Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет44/47
Дата12.02.2017
өлшемі3,7 Mb.
#3948
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47

crime by harm. 
 
Заң тарихына, оның ішінде қылмыстық заң тарихына көз жүгіртсек, онда 
адамдардың  арасында  меншік  бөлінісі  пайда  болған  кезден  бастап 
қылмыстылықтың  пайда  бола  бастағанын  аңғаруға  болады.  Ал  өз 
пайымдауымыз  бойынша  қылмыстылық  және  оның  бір  көрінісі  ретінде 
бағаланатын  қылмыс  жасаған  адамға  зардап  келтіру  немесе  кісі  өлтіргені 
үшін  кек  алу  өз  тарихын  ертеректен,  дәлірек  айтқанда  алғашқы  қауымдық 
құрылыс  заманынан  алатын  тәрізді.  Ол  замандарда  ру-тайпа  мүшесін 
өлтірген  немесе  оған  басқадай  зардап  келтірген  өзге  ру-тайпаның  адамын 
өлтіру  немесе  денсаулығына  зардап  келтіру  қылмыс  деп  бағаланбаған, 
керісінше  сол  қоғамның  мүддесін  көздейтін,  әдет-ғұрып  құқығымен 
міндеттелетін пайдалы әрекеттер түрінде саналған. 
Бұл пайымдаудың дұрыс екендігін осы заманғы кейбір ұлттардың әдет- 
ғұрыпына  негізделетін  дәстүрлерінен  де  байқауға  болады.  Қазіргі  заманғы 
құқықтық  нормалардың  түбірінде  ескі  әдет-ғұрып  құқығының  ережелері 
кездесетіндігі  тәрізді,  осы  заманғы  кейбір  Азия,  Кавказ  сияқты  елдер 
халықтарының  да  қазіргі  дәстүрлерінде  ескі  заманғы  әдет-ғұрыптардың 
қазіргі  кезде  қошталмайтын,  тіпті  қоғамға  қауіпті  деп  саналатын  түрлері 
кездеседі.  Демек,  ескі  әдет-ғұрыптардың  кейбіреулері  пайдалы  болуына 
байланысты  қазіргі  құқық  нормаларында  кездессе,  ал  қазіргі  бағалаумен 
қауіпті,  зиянды  деп  саналған  әдет-ғұрып  нормаларының  ережелері  заңда 
қылмыс  ретінде  белгіленген.  Бұл  турасында  қазақ  халықының  әдет-ғұрып 
құқығының ережелері де қылмыскерге қатысты жәбірленушінің өзінше билік 
ету  әрекеттерін  кек  алу,  қылмыскерді  өзі  соттау,  мал  барымталау,  т.б 
түрлерінде  белгілеп,  жазаға  тартылмайтын  әрекеттер  қатарына  жатқызған. 
Сол сияқты қылмыскерді ұстау кезінде оған зиян келтіру өзге халықтардың 
заңдарындағыдай  немесе  тіпті  1998  жылға  дейін  қолданылып  келген 
Қазақстан  Республикасының  қылмыстық  заңындағыдай  қажетті  қорғану 
ережелері  шеңберінде  реттелген.  Мысалы  1824  жылғы  қазақ  әдет-ғұрып 
ережелерінің  жинағында  «Егер  кімде-кім  қорғана  отырып  біреуді  өлтірсе, 
онда  қорғанушыда  куәлар  болғанда  құнның  жартысын  төлейді,  ал 
қорғанушының куә адамдары болмағанда құнды толық көлемде төлейді» деп 
белгіленген  [1].  Жалпы  қазақ  әдет-ғұрыпында  XVIII  және  XIX  ғасырдың 
бірінші  жартысына  дейін  қажетті  қорғану  жеке  институт  ретінде  белгілі  
бола    қоймаған.    Бұл  кезеңдерге  дейін  қажетті  қорғану  ережесінің  өзі   
жәбірленуші   жақтың  қанды   кек  немесе  жеке  кек  алу  ережелерінің  
 
 

348 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 Мұратқызы  А. Қылмыс жасаған адамдарға зиян келтіру арқылы ұстау мәселесінің тарихи-...  
 
 
шеңберінде қарастырылған, һәм реттелген. Бұл пайымдау дұрыс болу керек, 
себебі  В.Сергиеевич  айтқандай,  «ерте  уақыттарда  қанды  кекті  қайтару 
ерекше құқықтық институт ретінде қолданылып тұрғанда, мұндай институт 
дәрежесінде  қажетті  қорғанудың  да  өмір  сүруінің  мүмкіндігі  жоқ.  Кек 
қайтару  ол  уақыттарда  кең  ұғым  ретінде  қолданылды,  ол  өз  құрамына 
қажетті  қорғануды  да  қамтыды».  Сондықтан  қазақ  халқында  мұндай 
құқықтық  сана  өмір  сүріп  тұрғанда  қылмыскерді  ұстау,  оның  денсаулығы 
мен  өміріне  мәжбүрлі  зардаптар  келтіре  отырып  ұстаудың  құқыққа  сай 
немесе құқыққа қайшы жағдайлары арнайы қарастырылмады, реттелмеді.            
Құқықтық  мәселенің  тарихына  тоқталу,  ол  қашанда  қазiргi  заманғы 
заңдарда  бұрынғы  уақыттарда  қолданылған  заң  ережелерінің  қаншалықты 
қолданылып отырғанын анықтаумен ғана шектелетін мәселе емес, сондай-ақ 
заң  ережелерінің  тарихта  кеткен  кемшіліктерін,  қазіргі  заманға  сәйкес 
келетін  ережелерін  анықтауды  мақсат  тұта  алады.  Өйткені  тарих  қашанда 
өткен уақыт, оған барлық жағдайда сүйенбей, тек өткеннің кемшіліктерімен, 
қателіктерін қайталамауды үйрену керек және соның негізінде қазіргі немесе 
болашақта қолдануға жарамды құқық нормаларын ұсынуға тырысу қажет. 
Ғалымдардың  көпшiлiгi  қылмыс  жасаған  адамдарды  ұстау  кезiнде  зиян 
келтiру  құқықтары  сонау  ежелгі  орыс  ғалымы    Ветхом  Заветте  келтірілген 
«қанды  кек»  дәстүрiнен  бастау  алады,  «көзге  көз,  тiске  тiс»  деген  нақыл 
содан қалған деп тұжырымдайды. Бұл дәстүр тайпалық дәуiрдегi қатынаста 
қалыптасқан,  мұнда  кiсi  өлiмi,  жаралау  сияқты  ауыр  ренiштерi  үшiн  адам 
өмiрiн  қиятын  болған.  Ру-тайпалық  қоғам  үстемдiк  құрып  тұрған  дәуiрде 
қанды  кек  дәстүрi  адамдарды  руға  бiрiктiруші  себептердің  бірі  болды,  ол 
бірігіп  өмір  сүрудің  артықшылықтарын  үнемі  көрсетіп,    туыстас,  тайпалас 
адамдарды  міндетті  түрде  бiр-бiрiне  көмектесу  салтын  дүниеге  әкелді  және  
әрқайсысының  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етiп,  мүмкiндiгi  болса,  бөтен  ру-
тайпа адамының келтiрген ренiшi үшiн бiрiгiп кек алуды көздеді. 
Қанды  кек  дәстүрi  қажеттi  қорғану  құқығының  пайда  болуының  басты 
себебі    деген  көзқарас  та  кездеседi.  Кейбір  зерттеушілер  «қажеттi  қорғану 
және  ұстау  кезiнде  зиян  келтiру  құқықтары  осы  қанды  кек  дәстүрінен  
шыққан  және  қылмыстық  құқық  институтында  осы  себептен  де  туыс 
мағыналы  болып  табылады»  деген  пікір  келтіреді  [2].  Бұл  мәселе  туралы  
керiсiнше  пікір  келтіретін  авторлар  да  кездеседі.  Олар  «қанды  кек  пен 
қажеттi  қорғанудың  арасында  ешқандай  байланыс  жоқ,  өйткені  қажеттi 
қорғанудың  зардапқа  қатысты  бiр  белгiсi-қоғамға  қауiптi  әрекет  басталып, 
бiрақ әлi аяқталмағандығын білдіретін оның нақтылығы болып табылады деп 
жазады.  Осы  себептен  қастандық  әрекет  аяқталғаннан  кейінгі  қорғану 
құқыққа  сай  болып  табылмайды.  Қанды  кек  дәстүрі  мазмұнынан  шығатын 
болсақ,  әр  түрлi  дәрежедегi  зардаптарды  келтіру,  тiптi  өлтіру  құқығы 
құқыққа  қайшы  іс-әрекеттер  жасалғаннан  кейiн,  яғни  ренішті  адам  немесе 
оның  туысы  (өлген  жағдайда)   кек   қайтарар  алдында   белгілі-бір   уақыт  
 
 
 

349 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 Мұратқызы  А. Қылмыс жасаған адамдарға зиян келтіру арқылы ұстау мәселесінің тарихи-...  
 
 
аралығы өту керек және  кекті туындатқан әрекет қандай болса, дәл сондай 
түрде  кек  қайтару  әрекеті  жасалған.  Осындай  әрекеттер  қылмысты  әрекет 
жасаған  адамды  ұстау  кезiнде  мәжбүрлi  зиян  келтіру  әрекеті  болып 
есептелген.  Мәжбүрленушiнiң  туыстары  мұндай  әрекеттi  жасау  үшiн  басқа 
тайпа  өкiлдерiнiң  құқыққа  қарсы  әрекетi  болуы  керек.  Әрине, 
жәбірленушінің туыстары осындай әрекеттерді өзге тайпаның өкілі құқыққа 
қайшы  әрекет  жасағаннан  кейін  ғана  орындай  алады.  Соған  сәйкес,  кек 
қайтаруға  негіз  болған  әрекет  жасаған  айыпты  адам  ұстап  алынғанда  ғана 
кек  қайтару,  оны  ұстау  немесе  қамауда  ұстап  отыру  мүмкін  болған  және  
«үкiмдi орындау» өздеріне ыңғайлы жерде өткен» дейді. 
Біздің  ойымызша  бұл  екі  бағыттағы  пікірлер  аса  сенімді  емес,  себебі 
қылмыс  жасаған  адамды  ұстау  әрекетіне  және  ұстау  мақсаттарына  кек 
қайтару  әдет-ғұрыпы  барлық  белгілері  бойынша  сәйкес  келе  бермейді.  Тек 
қылмыскерді  ұстау  туралы  мәселе  қозғап,  оның  шығу  негіздерін  және 
тарихын іздегенде біз қылмыс жасаған адамды ұстауға ұқсас кек қайтарумен 
байланыстырып  жүрміз.  Бұл  біріншіден,  екіншіден  қазіргі  кезде  бұл  екі 
жағдайдың  әлеуметтік  және  құқықтық  бағыттары  бір-біріне  қарама-  қарсы 
бағытта, яғни қылмыс жасаған адамды ұстау – әлеуметтік тұрғыдан пайдалы, 
ал  құқықтық  тұрғыдан  келгенде  іс-әрекеттің  қоғамға  қауіптілігін  жоятын 
немесе кінәні жеңілдететін жағдай ретінде бағаланса, ал қанды кекті қайтару 
әлеуметтік-құқықтық  тұрғылырдан  зиянды  құбылыс  деп  танылып,  қылмыс 
қатарына  жатқызылған.  Үшіншіден,  басқа  адамға  зиян  келтіргені  немесе 
адам  өлтіргені  үшін  кек  қайтаруда  барлық  кезде  кек  тудырған  адамның  өз 
басына зиян келтіріліп ғана қоймайды, сонымен бірге сол ру-тайпаның басқа 
кез келген мүшесіне зақым келтіру немесе бүкіл тайпаға қарсы шапқындық 
әрекеттер жасау да орын ала алған. Демек, кек қайтару дәстүрі мен қылмыс 
жасаған адамды ұстау оқиғаларының ұқсас болып табылатын белгілері «кек 
қайтару  үшін  алдымен  адамды  ұстау  қажеттілігі»  және  «қылмыскерді 
ұстаудың  да,  кек  қайтарудың  да  адамға  зиян  келтіру  арқылы 
орындалатындығы»  бойынша  ғана  байланыстырылып  жүр.  Ал  қалған 
белгілері  бойынша  бұл  қарастырып  отырған  мәселелер  бір-бірімен  мүлдем 
үйлеспейді.   
Қылмыс  жасаған  адамдарды  ұстау  кезiнде  зиян  келтiру  мәжбүрлi  шара 
және қылмыс жасалар алдында, жасалу кезінде немесе қылмыс жасалғаннан 
кейін  қажетті  амал  ретінде  қолданылады,  сондай-ақ  қылмыс  жасаған 
адамдарды өкiмет органдарына тапсыру үшiн қажетті шара түрін білдіреді. 
Қылмыс жасаған адамдарға зиян келтіру ежелгі Рим құқығы бойынша іс-
әрекеттің қылмыстылығын жоятын жағдай ретінде қарастырылған. Бұл заңда 
мұндай  жағдайда  зиян  келтіру  құқығы  тек  жеке  меншікті  қорғау  үшін  ғана 
берілген.  Түнде  ұрлық  жасаған  адамды  ұстау,  оған  зиян  келтіру  туралы 
«Егер түнгі уақытта ұрлық жасаған адам өлтірілсе, онда адам өлтіру әрекеті 
құқыққа сай деп танылсын» делінген.  
 
 
 

350 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 Мұратқызы  А. Қылмыс жасаған адамдарға зиян келтіру арқылы ұстау мәселесінің тарихи-...  
 
 
Ежелгі герман құқығында қылмыс жасаған адамдарға зиян келтіру қанды 
кекті  қайтару  дәстүріне  негізделген.  Бұл  құқық  түрінде  қандас  туысқандар 
өлген  туысы  үшін  кек  қайтаруға  міндетті  болған,  ал  фриз  заңы  бойынша 
ұрлық  жасағандығы  үшін  де  кек  алға  мүмкіншілік  берілген.  Демек,  сол 
уақыттардың  өзінде-ақ  қылмыс  жасаған  адамдарды  ұстау  туралы 
қылмыстық-құқықтық институттың жекелеген белгілерін байқауға болады.  
Қылмыс жасаған адамдарға зиян келтіру әрекеттері туралы  VII және XI 
ғасырлардың  басына  дейін  өмір  сүрген,  орта  ғасырлық  Англосаксон 
құқығынан  да  кездестіруге  болады.  Король  Инэ  (688-695)  заңының  9 
бабында  «егер  біреу  кінәліні  күш  қолдана  отырып  ұстамақшы  болса, 
алдымен  әділсоттың  қолданылуын  талап  етсін  және  кінәлі  алған  заттарын 
қайтарсын,  сонымен  бірге  30  шиллинг  айыппұл  төлесін»  деген  ереже 
кездеседі. 
Қылмыс жасаған адамдарға зиян келтiру туралы мәселені реттеуді ежелгi 
орыс  құқығы  болып  саналатын,  қылмыстық  және  қылмыстық  іс  жүргізу 
құқықтары сияқты әр түрлі салалық құқық нормаларынан тұратын «Русская 
Правда»  заңынан  да  кездестіруге  болады.  Бұл  заңның  бір  бабында  қора 
ішінде,  аттың  қасында  немесе  өзге  мүліктің  қасында  ұсталған  ұрыға  зиян 
келтірудің жазаға тартылмайтын әрекет екендігі айтылады. Бұл жерде орыс 
заңының  ұрыға  зиян  келтіру  ретінде  қажетті  қорғану  немесе  қылмыскерді 
ұстау немесе кек алу туралы ма қайсысын айтып отырғаны белгісіз.  
Русская  Правданың  38-бабында  түнгі  мезгілде  ұсталған  ұрыны  ұрлық 
жасаған жерінде өлтіруге құқық берілген, сонымен қатар күндiз, жарық кезде 
ұсталған  ұрыны  өлтiруге,  ұсталып  байланған,  яғни  зиян  келтіруге, 
жасырынуға  мүмкiндiгi  жоқ  ұрыны  өлтіруге  тиым  салып  отырғанын 
байқауға болады.  
Русская  Правданың  40-бабында  ұсталған  ұрыны,  байланған  немесе 
жасырынуға мүмкiндiгi жоқ ұрыны князьдiң алдына сотқа және жазаға алып 
келу  міндеттілігі  келтіріледі.  Сонымен  қатар,  40-бапта  ұрыны  «қажетсіз» 
өлтiргенi үшiн жауапкершiлiк айыбын (виры в 12 гривен) төлеу белгiленген. 
Сонымен  бірге  Русская  Правдада  ұсталған  ұрыны  өлтіруді  «қажетсiз  кiсi 
өлтiру»  ретінде  қарастыра  отырып,  «жеңiлдетiлген  жағдайда»  қарайды, 
өйткені осы заңның 19 бабымен салыстырғанда, бұл бапта ерікті, қарапайым 
адамды өлтiргенi үшiн 40 гривен көлемiнде айыппұл белгіленген [3]. 
ХV  ғасырдың  аяғында  бiрыңғай  орталықтанған  орыс  мемлекеттерiнiң 
қалыптасу  процессi  аяқталды.  Барлық  өкiмет  қызметтері,  оның  iшiнде  сот 
қызметі  де  патшаның  қол  астына  берілді.  Бұл  процесс  бірнеше  құқықтық 
және  әкiмшiлiк  реформалармен  қатар  жүргізілдi.  Сол  замандағы  құқық 
саласындағы  ең  маңызды  оқиға,  алғашқы  жалпы  орыс  заңдарының  жинағы 
1497  жылғы  судебниктiң  пайда  болуы  еді.  Судебниктiң  көптеген  баптары 
феодалдық  меншiктi  қорғау  мақсатындағы  ұрлыққа  қарсы  күрестi 
ұйымдастыруға  арналды.  Мұнда ұрлық iстеген адамға жаза, сонымен қатар  
 
 
 

351 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 Мұратқызы  А. Қылмыс жасаған адамдарға зиян келтіру арқылы ұстау мәселесінің тарихи-...  
 
 
қылмыскерді әшкерелеу тәртібі белгіленді, бiрақ ұрыны ұстау шараларының 
сипаты,  күш қолдану жағдайы қарастырылмады. Алайда, 1497 ж. судебник 
алдағы  уақыттардағы  феодалдық  қылмыстық  заңдардың  дамуының  негiзгi 
бағытын  анықтап бердi. 
Қылмыс  жасаған  адамдарды  ұстау  кезiнде  зиян  келтiру  туралы  ережені 
1715  жылы  жарияланған  1  Петрдiң  Әскери  Артикулынан  кездестіруге 
болады.  Көптеген  зерттеушiлердiң  ойынша,  бұл  заң  «жалпы  сипаттағы 
көптеген  ережелерден  тұратын  анық  жасалған  қылмыстық  заң»  болып 
табылады. 
Воинский 
Артикул 
қылмыстық 
құқықтың 
көптеген 
институттарының  мағынасын  анықтау  мәселесіне  қатысты  бір  қатар  елеулі 
қадамдар  жасағанмен,  бірақ  бұған  дейінгі  Судебниктермен  және  Соборное 
Уложениямен  салыстырғанда      қылмыс  жасаған  адамдарды  ұстау  кезiнде 
зиян  келтiру  туралы  мәселелер  шешілмеді,  ал  қылмыскерді  ұстау  кезiнде 
зиян  келтіру  туралы  ереже  қажеттi  қорғану  ережелерiне  сәйкес  шешілдi. 
Мысалы,  Артикулдың  ХIX  тарауы  2  бөлімінің  157  бабындағы  «Кiсi  өлтiру 
туралы»  деп  аталатын  ережеде,  шабуыл  жасаған  адамды  ұстау  кезiнде 
өлтiру,  қажеттi  қорғану  ережелерi  бойынша  шешілген,    мұндай  ережеден 
қажетті қорғану жағдайында жасалған әрекеттің қылмыс жасалғаннан кейiн 
қылмыскердi  ұстауға  бағытталған  әрекетке  ауысуы  байқалады  [4].  Бүгінгі 
күнгі  түсінікпен  айтсақ  бұл  ережеде  шын  мәнінде  қажетті  қорғану  емес, 
қылмыскердi ұстауға бағытталған шаралар шегiнен шығу және қылмыскерді 
ұстау  кезінде  шектен  тыс,  қажет  емес  зардаптар  келтіру  туралы 
қарастырылып отырған тәрізді. 
Қылмыс  жасаған  адамдарды    ұстау  кезiнде  зиян  келтiру  туралы  iлiмнiң 
дамуына  елеулi  үлес  қосқан  еңбектердiң  бiрi  –  1845  жылғы  «Уложения  о 
наказаниях  уголовных  и  исправительных»  деген  атаумен  жарияланған  заң.  
Осы  Уложенияның  3  тарауының  2  бөліміндегі  98-109  баптары  Ресей 
қылмыстық  заңдарында  алғаш  рет  қылмыс  жасаған  адамдардың  кiнәсiн 
жоятын  мән-жайлардың толық тiзiмiн келтірдi. Сондай мән-жайлардың бiрi 
Уложенияның  107-109  баптарында  қарастырылған  қажеттi  қорғану  болып 
табылады.  Әсiресе,  107  баптың    «Сондай-ақ  ұрлық  жасаған  немесе  мүлікті 
бүлдірген қылмыскер ұстау кезінде күш қолданып қарсылық көрсетсе немесе 
басталған ұрлығын тоқтатуға келіспесе қажетті қорғану қолданылады». Бірақ 
мынандай жалпы ережелер сақталуы керек: 
Жоғарыда  келтірілген  жағдайлардың  кез  келгенінде  қорғанушы  барлық 
жағдайлар туралы  және өзінің қажетті қорғануының салдары туралы дереу 
көрші тұрғындарға және жақын арадағы басшыларға хабарлауы керек
Шабуылдаушыдан  төніп  тұрған  қауіп  басылғаннан  кейін  керексіз, 
қажетсіз келтірілген зардаптар  қажетті қорғануға теріс деп бағаланады.  
Бұл  жерде  заң  шығарушы  қажетті  зардаптар  келтіре  отырып 
қылмыскердi    ұстауға  байланысты  жағдайды  қарастырып  отырғанын 
көреміз.  Сонымен  қатар  қылмыс  жасаған  адамдарды  ұстау  кезiнде  зиян 
келтiру  іс-әрекеттің  қылмыстылығын  жоятын  жағдайдың  жеке  түрі емес,  
 
 

352 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 Мұратқызы  А. Қылмыс жасаған адамдарға зиян келтіру арқылы ұстау мәселесінің тарихи-...  
 
 
оны  қажеттi  қорғану  шеңберінде  реттегенін  байқауға  болады.  Бұл  заң  1866 
және 1885 жылдары екi рет өзгертілгенімен, бiрақ қылмыскердi ұстау кезінде 
зиян  келтiруге  байланысты  әрекеттердiң  құқықтық  жағдайына  ешқандай 
өзгерiс әкелген жоқ. 
Қылмыс  жасаған  адамдарға  зиян  келтіре  отырып  ұстау  ережелері  1903 
жылғы  Уголовное  Уложениеде  іс-әрекеттің    қылмыстылығын  жоятын  мән-
жайлар ретінде келтірілген жоқ. 
Сол  уақыттарда  ХIX  ғасырдың  аяғында  XX  ғасырдың  басында 
қылмыстық  құқық  ғылымында,  қылмыс  жасаған  адамдарды  ұстау  кезiнде 
зиян келтiру мәселесіне көңiл бөліне бастады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Булгакова Д.А., Исатаева А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы.Оқу құралы. -Алматы: 
2004. 
2.
 
Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси – құқықтық тарихы. -Алматы: «Ғылым» 2000. 
3.
 
Сапаргалиев Г. Основы государства и права Казахстана. -Алматы: «Атамұра» 2003. 
4.
 
Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. -Алматы: 2003.  

353 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
Н.Т.САДЫҚОВ  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕРГЕ МЕНШІК ИЕЛЕРІНІҢ 
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
 
В  этой  статье  рассматриваются  права  и  обязанности  владельцев  собственных  земель  в 
рыночных условиях. 
 
This article deals with rights and duties of land owners in the market conditions.   
 
Жер  учаскелеріне  меншік  құқығымен  байланысты  азаматтық-құқықтық 
қатынастары сол Заңға қайшы келмейтін азаматтық заңмен реттелетіндіктен, 
жер  туралы  заңды  ескере  отырып,  жерге  меншік  құқығын  жүзеге  асыру 
жолдарын  қарастырудың  қажеттілігі  бар,  өйткені  оның  өзі  нарықтық 
қатынастың қарқынды дамуымен тікелей байланысты. 
Жер  кодексі  меншік  иесінің  жер  учаскесіне  иелену,  пайдалану  және 
билік  ету  құқығын  ешқандай  мемлекет  ұйымдарының  рұқсатынсыз  өз 
қалауы бойынша жүзеге асырады, егер де сол Заң бойынша және өзге де заң 
актілерімен басқадай көрсетілмеген болса. 
Одан  әрі  Жер  кодексі  мынаны  айқындайды,  меншік  иесі  өзінің  жер 
учаскесіне қатысты кез келген мәмілені жүргізе алады, атап  айтсақ, келісім 
бағамен  сатуға,  шаруашылық  серіктестіктің  жарғылық  капиталына  жарна 
төлем  ретінде  ұсынуға,  кепілдікке  беруге,  сыйлауға  және  жер  учаскесін 
өсиет  арқылы  қалдыруға  құқылы.  Сондай-ақ  жер  учаскесінің  меншік  иесі 
жер  учаскесін  уақытша  пайдалану  туралы  шарт  негізінде  уақытша 
пайдалануға бере алады. 
Атап  өтетін  мәселе,  жоғарыда  көрсетілген  меншік  құқығын  іске  асыру 
нысанының  тізімін  түпкілікті  және  толық  деп,  енді  оны  азаматтық  заңға 
сәйкес кеңейтуге болмайды деген ұғым тумау керек. Алайда бұл жерде (жер 
учаскесіне қатысты) өте маңызды мәселелер көтеріліп отыр, біз оны төменде 
қарастырамыз. 
Жер учаскелерін сатып алу-сату шарты. 
Атап өтетін мәселе, жер туралы заңдарда жер учаскелерін сатып алу-сату 
тәртібін  реттейтін  құқықтық  актінің  арнайы  көрсетілмеуі  кейбір  құқықтық 
ыңғайсыздыққа әкеліп соқтыруы мүмкін. Бүгінгі таңда біздің мемлекетімізде 
тек  қана  мемлекеттік  меншіктегі  жер  учаскелерін  сатып  алу-сату  тәртібі 
реттелген [1]. Осыған байланысты, жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен 
ақшаға сату мәселесі бұл мақалада жұмыста қарастырылмайды. 
Сатып  алу-сату  туралы  жалпы  ережесі  Азаматтық  кодекстің  25-ші 
тарауында  көрсетілген, онда шарттың мәні айқындалады, яғни ол бойынша 
сатушы  мүлікті  (тауарды)  екінші  тараптың(сатып  алушының)  меншігіне, 
шаруашылық  жүргізуіне  немесе  жедел  басқаруына  беруге  міндеттенеді,  ал 
сатып  алушы  бұл  мүлікті  (тауарды)  қабылдауға  және  ол  үшін  белгілі  бір 
ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндеттенеді. Жылжымайтын мүлікті сатып 
алу-сатуды реттейтін  Азаматтық  кодексте  жеке  ереже  жоқ,  ал  жер  
 
 
 

354 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Садықов Н.Т. Нарық жағдайында жерге меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері  
 
 
учаскесі  туралы  тіпті  де  қарастырылмаған,  осыған  байланысты  бұндай 
шарттар сатып алу-сату шартының  жалпы ережелеріне сүйеніп жасалады.   
Жер учаскесін сату шартының элементтері [2]. 
Шарттың екі жағы болып сатушы мен сатып алушы танылады. Сатушы 
ретінде тікелей жер учаскесіне меншік иесі (азамат немесе мемлекеттік емес 
заңды тұлға)  ол тікелей өзі не өзінің өкілі арқылы әрекет жасайды. 
Жерге  меншік  құқығын  міндетті  түрде  мемлекеттік  тіркеуден 
өткізілетіндіктен    меншік  иесінің  жерге  құқықтылық  өкілдігі  мемлекеттік 
тіркеу ұйымы берген «титулмен», яғни куәлікпен дәлелденеді. 
Шарт жасау барысында сатып алушы меншік иесінің құқықтық өкілдігін 
тіркеуші ұйым берген анықтама мазмұны арқылы сатылатын жылжымайтын 
мүлікті анықтауға мүмкіндігі бар. 
Жер учаскесі тек қана жалғыз тұлғаның жеке меншігінде болмай, жалпы 
ортақ меншікте болуы мүмкін (бірлескен және үлес түрінде). 
Жер  учаскесіне  ортақ  бірлескен  меншік  түрі  жұбайлардың  ортақ 
бірлескен меншігі түрде көрініс табуы мүмкін. 
Жер  учаскесі  жұбайлардың  ортақ  меншігінде  болған  жағдайда,  жер 
учаскесімен  мәміле  жүргізу  үшін,  сатушы  ретінде  біреуі  ғана  жүретінін 
ескерсек,  екіншісінің  нотариалдық жолмен  куәландырылған   келісімі қажет 
[3]. 
Ортақ  меншік жер учаскесін бөлу мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ, 
меншік  иелерінің  өз  иелігіндегі  жер  учаскелерін  бір  учаскеге  ерікті  түрде 
біріктіру  жағдайы  да  болуы  мүмкін.  Сондықтан  ортақ  үлестік  меншік 
жағдайында жер учаскесін (үлесін) сатып алу-сату кезінде мына мәселелерді 
ескеру қажет. 
- барлық жер учаскесінің сатылуы
- жер учаскесінің үлес бөлігінің сатылуы. 
Сонымен,  АК  212-ші  бабының  1-ші  тармағына  сәйкес,  үлестік 
меншіктегі  мүлікке  билік  ету  (сату  т.б.)  үшін,  үлестік  меншік  иелерінің 
барлығының  келісімі  қажет.  Жер  кодексі  сондай-ақ,  мынаны  айқындайды, 
яғни,  ортақ  үлестік  меншік  болып  табылатын  жер  учаскесін  иелену, 
пайдалану  және  билік  ету  барлық  ортақ  үлес  меншігі  мүшелерінің 
келісімімен жүреді, ондай келісім болмаған жағдайда, сот белгіленген тәртіп 
бойынша  шешіледі.  Ортақ  үлестік  меншіктегі  үлеске  билік  ету  азаматтық 
заңмен,  сондай-ақ,  жер  туралы  заңмен  реттеледі.  Азаматтық  кодекстің  212-
ші  бабының  2-ші  тармағында  былай  делінген,  әрбір  үлестік  меншікке 
қатысушы  өз  тарапынан,  өз  қалауынша  сатуға,  сыйлауға,  өсиет  етіп 
қалдыруға,  өз  үлесін  кепілдікке    беруге,  оған  өз  қалауынша    сәйкес  билік 
етуге құқылы.  
Үлесті  меншік  құқығындағы  үлесті  бөгде  тұлғаларға    сату  кезінде 
сатылатын  үлес  оның  сатылатын  бағасы  бойынша  үлесті  меншіктің  қалған 
қатысушылары сатып алуға басым құқығы болады. 
 
 
 

355 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет