болу. 
3)  Оқу-танымдық  құзыреттілік  –  оқушының  зерттеу  әрекеті  мен 
өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл 
құзырет  өзінің  білімділік  қызметін  ұйымдастыра  білуді,  тиімді  жоспарлай 
білуді,  сәйкес  функционалдық  сауаттылық  талаптары  негізіндегі  білімді 
игеруде  әлемнің  ғылыми  бағытын  түсінуге  ізденушілік-зерттеушілік  әрекет 
дағдыларын  игеруге  мүмкіндік  беретін  өзінің  әрекетіне  талдау  және 
қорытынды жасау тәсілдерін қарастырады.  
4. Коммуникативті құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-
қатынас  тәсілдерін  білуді,  түрлі  әлеуметтік  топтарда  жұмыс  істеу 
дағдыларын,  қоғамдағы  түрлі  әлеуметтік  рөлдерді  орындауды,  өмірдегі 
нақты  жағдайларда  шешім  қабылдау  үшін  байланыстың  түрлі  объектілерін 
қолдана  алу  білігін,  мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ  тілінде,   халықаралық  
 
 

187 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Құрманбай К.С. Білім мазмұнына ұлттық әдеби мұраны енгізудің принциптері 
 
 
қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.  
5)  Ақпараттық-технологиялық  құзыреттілік  –  бағдарлай  білу,  өз 
бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен 
ақпаратты  ақпараттық  технологиялар  объектілердің  көмегімен  жеткізуді 
жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі. 
6)  Әлеуметтік-еңбек  құзыреттілік  отбасылық,  еңбек,  экономикалық, 
саяси,  қоғамдық  қатынастар  саласындағы    белсенді  азаматтық-қоғамдық 
тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік-қоғамдық 
жағдайларға    нақты  талдау  жасай  білуді,  шешім  қабылдай  білуді,  түрлі 
өмірлік  жағдайларда  жеке  басына  және  қоғам  мүддесіне    сәйкес  ықпал  ете 
білуді қарастырады. 
7)  Тұлғалық  өзін-өзі  дамыту  құзыреттілік.  Бұл  құзырет  отбасылық, 
еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді 
азаматтық-қоғамдық  қызмет  білімі  мен  тәжірибесінің  болуын  білдіреді. 
Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді, 
түрлі  өмірлік  жағдайларда  (өзінің  мүмкіндігін  нақты  перспективалық 
жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен 
ұйымдастыра  білу,  өзінің  өмірі  мен  ісіне  жауапты  қарау)  жеке  және  қоғам 
пайдасына сәйкес ықпал етуді қарастырады.  
4.  Білім  мазмұнын  меңгеру  нәтижесі  ретіндегі  бұл  құзыреттерге    білім 
мен тәрбиенің біртұтас жүзеге асуы  арқылы  қол жететін болады. 
Демек,  білім  мазмұнын    сұрыптауда  білім  мен  тәрбиенің  біртұтастығы  
принцип  дәрежесінде  ескеріледі.  Яғни  көркем  шығармалар  үлгілерінің 
танымдық және тәрбиелік әлеуеті, қуаты бірдей қарастырылады. 
5. Қазақ әдебиеті білім мазмұны оқушыларды үлкен өмірге дайындауды 
көздейді.  Яғни  білім  мазмұнының  әлеуметтендірілуі  деген  көркем  мәтінде 
және оның әдістемелік тапсырмаларында тұлға бойында мынадай сапаларды 
қалыптастыру  мақсат    етіледі:  кездейсоқ жағдайларда  саналы  таңдау  жасай 
білу, өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезіну, белсенді өмір сүруді ұстану, 
азаматтық  қоғам  құндылықтарын  игеру,  әлеуметтік  өзгерістерге  икемделе 
білу т.б. 
6.  Білім  мазмұны  тұлғаны  өмір  бойы  өз  бетінше  білім  жинау 
дағдыларына  үйренуін  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Ол  оқырмандық  тұрақты 
мәдениетті  қалыптастыру  арқылы  жүзеге  асады.  Ал  оқырмандық 
мәдениеттің  әдебиет  пәні  арқылы  оқушы  бойында  қалыптасуы  үшін  оған 
ұсынылатын  білім  мазмұны  рухани  қорек  бола  алатындай,  оның  жас  және 
жеке тұлғалық қызығушылықтарын қамтамасыз ететіндей болуы керек. 
Бұл  жерде  тағы  басқадай  жалпы  принциптерді  басшылыққа  алып 
құрылған  қазақ  әдебиеті білім  мазмұнында  күтілетін  нәтижелер  құзыреттер 
түрінде  белгіленеді  және  тұлға  бойында  төмендегідей  сапалар  арқылы 
көрініс беруі тиіс деп жобаланады. 
 
 
 
 
 

188 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Құрманбай К.С. Білім мазмұнына ұлттық әдеби мұраны енгізудің принциптері 
 
 
Қазақ әдебиеті білім мазмұнында күтілетін нәтижелердің тұлғалық сапалары 
 
                                
     
 
өз бетінше көркем шығарма оқуға деген  
 
құштарлық; 
                                                 тұлғалық құзыреттердің оқушы бойында қалыптасуы. 
                         
қазақ әдебиетінің даму тұтастығын білу; 
сөздің көркемдік-рухани құдыретін танып, сезініп, 
қабылдау. 
                   
әдебиеттен, оның көркемдік-рухани  
ерекшеліктерінен нәр алып, оны қолдана алу; 
қарым-қатынас біліктері, сөйлеу, тіл мәдениеті; 
проблемаларды шеше білу; 
ойлау, танымдық тәсілдерді білу; 
басқадай пәндік біліктер.  
 
                
 
 
өз эмоцияларын бақылау; 
өзінің күшті және әлсіз жақтарын білу; 
саналы  түсінгенін  қабылдау  негізінде  шешім 
қабылдау; 
шығармашылық әрекеттер мен тәсілдерді меңгеру; 
жаңашылдық қабілеті 
алдын-ала шара қолдана алу қабілеті; 
жеке денсаулығына, қауіпсіздігіне, 
қажеттіліктеріне қамқорлық.  
 
 
 өз бетінше жұмыс істей алу; 
өзгелермен бірлесіп жұмыс істей білу; 
қиындықтарды жеңе білу; 
қол жеткен жетістік-табыстарын рухани сезіне алу; 
өзгелерден кері ақпар ала білу; 
жауапкершілікті өз мойнына алу және оны өзгемен 
бөлісу; 
байланыстар орнату т.б. 
 
 
жеке және отбасылық құндылықтық- адамгершілік; 
ұлттық-мемлекеттік құндылықтық-адамгершілік; 
 
                                                        бүкіл адамзаттық құндылықтық-адамгершілік. 
 
 
 
Қабілеттері 
ТҰЛҒА 
 
Құндылықтық – 
адамгершіліктік 
Көздейтін межесі 
 
Білімі 
Біліктері 
Іс-әрекет-тердің 
негізгі түрлері            
 

189 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Құрманбай К.С. Білім мазмұнына ұлттық әдеби мұраны енгізудің принциптері 
 
 
Сонымен  қорыта  келгенде,  қазақ  әдебиеті  білім  мазмұны  халықтың 
рухани  қазынасының  бейімделген    бейнесі  ретінде  түзіледі  және  ол  жалпы 
дидактикада айқындалған тұжырымдар мен принциптерді ескереді.  
Жалпы орта білім беру мазмұнының  жаңа өзгерістері белгілі бір тиісті 
теорияға  сүйенеді.  Жаңа  мектеп  талаптарын  толық  қанағаттандырарлық 
іргелі  теория  жүйеленбегенімен,  қазіргі  әлемдік  педагогикадағы  ғылыми 
тәжірибеге  негізделген  білім мазмұнын құрудың әдістемелік негіздерін алу 
үшін мына тұжырымдарды қарастыруға болады: 
-Білім  мазмұнының  жеке  тұлғаның  жетекші  сапаларын  қалыптастыруға 
қызмет етерлік әлеуетті болуы; 
-Қазақстан  Республикасы  қазіргі  қоғамының  әлеуметтік-экономикалық, 
мәдениеттанушылық талаптарына сәйкестігі; 
-Жалпы  білім  беру  мазмұнында  бүкіл  адамзаттық  мәдениеттің 
жинақталған әлеуметтік тәжірибесінің көрініс табуы;  
-білім  мазмұнына    әлемнің  қазіргі  жаратылыстық-ғылыми,  әлеуметтік 
бейнесін анықтайтын барлық ғылымдардың негіздерінің енуі және олардың 
дамуы мен практикалық қолданысының көрініс табуы; 
Білім мазмұнында пәнаралық байланыстардың жүзеге асуы; 
Білім  мазмұнында  білім  беруге  қазіргі  инновациялық  көзқарастардың 
көрініс табуы; 
-білім  мазмұнының  еңбекке  баулуға  политехникалық,  кәсіптік  бағдар, 
бейіналды және бейіндік оқытумен байланыстылығы. 
Білім  беру  мазмұны    жекелеген  әдістемелердің  жасаған  пәндік  білім 
мазмұнынан  түзілетіндіктен,  олар  жоғарыда  көрсетілген  негіздерден  бастау 
ала отырып, әрқайсысы мынадай критерийлерді ескереді: 
-
 
әрбір  білім  саласында  олардың  өздері  шешуге  тиіс  типтік  
мәселелердің айқындалынуы; 
-
 
әр    пән  білім  мазмұнында  біліммен,  біліктермен  бірге  эмоционалдық-
адамгершілік сипаттағы қызмет-әрекеттердің ендірілуі; 
-
 
пәндік  білім  мазмұнында  әрекет  тәсілдерінің  шығармашылық 
әрекеттердің көрініс табуы; 
-
 
сондай-ақ пәндік білім мазмұнының өз саласындағы ғылымның негізгі 
түсініктері, категориясы мен әдістерін басшылыққа алуы.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
ҚР «Білім туралы» Заңы.  2007 жыл. 
2.
 
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы. 
3.
 
Түймебаев Ж. «Білім  туралы» жаңа  заң //ЕгеменҚазақстан, 16 тамыз, 2007 ж. 
4.
 
Иванова Н.И. Теоретико-методологические основы содержания образования в 12-летней школе 
// «12 летни образование» №7, 2005. 
 
 
 
 
 
 

190 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
И.И.АТАЖАНОВ  
техника ғылымдарының кандидаты 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ 
ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
В  данной  статье  рассмотрены  вопросы  развития  предпринимательства  в  образовательной 
деятельности.  Также  приведены  результаты  обучения  студентов  специальности  050120- 
«профессиональное обучение».  
 
This  article  deals  with  the  questions  on  development  of  business  undertaking  in  education  system. 
Some results of teaching students of the specialty: 050120-«Professional Education» have been presented as 
well.   
 
 
050120  –  Кәсіптік  білім  мамандығының  стандарты  мен  оқу  жоспарына 
сәйкес  «Білім  беру  мекемелеріндегі  кәсіпкерлік  қызмет»  пәні  таңдау 
компоненті қатарынан орын алады. Бұл пәнді оқыту білім беру жүйесіндегі 
кәсіпкерлік қызметтің мақсаты мен міндеттерін қамтиды.  
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  мемлекетті  одан  әрі  жаңарту  мен 
демократияландыру  бағытында  жүзеге  асырылатын  нақты  міндеттердің 
ішінен  білім  беруді,  кәсіптік  даярлық  пен  әлеуметтік  саланы  ХХІ  ғасыр 
деңгейіне беру  сапасының  басты  міндеті  –  2010 жылға дейінгі  білім  беруді 
дамыту  жөніндегі  мемлекеттік  бағдарламаны  орындау,  білім берудің  тиімді 
инфрақұрылымын аяқтау, кәсіптік-техникалық білім беруді одан әрі дамыту 
бағдарламасын іске асыруды тапсырды.  
Нарықтық  қатынастың  басты  шарты  орта  және  шағын  кәсіпкерлікті 
дамыту  арқылы  халықтың  әлеуметтік  жағдайын  жақсарту  және  жұмыспен 
қамту. 
Қазіргі  таңда  шағын  және  орта  кәсіпкерліктің  әдісі  мен  тәсілін  дамыту 
күн тәртібіне өткір қойылып отыр. 
Мемлекет  басшысы  ел  халқына  арнаған  үстіміздегі  жылдың  ақпан 
айындағы  Жолдауында  Үкіметке  кәсіпкерлікке  әкімшілік  шектеулерді 
барынша азайту жөнінде тапсырма берген болатын [1]. 
Жолдау жарияланысымен Үкімет комиссиясының жұмыс қорытындысы 
негізінде  бизнестің  пайдасына  бірнеше  шешім  қабылданып,  бес  бірдей 
қаулыға өзгерістер енгізілді. 
Біріншіден,  құрылыс-монтаж  жұмыстарын  жүргізуге  рұқсат  алу  үшін 
қажетті  құжаттар  тізімін  азайту  жөнінде  шешімге  сәйкес  саны  7-ден  4-ке 
дейін өзгертілді. 
Екіншіден,  жергілікті  атқару  органдарынан  құрылысқа  рұқсат  беру 
үдерістері  оңтайлатылып,  бүгін  187  күнді  құраса,  енді  ол  59  күнге  дейін 
азайтылды. 
Үшіншіден, құрылыс компаниялары үшін лицензия алу жеңілдеді. Бұрын 
бұл үшін лицензия меншігінде арнаулы материалдық-техникалық база болуы 
немесе оның ұзақ мерзімді жалға беру  қажет болса, енді ұзақ мерзімді жалға 
берілу міндеттілігі алынып тасталды. 

191 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Атажанов И.И. Білім беру мекемелерінде кәсіпкерлік қызмет пәнін оқыту ерекшеліктері 
 
 
Төртіншіден, 
бұрын 
бас 
компанияның  жергілікті 
жерлердегі 
бөлімшелері  мен  филиалдары  металл  сынықтарын  жинау  туралы    қажетті 
рұқсатты жеке-жеке алатын.  Енді  бас компания алған бір  рұқсат  олар  үшін 
жеткілікті болып табылатын болды. 
Бесіншіден, бұрын өз өндірісінде пайдалану үшін улы заттарды өндіретін 
кәсіпорынмен  «улы  заттарды  сатып  алу,  сақтау  және  сату  жөнінде»  бірдей 
талап қойылатын. Енді кәсіпкерлер үшін қойылатын талап оңайлатылды. 
Кәсіпкерлер үшін тағы бір үлкен жақсылық барлық қызметтерді міндетті 
түрде  сертификаттау  туралы  қаулы  бойынша  6056  қызмет  пен  тауар 
сертификаттауға  жатса,  енді  сертификаттарды  шағын  және  орта  кәсіппен 
шұғылданушылар өздері қажет ететін көлемде тауармен бірге тегін алады. 
Білім  берудің    кәсіпкерлік  саласындағы  проблемаларға  тоқталатын 
болсақ, олардың қатарына мыналар жатқызылады: 
Бірінші,  еліміздегі  барлық  оқу  орындарына,  оның  ішінде  кәсіпкерлік 
бағыттағы  оқу  орындарына  тән  басты  кемшілік  –  қазақ  тіліндегі  оқу 
құралдарының  жеткіліксіз  екендігі.  Оқу  құралдарын  орыс  тілінен  қазақ 
тіліне аудару, көптеген терминдердің қазақша баламасын табу, оны түсінікті 
тілмен білім алушылардың санасына жеткізу едәуір қиындық келтіреді. 
Екінші  проблема  –  қазіргі  кезде  арнайы  кәсіпкерлік  мамандықтар 
бойынша  дәріс  беретін  маман-оқытушылардың  жетіспеушілігі  байқалады. 
Оның  негізгі  себебі  –  жоғары  білімі  бар  маман  оқытушылық  қызметтің 
жалақысын  азсынады,  сондықтан  олар  одан  гөрі  еңбекақысы  молырақ 
өндіріс саласында жұмыс істегенді қалайды.  
Үшінші  проблема  –  білім  алушылардың  өндірістік  іс-тәжірибеден  өтуі 
бүгінгі  таңда  қиындықтарға  тап  болып  тұр.  Бұрынғы  одақ  тарамай  тұрған 
кезде  әрбір  білім  алушы  өз  мамандығы  бойынша  өндіріс  орындарына 
жіберіліп,  тәжірибелі  маман  жұмысшылардың  қатарында  оқып,  үйренетін 
еді. Оларды мекеме басшылары еш кедергісіз қабылдап, жатақханадан орын 
беріп,  тіпті,  айлық  жалақы  да  төлейтін.  Бүгінгі  өндіріс  орындары  білім 
алушыларды  практикаға  қабылдау  үшін,  оларға    оқу  орны  қаржы  төлеуге 
тиіс деп есептейді. Әсіресе, білім алушылар басқа қала, облыста практикадан 
өтетін  болса  жол  қаржысы,  жатақхана,  тамақ  мәселесін  реттеу,  тіптен 
қиындап кетеді.  
Елбасы 
мемлекет 
пен 
кәсіпкерлік 
құрылымдар 
арасындағы 
ынтымақтастыққа  баса  назар  аудару  [2]  қажеттігіне  тоқталып:  «Кәсіптік 
білім  беруді  дамытуға  жұмыс  берушілердің  өздері  мүдделі  болуы  тиіс  
екендіктерін  ескертті.  Отандық  кәсіпкерлердің  техникалық  және  кәсіптік 
білім  беру  жүйесін  ұдайы  дамытуға  белсенді  түрде  қатысуға  шешім 
қабылдайтын мезгілі жетті» деп атап өтті. 
 

192 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет