Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010



Pdf көрінісі
бет13/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Айтуғанова С.Ш. Тынымбай Нұрмағамбетов прозасындағы лиризм 

 

 



 

болған атасының басына келіп, өксіп тұрып жүректі шымырлатарлықтай сөздер 

айтады.  

Ал туған әкесінің өлігіне келіп бір уыс топырақ салмаған Толасбай бейнесі 

оқырманды  ойға  қалдырады,  онан  әрі  түңілдіреді.  «Арада  жиырма  күн  өткенде 

барып  Толасбай  келді.  Жалғыз  өзі.  Ол  келгенде  үйде  Шодыр  және  бата  қыла 

келген  екі-үш  шал  отырған.  Толасбай  жылаған  жоқ»  [4.183].  Жазушы  бар 

айтарын  осы  сөздер  арқылы  береді,  одан  артық  ештеңе  айтпайды.  Осындай 

көріністер  арқылы  өз  кейіпкерінің  бар  болмысын  танытады,  ал  шешімді 

оқырманның өзіне қалдырады.  

Шығарманың соңында оқуға кетіп бара жатқан Көктембайды көреміз. Тағы 

да  атасының  басына  келіп,  өз  ішіндегі  сезімімен,  ойымен  бөліседі:  «Мен  оқуға 

бара  жатырмын,  ата,  мен  әртіс  боламын.  Ата,  сені  ұмытпаймын,  жиі-жиі  келем 

ғой. Келемін... Мен сені алдамаймын. Қош бол, ата! 

-  Баланың  көзінен  шыққан  жас  тамшыларын  жел  іліп  әкетіп  жатты.  «Мен 

кетіп  барам.  Ата,  қош  бол...  Айтпақшы  осыдан  екі  күн  бұрын  ақ  тайқар  үйге 

қашып  келді.  Ол  қораны  айналып  қайта-қайта  ақырумен  болды.  Енесін  іздегені 

шығар. Бәлкім сізді де ата... 

-  Ата.  Ол  әлі  талай  қашып    келеді.  Біржола  келуі  де  мүмкін.  Ал  Толасбай 

көкем...   

- Оны білмеймін...» [4.189]. 

Баланың  осындай  сөздерінен  ащы  шындықты  аңғарамыз.  Жазушы 

шығармасының  негізгі  айтар  ойы  да  осында  жатса  керек.  Оның  көңілі  өзі 

мәпелеп  өсірген  қодығының  өз  қорасына  айналып  соғарына,  тіпті,  біржола 

келуіне  әбден  сенімді.  Ал  адамдардың,  әсіресе,  Толасбай  сияқтылардың  туған 

жерге, өскен ұясына оралуы күмәнді...  

Өз  прозасында  лиризмнің  нәзік  өрнектерін  тап  басып  танып,  кейіпкердің 

жан  сұлулығын,  арман-тілегін,  сағыныш  аңсарын,  ұлттық  мінезін,  тұрмыс-

тіршілігін  тек  шынайы  суреттегенде  ғана  көркем  шығарманың  өміршең  сипаты 

айқын  ашылатынын  терең  ұғынған  жазушының  бұл  повесіндегі  кейіпкердің 

сөздері оқырманға қатты әсер етіп, жүрегіне мұң, жүзіне кірбің ұялатады.  

Қаламгердің  осындай  кейіпкердің  жан  әлемін  толқытқан  сезім  шуағын, 

қуаныш-сүйінішін,  қасірет-мұңын  дәл  өмірдің  өзіндегідей  айшықты  суретке 

айналдырып, 

оқырманды 

баурап 


алатын 

шығармаларының 

қатарына 

«Қарлығаштың ұясы» повесін де жатқызамыз. Бұл туындының сыршылдығы өте 

терең.  Мұнда  адам  тағдыры,  қоғам  өмірі  психологиялық  тұрғыдан  көрсетіледі, 

идеялық мақсаты да терең. Шорман бейнесі арқылы жазушы өзінің эстетикалық 

мұратын  танытады.  Шығарманың  сюжеттік  желісі  де  осы  кейіпкер  бейнесіне 

қатысты  өрбиді.  Қарапайым  ғана  сөздер  жан-жүрегіңе  ерекше  әсер  етеді. 

Жазушы шеберлігіне таң қаласың.  

Осы  орайда  Т.Ақшолақовтың:  «Өмірдің  қай  саласында  болсын  шынайы 

суреткер    өзіндік   орнымен,  нақышымен   көрінеді.  Ақын-жазушы  тек  өзіндік  

 


 

88 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Айтуғанова С.Ш. Тынымбай Нұрмағамбетов прозасындағы лиризм 

 

 



қолтаңбасымен, даралық суреткерлігімен, өз стилімен айқындалады. Онсыз өнер 

иесі жоқ» [5.194], - деген пікірімен келіспеуге болмайды.  

«Қарлығаштың  ұясы»  -  терең  психологизм  мен  лиризмге  толы  шығарма. 

Барлық 


көркемдік-эстетикалық 

көріністерде 

лиризм 

психологизмнің, 



психологизм  лиризмнің  ажырамас  өрімі  ретінде  стиль  түзушілік  қызмет 

атқарады.  Лирикалық  прозаны  зерттеуші  ғалым    Я.Эльсберг  лирикалық  проза 

мен психологизмнің туыстығын айта келіп: «Шын мәніндегі лирикалық стильдің 

тазасында  өз  ойлары,  сезімдері  мен  тебіреністері  немесе  солардың  кейбір 

қырлары  мен  қасиеттері  туралы  айтуына  хақы  бар  адам  тұруы  шарт»  [6.167],  - 

деген болатын. Бұл шығармада автор адамның жан-дүниесіне үңіле түсіп, өзінің 

шынайы психологиялық, романтикалық суреттеуге бейім ерекшелігін танытады.  

Шығарманың негізгі тақырыбы – панасыз жетім балапан тағдырымен ұқсас 

тірі  жетім  тағдыры.  Лиризм  нағыз  махаббат,  сағыныш,  адалдықтан 

өрістейтіндігіне қарамастан мұндай ыңғайдағы туындыларға тіршіліктің көлеңке 

қалтарыстарына  көз  тігу  де  мүлде  жат  сипат  емес. Рас,  лиризм  көңіл  шуағынан 

қанат  жайғаны  дұрыс-ақ,  алайда,  біраз  белгілі  суреткерлер  сияқты, 

Т.Нұрмағамбетов  те  айтылмыш  стильдік  арнаның  бейнелеу  мүмкіндігін  өсіре 

түседі. 



  «Қарлығаштың  ұясы»  повесінің  басты  кейіпкері  –  жеті  жасар  Шорман 

әжесінің қолында тәрбиеленеді. Кәрілік жеңіп, күні таянғанын сезген әжесі оны 

жақын  ағайыны  –  Қиянбектің  үйіне  жібереді.  Сандықтан  көрші  кемпірдің  алып 

берген  судай  жаңа  киімдерді  киіп,  Шоқатайдың  тракторына  мінуге  асыққан 

Шорман  еш  алаңсыз.  Үйге  келе  сала  Шабаркүл  кесек  тасытып  қойса  да, 

тосырқамай  қолынан  келгенше  көмектеседі.  Автор  шығармада  баланың  нұрлы 

жан  дүниесі  мен  кіршіксіз  сезімдерімен  қоса,  Қиянбек,  Шабаркүл  бейнелерінің 

тартымды жасалуына да мән берген. Бейтаныс ауылды жатсынбаған Шорманның 

таза  көңілі  мен  әдемі  қиялдарының  астан-кестенін  шығарған,  жүрегін  аяусыз 

тілгілеген  оқыс  жағдай  -  әжесінің  қайтыс  болғанын  Қиянбек  пен  Шабаркүлдің 

әңгімесінен кенеттен естіп қалуы болды.  

Осылайша, өмірдегі жалғыз жанашыры мен тірегі болған әжесінің енді жоқ 

екенін, қаласа да, қаламаса да енді осы үйде тұруға мәжбүр екенін сезінген бала 

жалғыздықпен іштей арпалысады. Өз көзімен көрмегесін сенбеген ол «үйіме ала 

кет»  деп  Шоқатайдың  тракторының  соңынан  жүгіреді.  Ештеңеге  көңілі  соқпай, 

іштей  егіледі.  Шорман  әке-шешесінің  тірі  екенін,  әкесі  -  Есенжол,  шешесі  - 

Айбарша  екенін  бірнеше  рет  естіген.  Мұның  бәрі  балаға  қатты  әсер  етеді. 

Әжесінің айтқан ертегісі есіне түседі. Осы тұрғыда жазушы бала психологиясын 

тұнық күйінде жеткізу үшін балапанға Шорманның қамқорлық жасауын, онымен 

тілдесуі  секілді  нақты  детальдарды  –  көркемдік  детальдар  ретінде  шебер 

пайдаланып,  авторлық  суреттеу  мен  бейнелеу  арқылы  баланың  рухани  әлемін 

жан-жақты  ашып,  Шорман  образы  арқылы  өмірдегі  жағдайлардың  көркемдік-

эстетикалық,  әлеуметтік  мәселе  ретінде  бейнеленуіне  күш  салады.  Кейіпкердің 

сезімге толы жан тебіреністері, іс-әрекеттері арқылы оқырманды баурап алумен 

қатар  ойландырады да.  Және  бұл  турасында  өзінің  тұжырымдарын  ұсынады.  

   


 

89 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Айтуғанова С.Ш. Тынымбай Нұрмағамбетов прозасындағы лиризм 

 

 



 

Бар үміті ұшып бара жатқан қарлығаштың балапанында болып, соған үздіге 

қарап  тұрған  Шорман  бірден  оқырманның  көз  алдына  елестеп,  жан-дүниесін 

алай-дүлей  етеді.  Шабаркүлдің  үйіне  қызы  мен  Гүлжан  есімді  жиен  немересі 

келгендегі  бәйек  болуы,  өзгеше  мейірім  көрсетуі  бала  сезіміне  үлкен  әсер  етіп, 

жабырқау  тартады.  Сәби  көңілі  аяулы  алақанды,  мейірім  шуағын  аңсайды. 

Қарлығашқа келіп айтқан сөздері еріксіз көзге жас алдырады. Сол арқылы өзінің 

тастап  кеткен  әкесі  мен  шешесіне  сәлемін  жеткізуін  сұрайды,  өкпесін, 

сағынышын айтады.  «Екеуіне  де  айтшы. Сағынып жүр деші. Ең болмағанда бір 

күнге келіп көріп кетсінші. Бір күнге... 

Балапан  бірте-бірте  биіктеп,  алыстап  кетті.  Бірақ  оны  енді  Шорман  көре 

алған  жоқ.  Көзін  жас  жуып  кетті.  Қырлы  тастардың  табанын  тіліп  кеткенін  де 

елеген жоқ. Жүгіре берді» [4.55]. 

Шормандай  тас  тағдыр  балалар  өмірде  аз  емес.  Соларға  қарап  отырып, 

олардың  да  өз  қиялымен,  арманымен  арпалысып,  шартарапты  шарлап,  ыстық 

алақан, мейірім іздейтіні жүрегіңді ауыртады. 

Жазушының 

өз 


шығармасында 

ертегіні 

қолданып, 

шығарманың 

тақырыбына,  идеясына  сәйкес  көркемдік  құрал  ретінде  пайдалануы  да 

шығарманың  лирикалық  сипатын  арттырып  тұр.  Бұл  тұста  профессор 

Ж.Дәдебаевтың:  «Жазушының  өмірде  болған,  нақты  ақиқат  алдында 

құбылыстарды  ғана  суреттеп  қоймай,  қажет  болған  жағдайда,  құбылыстардың 

мәніне  тереңдеп  барып,  оны  жан-жақты  ашып  көрсету  мақсатында,  ақиқат 

деректер  беретін  шындықты  өз  мұратына  орай  өзгерген  немесе  толықтырылған 

түрде пайдалануы елеулі табыстарға жеткізеді» [7.55], - деген пікірімен келісуге 

болады. 


Т.Нұрмағамбетовтың  шығармаларын  оқи  отырып,  бәрінде  де  нәзік  лиризм 

басым екенін аңғару қиын емес. Оның кез келген туындысында кейіпкерлермен 

іштей  сырласып,  жүздесіп,  сөйлескендей  сезімде  боласың.  Жазушы  өз 

кейіпкерлерінің  жан  дүниесін,  нәзік  сезімін,  сырын  ашуда  жасандылыққа  бой 

алдырмайды.  Олар  туралы  кесіп-пішіп  ештеңе  айтпайды.  Олардың  іс-қимылы, 

сөйлеген  сөздері,  монологтары  арқылы  бар  болмысын  танытады.  Оқырман  сол 

арқылы  қай  кейіпкердің  қандай  екенімен  таныс  болып,  өз  бағасын  береді. 

Шығарма  кейіпкерімен  бірге  қуанып,  бірге  жылап,  бірге  қобалжып,  уайымдап 

отырады.  Мұның  өзі  жазушының  өзіндік  стилін  анықтап,  шеберлігін  көрсетсе 

керек.  Оның  шығармаларының  шынайылығы  автордың  кейіпкерлерінің 

психологиясын,  сезімін  өз    көзімен  қарап,  жүрегімен  сезініп  барып  оқырманға 

жеткізуінде болса керек.  



 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



 Гегель Г.В. Эстетика: Екі томдық. –Москва, т.2, 1999.-603 б. 

2.

 



Ахундов Б.А. Литературные направления и стили. – Москва, 1976-346 б. 

3.

 



Әйтімов М. Қазақ повесіндегі лиризм. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін 

алу үшін жазылған кандидаттық диссертация. Алматы, 1998.-163 б. 

4.

 

Нұрмағамбетов Т. «Қош бол, ата». Алматы: Рауан, 1993.-224 б. 



5.

 

Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын талдау. Алматы: Рауан, 1994.-224 б. 

6.

 

Эльсберг. Я. Актуальные проблемы социалистического реализма. М., 1969. 



7.

 

Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. Алматы: Қазақ университеті, 2003.-284 б. 



 

90 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

Б.ӘБДЕШЕВ 

филология ғылымдарының кандидаты 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 

 

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ДӘУІР ТЫНЫСЫ 

 

В  статье  сравнивается  роман  киргизского  писателя  Т.Касымбекова  «Сынған  қылыш»  с 

романами на историческую тему в казахской литературе

 

 

This  article  deals  with  the  comparison  of  the  novel  “The  Broken  Sword”  by  the  Kyrgyz  writer 

T.Kassymbekov with historical novels in Kazakh Literature. 

 

Қазақтың  төл  тарихымен  тамырлас  қазақ  әдебиеті  де  бағалы 



шығармалардан  кенде  емес.  Соның  көпшілігі  кеңестік  дәуір  тұсында  жарық 

көрсе  де    бүгінгі  күні  еліміздің  өткен  тарихынан  сыр  шертер  құнды  әдеби 

мұраларымыз  қатарында.  Көркем  әдебиет  арқылы  әр  халық  өзінің  өткен 

тарихымен  таныса  алады.  Әсіресе  тарихи  роман  жанры  бұл  тұрғыда  үлкен 

рөль атқаратыны белгілі.  

«Әдебиет  -  ақиқат  өмірдің  сырлы  суреті,  халықтың  көркем  тарихы» 

[1.20], - деген академик З.Қабдоловтың тұжырымына сай зерделесек, тарихи 

романдар - дәуірдің бет-бейнесін, уақыттың ақиқатын, елдің шерлі шежіресін 

шынайы  суретке  айналдырған  әдебиеттің  көлемді  жанры.  Тарихи 

туындыларда  жеке  адам  өмірі  халық  тарихымен,  дәуір  көшімен  тығыз 

байланыста  көрсетіледі.  Түрлі  қауым,  түрлі  образдар  сыры  ашылады.  Сол 

суреттеліп  отырған  кезеңнің  негізгі  қасиеттері  бойларына  сіңген  тұлғалы 

жандар  бейнеленеді.  Солардың  сезім,  ой,  күйзеліс,  толғаныстары  арқылы 

күрес  арнасында  дәуірдің  небір  сырлары  баяндалады.  Тарихи  роман  жазуда 

құжат  дерегі  де,  ел  аузындағы  әңгіме  де,  көркем  қиял  да  көп  қызмет 

атқарады.  Бірақ  тарихи  шындыққа  үлкен  жауапкершілікпен  қарайтын 

суреткер қиялдан гөрі дерекке көбірек назар аударары сөзсіз.  

Қазақ  әдебиетінде  тарихи  роман  жанрының  тууы,  қалыпттасуы, 

көркемдік  ерекшелігі,  дәстүр  мен  жаңашылдық  секілді  келелі  мәселелер 

төңірегінде көптеген әдебиеттанушы-ғалымдар зерттеу еңбектер жазды. Атап 

айтсақ,  Р.Бердібаев,  Л.Әуезова,  Ж.Дәдебаев,  Б.Майтанов,  Т.Сыдықов, 

Т.Жұртбаев,  Қ.Алпысбаев,  Ә.Тарақов,  М.Хамзин  және  тағы  басқалар.  Әр 

кезеңнің  оқырманы  бүгінгі  күн  немесе  бүгінгі  заман  шындығы  мен  бергі 

тарихи тақырыптарды ғана емес, бұдан жүздеген, мыңдаған жылдар бұрынғы 

шынайы  өмірді  қажетсінеді.  Бұл  тұрғыда:  «Тарихи  роман  халықтың 

бұрынғысы  мен  бүгінгісінің  жанды  байланысын  көркем  бейнелер  арқылы 

ашады.  Мұндай  шығармалардың  тәрбиелік,  танытқыштық  мәні  үлкен. 

Олардан  халық  өмірінің  өткені  мен  қазіргісінің  арасында  қаншалық  айырма 

бар  екенін,  ілгерілеуіміздің  сипатын  ұғамыз»  [2.4],  деген  Р.Бердібай  пікірі 

көңіл  аударарлық.  Тарихи  роман  төл  тарихымыздың,  мәдени  дамуымыздың 

көшін  жалғастырған,  өткен  мен  бүгіннің  арасына  дәнекер  болып,  қазақ 

ұлтының  арман-мұратын  болашақ  ұрпаққа  жеткізуші  рухани  қазынамыз 

қатарында.  Тарихи  романның  ерекшелігін  анықтаудағы  басты нәрсе ойдан  


 

91 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Әбдешев Б. Қазақ-қырғыз романдарындағы дәуір тынысы

 

 

 



 

шығару  мен  деректің  қатынасы  деп  қана  есептемей,  жазушының  жеке 

стилінің  ерекшелігіне  де  назар  аудару  қажет.  Жазушы  тарихи  тақырыпты 

қолға алғанда, ойдан шығаруға, қиялға берілуге, ғылымға белгілі мәліметтің 

ізінен  қалмай  қуалаудан  бас  тартуға  құқы  бар.  Тарихи  роман  тәрбиелік, 

эстетикалық мәнімен қатар оқырманның танымдық ой-өрісін кеңейтуге үлкен 

ықпал  етеді.  Өткен  заман  туралы  шындықты  көбіне  тарихи  оқулықтардан 

ғана  емес,  оқырмандардың  көпшілігі  көркем  әдебиет  яғни,  тарихи  романдар 

арқылы танып біледі. 

Әр  елдің  қоғамдық-саяси  даму  ерекшеліктеріне  байланысты  олардың 

әдебиеті  де  өзіндік  ерекшеліктерімен  дараланады.  Орта  Азияның  жалпы 

тарихына зер салсақ, қазақтың және көршілес елдердің тұтас тағдыр-тарихы 

қанды  қырғындармен,  шайқастармен  өткені  бірден  байқалады.  Олар 

отаршылдықтың  зауалын,  қырғын  мен  қуғындардың,  қасіреттің  небірін 

бастан  кешірді.  Сол  шерлі  шежіре  олардың  көркем  әдебиетінде  шынайы 

көрініс  тапты.  Бұрын  көшпенді  өмір  салтын  ұстанған,  кейін  басқаның 

билігіне  мойынсұнған  бірқатар  көршілес  елдердің  тарихи  романдарын 

қарастыру барысында біздің тарихи туындыларымызға ұқсас сипаттың барын 

аңғардық.  Атап  айтсақ,  қырғыз  жазушылары  Төлеген  Қасымбековтың 

«Сынған  қылыш»,  Қашқынбай  Османәлиевтың  «Көшпенділер  қақтығысы», 

Түгелбай  Сыдықбековтың  «Көк  асаба»  тарихи  романдарымен,  Әбіш 

Кекілбаевтың  «Үркер»,  «Елең-алаң»,  Мұхтар  Мағауиннің  «Аласапыран», 

Дүкенбай  Досжановтың  «Жібек  жолы»  және  тағы  басқа  біраз  тарихи 

шығармаларда  халықтың  тарихи  тағдыры,  ғасырлар  бойы  жинаған  рухани 

байлығы және елдік қасиеттері көрініс тапқан. Әрине, бұл романдарда тарихи 

тақырыпты  игеру  төңірегіндегі  жазушылардың  ой-толғамдары  әрқилы. 

Аталған  авторлардың  шығармаларында  суреттелетін  дәуір,  оқиғалар  сюжеті 

әртүрлі. Сонымен бірге әр жазушының өз ішкі құпия сыры, стилі, әдіс-тәсілі, 

көркемдік  компоненттері,  сайып  келгенде  қаламгерлік  қарым-қуаты  белгілі 

бір  тарихи  тақырыпты  толық  меңгеру  деген  мәселені  тікелей  шешетіндігі 

даусыз.  Жалпы  қазақ  және  қырғыз  әдебиетінде  тарихи  тақырыпты  игеру 

қалыптасқан дәстүрге ие десек те болады.  

Екі  ел  әдебиетіндегі  байланысты  профессор  М.Базарбаев  фольклор 

дәстүрімен  сабақтастырады:  «Орта  Азия  мен  Қазақстан  халықтары 

әдебиеттерін алып қарасақ, олардың өзара жақындығының тарихи тамырлары  

әріден басталатынын аңғарамыз. Бұл халықтардың мүдделері ежелден  ортақ, 

осыған  орай  мәдени  байлықтары  да  атам  заманнан  бері  ортақ  көркемдік 

қазына  болып  келеді.  Орта  Азия  халықтары  әдебиеттеріндегі    сюжеттердің 

араб,  парсы,  түрік,  үнді  аңыз-ертегілеріндегі  сюжеттермен  ұқсас  келуі  бұл 

халықтардың  ежелден  келе  жатқан  бір-бірімен  сауда-саттық  қатынасынан, 

аралас шаруа жайынан екені анық. Мұны  эпостық жанрдан байқауға болады. 

Мысалы, жалпыға мәлім «Алпамыс» эпосы қазақ, қарақалпақ, өзбек арасында 

кеңінен тарап,  сіңісті болып кеткен,  сол  сияқты «Көрұғлы» эпосы 


 

92 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Әбдешев Б. Қазақ-қырғыз романдарындағы дәуір тынысы

 

 

 



 

азербайжандарға,  түркімендерге,  тәжіктерге,  өзбектерге,  қазақтарға  және 

қарақалпақтарға  ортақ.  Қырғыздың  атақты  «Манас»  эпосында  қазақ  батыры 

Ер  Көкше  соғысқа  ең  басты  қаһармандардың  бірі  болып  қатысады.  Ал  «Ер 

Көкшенің»  В.В.Радлов  жариялаған  қазақша  нұсқасында  Манаша  батыр 

Көкшенің досы болып бейнеленеді» [3.113]. 

 

Қазақ  әдебиеті  мен  қырғыз  әдебиетінің  даму  ұқсастығы  жөнінде 



бұрыннан  сөз  болып  жүр.  Алайда  көршілес  өзбек,  қырғыз,  түркімен,  тәжік, 

қарақалпақ тағы басқа елдердің тарихи романдарын салыстыра зерттеу қазақ 

әдебиеттану  ғылымында  сирек  ұшырасады.  Мұндай  салыстыра  зерттеулер 

Р.Бердібай,  Ж.Дәдебаев  еңбектерінде  ғана  бар.  Мысалы,  әдебиеттанушы-

ғалым  Ж.Дәдебаев  «Өмір  шындығы  және  көркемдік  шешім»  атты 

монографиясында  М.Мағауиннің  «Аласапыраны»  мен  Т.Қасымбековтың 

«Сынған  қылыш»  романдарындағы  халықтың  дәстүрлі  мәдениетінің  тарихи 

туындыда  көрініс  табуын  салыстыра  қарастырады  [4.53].  Қазақ  елінің 

қуанышы  мен  қасіреті,  діні  мен  ділі,  салты  мен  дәстүрі  қырғыз 

ағайындарымызға  да  ортақ.  Әдебиетіміздің  бастауларында  да  ұқсас 

нышандар  жетіп  артылады.  Екі  ел  арасындағы  бауырластық  жөнінде 

М.Дулатов  былай  деп  жазады:  «Қырғыз    ежелден  қырғыз  атанып,  Айсадан 

бұрын неше ғасыр өз алдына жұрт болған, қазақпен туысы, діні, тілі, қонысы, 

тұрмысы,  әдет-ғұрпы,  салт-санасы  бірдей,  жауынгер  түрік  қауымдарының 

бірі, қазақ пен қырғыздардың арасында, тіліндегі болмашы айырма болмаса, 

еш бөтендік жоқ» [5.202]. 

Қазақ және қырғыз қаламгерлері тарихи шығармаларында төл жұртының 

бүкіл тарихын – бірігу, тұтастану, бірлесу тарихын суреттеді десек те болады. 

Шығарманың көркемдік қуаты суреттеліп  отырған уақыттың, кейіпкерлердің 

әлеуметтік-психологиялық  болмыс-бітімін  қаншалықты  шынайы  жеткізе 

білгендігімен  өлшенеді.  Әр  дәуірдің  өзіне  ғана  тиесілі  ерекшелігі  мен 

шындығы  бар.  Дәуір  шындығын  сол  мезгілдің  өзіне  тән  белгілері  арқылы 

реалистік  тұрғыда  нақты  көрсете  алғанда  ғана  шығарма  бағалы  болатыны 

анық.  Кітап  авторының  айтар  ойы  қашан  да  басты  кейіпкер  бейнесімен 

сабақтасып жатады. Себебі, көптеген шығармада автор ойының жүгін басты 

кейіпкер  көтереді.  Тарихи  тақырыпқа  шығарма  жазғанда,  әр  жазушының 

өзінің  көтеретін үлкен бір мәселелері болады. Ол тарихи ірі тұлғалардың іс-

әрекеттері мен өзара қарым-қатынастары ма, әлеуметтік  топтар арасындағы  

тартыстар  ма  немесе  моральдық-этикалық  мәселелер  көріністері  ме,  қалай 

болғанда да көркемдік-идеяның шешімі белгілі бір авторлық мақсатқа қызмет 

етеді.  Осыдан  барып  жазушының  тарихқа  көзқарасы,  бұрынғы  дәуірдегі 

оқиғалар мен ірі тұлғаларға деген өзіндік бағасы көрініс табады. 

 Төлеген  Қасымбековтың  «Сынған  қылыш»  романы  бұл  ретте    автор 

ойының  тереңдігімен,  көркемдік  жинақтаудың    кеңдігімен,  эпикалық  кең 

тыныстығымен  ерекшеленеді.  Эпикалық  деуіміздің  себебі,  қырғыз   елінің 

арғы-бергі тарихына кең барлау жасалып, әлеуметтік  топтар  мол  қамтылып,  



 

93 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Әбдешев Б. Қазақ-қырғыз романдарындағы дәуір тынысы

 

 

 



әр  кезеңдегі  ішкі-сыртқы  жағдайлар  халық  тағдырымен  байланыста 

суреттеледі.  Халықтың  сан  ғасырлық  тарихи  жолда  қалыптасқан  өзіне  тән 

ұлттық мінездері де ашылады. Романдағы оқиғалар 1842-1876 жылдар арасын 

қамтиды. Бұл тарихи шығармада XIX ғасырдың ортасы мен II жартысындағы 

қырғыздардың  тұрмысы,  Қоқан  хандығы  мен  Қырғыз  еліндегі  қоғамдық-

саяси,  әлеуметтік-экономикалық  жағдай,  орыс  патшалығының  отарлау 

мақсатындағы  саясаты  төңірегіндегі  оқиғалар  сөз  болады.  Романдағы 

кейіпкерлердің  барлығы  және  олар  қатысқан  оқиғалардың  дені  тарихта 

болған.  Романдағы  оқиғалардың  көпшілігі  Әлімқұл,  Бекназар,  Әбіл  би, 

Әлімбек,  Ысқақ,  Шерәлі,  Құдярхан,  Әбдірахман,  Черняев,  Скобелев 

төңірегінде  өрбиді.  Романды  оқи  отырып  жазушының  тарихи  деректі 

молынан пайдаланғанын көреміз. Қырғызстанның Ресейге қосылу тарихы да 

осы  романда  көрініс  тапқан.  «Сынған  қылышта»  патша  өкіметінің  саясатын 

жүргізуші  ретінде  генерал  Черняев,  Скобелевтер  жүрсе,  «Үркер»  «Елең-

алаңда»  ол  рөльді  Тевкелев,  Кирилов  атқарады.  Бұл  романдарда  патша 

өкіметінің  ішкі  және  сыртқы  саясатындағы  мақсат-мүддесі,  кемшіліктері, 

жетістіктері аталған кейіпкерлер бейнесі арқылы анық көрінеді.  

 

Ә.Кекілбаев  шығармасында  басты  кейіпкер  Әбілқайыр  хан 



болғанымен, ханның күрделі бейнесін, оның ойлары, іс-әрекеттері Тевкелеев, 

Бөкенбай, Есет, Тайлақ, Мәті тәрізді  кейіпкерлер арқылы ерекшелене түседі. 

Қаламгер  Әбілқайыр хан секілді қарама-қайшылығы мол ірі тарихи тұлғаның  

айрықша  дара  сипаты  ретінде    оның    айлакерлігін,  саяси  тұрғыдан 

көрегендігін, ел мүддесі мен өз мүддесін байланыстыра білген ақылдылығын  

шебер  суреттейді.  Ал  Т.Қасымбековтың  романының  әр  бөлімінде  әртүрлі 

кейіпкерлер мен қарапайым халық өкілдерінің тағдырлары суреттеледі. Әрбір 

бөлімде өзінің жеке басты кейіпкері  бар, оған белгілі бір міндет жүктелген. 

Дегенмен,  романның  барлық  бөлімінің  басты  арқауы  болып  – 

 

Қырғызстанның  Ресей  патшалығының  қол  астынан  пана  іздеу  идеясы 



негіз болады. Сол кезеңдегі қырғыз елінің басындағы сондай қиын жағдайда 

бұл  одақ  ең  дұрыс  жол  әрі  тарихи  қажеттілік  еді.  Жазушы  шығармасында 

ұқсас  құбылыстарды  (бір  ханның  өлтірілуі,  таққа  басқа  біреудің  келуі) 

ақырын әңгімелей отырып, оқырманды шешуші түйін – қоқандықтардан гөрі 

орыстармен  одақ  болған  дұрыс  деген  ойға  білдіртпей  жақындатады. 

Қоқандықтардың  езгісінде  ұзақ  жылдар  өмір  сүріп  келген  қырғыздар  орыс 

әскерін  бейбіт  қарсы  алуға,  барлық  шарттарын  қабылдауға  мәжбүр  болады. 

Романның  соңында  біз  «Кімнің  қылышы  сынды»  деген  сұраққа  жауап 

табамыз. Сынған қылыш екеу –  қоқандікі және орыстікі. Романның басында 

жазушы  ежелгі  қырғыз  жеріне  патша  әскерінің  қарумен,  қылышпен  келгені 

туралы  ащы  шындықты  жеткізеді,  ал  соңында  халықтың  басына  қасірет 

болған  осы  бір  суық  та  қатыгез  қылыш  қырғыздардың  бейбітшілік  пен 

тыныштыққа  деген  ұмтылысынан  сынады.  Т.Қасымбеков   романында  сол  


 

94 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет