299
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
ӨНЕРТАНУ
Е.ИСАТАЕВ
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доцент м.а
ҚР мәдениет қайраткері
«АБАЙ-ТОҒЖАН» – ЖАҢА СИПАТТАҒЫ ТУЫНДЫ
В статье рассматривается поэтическая драма известного поэта И.Сапарбая «Абай-Тоғжан»,
созданная в новой интерпретации.
This article deals with “Abai-Togzhan” poetical drama of the famous poet I.Saparbai, created in the
new interpretation.
Қазақтың белгілі ақыны «Тарлан» сыйлығының иегері Исрайл Сапарбай
тек ақындықпен шектеліп қана қоймай, өнер ауылының публицисі ретінде
журналистика саласында өткір-өткір проблемалық мақалалар жазып, шетел
әдебиетінің інжу-маржандарын тәпсірлеу арқылы аудармашы ретінде, қазіргі
күні тежеліңкіреп қалған драма жанрында да ондаған пьеса жазып,
драматург ретінде танылып, өзінің жан-жақты дарын иесі екенін дәлелдеп
берді. И.Сапарбайдың «Абай – Тоғжан» поэтикалық драмасына тоқталсақ,
ақынның сан қырлылығының бір қырының мазмұн-мәнін толығымен байқай
аламыз. Әрине, қазақтың дара тұлғасы, хакім Абайға өлең арнамаған ақын
кемде-кем. И.Сапарбай Абайға өлең арнап қойғандардың бірі ғана емес
қазақ әдебиетінің алыбы, классик жазушы Мұхтар Әуезовті оқи отырып,
одан үйрене отырып, одан оқыған-тоқығанының нәтижесін байқату үшін
батыл қадам жасап Абай – Тоғжан тақырыбына қалам сілтейді. Әрине Абай
тақырыбына қалам сілтеу жауапкершілікті, біліктілікті, іздемпаздықты қажет
етеді, себебі автордың алдында биік шың, көшбасшы Мұхтар Әуезов тұр, тек
соған қарап бой түзеуің керек, қателеспеуің керек. Танымал ақынның ұзақ
жылғы ізденісінен кейін күрделі тақырыпқа талпыныс жасауын құптаймыз,
егер өзіміз оқыған ғылыми зерттеу еңбекте айтылғандай: «Ахтановтың
«Ант» пьесасының объектісі, идеясы, кейіпкерлері, деректері Есенберлиннің
«Жанталас» романымен ортақ, демек, бір тақырып. Мұндай сәйкестік
әдебиет тарихында кезікпейтін жай емес. М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясын
жазу үстінде Абай өмірінен пьеса, либретто, сценарий жазды емес пе...
Тақырып пен идея сәйкес келе отырып, екі жазушы екі жанрдың ерекшелігі
мен мүмкіндігіне сүйеніп түрлі шеберлік танытуы сөзсіз. Характер мен
конфликтіні де сезіну, қабылдау, оны трактовка жасау түрліше болып, негізгі
геройының образы тереңдеп толыға түседі. Бұл бір мүсінді бірнеше
шебердің бірінен бірі асыра, жетілдіре түсуімен тең. Одан әдебиет пен өнер
ұтады.
Тарихи шындықты көркемдік шындыққа айналдыруда көзқарас та әр
басқа болуы әбден орынды. Мұндайда жалпы өнер атаулының шарттылыққа
құрылатынын есте ұстауымыз керек [1].
300
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Исатаев Е. « Абай-Тоғжан» – жаңа сипаттағы туынды
И.Сапарбайдың «Абай – Тоғжан» поэтикалық драмасында кейіпкерлер
құрамы төмендегіше берілген:
Абай – бозбала шағы; Елес – Абай; Тоғжан – 14-15 жаста; Құнанбай
Абайдың әкесі; Зере – Абайдың әжесі; Ділдә – Абайдың қалыңдығы; Ербол –
Абайдың досы; Сүйіндік – Тоғжанның әкесі; Асылбек, Әділбек, Қарашаш,
Қарабас; Керімбала, қыз-келіншектер...
Драманың бірінші көрінісінен бастап И.Сапарбай қазақтың ауыз
әдебиетін терең меңгерген, асқан шеберлікпен «Абай жолы» эпопеясында
пайдаланған ғажап суреткерлік танытқан М.Әуезовтің шеберлігін үлгі
еткені, басты ұстанымы еткені аңғарылады:
Бірінші көрініс
Үй іші. Төрде – Зере. Жанында Ұлжан, Абай. Кіріп-шығып жүргендер.
Абай: (Әжесіне еркелеп):
Е-е, бұлдыр-бұлдыр күн өткен,
Бұрынғыда кім өткен?..
Ертелі-кеш Сіз айтқан
Ертегіні сағындым, Әже.
Зере: –Абайжан-ау,
Барған, көрген,
Алған, берген –
Ауыл-үйдің әңгімесі емес пе?.. (күрсініп)
Біз не білдік, не көрдік?
Өндік, өстік, көгердік,
Көгердік те көнердік,
Көнердік те ескірдік.
Ендігі заманның еркі де,
Көркі де – мына өздерің.
Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра – деген.
Көкірегіңді босат, көргеніңді ағыт,
Көңілің соқса, кешегі әңгімеңді жалғастыр, жаным?
Абай: – Әуелі Сізді тыңдап алсақ деп едік те, Әже?
Зере: – Сен толдың
Мен болдым, қарағым.
Болған босаға бағып, тасада қалар,
Толған төрге озып, төбеге қонар.
Тұғырыңа қон, тұлпарыңа мін,
Ғұмырыңа ие бол, ғұрпыңа бақ, балам.
301
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Исатаев Е. « Абай-Тоғжан» – жаңа сипаттағы туынды
Абай: – (әжесінің тізесіне басын қойып)
Оныңыз не?
Болдырмаңыз, көнбеңіз!
Біз білмейтін қанша әлі
Қазынаңыз, көмбеңіз...
Бәріміз де бір Алланың құлымыз,
Бәріміз де періште емес, пендеміз.
(басқаларға көзін қысып)
Бірақ, Әже, біздер бейғам жүргенде
На жаққа...Өсекеңнің ауылына
Бізді тастап кетіп қала көрмеңіз?
Автордың М.Әуезовтің қарасөзбен жазған туындысын, ақын ретінде
тебіреніп, жалаң мақсат қоймай, өрнекті поэзия тілімен өрнектеуде терең
ізденістер арқылы біршама жетістіктерге жеткені көрінеді:
«Ендігі бір сәтте көкмұнарға көмілген торғын тоғай, толған Ай.
Алқынған Абай, толқыған Тоғжан. Сағынған жүрек, табысқан тілек...
Тоғжан: – Амансыз ба, Абай?..
Қара түнді қарманып,
Жарық күнге жалданып,
Сағындым ғой, апырай,
Бір көруге зар болып.
Абай: – Мен де, мен де, еркем...
Жаным, сәулем, арманым,
Жан жұмағым – Тоғжаным!..
Тоғжан: – Шын сағындым,
Күте-күте зарықтым,
Жыладым да қамықтым.
Жүдедім де тарықтым,
Енді қайтіп көрмеспін деп қорықтым.
Абай: – Мен де, мен де...
Көзімдегі көлімді
Көңіліңе көшір.
Күнәлімін, кешір?..
Тоғжан – Кештім, кештім.
Кешпейтіндей кім едім?
Бәрін, бәрін білемін...
Сарғайса да іреңім,
Сыздаса да жүрегім,
Тамұқ түнін жамылып,
Тағдырыма бағынып,
302
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Исатаев Е. « Абай-Тоғжан» – жаңа сипаттағы туынды
Тәңіріме жалынып,
Сізге бақыт тіледім.
(аз кідіріп)
Сізде мені кешкейсіз...
Көңілімнен көшпейсіз,
Өмірімнен өшпейсіз [2].
И.Сапарбай «Абай – Тоғжан» поэтикалық драмасына сенімді түрде
барғанын әрі бұған дейін драматургияның күрделі де, қиын да сала екенін
бірнеше драмалық туындылар жазу арқылы тәжірбиеден яғни практикалық
көз жеткізгенін білеміз. Себебі драматургия саласына бару әрі алып тұлға
М.Әуезов тақырыбына ену қиынның-қиыны. Театр сыншысы, профессор
Әшірбек Сығайдың сөзімен айтсақ: «Драматургия – қым-қиғаш интрига.
Мұны В.Шекспир де мойындаған. Арбасқан көздер, мың құбылған қас-қабақ
пен жан берісіп, жан алысқан әрекетті сөз, қара тасты қақ айырар отты да
өткір тіл. Қоғамдық-әлеуметтік көтерер жүк автор қиялының көркемдік
мүмкіндігіне қарай жіті сұрыпталып, адамзат жүрегіне жол тартары тағы бар.
Осынау ауыр мехнатқа саналы түрде бас қойған кісіні ықылым заманнан
драматург деп атап келеміз. Сонау грек ел-жұртынан тамыр тартқан күрделі
жанр – кім көрінгеннің жетегіне еріп, айтар ойынан айнып, алдына қойған
нақтылы мақсатынан ауытқи қояр тайғанақтар кәсібі емес. Драматургия –
сахна машығымен талмай айналысатындардың тірлігі. Онымен сахна төрінде
таласқа, тартысқа түсер ашық күрес пен астыртын күресті анық сезгендер
ғана шұғылданады. Сахнагерлердің алаулы сезімін, олардың өнер деп соққан
сәулелі жүрегін ұғынғандар ғана оларға арнап, сөз, әрекет, айла-амал, дау-
дамай қарастырары бек шындық» [3].
Ақынның Абай тақырыбына поэзия тілімен келуін егерде академик-
абайтанушы Мұхтар Әуезов тірі болса бір кезде Абай ескерткішінің
ашылуында жас баладай қуанған жазушы бұған да қуанар еді деген ойға
келгендей боламыз, ол сөз былай басталушы еді ғой: «Міне, енді бүгін ол
біздің бақытты тарихымыздың жаңа буындарына жүзбе-жүз келіп, ауызба-
ауыз сөйлескендей. Осы буынмен ол сонау бір шақта, өзінің кейбір өлмес
өлең жолдарымен де үн қатысқан еді. Енді бүгін ол бізбен бірге біздің
қуанышымызбен қуанбақ үшін, біздің мерекемізді мерекелемек үшін келіп
тұр.
Тегі Абай біздің нәсілдеріміздің, буындарымыздың асыл аталарының
бірі. Ол – біздің енді алға қарай, биікке қарай өрлей басар сапаларымыздың
айнымас серігі... Сол себепті бүгін Абайға арналған ескерткішті ашқан сәтте
біз және де оның ұлы әруағының алдына бас иеміз. Жүрек құшағын оған
қарсы кең жаямыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Дәстүр және жаңашылдық. Жинақ. -Алматы: «Ғылым», 1980. 320-б.
2.
Сығай Ә. Толғам. -Алматы: 2004ж, 110-б.
3.
Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. -Алматы: «Санат», 1997. 302-б.
303
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Л.Ш.ӘРІПБАЕВА
педагогика ғылымдарының кандидаты
ХГТУ-нің аға оқытушысы
КҮЙ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ БАСТАУЫ
В данной статье рассматривается история исследования казахского национального
музыкального жанра кюй.
The article presents the history of research of Kazakh national musical genre “kuj”
Қазіргі заманда көптеген жанрлы музыка мәдениетімізді мақтан еткенде,
оның туу, қалыптасу кезеңін айтқанда музыка зерттеушілеріміздің қашан да
өнебойы айтатын шындығы бар. Ол - осы уақыттағы қазақ музыкасы
халықтың қаншама заман жасаған ән-күй шығармашылығының негізінде
дамиды деген тұжырымға тоқталуы.
Дәл сондай-ақ көптеген заман ұрпақтан ұрпаққа мирас болған халықтың
таусылмас ән-күй байлығы бар жерде ғана керемет музыка өнері өсіп, даму
жолында. Ата-бабалардан қалған мұраның бір айғағы – қазақ ұлтының
қазіргі көп жанрлы музыка мәдениеті.
Сол себепті де халық музыкасының тарихын зерттеу қашанда сынын
жоғалтпайтын тақырып болса керек. Себебі жазба әдебиеті бертінде
шыққан халықтың арғы-бергі тарихын, әдет-ғұрпын, мәдениетін зерттеуде
этнографтар, тарихшылар үшін қазақтың ауыз әдебиетімен қатар оның күй
жанрының тарихи және ғылымдық мәні ерекше.
Қазан төңкерісіне дейінгі орыс және ел саяхатшылары мен
этнографтарының, зерттеушілерінің халық музыкасы жайлы жазып
кеткендері қазақ музыкасының тарихымен шұғылданушылар үшін бүгінде
ғылымдық мәнін жойған жоқ.
Әр халық өз музыка өнер тарихын әр түрлі жолдармен белгілейтін
болған. Мысалы, арабтарда көне тарихын алып тас мүсіндерге түсірсе,
қытайларда ескі жазу тәсілімен сақталған. Үнділерде би өнерінің тілімен
бейнелесе, еуропалықтар зәулім храмдар мен қорғандар салып қалдырған.
Ал, қазақ халқы болса, өз тарихын аса бай ауыз әдебиетімен жырлап, саз
өнерімен суреттеген. Соның бірі – күй сазы.
Тарихи деректер мен әдеби дүниелерге көз жүгіртсек күй арқауы
негізінен табиғат құбылыстары болған дегенді мегзейді. Расында да солай
кез келген күйді тыңдасаң да одан жаратылыс үнін естисің. Өйткені табиғат
құбылыстарының жаратылыс үнінің күйшігеде де, күй шығарушылырға да
шабыт берері анық.
Күй көне жанр болғандықтан оның көп ғасырлық тарихымен
қалыптасқан дәстүрлері мен мектептері бар. Аталған жанр мазмұны
халықтың өмір тылсымын суреттеген. Сондықтан да, күйдің түр-түсінен,
тілінен, ұлттық сипатынан айрылып қалмайық деп, өткен ХХ ғасырдың 30-
жылдары Құдайберген Жұбановтан бастап Ахмет Байтұрсынов, Ілияс
Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Ахмет Жұбанов, тағы басқа
қазақтың біртуар азаматтары жиі айтып және жазып кетті. Осы мәселе
304
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Әріпбаева Л.Ш. Күй - ұлттық өнердің бастауы
бойынша ғылыми тұрғыдан дәлелдегендері де бар. Әр күйдің мазмұны,
өзіндік тілі, әуен ырғағына сай екпіні бар екендігін тыңдаушылар терең
сезінеді, әрі жақсы түсінеді.
Сан ғасырлар бойы сақталған әуен-саздары әр ұрпақ жадында сақтап,
ілгері халқының күй сазы. Сол күйлерді шығарған халық сазгерлері
жайлы академик А.Жұбанов; «Не бір аруақты, дарынды дала перзенттерінің
аты ұмытылып кетсе де, сары алтындай шығармалары тот баспай – бізге
аман жетті. Олардың бәрі де әліпті таяқ деп білмейтін, нота дегеннен тіпті
бейхабар болса да, өз халқының өзегін өртеген мұңын мұңдап, жоғын
жоқтап, көптеген тамаша музыкалық шығармалар қалдырып кеткені және
айқын. Олар халық аспаптарына арнап шығармаларын, яғни, домбыра мен
қобыз, сыбызғыға арналған бір-ақ сөзбен атаған – дейді» [1].
Бұрынғы өткен замандардан-ақ аспаптарда орындалатын әуен-саздардың
жалпы атауы «Күй» деген сөзбен аталуы себептерін ашып берген
Құдайберген Жұбанов өзінің «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда
болуы жайлы» очеркінде «Күй» деген сөздің арғы тегі «Көк» пен байланыста
болғаны айтылған. Көк пен су екеуі бір кезде сақталған. Уақытында
тыңдаушысын таңқалдырған бұл әндер, әсіресе көне күйлер сазының
құрамында жиі кездеседі.
Қазақ халқының өткені, тұрмыс-тіршілігі, болмыс-бітімі мен ой-сана
арманы туралы небір сүбелі деректерді көне аңыз-күйлерден танып білуге
болады. Олар аққудың сұңқылы, нардың боздауы, құланның дүбірі,
жорғаның жүрісі сияқты небір суреттерді көз алдыңа әкеледі.
Бұл күйлердің күмбірлеген сырлы сазымен бірге егіздің сыңарындай
болып ауызша айтылатын терең мағыналы аңыз-әңгімелері бар. Олар
музыкадан бөлінбейтін біртұтас синкретикалық форманы құрайды. Ал күй
сарындары болса аңызда айтылған оқиғаны бейнелейтін шағын эпизодтардан
немесе формасы жағынан кішігірім күйлер тобынан құралады. Күй
құрылымы шағын әуендік формуланы қайталап орындау арқылы
қалыптасқан. Күйлер теріс бұрауда орындалып, көбінесе бурдонды екі дауыс
болып келеді.
Аңыз-күйлердің ең көне үлгілеріне аң-құстардың атымен аталатын,
сонымен қатар, аң аулауда болған сәтсіздіктер мен жан-жануарлар туралы
күйлерді жатқызуға болады. Мысалы, «Аққу», «Қаз», «Нар» сияқты күйлер
халқымыздың жан-жануарларды киелі санаған тотемдік ой-сенімдерге
байланысты туған. Сол сияқты «Ақсақ қыз», «Ақсақ құлан», «Ақсақ аю»,
«Ақсақ қаз», «Ақсақ киік», «Ақсақ қой» атты күйлер халық ұғымындағы
ақсақ аруақтар культімен тығыз байланысты екенін байқауға болады. «Қос
келіншектің зары»,
«Жетім қыз», «Арбиян қоңыр» сияқты жоқтау
күйлерде халықтың өзен суларының екі дүниені бөліп тұратындығы
жайындағы ескі діни ұғым-түсінігі сақталған. «Аңшының зары», «Бөкен
жарғақ» атты күйлерге де тотемдік наным-сенімдер арқау болған. Бұл
305
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Әріпбаева Л.Ш. Күй - ұлттық өнердің бастауы
шығармаларда аң аулаудың қасиетті заңдылығын бұзғаны үшін қатал жаза
алған.
Жоғарыда аталған күйлердің шығу тегі өнердің әлеуметтік
функцияларының бірі тұрмыстық магия болған тарихи кезеңдерді қамтиды.
Бізге жеткен көне күйлердің сырлы саздарында магиялық қасиеттердің
кейбір жұрнақтары сақталған.
Уақыт өткен сайын ескі наным-сенімдер де ұмыт бола бастады. Қазіргі
уақытта аңыз-күйлердің көпшілігі ертегі-әңгіме тәрізді болып қалды.
Осындай ұзақ мерзім ішінде қазақ күйлері уақыт таңбасын салған
өзгеріске түскені анық. Ондай құбылысты сапалық жаңару деп атайды.
Күйлер сапа жағынан бұлайша жаңарғанымен, күйшілік дәстүр өзгермей,
заман талабына сай өзінің жалғасын тауып отырады. Күйлердің бұлайша
жаңаруы күй тарихындағы үш дәуірді көрсетеді. Біріншісі – ежелгі дәуір,
екіншісі – орта дәуір, үшіншісі – кейінгі дәуір.
Қазақ халқының күй аспаптарында «сыбызғы, қобыз, домбыра және т.б.»
тартылатын алуан түрлі байырғы күйлерді бірінен кейін бірін қатар қойып
тыңдассаңыз, олардың саз-сарынының әртүрлі екеніне көз жеткізесіз. Сол
күйлердің сазынан ат тұяғының дүрсілі, қаздың қаңқылы естіледі.
Ұлттық өнердің негізін қалаушы, күй жанрын арқалаушы халық
арасынан шыққан дарынды орындаушылармен сазгерлер болған. Күй атасы
Қорқыттың есімі тек қазақта ғана емес, жалпы түркі тілдес халықтардың
көбіне аңыз болып таралған. Қорқыттан бері келе жатқан күй сазы ғасырлар
үнін, өмір тынысын күй тілімен сөйлетіп кеткен – халық сазгерлерінің
есімдері мен мұраларының ел арасында сақталып келуі халқымыздың өнер
мұрасының молдығын көрсетеді.
ХIХ ғасырда өмір сүрген дарынды халық сазгерлерінен бұрында ел
арасында көптеген күйшілер өткен. Олардың көбінің аты бара-бара
ұмытылып, шығарған күйлері «халық күйі» деген атпен сақталған.
Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл күйшілер Соқыр Есжан, Байжұма,
Баламайсан дәстүрлерін жалғастырған.
Өткен ғасырларға көз жүгіртсек, Байжігіт күйшінің аты ел аузында
ілтипатпен аталады. Байжігіт күйлері де бірнеше ғасыр ұрпақтан ұрпаққа
желісін үзбей, мұра болып сақталып келеді. Өнерді қадір тұтқан халық өзінің
асылын жоғалтқан емес, сол асыл мұраны қадірлеп, оған ие болар
мұрагерлері әр дәуірде табылып отырған.
«Қорқыт күйі», «Асан қайғы күйі», «Ақсақ құлан», «Азамат қожа»,
«Саймақтың сары өзені», «Нар идірген», «Аңшының зары» сияқты көптеген
күйлер тарихи-аңыз оқиғаларды баяндаса, енді бір қатары халықтың өмірін
тіршілік-тынысы,
қайғысы
мен
қуаныш
сезімдерін
толғайды.
Құрманғазының «Көбік шашқан», «Абай», «Кішкентай» күйлері,
Дәулеткерейдің «Топан», «Салық өлген» күйлері, Тәттімбеттің «Көкейкесті»,
«Азамат», «Саржайлау», күйлері, Қазанғаптың «Көкіл», Сейтектің «Замана»
Ықыластың «Кертоғау», «Жез киік», «Ерден» сияқты
306
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Әріпбаева Л.Ш. Күй - ұлттық өнердің бастауы
күйлері, т.б. көптеген халық сазгерлерінің өмірдің шындығынан туған өлмес
туындылары тақырыбы мен мазмұнына орай өз тыңдаушысының көңіл-
күйіне, сезім сырына, жүрек тебіренісіне айналып, ішкі жан дүниесінен
терең орын алып отырады. Күй сазгердің ішкі жан сырының айнасы десек,
(күй) деген атаулардың өзінде үлкен қуат, шабыт құдіреті жатады. Сол үлкен
де қазақ халқы күйшіні ерекше қадірлеп: «бармағынан бал тамған»,
«адамның жорғасы» деп ықыласпен атаған.
Қазақ күйлерінің тағдыры қазақ халқының өз тағдырын елестетеді. Қазақ
күйшілік өнері өзінің биік өрісімен де ғажайып, жан-жақты дамыған қоғам
тұрғысынан өзіне лайықты бағасын алмаған. Күй шежіресін тыңдасаңыз,
ертедегідей болып ықылымға сіңген екі заманда, ескі қоғамда күйдің және
күйді орындаушының қандай тұрғыда тұрғандығын сезінесіз. Күймен қоса
шертілетін хикаяларда күйші ханның өзін тежейді. Адамды салт-санаға
табындырады. Және осылай екеніне ешқандай күмән жоқ.
Күй зерттеушілігі осы уақытта қай шамада кетіп бара жатыр, қандай
белге шықты, қандай жетістікке жеткендігін көптеген жоғары деңгейде
жазылған ғылыми мақалардан оқып білеміз. Мысалы, «Жұлдыз»
журналында жарияланған жазушы Амантай Сатаевтың Тәттімбет жайлы
мақаласы, жазушы Мұхтар Мағауиннің «Күй иесі Байжігіт», жазушы
Ақселеу Сейдімбековтың «Күй және көшпелілер мәдениеті», жазушы
Таласбек Әсемқұловтың «Домбыраға тіл бітсе» атты еңбектерін үміт ретінде
атап айтуға болады.
Күйшілер яғни домбыра музыкасы өзінің дәстүрлік ерекшелігіне,
орындалу мәнеріне, құрылыс тәсілдеріне, қағыс түріне қарай екі үлкен
мектепке бөлінеді: Батыс Қазақстандық және Шығыс Қазақстандық.
Бұлардың бір-бірінен айырмашылықтары тақырыптарында, нақты
көріністің мазмұнын аша білу тәсілінде және орындаушылық үлгісінде.
Батыс Қазақстандық күйшілік дәстүрінде күйлер өзінің өлшемі мен
ырғағы жағынан ұстамды болып, саусақтардың бірыңғай сілтеумен
орындалады, көбіне жігерлі, екпінді, дауылды болып тыңдаушысының көңіл-
күйін көтереді.
Шығыс Қазақстанның күйлері – лирикалық жағымен, ән музыкасына
жақындығымен және камералық үнімен ерекшеленеді. Өңірлердің
ерекшеліктеріне қарай Батыс Қазақстанда күйшілік өнері дамып, көбірек
тараған да, ал Шығыс Қазақстанда әншілік өнері кеңінен өріс алған.
Жалпы қобыз күйлері домбыра күйлеріне қарағанда онша көп тарай
қоймаған. Көптеген жылдар бойы қобыз жыршылар мен бақсылардың
қолындағы құрал есебінде қолданылды. Бақсылар қобызды «киелі» аспап,
оның үні - «жындарды» қуу үшін жаралған деп есептелген А.В.Затаевичтің
еңбектерінің қолжазба түріндегі үшінші томында Д.Мықтыбаевтан жазылған
екі ғана шығарма келтірілген. Ол өнер қайраткерлерінің 1934 жылғы болған І
Бүкіл қазақстандық слеті кезінде жазылған. Олардың негізгі бөлігі – Қорқыт
ата, Ықыластың шығармалары.
307
Достарыңызбен бөлісу: |