Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет38/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Елеуов С.Е. Қазақстан музыка мәдениеті және халық әні 
 
 
оркестрі мысал бола алады. Сол сияқты опера-балет, симфония, ансамбльдік 
туындылар,  кантата,  оратория,  ән-романс  және  басқада  музыкалық 

 
295 
 
жанрлардың  қалыптасып,  дамуы  ұлттық дәстүріміздің  тарихи-эволюциялық 
құбылыстарының айқын айғағы болып табылады. 
Әрине,  ұлттық  кәсіби  музыканың  жан-жақты  дамуы  көне,  прогресшіл 
дәстүрдің  өмір  сүруіне  еш  уақытта  да  бөгет  бола  алмайды.  Байырғы  халық 
әндерімен қатар қазіргі кезде ақындар айтысының да ұмыт болмай, кеңінен 
қанат жайып келе жатқанын еске алайықшы. Сондай-ақ жекелеген домбыра, 
қобыз  күйлерімен  қатар  ұлттық  оркестрдің  орындауын  да  лайықталған 
шығармалар  да  өмірге  келуде.  Бұл  –  дәстүр  өміршеңдігінің  куәсі.  Сөйтіп, 
халық  мұрасы  негізінде жаңа  профессионалдық жанрлардың  тууымен  бірге 
қатар, мемлекеттік халық аспаптары оркестрі, фольклорлық – этнографиялық 
«Отырар сазы» оркестрі, симфониялық оркестр, мемлекеттік хор капелласы 
сияқты творчестволық коллективтер қалыптасты. 
Халықтың  ұрпақтан  ұрпаққа  мұра  болып  келген  әншілік,  күйшілік 
шеберлігі 
бұл 
күнде 
жаңа 
профессионалдық 
композиторлық 
творчествосымен  ұштасты.  Олардың  әлі  күнге  дейін  ашылып  болмаған 
сырлары  өте  мол.  Осы  орайда  ұлттық  рухани  мәдениетіміздің  аса  бай 
салаларының бірі – ән жайын әңгімелейік. 
Халқымыз  ежелден  әнді  ерекше  қастерлеп,  оны  халықтың  жаны  деп 
бағалаған. Бұл өте дәл, мейлінше әділ баға. Өйткені жақсы ән мен жақсы күй 
қай  заманда  да,  қай  халықтың  болса  да  асыл  арманы  мен  тілегін  айқын 
бейнелеп,  олардың  бақытты  өмірге  ұмтылған  көңіл  серігі  болады.  Адам 
күнделікті  өмір  тіршілігін  ғана  емес,  сонымен  бірге  аңсаған  арманын  да, 
көңіл түкпіріндегі үмітін де ән арқылы білдіріп, сол арқылы өрнектеген. Ән – 
халықтың көркем формасының бірі, заманның тарихи шежіресі. 
Ән  –  адамның  жан  серігі,  қуанғанда  бой  сергітіп,  күйзелгенде  көңіл 
жұбатар, жорық жолдарында жігер қосар жайсаң жанр. Оның өміршеңдігі де 
– осындай қасиетінде. 
Абай  айтқандай,  әрине  «әннің  де  естісі  бар,  есері  бар»  демекші,  біз 
халықтың  өткен  тарихының  куәгері  саналатын  «есті  ән»  дүниесін  сөз 
етпекпіз. Мұндай әндерден көне заман шындығын шертетін деректерді білуі 
мен  бірге  халық  басынан  өткерген  қилы-қилы  тарих  сырларына  қанғандай 
боламыз. Сан ғасырлық тарихы бар, ғасырлар елегінен сүрінбей өткен әндер 
талай-талай  ұрпақтың  кәдесіне  жарай  отырып,  айшықтана,  әрлене  түсіп, 
жаңаша мазмұнда музыкалық өнердің інжуіне, асыл қазынасына айналды. 
Ән  жан-жүйеңді  шымырлататын  әуезділігімен,  ұйқыдағы  «көңіліңді 
оятатын»  тартымды  образдылығымен,  жүрек  тебірентетін  құдіреттілігімен 
қымбат.  Қазақ  –  қашаннан  музыканы  сүйетін,  әнді  ардақтайтын  халық. 
Кезінде  екі  ауыз  өлең  білмейтін  қазақ  болмаған.  «Бүкіл  қазақ  даласы  ән 
салып  тұрғандай»  деген  пікірге  ие  болған,  әншілігі,  аңызға  айналған,  өнер 
десе ішкен асын жерге қоятын сауыққой халықпыз. Ән айту, ән салу– ұлттық 
дәстүріміздің жалғасы. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Елеуов С.Е. Қазақстан музыка мәдениеті және халық әні 
 
 
Музыкалық  мәдениетіміздің  негізгі  белгілері  мен  ұлттық  қасиеттерін, 
өзіне  тән  үнділігін,  музыкалық  тілін,  мазмұнға  лайық  әуендік  ырғақтық 
нақыш-бояуларын  ең  алдымен  әннен  табамыз,  мұның  барлығы  да  ұлттық 
мәдениетімізді  оқшаулатып  көрсетпейді.  Керісінше,  оның  өзіне  ғана  тән 
дербес  қасиеттерін  айқын  танытатынын  өзгеше  типтік  құбылыстар  ретінде 

 
296 
 
саналмақ.  Қазақтың  халық  ән  қорында  тұрмыс  салттық,  лирикалық  және 
еңбекке байланысты туған әндермен қатар әр алуан тақырыптарды қамтитын 
тақпақты,  сазді  әуендердің  де  кең  өрістегенін  көреміз.  Қазақ  халқының  ән 
өнерінің кең айдынынан типтік екі сала анық байқалады. Ол – тақпақ сазды-
речитативті  әндер  және  әуенді,  шалқымалы,  кең  үнді  әндер.  Басқаша 
айтқанда,  бірінші  түрі  –  желдірме,  термелеп,  толғай  айтылатын  кең  үнді, 
әуез-мақамының  сымбаттылығы  әр  түрлі,  бірде  бәсең,  бірде  көтеріңкі 
келетін  шалқымалы,  күрделі  әндер  мұның  екеуі  де  халық  арасында  кең 
тараған, әрі ән өнерінің биік тұғырына айналып, оның бүкіл даму барысына 
әсерін тигізген. 
Эпос негізінде қалыптасқан термині ән формаларының мазмұн жағынан 
алып қарағанда, алуан сырлары бар, тарихи оқиғаларды, халықтың салттық-
ғұрыптық  ерекшеліктерін  сипаттауда,  терме  мен  желдірменің  көркемдік 
ерекшелігі  мол.  Ел  өмірінің  барша  тыныс  тіршілігінің  ең  нәзік  пернелерін 
дөп  басып,  бірде  екпінді,  бірде  баяу  қалыпты  нақышпен  суреттейтін  терме 
мен желдірменің өлеңдік, әндік, әуендік формалары сан алуан. Мұнда бірде 
мақтау,  мадақтау,  бірде  дидактикалық  сарын,  сатира  кездессе,  енді  бірде 
лирикалық  нәзік  леп  ұшырасады.  Терме  мен  желдірме  кәнігі  профессионал 
орындаушылардың  тәжірибесінен  де  мықтап  орын  алды.  Әсіресе,  суырып 
салма,  төкпе  ақындар  шығармашылығында  олардың  негізгі  әуен  сазына 
айналып, берік орын алған. Бұл формалар кеңінен кездеседі. 
Терме де, желдірме де, әдетте, жылдам екпінмен орындалады. Мұның өзі 
қазақтың  ән  өнеріне  лайық  ерекше  рең  беріп,  бөлекше  интонациялық  бояу 
қосып, оның мазмұнын орындау техникасын дамытуға әсер етті. 
Соның  нәтижесінде  халқымыздың  ән  шығармашылығына  тән  суырып 
салма,  жедел  айтылатын  орындаушылық  мәнер,  речитативтік  дәстүр 
қалыптасты. 
Терме мен желдірменің мағыналы сөзі, ойнақы ұйқастырылатын өлшемі, 
өлеңмен  қиыстырылған  үнділігімен  қоса  интонациясын  речитативтік 
формаларда  тиімді  түрде  пайдаланылады.  Терменің  өлеңдік  құрылысына 
келсек, ол жеті, сегіз буынды жолдан тұрады да, айтайын деген ойын ашық, 
логикалық  тынысын  тарылтпайды,  шумақтың  түзілісіне  шек  қоймайды. 
Әдетте, әуенді әндер сияқты әр бір терменің меншікті, тек сол сазға ғана тән 
өлеңі болмайды, бір терме сазымен сан түрлі оқиғалар баяндала береді. 
Терме  сазы  көбінде  тұрақты  келеді.  Оны  орындаушы  өнерпаздар  даяр 
тұрған  мәтінді  немесе  жаттанды  жыр  жолдарын  айтумен  қатар  кейде 
өлеңдерді  табан  аузында  шығарып  та   айта   алады.   Сондықтан   ұйқаста  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Елеуов С.Е. Қазақстан музыка мәдениеті және халық әні 
 
 
заңдылық  сақтала  бермейді,  ол  айтатын  ой  ағымына  бағынып,  төгіп-төгіп 
барып бір-ақ тынады. Ұйқасы еркін, әр түрлі болады. Поэзиядағы терме мен 
музыкадағы  термеде  бір  келкілікпен  бірге  айырмашылықтар  кездеседі. 
Халық  суырып  салма  ақынның  ағытылған  өлеңі  мен  төгілген  терме  әуенін 
бір-бірінен ажыратып, алшақтатқан емес. Бұлардың – бірін негізгі, екіншісін 
көмекші деп қабылдамаған. Сөз бен терме сазының бірлестігін бөлмей, тұтас 
музыкалық  құбылыс  деп  бағалаған.  Терменің  өзіндік  стилі,  мақамы, 
формасы бар. 

 
297 
 
Термедегі  әуен  сазына,  вокалдық  речитацияға  сыңаржақ  қарау  ағаттық 
болар еді. Өйткені музыка төгілген ақын жырына көтеріңкі леп қосып, дауыс 
бояуын  қоюлата  түседі  де,  тыңдаушысын  баурап  алады.  Бұл  жерде  музыка 
өнері  –  айтушы  мен  тыңдаушыны  эстетикалық  ләззатқа  бөлейтін  ерекше 
пәрменді  фактор,  терме  сөзі  көркем  де  келісті  болса,  ал  айшықты  музыка 
сазы  –  оның  мазмұнын  байытып,  көркемдігін  арттырып,  құлпырта  түсетін 
негізгі  компонент.  Бұлар  –  терменің  бітім-болмысын,  тұтастық  формасын 
нығайтушы, бірін-бірі демеуші, толықтырушы компоненттер. Сондықтан да 
терменің сөздік мәні мен оның музыкалық әуенін бөліп қарауға болмайды. 
Терменің  ән  сазы  халықтың  ғасырлар  бойы  өзі  ерекше  екшеп,  таңдаған 
музыкалық  формасымен  басталады  да,  халықтың  өзі  тудырып, 
қалыптастырған  заңдылығымен  аяқталады.  Басқаша  айтқанда,  терме 
әуенінде  белгілі  қалыптасқан  форма  бар.  Демек,  терме  қазақтың  ақындық 
өнерінің  де  белгілі  формасы,  халық  өнерінің  басқа  түрлерімен  терезесі  тең 
жанр. 
Терменің тамаша бір түрі  – желдірме. Қазақтың тақпақты әннің мұндай 
классикалық  түрін  көрнекті  төкпе,  суырып  салма  ақын  Иса  Байзақовтың 
желдірмелерінен көреміз. Мұхтар Әуезов: «Иса желпініп, үзілмей соққан сар 
даланың  желі  сияқты,  сол  даладан  кең,  мол  ақындықтың  иесі  ретінде 
бағалады.  Реті  келгенде  айта  кететін  бір  жай,  қазіргі  қазақ  музыкасында 
терме,  желдірме,  толғау,  сарын  үлгілері  өзінің  өміршеңділігімен  лайықты 
орын  алып  отыр.  Сонымен  қатар  ол  тек  вокалдық  жанрда  ғана  тұрақтанып 
қалмай, музыка өнерінің басқа да ірі жанрларында түрленіп, өрістеп келеді. 
Композитор  Евгений  Брусиловскийдің  симфониялық  поэмасы,  сол  сияқты 
Мұқан  Төлебаевтың,  Иса  Байзақовтың  желдірмелерінің  кантатасында 
профессионалдық  тұрғыда  пайдалануы  бұл  жанрдың  жаңарып,  жарасым 
тауып келе жатқандығын және өміршеңдігін айқындайды. 
Қазақ  әндерінің  дені  лирикалық  сипатта  болғанымен,  әр  алуан 
тақырыпты  қамтиды.  Бұл  әндерге  көбіне  сұлу  табиғат  көріністері  арқау 
болып,  адамның  жүрегіне  етене  жақын  туған  өлкеге  деген  іңкәрлік  жыр 
маржаны  болып  төгіледі.  Көшпелі  ел  тұрмысында  маңызы  зор  болған  төрт 
түлік мал, үй жануарлары туралы да көптеген лирикалық әндер баршылық. 
Алайда  лирикалық  әндер  де  негізінен  екі  жастың  арасындағы  махаббат, 
ғашықтардың  бір-біріне  деген  ынтық  сезімі, жас сұлудың ғажайып көрік- 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Елеуов С.Е. Қазақстан музыка мәдениеті және халық әні 
 
 
келбеті  жырланады.  Сонымен  қатар  мұндай  шығармаларда  жүректегі  мұң 
мен  зар,  қайғы  мен  қуаныш,  сүйеніш  пен  күйініш  суреттеледі.  Лирикалық 
халық  әндеріне  тарихи  тақырыптар  да  арқау  болады.  Тарихи  тақырыптағы 
әндерге мұң, зар өзек болғанымен, бұл әндер жасық, жылауық емес, олар да 
қайтпас қажыр-қайрат, өрттей шалқыған оттылық пен жігер мол. 
Әуезділігі,  нақышының  жарасымдылығы  мен  интонациялық  сымбаты, 
көркем  де  өткір  музыкалық  «сөз  үйлесімі»  жөнінен  қазақ  әндері  қайсыбір 
халық  әндерімен  де  үзеңгі  қағыстыра  алады.  Десек,  артық  айтқандық  емес. 
Біз  олардың  ішінен  асқақтатып,  шалқыта  айтылатын  кең  тынысты,  түпсіз 
тұңғиық  лирикалық  әндерді  де,  көптеп  кездестіреміз.  Кейбір  әндердің 
құрылымы  қысқа,  қарапайым  да  ширақ  болса,  әуені  көңілді  де  жарқын, 

 
298 
 
шымыр  әрі  ұшқыр  келеді.  Бұған  «Жас  келін»,  «Шилі  өзен»,  «Елік-ай», 
«Ахау, Керім», «Ақ дариға», «Дедім-ау» сияқты әндер жатады. 
Халқымыз  жанға  жайлы,  эпикалық  серпінді  лирикалық  әндерге  де  бай. 
Оларға әңгіме түрінде баяндаушылық әдіс, эпостық шалқар еркіндік қасиет 
тән.  Бұған  «Айман  көз»,  «Баянауыл»,  «Алқоңыр»,  «Қарғам-ау»,  «Зәуреш», 
«Ардақ»,  «Алтыбасар»,  «Ақ  жалмаш»,  «Япыр-ай»,  «Мақпал»  әндері  мысал 
бола алады. Асқақтатып, шалқыта айтылатын, ауқым диапозоны кең, форма 
жағынан еркін дамыған лиродрамалық сазға толы көркем образды әндер де 
өз  алдына  бір  төбе.  Бұл  орайдағы  «Қызыл  бидай»,  «Гауһар  тас»,  «Жиырма 
бес», «Құсни-Қорлан», «Сырымбет», «Шәпибай-ау», «Қара кесек», «Шама», 
«Жонып  алды»,  «Сұржекей»,  «Наз  қоңыр»,  «Шәмші-Қамар»,  «Аққұм», 
«Інжу  маржан»,  «Алай  көк»  сынды  көптеген  әндер  ұлттық  мәдениетіміздің 
шоқтығы іспеттес. 
Кең  үнді,  шалқымалы  лирикалық  халық  әндері  сан  ғасырлар  бойы 
эпостық  сипатта,  речитативті  –  тақпақ  сазды  әндермен  қатар  дамып  келген 
еді.  Ал  одан  бергі  дәуірде  де  қазақ  халқы  өзгеше  ұлттық  белгілері  мол  ән 
өнерін  кемелдендіре  отырып,  мезгіл  тынысымен  үйлесімді  музыкалық 
дәстүрін қалыптастырды. 
Ұлттық  ән  дәстүрді  қазақ  музыка  мәдениеті  жанрларының  қалыптасып, 
дамуы үшін сарқылмас қайнар көз болып келеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Ерзакович Б.Г., Қоспақова З. Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы. -Алматы: Ғылым, 1986. 
2.
 
Жубанов А. «Соловьи столетий» очерки о народных композиторах и певцов (пер. с каз. Г.Бельгера). -
Алматы: Дайк-Прес, 2002. 
 
  
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Г.ШҮКІРОВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы, 
ҚР Мәдениет қайраткері 
 
БАЛА ЖАСТА ӘН САЛУДЫҢ ПАЙДАЛЫЛЫҒЫ  
МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
В статье проводится анализ исследований и идей, касающихся пения в детском возрасте, его 
особенностей  и  пользы.  Большинство  исследователей  приводят  обоснованные  мысли  о  пользе  и 
эффективности пения в детском возрасте. 
 
This article deals with analyses of research and ideas concerning singing in childhood, its peculiarities 
and  benefit.  The  majority  of  researchers  support  the  idea  of  benefit  and  effectiveness  of  singing  in  the 
childhood. 
 
Ән  салумен  бала  жастан  айналысудың  пайдалылығы  туралы  мәселе 
бұрыннан-ақ зерттеліп, оңды түрде шешімін тапқан. Орта ғасырдың өзінде 7 

 
299 
 
жастан  балалар  қабылдайтын  мектептердің  болғаны  туралы  вокалдық 
әдістеме мен педагогика тарихының материалдарынан білуге болады [1.10].  
Сондай-ақ  6-7  жастан  бастап  ән  салуға  үйреткен  Италия  мен 
Францияның  да  вокалдық  мектептері  танымал.  Бұл  мектептер  өте  ежелден 
ашылған. Өкінішке қарай, ең алғашқы кезеңнің өзін айтпағанда,  ХVІІ-ХVІІІ 
ғғ.  оқыту  әдістемесі  туралы  нақты,  жүйелі  мәліметтер  жоқ,  алайда  кейінгі 
әдеби мәліметтерге сүйенсек, бұл мектептер тамаша жемісін берген көрінеді. 
     Көптеген  ғалымдар  мен  педагогтар,  әсіресе  М.И.Глинка  (1836), 
А.Е.Варламов  (1840),  М.Н.Глубоковский  (1889),  д-р  Авеллис  (1899), 
М.Успенский (1900), И.И.Левидов (1933-40 жж. еңбектері), М.Харди (1939), 
Р.Мольмен  (1943),  М.И.Фомичев  (1949),  Е.М.Малинина  (1933-1940  пен 
1953),  В.А.Багадуров  (1953),  тағы  басқалар  балалар  дауысын  дамыту 
мәселесімен айналысқан. 
Бала  жаста  ән  салудың  пайдалылығы  мен  мүмкіндіктері  туралы  осы 
зерттеулер  мен  пікірлерді  талдай  келе  біз  екі  көзқарасқа  тоқталуды  жөн 
көрдік.  
Авторлардың  көпшілігі  ерте  жастан  ән  салуға  болады  және  пайдалы 
деген пікірмен келіседі [1.21].  
Олардың барлығы балалар дауысын шаршатпау керек екенін, қысқа ғана, 
үзіліс  жасап  жалғастыруды  ұсынады,  дәрістерде  ән  салу  тапсырмалары 
балалар даусының кішігірім көлеміне сәйкес келу керек дейді. Бұл авторлар 
балалар  дауысын  алдын-ала  өңдеудің  есейген  шақта  ән  салуға  үйретудің 
қиыншылықтарын  өте  жеңілдетеді  дегенді  мақұлдайды,  өйткені  көмей  осы 
кезде барынша дамиды және икемді болады екен. Дәріс кезінде: балаларды 
тым  жоғары  немесе  өте  төмен,  сондай-ақ  өте  қатты  дауыстап  ән  салуға 
мәжбүрлеуге  болмайды.  Ән  салғанда  терең  тыныс  алу  қимылдарының 
арқасында  тыныс  алу  органдары  қатаяды  деп  есептейді  авторлар,  ал  бұл 
балалар денсаулығының жалпы күйі үшін пайдалы болып табылады [1.36].  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Шүкірова Г. Бала жаста ән салудың пайдалылығы мен мүмкіндіктері  
 
 
Біз  дәл  осы  көзқараспен  келісеміз.  Ән  салу  оқушылар  денсаулығының 
жалпы  жағдайын  нығайтып  қана  қоймай,  тыныс  алу,  есту  және  дауыс 
шығару органдарын сауықтырады, есту қабілетін дамытады, сонымен қатар 
балалар тәрбиесін дамытады, көркемдік талғамды тәрбиелейді, яғни баланың 
жалпы дамуына оң ықпал етеді. 
Екінші көзқарасты 1899 жылы д-р Авеллис, ал 1949 жылы М.И.Фомичев 
білдіреді. Екі автор да балалар дауысының аппаратын шамадан тыс жүктеу 
мақсатқа  сай  болмайды  деп  есептейді.  Олардың  көзқарасы  үздіксіз  өсуші 
дауыс  аппараты  ерекше  нәзік,  тыныштықты  қалайды  дегенге  саяды, 
сондықтан  балалардың  ән  салумен  айналысатын  мектептерде  бұл  өнер 
сабағына қарағанда, «гимнастикаға» жақын болып келеді [1.89]. Қыздармен 
де,  ер  балалармен  де  организмді  толық  қалыптастырмай  ән  салумен 
айналысу  нәтижесіз  болып  саналады.  Жалпы  музыкалылықты  дамыту  үшін 
кейде балаларға ән айтқызған жеткілікті [4.75].  
Елімізде  жалпыға  ортақ  музыкалық  тәрбиені  жүзеге  асыру  мүмкіндігі 
пайда  болған  кезде  балалар  дауысын  сақтау  туралы  мәселе  алға  тартылған 
болатын. Мұндай қажеттілік нәтижесі бақылаусыз ән салу мен дауысқа көңіл 

 
300 
 
бөлмеуге  алып  келген  бала  даусының  жағдайындағы  жаппай  сәтсіздіктен 
туындаған.  
Балалар даусының ерекшеліктерін терең білуге, оның дамуының әр түрлі 
кезеңдерін  зерттеуге  және  қалыпты  дамуды  қамтамасыз  ететін  әдістемелік 
тәсілдерді  өңдеп  шығаруға  деген  қажеттілік  пайда  болды.  Осындай 
зерттеулерді алғашқылардың бірі болып И.И.Левидов бастады [2.40]. 
Құнды зерттеулері қаншама еңбеке арқау болатын білікті педагогтардың 
теориялық  пікірлері  әрдайым  дәлелденді  және  олардың  жеке  вокалдық, 
сондай-ақ  хор  сабақтарында  бірегей  қағидалар  бойынша  жүргізілетін 
жұмыстары  практикалық  көрсетумен  күні  бүгінге  дейін  дәлелденуде  және 
жоғары көркемдік деңгейге қол жеткізуде.  
И.И.Левидов  балалар  дауысын  қорғау  мен  тәрбиелеу  қажеттілігін 
дәлелдеп,  барлық  вокалдық  конференцияларға  қызу  түрде  қатысты. 
Педагогтар  дауысты  «қорғауға»  түсіністікпен  қарау  керек  және  белгілі 
жүйеде, дауыс режимін сақтай отырып жүргізетін дәл жүйелі оқыту сияқты 
жүзеге  асыру  керек  деген  тұжырымға  келді.  Көптеген  педагогтар 
И.И.Левидовқа қарсы болды, қызу пікір-таластар туындады. 
1940  ж.  Бүкілодақтық  вокалдық  конференцияда  И.И.Левидовтың 
баяндамасы бойынша қатысқан А.Б.Гольденвейзер негізінде бала жастан ән 
салуды үйретуге қарсы еместігін білдірді, бірақ балаларды жақсы педагогтар 
бар  жерде  оқыту  керек  екенін  басып  айтты.  Ол  тарихи  мысалдарға 
сақтықпен  қарауға  кеңес  берді,  өйткені  тарих  бір  Паттиді  тәрбиелеген  
педагог  қаншама  балалар  дауысын  құртып  алғаны    туралы  
 

 
301 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Шүкірова Г. Бала жаста ән салудың пайдалылығы мен мүмкіндіктері  
 
 
мәлімет  бермейді.  А.Б.Гольденвейзер  осы  сөздерімен  балалармен  ән 
салғанда аса сақтықпен жұмыс істеу керек екенін басып айтты. 
Бүгінгі  таңда  ән  салумен  бала  жастан  айналысу  мүмкіндігі  мен 
пайдалылығына  қатысты  мәселе  шешілген  болып  саналады.  Балалар  мен 
жасөспірімдер  дауысы  балалық  шақтан  бастап  ән  салуға  болмайтындықтан 
емес,  оның  себебі  –  осы  дауыстарға  тәжірибесіз  олақ  қарағандықтан 
бұзылады екен. 
Осыған  байланысты  ерте  жастан  оқыту  мен  тәрбиелеудің  үйлесімді 
жүйесін құру туралы мәселе қаралды, оқытудың барлық бөлімдерінде белгілі 
жүйе құру туралы мәселе өте маңызды болып табылады. 
Бұл  сөзсіз,  ән  салуға  да  қатысты.  Ұжымда  балаларды  міндетті  түрде 
жалпыға  ортақ  оқыту  мен  тәрбиелеу  кезінде  педагогтардың  әрбір  баланың 
жеке  дамуына  деген  кейде  ұмыт  болатын,  немесе  түрлі  себептермен 
орындалмайтын жауапкершілігі басты назарда болуы тиіс. Әрбір оқушының 
жеке мүмкіндіктерін дамыту жөнінде қамқорлық жеткілікті танытылмайтын 
жағдайлар  болады.  Осы  екі  кезеңді  байланыстыру  қажет;  ұжымда  оқыту 
басталысымен  барлық  балалардың  және  сонымен  бірге  олардың 
әрқайсысының  шығармашылық  мүмкіндіктерін  біртіндеп  және  жүйелі 
дамыту үшін жағдай жасау; мұны сонау балабақшаларда, одан кейін білімнің 
іргетасы қаланатын жалпы білім беру мектебінде жүзеге асыру керек.  
Орыс  классикалық  музыкасының  негізін  қалаушы,  балалармен  ән 
салумен  айналысқан  кемеңгер  М.И.Глинканың  қысқаша  әдістемелік 
нұсқаулары  мұра  боп  қалды,  олар  қазір  балаларды  ән  салуға  үйретудің 
негізін қамтиды деп айтуға болады [3.44].  
Жаттығуларды  примарлық  дыбыстардан  (еркін  алынатын  дыбыстар) 
бастау дауыс жасаудың шынайылығын, еркіндігін қамтамасыз етеді. 
Диапазон  ортасын  нығайту  (диапазон  ортасы,  оның  шеткі  дыбыстары 
ерте  пайдаланылмай,  барлық  дыбыстар  еркін  алынатын  оның  бөлігі) 
диапазонды  шынайы  дамыту,  оны  біртіндеп  жоғары-төмен  кеңеюін 
қамтамасыз етеді. 
Жаттығуларда «а» дауыстысын пайдалануды ұсына отырып, М.И.Глинка 
барлық  дауыстылардың  дұрыс  қалыптасуын  (оларды  бейтараптандыру, 
«жинақтау»)  қарастыра  келе  (ашық  «а»  дыбысына  қарсы)  «итальянды» 
қосады; яғни «а» дыбысын тарлау, біршама жинақтылау, айқайламай айтуға 
мүмкіндік  беретін  дұрыс  бұлшықет  қимылдарына  қол  жеткізу  керектігін 
айтады.  Ән  айтушылар  «а»  дыбысын  жинақтап  айтуды  үйрене  келе  басқа 
дауыстыларды да қалыптастыру үшін дағдылы қимылдарды өңдейді (олар да 
солай жинақталып, көркемді айтылады). 
«Нотаға дәл түсу» кеңесін сондай-ақ дұрыс дыбыс жасау мен көркемдік 
орындауға  қол  жеткізуге  мүмкіндік  беретін  қимылдарды  алу  үшін  орындау 
қажет.  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Шүкірова Г. Бала жаста ән салудың пайдалылығы мен мүмкіндіктері  
 
 

 
302 
 
Ән  салғанда  дауыс  «дұрыс»  болу  керек  деген  ескерту  өзін  бақылауды, 
яғни  өзін  тыңдауды  үйрету  арқылы  дамытуға  болатын  дауыс  ырғағының 
тазалығына қатысты; егер де есту зейінін, естуді қабылдауды дамытсаң, яғни 
музыкалық есту қабілетін тәрбиелесең, бұл мүмкін болатын нәрсе. 
М.И.Глинка  «еркін»  (қатты  емес,  жай  емес),  –  яғни  күштеусіз, 
жылдамдатусыз, алаңдамай, шынайы ән салуды ұсынады.  
Осы  шарттардың  барлығын  орындау  «...барлық  дыбыстарды  бірдей 
күшке  және  еркіндікке  жеткізуге...»  себепші  болады,  яғни  нәтижесінде 
барлық қимылдар үйлесімді, дағдылы болады және дауыс бүкіл диапазонда 
бір қалыпты, көркемдік жағынан құнды, сау және икемді, түрлі қиындықтағы 
әндерді орындауға дайын болады. 
Балалардың  ән  салу  дағдыларын  дамыту  бойынша  жұмыс  ұқыпты 
жүрген  сайын  соғұрлым  шығармашылық  мүмкіндіктерді  танытуға, 
музыкалық талғамды, музыкалық мәдениетті дамытуға жағдай жасалады.  
Мектептің  бастауыш  сыныптарында  ән  салумен  айналысу  қаншалықты 
жүйелі  және  бірізді  жүргізілсе,  мұғалім  оқушылардың  жеке  және  жас 
ерекшеліктерімен соншалықты санасады, қыз балалардың жыныстық жетілу 
кезеңінің  алдында  дауысты  одан  әрі  қалыпты дамытуға  мүмкіндік  беріледі. 
Меңгерілген бейімділіктер балаларға өтпелі кезеңнің қиындықтарын жеңуге 
себепші  болады,  олар  үшін  осы  кезеңнің  белгілері  әрқалай  пайда  бола 
бастайтын жаңа жағдайды жеңілдетеді.  
Өтпелі кезең арасында нақты шекара жоқ, біз осы шекараларды әр бала 
үшін  бірдей  анықтай  алмаймыз.  Сондықтан  да  балалар  дауысындағы 
өзгерістерді, әсіресе 10 жастан кейін мұқият, тұрақты бақылау талап етіледі, 
ол  кезде  өзгерістер  біртіндеп  пайда  болып,  көбіне  дауыс  ерекшелігінде 
байқалатын болады. 
Зерттеулер  мен  бақылауларды  пайдалана  отырып,  аталған  авторлардың 
көпшілігі балалардың дауыс органдарының өсуі мен дамуына мұқият зерттеу 
жүргізіп, оларға нақты талдау жасағаны анық.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Авеллис, д-р. Гигиена голоса для певцов, певиц и учащихся.  -Козлов: Г. мен Веллер баспасы, 1899. 
202 б. 
2.
 
Левидов И.И. Вокальное воспитание детей. -Ленинград: 1936. 303 б.  
3.
 
Глинка М.И. Упражнения для уравнения и усовершенствования гибкости голоса. -М.:Тритон, 1903. 
420 б.  
4.
 
Фомичев М.И. Основы фониатрии. -Ленинград: Медгиз, 1949. 446 б. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет