Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009



Pdf көрінісі
бет24/47
Дата12.02.2017
өлшемі3,7 Mb.
#3948
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Арымбаева К.М. Самовоспитание  подростков в профилактике девиантного поведения 
 
 
Второй  этап  –  творческий,  с  элементами  научно-исследовательского 
подхода.  На  этом  этапе  деятельности  усложняются  задачи,  которые 
выдвигает перед собой учитель, и как результат – усложняются требования, 
предъявляемые педагогом к подросткам. 
Третий  этап  решения  проблемы  –  научно-исследовательский.  Он 
соединяет  воедино  эмпирическое  начало  и  творческое  отношение  с 
исследовательским  подходом  к  изучению  детских  интересов,  склонностей, 
способностей.  
На  этом  этапе,  с  учетом  состояния  здоровья  подростков,  уровня  их 
предшествующей  учебной  подготовки,  создаются  самые  благоприятные 
условия для проявления и развития творческой личности ученика [4.53].  
Учитель,  успешно  решающий  проблему  интереса,  –  это,  прежде  всего 
педагог-исследователь.  В  основе  творческого  мышления  педагога  лежит 
глубокое  самостоятельное  изучение  научной  педагогики,  психологии,  ряда 
смежных  областей  знаний,  передового  опыта  обучения  и  воспитания 
учащихся,  педагогический  самоанализ,  ведение  дневников    наблюдений  за 
своей повседневной работой. 
Существуют два основных пути решения этой задачи, соответствующих 
двум  основным  целям  педагогического  воздействия  на  человека, 
стремящегося  стать  настоящим  педагогом,  способным  оказывать 
воспитывающее и развивающее воздействие на подростков. 
Первый  –  организация  обмена  опытом  по  изучению  педагогической 
науки, психологии, передового опыта, особенностей их применения в личной 
практике.  Основная  цель,  которая  реализуется  при  этом,  –  пробуждение 
глубокого  интереса  и  потребности  в  непрерывном  самообразовании  и 
самовоспитания каждого педагога. 
Второй  –  организация  системы  самостоятельной  работы  и  психолого-
педагогического самообразования. 
Цель,  достигаемая  в  этом  случае,  -  формирование  умений  и  навыков, 
необходимых  для  успешной  творческой  работы  в  школе,    развитие 
исследовательского мышления, потребности в самообразовании.  
Это  достигается  только  с  помощью  постоянной  и  систематической 
самостоятельной работы по изучению достижений педагогики и психологии, 
передового опыта [5.403].  
Итак,  главные  условия,  определяющие  решения  задачи,  -  сформировать 
глубокий интерес к учебным предметам у одних подростков и развить его у 
других:  всесторонняя  активизация  познавательной  деятельности  учащихся, 
творческое    применение  учителем  и  всем  педагогическим  коллективом 
принципов  и  методов  обучения  на  основе  исследовательского  подхода, 
развитие у детей потребности в самообразовании.  

177 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Арымбаева К.М. Самовоспитание  подростков в профилактике девиантного поведения 
 
 
Все это способствует успешному решению основных задач воспитания и 
обучения:  приобретению  новых  знаний,  потребность  в  самообразовании  и 
привычки  к  серьезному  умственному  труду,  овладение  методами 
рационального  мышления  и  умением  ориентироваться  в  новейших 
достижениях  науки  и  техники,  способность  профессионального  выбора,  в 
правильной самооценке, организации свободного времени, досуга и общения 
среди сверстников. 
Основная  цель  новой  концепции  развития  среднего  образования  
Республики  Казахстан  –  воспитать  творчески  мыслящую  личность, 
умеющего  добывать  знания  самостоятельно  и  применять  их  на  практике. В 
направленности,  целях,  содержании  образования    сегодняшнего  дня  –  все 
более явно ориентируются на «свободное развитие человека», на творческую 
инициативу,  самостоятельность,  конкурентоспособность,  мобильность  
учащихся.  
 
ЛИТЕРАТУРА 
 
1.
 
Сухомлинский В.А. О воспитании. -М.: Издательство АПН РСФСР, 1973. 
2.
 
Кузьмина Н.В. Профессионализм педагогической деятельности. -СПБ.: Лань, 1993. 
3.
 
Маркова А.К. Психология  труда учителя. -М.: Знание, 1993. 
4.
 
Мудрик А.В.Учитель: мастерство и вдохновение. -М.: Школа,1986. 
5.
 
Практическая психология   образования. Под ред. Дубровиной И.В. -М.: 1997.  
 
 
 
 

178 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
Б.Б.ЖАХИНА 
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 
 
СӨЗЖАСАМДЫҚ ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ  
НЕГІЗІН АША ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 
 
В  работе  говорится  об  обучении  лингвистическим  основам  по  словообразованию  с  учетом 
психологической основы. 
 
The  article  deals  with  teaching  linguistic  basis  of  word  formation  with  the  consideration  of 
psychological base. 
 
Қазақ 
тілін 
оқытудың 
психологиялық 
ерекшеліктерін 
Ж.Аймауытовтың,  Т.Тәжібаевтың,  М.М.  Мұқановтың,  Қ.Жарықбаевтың, 
С.Рахметованың, 
П.Шабельниковтың, 
С.Жақыповтың, 
Ж.Даулетбекованың,  Ә.Алдамұратовтың  зерттеулеріне  сүйене  отырып 
анықтауға болады. 
Тілдік  ұғымдарды  психология  ғылымы  тұрғысынан  зерттеу  идеясын 
Қазақстанда  тұңғыш  рет  сөз  етіп,  оның  қажеттілігіне  жете  мән  беріп, 
зерттеген ғалым  – түрколог Ісмет Кеңесбаев.  Ол сонау  50-жылдарда-ақ 
қазақ тілін оқыту мәселелерін психологиялық тұрғыдан зерттеудің үлкен 
мәні бар екенін айтты.  
Тілдік  тақырыптарды  психология  ғылымының  негізінде  оқыту 
мәселелері    психолог  Мәжит  Мұқановтың  «Педагогикалық  психология 
очерктері» атты кітабында  да  сөз болады [1.52]. 
Ғалымдар  Ә.Сытдиқов,  Т.Сабыров  ана  тілін  оқытуда  сабақты 
түрлендіріп 
отырумен 
балалардың 
дүниетанымдық 
маңызын 
психологиялық  тұрғыдан  іздестірген  бірсыпыра  мәселелерге    тоқталады 
[2]. 
Қазақ тілі сөзжасамының мазмұны мен өзіндік ерекшелігін меңгеру  – 
күрделі  психологиялық  үрдіс.  Ол  оқушылардың  сөзжасамдық  ережелер 
мен заңдылықтарды саналы түрде игеріп, олардың өзіндік ерекшеліктерін 
тани білуінен, дұрыс қолдануынан анық аңғарылады.  
Негізінен,  оқушының  тілдік  материалдарды  меңгеруі  –  әрбір  тілдік 
құбылыстың  өзіндік  қасиеті  мен  жалпы  тілдік  заңдылықтар  мен  емле 
заңдылықтарын,  олардың  ішкі  байланыстарын  дұрыс  ұғынып  өмір 
қажетіне жаратуы. 
Ал  ұғыну  -    белгісіз  тілдік материалдардың  мәнін барлап  түсіну, оқу 
материалының мазмұнын игеру.  
Оқушылар  ұғыну  кезінде  оқу  материалының  мазмұндарын  өзара 
байланыстырып,  оларды  әрі  қарай  жаттығу,  төселу  сияқты  іс-әрекеттер 
арқылы    меңгеретін  болады.  Оқу  материалдарын  меңгеруде  кездесіп 
отыратын  кедергілерді  оқушылар  мұғалім  жетекшілігімен  түрлі  амал-
тәсілдерді қолдану арқылы жеңе алады. 
 Оқу  материалдарын  ұғынудың  табиғи-ғылыми  негізі  жоғары  жүйке 
жүйесіндегі  адамның  сыртқы  ортаға  бейімделіп,  тіршілік  үшін  ненің 
қажетті,  ненің қажетсіз екенін ажыратып отыратын мидың талдағыштық  
 
 

179 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Жахина Б.Б. Сөзжасамдық тақырыптардың лингвистикалық негізін аша оқытудың ... 
 
 
және  біріктіру  қызметі  болып  табылады.  Ми  қызметінің  осы 
принциптеріне  сәйкес  баланың  оқу  мазмұндарын  ұғынуы  ұқсас  тілдік 
белгілерді  тани  алмаса,  кейін  бірінен-бірін  айыратын  болады.  Осы  екі 
үдерістің  алма-кезек  ауысып  отыруынан  мида  уақытша  байланыс  пайда 
болып, оқу мазмұндарын ұғыну жүзеге асады. 
Қазақ  тілінің  сөзжасамы  басқа  тілдің  салалары  сияқты,  нақты  тілдік 
тақырыптар мен тілдік ұғымдар жүйесінен құралады. 
Сондықтан қазақ тілінің сөзжасам тарауына енген  әрбір тақырыптың 
терминдік  атаулары  бар,  әрі  өзіне  сай    ұғымдары  бар.  Әрбір  ұғым  өзіне 
берілген атаудың мәнін бейнелейді. 
Біз  білеміз,  ұғым  бір  сөзден  де,  бірнеше  сөздің  тіркесінен  де 
жасалады. Ғалым Ә. Алдамұратов: «Ұғым нәрселердің мәнін бейнелейтін 
мазмұн  болып  табылса,  ал  сөздер  сол  ұғымдарды  білдірудің  тілдік 
материалы, ұғымдар сөз арқылы бейнеленеді», – дейді [3.27].  
Ғалым оқушылардың грамматикалық ұғымдарды ұғынуында үш түрлі 
тереңдік кезеңдері кездесетінін айтады.  
1.
 
Ажыратылмаған түсінік.  
2.
 
Толық ажыратылмаған түсінік.  
3.
 
Толық ажыратылған түсінік.  
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, білімді меңгеру және оны шәкірттерге 
үйретудің жалпы табиғи-ғылыми негізі – мидағы шартты байланыстардың 
жасалуы.  Оқыту  үдерісіндегі  жоғары  нерв  қызметінің  осындай 
заңдылығын  дұрыс  пайдалану  үшін  мынадай  жағдайларға  ерекше  көңіл 
бөлген  жөн.  Мидағы  шартты  байланыстар  сыртқы  тітіркендіргіштерге 
реакция берумен нығаяды. 
Ал  үйреншікті  жағдайда  реакциялардың  бекуі  алға  қойған  мақсатқа 
сәйкестеніп отырады.  
Мәселен,  біріншіден,  оқыту  үдерісінде  тақырыпқа  сай  көрнекі 
құралдарды  ұтымды  пайдалану.  Себебі  белгілі  бір  сөзжасамдық 
тақырыпқа  негізделген  схема  кестелер,  тірек  системалар  арқылы  көріп, 
біліп сөзжасамдық мәселені тікелей қабылдауға үйренеді. 
Екіншіден,  оқу  үдерісінде  қолданылатын  әдіс-тәсілдердің  сабақ 
мақсатына  сәйкес  келуі;  Ол  сөзжасамдық  тақырыптарды  оқыту 
барысында нақты білімдік дағды қалыптастыруға негіз болады.  
Қазақ  тілі  сөзжасамын  оқытуда,  сөзжасамдық  тақырыптардың 
лингвистикалық  негізінің  жан-жақты  ашылуы  үшін  оқыту  үдерісінің,  яғни 
сабақтың ұтымды ұйымдастырылуының мәні зор. 
 Себебі 
оқушының 
тілдік 
материалдарды 
меңгере 
алуының 
психологиялық  негізінің  өзі  сабақтың  түрлерін  әрі  әсерлі,  әрі  қызықты, 
тартымды өткізу болып табылады. 
Психологиялық  тұрғыдан  сабақ  неғұрлым  әсерлі  болса,  оқушы  оқу 
материалын  соғұрлым  дұрыс  түсініп,  берік  білім  алады.  Бұл  әрине, 
мұғалімнің шеберлігіне қатысты мәселе. 
 
 

180 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Жахина Б.Б. Сөзжасамдық тақырыптардың лингвистикалық негізін аша оқытудың ... 
 
 
Психолог 
ғалым 
А.К.Маркова 
«Психологические 
критерии 
эффективности учебного процеса» деген еңбегінде сабақтың психологиялық 
жағынан қызықты әрі тартымды өтуінің, негізгі үш жағдайын атап көрсетеді. 
Бірінші жағдай - сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай құрылуы 
және ойдағыдай  өткізілуі.  Оған қатысты  мәселелер  мұғалім  мен  оқушының 
сабақ  кезіндегі  қарым-қатынасы,  мұғалімнің  өзін-өзі  ұстауы,  биік  өнегесі, 
сөйлеу мәдениеті.  
Себебі  педагогикалық  әрекеттің  шыңына  апаратын  негізгі  баспалдақ  – 
кәсібилік. Ал қоғамның жаңаруы мен қарыштап дамуы оның азаматтарының 
барлық  саладағы  кәсібилігіне  тікелей  байланысты.  Осы  тұрғыдан  келгенде, 
ғалым    В.Маркова    мұғалімнің  кәсіби  деңгейіне  көтерілуінің  төмендегідей 
психологиялық критерийлерін анықтап берген.  
1.Объективті  критерийлері.  Мұғалімнің  өз  мамандығына  қаншалықты 
сәйкестілігі.  Әлеуметтік  тәжірибеге  қосар  үлесі  қандай  екендігі.  Жоғары 
еңбек  көрсеткіші,  әр  түрлі  жағдаяттарды  шығармашылықпен  шеше  алу 
біліктілігі.  
2.Субъективті  критерийлері.  Адамның  мамандығы  қаншалықты  оның 
табиғатына,  қабілеті  мен  қызығуына  сәйкес  келетіндігі.  Кәсіптің 
маңыздылығын, құндылығын түсінуі.      
3.Шығармашылық  критерийлері.  Мұғалім  өз  кәсібінің  шекарасынан 
шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін тарата білуі. 
4.Нәтижелі критерийлері. Оқушының алған білімін өмірлік жағдаяттарды 
шешуде қолдана алуы. 
Қазір  біз  бұларды  «құзырлылық»  деп  те  атап  жүрміз.  Бұл  ұғым  соңғы 
жылдары  педагогика  саласында  тұлғаның  субъектілік  тәжірибесіне  ерекше 
көңіл  аудару  нәтижесінде  ендіріліп  отырылған  ұғым.  Құзырлылық  (латын 
тілінде - competens) белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген 
мағынаны білдіреді. 
Ал  мұғалімге  қойылатын  талап  жөнінде  әл-Фараби  де  былай  деген 
болатын:  «Ұстаз  ұңғыл-шұңғылы  көп  ақыл-ой  жұмысының  үлкен  бейнетін 
зейнет  санайтын,  сол  үшін  аянбай  ізденетін,  еңбек  ететін,  шешен  адам 
болғаны абзал». 
Екінші  жағдай  –  сабақтың  теориялық  жағынан  талапқа  сай  болуы. 
Сабақтың  теориялық  жағы  негізгі  фактілермен  дәлелделініп,  ғылыми  жағы 
көңілге  қонымды  болса,  ол  оқушының  логикалық  ойлауын,  ынтасын 
арттырады, сабақ түсінікті болады. 
Үшінші  жағдай  –  сабақтың  әдістемелік  жағынан  тиімді  болуы.  Ол 
мұғалімнің  материалды  меңгерту  әдісін  шеберлікпен  игере  алуына, 
дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін тиісті жерде қолдана білуіне 
байланысты [4.61]. 
Профессор  Т.Тәжібаев  «Психология  и  педагогическая  психология 
К.Д.Ушинского»  атты  еңбегінде:  «Сабақ  тартымды,  қызықты  болып  өтуі  
 
 
 

181 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Жахина Б.Б. Сөзжасамдық тақырыптардың лингвистикалық негізін аша оқытудың ... 
 
 
керек.  Оқушылардың  сабаққа  қызығушылығы  олардың  оқуының  табысты, 
жемісті болуына әсер етеді», – деп жазды  [5.140]. 
Сонда ғана ол балаларды осындай әдістерге үйрете алады. Түйсік пен 
қабылдаудың ұзақ қайталауы нәтижесінде үлкен ми қабында уақытша нерв 
байланысы  болады.  Соның  нәтижесінде  түйсік  пен  қабылдау  арқылы 
бейнелер, адам есінде ұғым ретінде сақталады. 
Сөйтіп,  қабылдау  сатысындағы  материалда  түйсік,  ұғым  нақты-бейнелі 
ес және нақты-бейнелі ойлауы, көрініс бейнесі, тіл, т.б. үлкен рөл атқарады. 
Осы сияқты таным процесін белсендіре түсуде мұғалімнің әр түрлі әдістер-
тәсілдерді, көрнекі техникалық құралдарды пайдаланатыны белгілі.  
Таным  процесінің  келесі  сатысы  –  жаңа  материалды  жете  түсіну.  Бұл 
кезеңнің  басты  міндеті  өткен  тілдік  материалдар  мен  жаңа  тілдік 
материалдар туралы оқушыларда ғылыми түсініктер мен олардың өз бетінше 
қорытындылай  алатын  іскерліктерін  қалыптастыру.  Ойлау  құбылыстың 
мәніне  терең  бойлауға  қабілеттілікті  және  оның  себеп-салдар  байланысын 
анықтайды. 
Таным процесіне басшылық жасау үшін мұғалімнің қозғаушы күштерді 
түсінуінің  үлкен  маңызы  бар.  Ал  танымның  қозғаушы  негізі  қарама-
қайшылық  болып  саналады.  Оқыту  үдерісін  зерттеушілер  М.А.Данилов, 
М.И.Махмутов, Р.Г.Лемберг т.б. қарама-қайшылық нәтижесінде үдерістің өзі 
дамитынына,  оқушылардың  таным  белсенділігі  айқын  көрінетініне  назар 
аударған.  Оқыту  үдерісіндегі  ең  негізгі  қарама-қайшылықтар  –  танымдық 
және  практикалық  міндетттермен  оқушылардың  білім,  іскерлік,  дағды 
деңгейлерінің  және  оқушылардың  ақыл-ой  даму  арасындағы  қарама-
қайшылықтар.  Сонымен  қатар,  жекеленген  қарама-қайшылықтар  да 
кездеседі. Ол – оқу материалын баяндау логикасы оны оқушылардың игеру 
процесі аралығындағы қарама-қайшылықтар немесе теориялық білімдер мен 
іс  жүзінде  оларды  қолдану  арасындағы  қарама-қайшылықтар.  Қарама-
қайшылықтардың оқыту үдерісінің қозғаушы күштеріне айналуының негізгі 
шарты  –  олардың  оқушылардың  танымдық  мүмкіндіктері  мен  сәйкестенуі, 
яғни  бар  білімге,  іскерлікке,  дағдыға,  оқушылардың  ақыл-ой  күштерінің 
даму ережесі мен мөлшеріне сай келуі. Сол сәйкестілікті табу  – мұғалімнің 
педагогикалық шеберлігіне байланысты. 
 Пән 
мұғалімі  өз  пәнінің  негізінде  оқушылардың  жас  және 
психологиялық  ерекшеліктерін,    әр  оқушының  дара  ерекшеліктерін  ескере 
білуі керек. 
Ол  үшін  бағдарламалық  материалдардың  ішінен  аса  қажет  дегендері 
іріктеліп  алынуы  керек.  Жаңа  сабақтың  мазмұны  әрдайым  оқушының 
алдыңғы сабақтарда өтілген тілдік тақырыптармен байланыстырылуы керек. 
Әрі  оқушының  оқу  еңбегі  ұйымдастырыла  сөзжасамдық  тақырыптарды 
морфологиялық  тақырыптармен  салыстыра  отырып,  айырмашылықтарын 
анализдеуге,  синтездеуге  үйрету  керек.  Тілдік  тақырыптарды  қабылдауда 
есте   сақтау,   қайталау,  т.т.   жеткіліксіз.   Қабылдау   ойлаумен   де   тығыз  
 
 

182 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Жахина Б.Б. Сөзжасамдық тақырыптардың лингвистикалық негізін аша оқытудың ... 
 
 
байланысты.  Қабылдау  мен  түйсік  –  танымның  бірінші  баспалдағы. 
Сондықтан  олардан  тыс  ойлау  болмайды.  Себебі  ойлау  сезім  мүшелері 
арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Сондықтан ойлау процесі талдау мен 
жинақтау  тәсілдері  арқылы  жүзеге  асады.  Ал  бұлар  –  түйсік  пен 
қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ – 
ойлау  арқылы  тілдік  тақырыптардың  немесе  заттар  мен  құбылыстардың 
ерекше белгілерін даралау, өзіндік ерекше қасиеттеріне қарай бөлу. Синтез – 
ойлау арқылы тілдік тақырыптардың немесе заттар мен құбылыстардың жеке 
дара қасиеттерін жинақтай отырып, ой қорытындысын жасау.  
Тілдік тақырыптарды қабылдауда есте сақтау, қайталау, т.т. жеткіліксіз. 
Қабылдау ойлаусыз болмайды. 
Анализ  бен  синтез  –  бірімен-бірі  байланысты,  бірінсіз-бірі  болмайтын 
құбылыс.  Бұлар  бірінен-бірі  ажырамайтын  ой  үрдісінің  негізгі 
компоненттерінің бірі. 
Мысалы,  сөзжасамдық  жұрнақ  пен  сөз  түрлендіруші  жұрнақты 
салыстыру  арқылы  айырмашылықтарын  таныту,  сөз  мағынасының 
ерекшелігін танып, анализдей білуге үйрету: келін – келген, айтқыш – айтар, 
алма – барма.  
Анализ  бен синтездің  негізінде салыстыру  деп  аталатын  ой  операциясы 
пайда болады. Ойлаудың негізгі белгісі – түсіну. Түсіну үлкен ой жұмысын 
керек етеді. Тілдік тақырыптардың ішкі мән-мазмұнына түсінудің арқасында 
ғана 
оқушы 
олардың 
бір-бірімен 
байланысын, 
ұқсастығы 
мен 
айырмашылығын ұғынады, тұжырым жасайды.  
Баланың  өзіндік  ойлауын  дамыту  үшін  мынадай  жұмыс  түрлерін 
жүргізуге болады.  
1.  Нақты  бір  тілдік  тақырып  бойынша  эвристикалық,  анализ-синтез, 
индукция-дедукция 
әдістері 
арқылы 
оқушыларды 
өздігінен 
ой 
қорытындысын жасауға үйрету; 
2.  Нақты  бір  тілдік  тақырыптар  негізінде  оқушы  тілін  дамыта  отырып, 
ойлауын дамытуға үйрету; 
3.  Нақты  бір  тілдік  тақырыптар  негізінде  оқу  жұмысын  оқушының 
ойлауын дамыта алатын мол мүмкіндіктер жағдайында ұйымдастыру; 
4.  Нақты  бір  тілдік  тақырыптар  негізінде  творчестволық  жаттығулар 
бойынша  оқушылардың өз  беттерінше жасаған  ой  операцияларының  дұрыс-
бұрыстығын тексерткізу, т.т. 
Ал ойлау ұғымы жөнінде М.Жұмабаев: «Әсерлену, суреттеу, еске түсіру, 
қиял жүргізу арқылы бір затты түгелімен білеміз. Ойлау  – ұғым, хүкім һәм 
ой түзулерді жасаумен болады»,- дейді. 
Сонымен  қатар,  оқушыларды  өздігінен  ойлауға,  ой  қорытындысын 
жасауға үйретудің мәні жөнінде айта келіп, ғалым ой шығарудың 3 жолмен 
жасалатындығын  айтады,  олар:  1)дедукция,  2)индукция,  3)аналогия.  Әрі 
әрқайсысына анықтама беріп, жеке-жеке тоқталады. Жалпы ойдан жалқы бір 
ой шығару «дедукция» деп аталатындығын, оның «силлогизм» деген бір  
 
 

183 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
  Жахина Б.Б. Сөзжасамдық тақырыптардың лингвистикалық негізін аша оқытудың ... 
 
 
түрі  екі хүкімнен жаңа бір  хүкім жасау  екендігін айтады.  Педагог:  «Ойдың 
дербес  көріністерден  жалпы  көріністерге  көшуі,  екінші  түрде  айтқанда, 
жалқы  ойдан  жалпы  ой  шығару  индукция  деп  аталады»,  -  дейді  [6.42]. 
Сонымен  қатар,  ойлау  жанның  өте  бір  қиын  ісі  дегенді  айтады.  Сондықтан 
қазақ 
тілінің 
сөзжасамын 
оқытуда 
сөзжасамдық 
тақырыптардың 
лингвистикалық  негізін  ашатындай  шығармашылық  тапсырмалар  енгізген 
жөн. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. -Алматы: 1962.   
2.
 
Сытдиқов Ә., Сабыров Т. Жаңа типті мектепте оқу процесі мен  оқыту әдісі жайында. -Алматы: 
1961. 
3.
 
Алдамұратов Ә. Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы. -Алматы: 1983.   
4.
 
Маркова А.К. Психологические критерии эффективности учебного процесса. –Вопросы психологии, 
1964.   
5.
 
Тәжібаев Т. Психология и педагогическая психология К.Д.Ушинского. -Алматы: 1948.   
6.
 
Жұмабаев М. Педагогика. -Алматы: Ана тілі, 1992.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

184 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
К.С.ҚҰРМАНБАЙ  
педагогика ғылымдарының кандидаты 
Қазақстан-Британ техникалық университетінің ассоциативтік профессоры  
 
БІЛІМ МАЗМҰНЫНА ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ МҰРАНЫ  
ЕНГІЗУДІҢ ПРИНЦИПТЕРІ 
 
В  данной  статье  рассматривается  вопрос  о  включении  принципов  национального  культурного 
наследия в содержание образования. 
 
This article  dwells  on  the  issue  of  entering  the  principles  of national  cultural  heritage  into  the  educational 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет