А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Т.АБДУКЕРИМОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
“ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН” ГАЗЕТІНДЕГІ
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЛЕКСИКА
В этой статье рассматривается общественно-политическая лексика на страницах газеты
«Южный Казахстан».
This article deals with social and political vocabulary in “The South Kazakhstan” newspaper.
Кез келген тілдің сөздік құрамындағы өзгерістер, жаңалықтар алдымен
мерзімді баспасөзде көрінеді. Оның ішінде, әсіресе қоғамда болып жатқан
әлеуметтік, саяси, экономикалық, т.б. өзгерістердің айнасы – қоғамдық-саяси
лексика – замана тынысын дәл танытады. Жоғарыдағы пікірлерді ескере келе,
“Оңтүстік Қазақстан” газетінің мысалдары негізінде ана тіліміздегі қоғамдық-
саяси, лексика-әлеуметтік, тарихи ұғымдарды білдіретін атаулар, мемлекеттік
құрылысты білдіретін атаулар, әкімшілік жүйеге қатысты атаулар, саясатқа,
оқу–білім, мәдени салаға байланысты атаулар деп лекикалық топтарға бөлуге
болатынын байқадық. Өйткені, газет белгілі бір уақыт аралығындағы әдеби
тілдің ахуалын таныта алады [1].
Сонымен, газет беттерінде кездесетін әлеуметтік-тарихи категориялар
мен ұғымдарды білдіретін атауларға тоқталып өтсек.
Алғашқы қазақ газеттерінің тілін зерттеуші Б.Әбілқасымов өз
еңбектерінде қоғамдық және саяси-әкімшілік құрылысқа байланысты атаулар
құрамын халық, ел, жұрт, ұлт, нәсіл сөздерін енгізбеген. Р.Барлыбаевтың
монографиясының “Идеялық–праволық ұғымдарды білдіретін атаулар” атты
бөлімінде Отан, халық, қоғам, бостандық, теңдік сияқты сөздердің партия
жұмысына байланысты қолданысқа түсуіне көңіл бөлініп, сол тұрғыда сөз
етіледі.
Қазіргі қазақ тіліндегі жұрт сөзінің мағынасына, тарихи дамуына
профессор Р. Сыздықова “Абай шығармаларының тілі” атты еңбегінде
кеңінен тоқталады. Өткен ғасырларда жарық көрген түрлі сөздіктердегі
жұрт сөзінің мағыналары – “страна, государство, царство, владение,
жительство, отечество; стойбище, стан, лагерь; народ, толпа; место, где стоит
аул”. Негізінен осы төрт түрлі мағынада жұмсалған бұл сөз өткен ғасырдың
аяғында “халық, бұқара, көпшілік” ұғымында жиі қолданылған. XVIII–XIX
ғасырлардағы сөздіктерде “страна, территория на которой живет одна семья
(усадьба) или род” деп көрсетіледі. Сірә, ол бұл мағынада тілімізде кейіннен
орныққан “хандық”, “патшалық” тәрізді туынды атаулардың орнына да
жұмсалған болса керек. 1897 жылғы сөздікте берілген жұрт сөзінің “народ,
страна, владение, ханство, господство” деген мағынасы қазақ ауыз әдебиеті
үлгілерінде ерте кезден жиі қолданылғанын көреміз.
Ал Абай шығармаларындағы жұрт сөзінің қолданылу ерекшеліктеріне
келсек, ол “ел, территориялық-әкімшілікке топталған ел, халық, ұлт”
145
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Абдукеримова Т. “Оңтүстік Қазақстан” газетіндегі қоғамдық-саяси лексика
ұғымында жұмсалған. Сондықтан да Абай шығармаларында жұрт сөзі “ ел,
қазақ, халық” сөздерімен параллель, солардың дублеті ретінде жүреді.
Сонымен қатар, Абайда жұрт сөзі “жалпы адамдар, көпшілік” деген
мағынада жиі қолданылады.
Ал жұрт сөзінің барша түркі тілдеріндегі айтылу формасы мен
семантикасын толық талдап көрсеткен этимолог Э.В.Севортян оның негізгі–
негізгі мынадай мағыналарын ашып көрсетеді:
1. Место, пастьбы скота; стоянка; стан; стойбище; лагерь; место
жительства; место поселения; поселение; владение; оставленное стойбище;
место, покинутое кочевниками; место, где стоял аул; следы жилья; пепелище
аула; остатки от старых жилищ; руины, развалины; остов чума;
2. Родина, страна; государство; государство – царство; земля; край;
регион; волость; родовое подразделение;
3. Селение // деревня.
4. Земля с населением; народ, население, народ – население; подданые;
общество; мир; община людей; общественность; публика; собрание; родня.
5. Юрта, кибитка; шатер; дом, жилище, летник; летнее помещение; очаг
(родной); постройка; изба с надворными постройками; двор со строениями;
двор; хозяйство (ЭСТЯ, IV, 254).
Орыс тіліндегі түркологияны жан-жақты зерттеген белгілі этимологтар
Фасмер (IV, 530-534), Шипова (430-431) жұрт сөзінің туыстас түркі
тілдерінде әр түрлі мағыналық қырларында кеңінен қолданылатынына, көп
кездесетініне көңіл бөлген Р.Барлыбаев былай деп жазады: “Өзбек тілінде:
Родина – 1) Ватан; 2) Туғиған жой, юрт”. Қазіргі ұйғыр тілінде Отан сөзінің
орнына “жут” сөзі қолданылады. Жут: 1) Родина, родная страна, родные
места; өз жутида турмақ – жить на своей Родине; 2) Публика, люди.
С.Е.Малов “Ұйғыр тілі” деген еңбегіне қосымша берілген сөздікте: (урт.
селение, община людей) деп талдайды. Ежелгі түркі жазба ескерткіштерінде:
“журт – земля, страна, Родина”. Олай болса, қазіргі ұйғыр тіліндегі жут сөзі
бағзы және Қытайдағы ұйғыр тілі мен түркі жазба ескерткіштеріндегі ұурт
сөзі арқылы қалыптасқан деп айтуға болатын сияқты. Ал өзбек тілінде Отан
сөзінің синонимі ретінде жұрт (юрт) сөзі қолданылатынын А.К. Бороковтың
“Бадаи–ал–лұғат” деген еңбегінде ел (ил)-“народ, страна” деп берілгенін
есепке алсақ, негізінен түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде де Қазан
төңкерісіне дейін Отан мағынасында қолданылды.
Қоғамдық саяси өмір саласына байланысты құбылыстар мен ұғымдар
атауларына астарлы бейнелі мағына негізінде өрбіген тұрақты тіркестер
көптеп байқалады.
Метафоралық фразеологизмдер: қызыл өңеш - даукес; шикі өкпе-
перзент; ши борбай - терісі етіне жабысқан жас бала; су жұқпас – барып
тұрған ала аяқ; оймақ ауыз – сүйкімді ауыз; қан ішер - жауыз; су мұрын –
146
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Абдукеримова Т. “Оңтүстік Қазақстан” газетіндегі қоғамдық-саяси лексика
болбыр, сылбыр адам; дорба сақал - қауқиған сақал.
Бұл зат есім фразеологизм де компоненттердің мағынасының өзгеруі
немесе бүтін оралымның мағынасының туынды мағынаға өтуі, ауыспалы
мағынада қолданылуы метафора тәсілі арқылы іске асқан. Әр
фразеологизмнің мағынасы өзіне ғана тән болып орныққан. Фразеологизмнің
мағынасы, оның семантикасы құрастырушы сыңарлары мағыналарының
жиынтығына
сәйкес
келгенде
сақталады,
оған
негіз
болатын-
фразеологизмнің тұтасымен немесе оның сыңарларының бірінің ауыспалы
мағынада қолданылуы. Бұл жағдайда метафоралық ауыспалы мағына
фразеологиялық мағына тудырған. Мысалдардағы фразеологиялық мағына
мен оларды құрастырушы сыңарлардың мағыналық арақатынасы әр түрлі,
бірақ олардың әрқайсысы өзіне тән мағынасымен, яғни, мағына
тұтастығымен сипатталады. Метафоралық ауысу фразеологизмдердің ішкі
мазмұнынан анық көрінеді. Метафоралық тәсілде, қолданыста бір зат пен
екінші заттың өзара салыстырылуы орын алады.
Метонимиялық фразеологизмдер: көген көз - жазықсыз боз бала; ақ
саусақ – қиналып қара жұмыс істемейтін кісі; ақ жаулық – әйел, жұбай; көз
көрген – бұрыннан таныс: ет жақын - туыс, ағайын; ірі қара - жылқы, сиыр
малы; жапалақ ұшпас жапан – мидай дала, ай дала; жас иіс - сәби бала,
нәресте; тік бақай - икемсіз адам; жуан жұдырық - зорлап үстемдік
жүргізуші, т.б.
“Тік бақай” деген фразеологизмнің астарынан “икемсіз адам” деген
ұғымды түсінеміз. “Тік бақай” фразеологизмнің құрамындағы “бақай” сөзі –
адам ұғымын алмастырып тұрған метонимия. Бұған қарағанда,
фразеологизмнің жасалуына, фразеологизмге өтуіне метонимия ықпал
жасаған. “Ақ жаулық” фразеологизміндегі “ақ” деген бірінші сыңары
“әйелдердің ақ орамал тартатынын” білдіретін көрсетсе, екінші сыңары
“жаулық” орамал тартып жүру әйелге тән болғандықтан, әйел я жұбай деген
туынды мағына өту деп есептеуге болады. “Қол қайыр” фразеологизмін тұтас
күйінде есептеуге болады. “Қол қайыр” фразеологизмі тұтас күйінде
метонимиялық ауыс мағына жасап, “болмашы көмек” деген ұғымды білдіріп
тұр. Мысалы: үрім-бұтақ, бала-шаға, ұрпақ, туған-туысқан; өкпе сызы- реніш;
қалың қол – көп әскер, т.б. фразеологизмдер метонимиялық ауыс мағына
жасау нәтижесінде туған, фразеологиялық мағынаға өткен [2].
«Оңтүстік Қазақстан» – тарихи-танымдық, ғылыми-көпшілік, ой-пікір
басылымы. Сол себепті оның беттерінде жоғарыда аталған тақырыптарға
қоса ұлы тұлғалар, мәдениет пен әдебиет қайраткерлері, ел қорғаған
басшылар туралы мейлінше тың деректер, көркем шығармалардан үзінділер
мен әңгімелер жарияланады. Қазақ халқының көне дәстүрлері, әдет-
ғұрыптары,
салт-санасы, бала-тәрбиесі, халықтық педагогикаға байланысты мақалалар
басылады.
147
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Абдукеримова Т. “Оңтүстік Қазақстан” газетіндегі қоғамдық-саяси лексика
Заманның ең күрделі мәселерін қозғаған қоғамда өз өрнегі бар басылым.
Өз тұсындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық күй-
жағдайын газет лексикасынан айқын көруге болады. Мысалы, кейбір
атаулардың ескіріп, қолданыстан шыға бастағандығын да байқаймыз:
советтік мемлекеттік, әкімшілік–шаруашылық ұйым, мекеме, қызмет
атаулары.
Қасиетті ата жұрт, халқымыздың қаһармандық күреске толы кешегісі
мен еркіндік қолына тиген бүгінгісі, бүгінгіден жарқын ертеңгісі сөз болып
қоймай, бүкіл түрік әлемінің көкейкесті мәселелері газет бетінде жарық көрді.
Газетіміздің басты тақырыптарының бірі – тәуелсіздігімен қайта қауышқан
мемлекетіміздің саяси-экономикалық ынтымақтастығы туралы үзбей жазуды,
сонымен қатар қазақ қоғамының саяси, рухани және экономикалық өмірінің
зәру мәселелері назардан тыс қалмады [3].
Саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты жазылған мақалалар да көп
кездеседі. Тақырыбы да әр түрлі, көтерген мәселелері де сан қилы, күн
тәртібінде тұрған өткір проблемаларды көтерген мақалалар көптеп көрінеді.
Тіл тазалығы үшін күрес газеттің ең басты тақырыптарының бірі болды.
Сонымен қатар, статистикалық материалдар, жарнамалар, әр түрлі
пікірталастар ұйымдастырылып отырған. Газет – халықтың барлық
шаруасына көңілін бөліп, атсалысып отырғандығын тағы да дәлелдей түседі.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Момынова Б. “Қазақ” газетіндегі қоғамдық-саяси лексика. Алматы, 1998.
2.
Байтелиев А. Қазақ тілі мен әдебиет журналы (Қазақ тіліндегі зат есім мағыналы номинативтік
фразеологизмдер). Алматы.
3.
Субханберлина Ү. «Дала уалаялатының газеті» және қазақ әдебиеті мен мәдениеті. Алматы, 1996.
148
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Қ.ӘШІРХАНОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы
ҚАЗАҚ ФОНЕТИКАСЫНДАҒЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЕСТІЛІМІ
В данной статье рассматривается проблема изучения значений языковых единств в
фонетике казахского языка, а также их восприятие и созвучие в звуковых сочетаниях.
This article considers the problem of studying the meanings of lingual units in phonetics of Kazakh
language, else, their perception and assonance in sound combination.
Түрлі дыбыстық жүйедегі тілдерді зерттеу кезінде дыбыстық материал
зерттеушілердің басты назарында болады, себебі өзге тілді үйренуші,
негізінен, фонетикалық тұрғыдан айтарлықтай қиыншылықтарға кездеседі.
Тілдің дыбыстық жағы зерттелетін еңбектерде табиғи дыбыстық бірліктерді,
сондай-ақ синтезделген дыбыстық бірліктерді қабылдауға көп көңіл бөлінеді.
Тіл- адамдар қарым-қатынасының құралы, мағына арқылы анықталатын тұтас
құрылым болып табылады. Фонетика «барлық белгілерімен және
қызметтерімен көрінетін тілдің дыбыстық құралдарын, сондай-ақ тіл мен
жазудың дыбыстық жағының маңызы қандай екендігін анықтаумен
байланысты. Тілдің дыбыстық жағы және өзіндік мағынасы болмаса да,
тілдің өмір сүруі үшін қажетті материалдық форма болып табылады.
Дыбыстық бірліктерді қабылдау адамның сөйлеу қызметінің ажырамас
бөлігі болып танылады, бірақ дыбысты қабылдау оны түсіну емес. Қабылдау
түсінудің алдында болып, түсінусіз де жүзеге асуы мүмкін, бірақ түсіну
дыбысты қабылдаусыз мүмкін емес [1.32]. Сөйленімнің түсінудегі алғашқы
қадам болып табылатын қабылдау процесі тек физиологиялық немесе
психофизиологиялық факторлармен ғана емес, ең бірінші фонетикалық
факторлармен байланысты.
Теориялық
көрсеткіштерге негізделген лингвистикалық болжам
фонетикалық бірліктердің қандай акустикалық қасиеттері қабылдау кезінде
маңызды болатындығы жөніндегі эксперименталды көрсеткіштер болған
жағдайда ғана дұрыс болып шығады. Сөйлеу дыбыстары қалай қабылданады
және шетел тілін меңгеру кезінде қабылдаудың рөлі қандай деген сұрақтарды
атақты тілші Л.В.Щерба ХХ ғасырдың басында-ақ зерттей бастаған. «Русские
гласные в качественном и количественнном отношении» атты белгілі
еңбегінде Л.В.Щерба былай деп жазады: «Мәселенің акустикалық жағы
дыбыстың объективтік құрамын зерттеумен ғана тоқталмайды, біздің
дыбысты қабылдауымыз, қабылдау кезінде берілген фонемаға тән сипаттар
ең маңызды рөл атқарады» [2.73].
Сөйленім
дыбыстары
«өтетін»
фонологиялық
сүзгі
тілдің
фонематикалық жүйесі және оның ережелерімен тығыз байланысты.
Қабылдау «жалпы мағынаға бағынатын» және акустикалық сигналдың
ұғылуын қамтамасыз ететін процесс ретінде тілдің құрамымен, жүйесімен
және осы жүйе элементтерінің кездесу жиілігімен анықталады. Өткен
ғасырдың
149
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Әшірханова Қ. Қазақ фонетикасындағы дыбыстардың естілімі
30-жылдары Е.Д.Поливанов ана тілінің фонологиялық жүйесі шетел тілі
дыбыстарын қабылдауға белгілі дәрежеде әсер етеді деген теорияны
қалыптастырып, мысалдармен дәлелдеді. Үйренетін тілдің дыбыстары мен
дыбысталу ретін меңгеру кезінде қателіктердің көбі олардың ана тілі мен
үйреніп жатқан тілдердің фонологиялық жүйесінің ара қатысына байланысты
екендігін көрсетті. Зерттеушілер соңғы кездерде дыбыстық бірліктерді
қабылдауды және оларды мағыналы тілдік бірліктерге айналдыруға
мүмкіндік беретін процестерді зерттеумен айналысып келеді. Адамның
қабылдау мүмкіндігіне байланысты қабылдау кеңісітігін фонологиялық
кеңістікпен бірдей қарайтын теория бар. Мысалы, Л.Щерба «адам өз тілінде
қанша фонема бар болса, сонша түрлі дауысты дыбысты айыра алады, ал
дауысты дыбыстар арасындағы басқа айырмашылықтар «тілдік сананың
жарқын бөлігінде» бейнеленбейді» деп санаған [3.19].
Сөйленімді қабылдауға қатысты еңбектердің бір тобы ана тілдің
дыбыстық сипатымен байланысты болатын адамның әмбебап қабылдау
мүмкіндіктеріне арналған психофизиологиялық зерттеулерден тұрады. Бұл
көзқарасқа сәйкес адамның қандай да бір дыбыстарды (атап айтқанда,
дауыстыларды) ажырату мүмкіндіктері әмбебап, адамдардың барлығына
бірдей, сондықтан қабылдау кеңістігі нақты фонологиялық жүйеге тәуелді
емес: ұқсас дыбыстарды адамдардың барлығы ажырата алады және мұндай
жағдайда қабылдау адамның есту қабілетінің туа біткен мүмкіндігі ретінде
қаралып, есту жүйесінің қандай да бір іргелі қасиеттерімен анықталады.
Өзге тілді дыбыстарды қабылдау мен олардың артикуляциясына тек
фонологиялық есту қабілеті ғана әсер етеді деген пікірмен келісуге
болмайды, өйткені бүгінгі күні өзге тілді дыбыстардың өзінің ана тілінде
ешқандай қызмет атқармайтындығына қарамастан адам өзінің ана тіліндегі
фонемалар санынан көп дыбыстарды айыра алатындығы дәлелденіп отыр.
И.Трубецкой өзге тілді дыбыстар ана тілінің «фонологиялық сүзгісінен»
өтетіндіктен, фонологиялық жақтан дұрыс түсінілмейді деп есептейді [4.59].
Түрлі тілдердің синтезделген (өңделген) және табиғи дыбыстарын зерттеу
И.Трубецкойдың пікірін дәлелдейді және түрлі дыбыстық жүйелердегі тілдің
қолданушылар өзге тілді дыбыстарын өз тілінің фонологиялық жүйесіне
тәуелді қабылдайтынын көрсетеді. Шетел тілін үйреніп жүрген және шетел
тілін білмейтін адамдармен жүргізілген тәжірибенің нәтижесі қандай да бір
шетел тілін білу басқа тіл дыбыстарын тануға оң әсерін тигізетінін және оны
қабылдауды жақсартатынын көрсеткен.
Зерттеулердің үшінші тобы эксперименталды фонетикалық көрсеткіштер
негізінде адамның сөйлеу әрекеті қандай дәрежеде берілген тілдің берілген
жүйесіне тәуелді екенін анықтаумен байланысты. Бұл лингвистикалық
зерттеулер, әдетте, бір немесе әртүрлі дыбыстық жүйені қолданушылардың
түрлі дыбыстар мен жекелеген дыбыстар ретін қабылдауын сараптауға
негізделген.
150
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Әшірханова Қ. Қазақ фонетикасындағы дыбыстардың естілімі
Осы көзқарастарды ұстанушылар дыбыстардың артикуляциялық және
акустикалық
жақтарын
зерттеудің
дұрыстығын
дәлелдеп
келеді.
Артикуляторлық фонетикалық көрсеткіштерді лингвистикалық мақсат үшін
қолдану шектеулі сипатқа ие. Бірінші, эксперименталдық зерттеудің
мүмкіндіктерімен анықталатын таза артикуляторлық әдіс кейін акустикалық
әдіспен ауыстырылды, оған сәйкес тілде маңызды рөлді сөйлеушілер
жасайтын артикуляция емес, тыңдаушы қабылдайтын дыбыстық әсерлер
атқарады.
Сөйлеу белгілерінің акустикалық ерекшеліктері мен сөйлеу дыбыстары
қалай қабылданатындығы арасындағы біркелкі еместігі сөйлеу белгілерін
қабылдау кезіндегі есту жүйесі жұмысының нәтижесін жақсартатын қандай
да бір ерекше тетіктер маңызды рөл атқаратындығы туралы келісімге әкелді.
Сөйлеуді қабылдаудың дәстүрлі акустикалық теориясы сөйлеу ағыны
жекелеген элементтер ретінде қабылданады деп түсіндіріледі. Бұл
элементтерді қабылдау үшін жадымызда сақталатын кейбір бейнелерді оларға
сәйкестендіру қажет. Олардың біртұтас сегмент ретінде реттелуі жоғары
деңгейде қалыптасады.
Р.Якобсонның,
Г.Фанттың
және
М.Халленің
дифференциалды
белгілердің бинарлы теориясы дәл осы пікірге сүйенеді, дегенмен бұл
модельдің басты алғышарттары дәлелденбей отыр, өйткені әрбір берілген
фонема туралы ақпарат сөйлеудің бір дыбысында жинақталмаған, бұл
ақпарат дыбыстар ретінің бойына шашыраңқы орналасқан. «Фонемалардың
физикалық сипаттамасы инвариантты емес және фонетикалық орнына
байланысты өзгеріп отырады» [5.37].
Қабылдау мәселесіне психологтар мен физиологтар үлкен назар аударып
келеді. Олар бұл мәселеге қатысты түрлі көзқарасты ұстанады.
Психофизиологиялық көзқараста қалыптасқан сөйлеуді қабылдаудың
моторлық теориясын еске түсірейік. Бұл теория бойынша сөйлеуді қабылдау
акустикалық белгілерді моторлық командалар жиынтығына ауыстыру
арқылы жүреді және бұл теория сөйлеу сигналдарының акустикалық
белгілерін тиісті артикуляторлық (моторлық) бейнеге айналдыру процесіне
қатысушы тетіктерді сипаттауға тырысады. Бұл кезде фонемдік жіктелім
дыбысты артикуляторлық белгілер бойынша сипаттаудың қорытынды
нәтижесі ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күні моторлық теориядан бас тартқанымызбен, сөйлеуді
ұйымдастыруға қатысты қызықты зерттеулер жүргізілді және адамның
сөйлеуді тану процесіндегі дыбыстық бірліктерді сенсорлық және моторлық
сипаттау
арасындағы
үздіксіз
байланысты
дәлелдейтін
жаңа
экспериментальды көрсеткіштер алынды.
Сигналды естуді сипаттаудан адам естігенін дауыстап айту үшін қажетті
артикуляторлық бейнеге көшу идеясы сөйлеуді қабылдаумен айналысып
жүрген және психофизиологиялық фонема ұғымын қалыптастырған
151
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Әшірханова Қ. Қазақ фонетикасындағы дыбыстардың естілімі
психофизиологтардың соңғы кездегі жұмыстарында өз жалғасын тапты.
Олардың пікірі бойынша, психологиялық фонема-артикуляциялық бейнені
синтездеуге бағытталған нұсқаулықтардың жиынтығы.
Психологиялық фонемалардың артикуляторлық бейнесі тілді қолданушы
жадында сақталатын эталон болып табылады, ол сөйлеудің барлық
дыбыстарын осы эталонмен салыстырады. Бұл теорияның авторлары
аллофондық варианттар туралы мәселені қарастырмайды.
Арнаулы эксперименталдық зерттеулер көрсеткендей, сынаққа қатысып
отырған адамның алдына қойылатын міндет пен адам сөйлеу бірліктерін тану
кезінде қолданатын қосымша ақпарат белгілі дәрежеде қабылдаудың
нәтижесінде әсер етеді. Сынаққа қатысушыға естіген дыбысын немесе
дыбыстардың күрделі ретін танып, нәтижені нақты түрде (ана тілінің
әріптерімен немесе қосымша белгілер көмегімен) жазып отыруды ұсыну кең
таралған зерттеу әдістерінің біріне жатады. Жауаптардың сипатын тек
тапсырма ғана анықтамайды, сараптама нәтижесі үшін нұсқаулар (жауаптан
бас тартуға рұқсат беру немесе жауапты міндетті түрде жазып отыру) да
маңызды рөл атқарады. Бұл нұсқаулар соңғы нәтижеге әсер етіп қана
қоймайды, олар алынған нәтижелерге түсіндіруге де кері әсер етуі мүмкін.
Сөйлеуге ұқсас сигналдарды талдау кезінде тәжірибе жүргізуші оларды
алдына қойған міндеттерге сәйкес ауыстыруы және араластыруы мүмкін.
Сөйлеудің қандай бірлігі сөйлеуге ұқсас сигналдарды қабылдаудың бірлігі
болып табылатындығы туралы эксперименталды зерттеулер бұл бірлік
міндетті түрде фонема болмауы да мүмкін екенін көрсетті, себебі
фонетикалық интерпретация үшін фонеманың инварианттық сипаты ғана
емес, барлық дыбыс реті туралы пайдалы ақпарат та маңызды болып
табылады
.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Зиндер Л.Р. Общая фонетика. М.: Высшая школа, 1979.
2.
Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельность. Л., 1974.
3.
Бернштейн С.И. Вопросы обучения произношению. М.: Высшая школа, 1937.
4.
Трубецкой Н.С. Основы фонологии. М.: Наука, 1960.
5.
Бондарко Л.В. Восприятие дифференциальных признаков и слоговая структура речи //Тезисы
докладов ІV Международного конгресса фонетических наук. Прага, 1967.
Достарыңызбен бөлісу: |