А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Әбдешев Б. Қазақ-қырғыз романдарындағы дәуір тынысы
сұрапыл жылдардың қарапайым халықтың өміріне қалай әсер еткенін мына
үзіндіден айқын көруге болады: «Соның ертеңінде сол желіккен қалпы
бұлқан-талқан сел болып, қорғансыз қалған қыпшақ қыстақтарына лап берді.
Олардың ізінде қыстақтарда қан, түтін, қаттыдан тас мүсін, жұмсақтан
ошақтың бұрқыраған күлі ғана қалып жатты» [6.135]. Ә.Кекілбаев
Әбілқайырдың таққа отырып, ел тізгінін қолға ұстаған шақты былай
суреттейді: «Содан бұлар Созаққа келді. Тып-типыл. Шашылған кесек пен
көлденең түскен өліктен ат сүрініп жүре алмайды. Анадай-анадайдан ит
ұлыды. Басқа тіршілік дыбысы естілмейді.
Содан бұлар Шолаққорғанға келді. Бұл да тып-типыл. Қираған үй.
Шашылған қазан-аяқ. Жайрап жатқан өлік. Баба-атаның басы да жым-жырт.
Басына ала-құла шүберек байлаған жалғыз ағаштан басқа аман қалған
ештеңе жоқ. Мынау қорқынышты дүниеден үрейі ұшып қара іздегендей
қапталдағы қара жоталардың астынан қайта-қайта қасқыр ұлыды» [7.254].
Аталған қос жазушының сонау кеңес заманында еш іркілмей XVIII-XIX
ғасырлардағы ел басындағы тақсыретті, ұлт үшін, азаттық үшін арпалысқан
қаһармандардың кесек мінезін жан-жақты кескіндеуін қаламгерлердің
шеберлігі мен қатар батылдығы дегеніміз дұрыс.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 352 б.
2. Бердібай Р. Тарихи роман. – Алматы: Санат, 1997. – 336 б.
3. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – Алматы: Ғылым, 1997. – 504 б.
4. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы: Ғылым, 1991. – 208 б.
5. Дулатов М. Қазақ, қырғыздың аты, тегі туралы / Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлері. Алматы:
Атамұра. 1995. – 208 б.
6. Қасымбеков Т. Сынған қылыш. (Аударған І.Жақанов). – Алматы: Жазушы, 1981. – 556 б.
7. Кекілбаев Ә. Үркер. – Алматы: Жазушы, 1981. – 584 б.
95
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
К.АХМЕТ
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
АБАЙТАНУ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ С.МҰҚАНОВТЫҢ РӨЛІ
В этой статье рассматриваются работы классика-писателя Сабита Муканова о абаеведении.
This article deals with the classic-writer Sabit Mukanov’s works about Abai study.
Сәбит Мұқановтың ілгерінді-кейінді пікір айтқандарын санамалай
бастасақ, соның бас жағында Абайды айтарымыз даусыз. Сондықтан да
басында қасаң, кейіннен жүрек жылытар, құлаққа жағар, көңілге қонар
пікірлерді С.Мұқанаов қай кезде айтты дегенге бармастан бұрын Абай
жайында Қазан төңкерісінен 1937 жылға дейін қандай еңбектер жазылды?
Олардың саны мен сапасы қандай және Абайтанудың негізін қалаған Мұхтар
Әуезовтің жазғандары қайсы дегендерді қысқаша шолып өту қажет. Сонда
ғана Сәбит Мұқанов ойларының эволюциясы анықтала түседі. Рас, "Абай"
журналында 1918 жылы Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің
"Абайдың өнері һәм қызметі" атты мақала әр автордың жазғанында
"Жүсіпбек Аймауытов екеуі жазды" деген дақпыртпен келіп, 1997 жылы
"М.Әуезов шығармаларының 50 томдық толық жинағының" 1-томында 62-67
беттерінде "Екеу" деген жасырын атпен жарияланған. Ал, журналдың 5-
санында "Абайдан соңғы ақындар" деп тағы "Екеу" қол қойыпты. Ғылыми
түсіндірмеде автордың біреуі "Жүсіпбек Аймауытов" деп кесіп айтуға
бармаған. Ал Тұрағұлдың бұл кезде қаламы қолынан түспей, Абайға
байланыстының басы-қасында болсам екен деген ниетте жүргенін есептен
шығарып тастауға болмайды. Бір анығы екеудің айнымас біреуі – Мұхтар
Әуезов. Сондықтан осындай өнімді де келешекті арнада М.Әуезовтің
ізденіске кіріскені айдан анық.
М.Әуезовтің 1922 жылы Ташкентте шыққан "Шолпан" журналында
"Қазақтың қалам қайраткерлеріне" деген хаты мен "Қазақ әдебиетінің қазіргі
дәуірі" атты тарихи-әдеби шолуында Абайдың аты аталып, тіпті "Қазақта
жазба әдебиет Абайдан көп бұрын басталған" деген ой айтқаннан кейін көпке
дейін оралуға мұршасы болмағанында ескере кеткен орынды [1.79].
Сәбит Мұқанов осындай ғылыми-эстетикалық мәні зор салаға қалай
барды, не айтты, жазды, оның ғылым мен білімге бергені не?
Осындай сүбелі ойдың М.Әуезов зерттеуінде айтылғанын атай отырып,
30-жылдардың ортасына дейінгі ізденістерді М.Әуезовтің көзімен бір қарап
өтудің де реті келген сияқты.
1936-1937 жылдарға шейін де Абайды тану жөнінде оның советтік
социалистік бағыт, мұраттарымен қатар ілесе жүрген неше алуан зиянды, кері
тартпа қастандық пікірлер де болды. Ондай пікірлердің ең зиянды
түрін революциялық пролетариаттың жауы болған ұлтшыл, байшыл,
алашордашылар көрсетті деген Мұхтар Әуезовтың” [1.32] түйіндеуі тарихи
96
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Ахмет К. Абайтану мәселесіндегі С.Мұқановтың рөлі
шолу ретінде ғана емес, Абайды дұрыс тануға қырсығын тигізгендігін, әсіре
тапшылдармен социологтардың өршелене түсуіне себепкер болғанын
аңғартады.
Осы тұрғыдан келгенде социологиялық түсінігі мол С.Мұқановтың Абай
жөніндегі ойларының эволюциясы қандай, не айтты, жазды, оның сол кездегі
ғылым мен білімге бергені қанша, әлеумет ойын оятуға жасалған ықпалы
қандай деген мәселелер өзі андызданып шыға келері сөзсіз. Енді соған назар
аударайық.
С.Мұқановтың Абайтанудағы ілгерінді-кейінді ойларына байланысты
ақиқатынан гөрі “аңызы” басымдау. Алаш азаматтары Әлихан Бөкейханұлы,
Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы,
Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы ақталғаннан кейін Сәбит
Мұқановтың алаш қайраткерлерін танып-білудегі кейінгі көзқарасынан гөрі
ілгерінді пікірлері, солақай саясаттың екпіні мен асығыс айтылған ойлары
негізге алынып жүр. Бұл, әсіресе, тарихшылардың арасында жиі
кездесетіндігі өкінішті. Соны айтып жүрген ғалымдардың Сәбит Мұқанов сол
алғашқы пікірінде қалды ма, әлде уақыт өте келе сол тақырыптарға қайта
оралды ма деген сұрақтың болмауы, оған жауап іздемеуі ойландырады.
Мұндай келеңсіздіктер кеңестік жүйе құлап, коммунистік пария тарағаннан
кейін күшейе түспесе еш толастаған жоқ.
Абай - әлемдік құбылыс. Ұлтымыздың мақтанышы. Ал, Сәбит Мұқанов
әрине, Абаймен салыстыруға келмес, бірақ қазақтың ұлы дарындарының бірі,
сондықтан ол да ұлтымыздың мақтанышы.
Сәбит Мұқанов басындағы қарама-қайшылықтың себебі өзінің
пендешілігінде деген күннің өзінде де негізі заман лебінде жатыр. Әдебиет
пен мәдениет саяси әлеуметтік жағдайлардың байланысты екенін ескерсек,
жетпіс жылға созылған кеңестік жүйенің пайдасын да, зиянын да тарихтан
сызып тастай алмаймыз. Бұл бір. Екіншіден, өзінің әдеби позициясын
айқындап, соның жолында тер көккен, жаңа әдебиетке өзіндік үлес қосып,
өзін миллиондаған оқушысына мойындатып, соңынан ілестіре білген нағыз
халық жазушысы Сәбит Мұқанов.
Өзінің соқтықпалы-соқпақты жолында кездескен қиыншылықтары ғана
тізбей, күрес үстінде сүрінген, жығылған, құлаған, жылаған сәтінде ашық
айтып, жіберген қателігін мойындап, кешірім сұраған да жалғыз Сәбит
Мұқанов. Оны өзінің “Өсу жолдарымызда”: “мен ол кезде идеологиялық
майданда “солақай” аталатын адамның бірі болдым. Өзім қаналушы таптың
семьясында туып, Октябрь революциясына дейін қаналған жағдайда өскен
адам “қанаушы” тап дегенге “қанаушы таптан шықты” деген адамға өш
болатынмын” деп жазды [2.654]. Сәбит Мұқановтың осылай ашық та анық
айтатын мінезін тілектестері мақтап, мадақтаса “батыраш, қотыраштары”
тасадан тас атуға үлгермесе, өтірік өсекті желдей естіріп, қулық пен
сұмдыққа
97
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Ахмет К. Абайтану мәселесіндегі С.Мұқановтың рөлі
көшті. Сонда да 20 жылдардағы толассыз айтыстар, 30 жылдардағы жалған
жалалар Сәбит Мұқанов позициясынан айныта алған жоқ. Оны Сәбиттанушы
Т.Кәкішев: “бұлар Сәбит Мұқановтың әдеби-көркемдік және сыни-әлеуметтік
көзқарасын айқындар көрсеткіш болумен қатар, оның адами-өнерпаздық
өрісінің қасіреті де болды. Бір рет “осы қалай болып барады” деп ойланбай,
ілгері тарта беру, оқ пен оттың алдында қалдырды. Идеялық айтыс-тартысқа
келгенде, шамадан тыс белсенділік көрсетіп, серке болуға ұмтылушылығы
артық-кем сілтетпей қоймады. Уақыт ұсынған негізгі идеялардан Сәбит
Мұқановтың бар бақыты мен қуанышы, қателігі мен кемшілігі туындап
жатты... Таптық негізінде оянған сана сезімі асыра сілтеуіне себепкер болды”
[3.41]. деп түсіндіреді. Ал, оны Сәбит Мұқанов: “Тап тартысы өткірленген
уақытта мен ақын едім, жаузшы едім, маған тарих, сын мәселесі неге керек
деп отыру жауға жәрдем беру сияқтанды. Сондықтан сол кезде ұлтшылдарға
қарсы шыққан қазақ совет әдебиетінің әрі аз, әрі жас кадырларының қатарына
қосылдым. Менің әдебиет тарихына, әдебиет сынына араласуыма осы себеп
болды” [2.654] деп ағынан жарылды.
Өзінің танымын білім деңгейімен таразылау қаперінеде келмеген Сәбит
Мұқанов “Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!” деген аты шулы
мақаласын жариялады. Абай жайындағы Сәбит Мұқановтың бұл ең алғашқы
пікірі. Тырнақ астынан кір іздегендер де, күнгейінен гөрі көлеңкесін шұқып
көрсеткісі келгендер де “аты дардай” осы мақаланы ауызға алады. Атышулы
мақаланың атын “ауызтолтырып” айтатындардың бәрі болмағанмен көпшілігі
мақалаға шынттап зер салмайды. Олай дейтін себебіміз, автор Абайдың ата-
тегінің бай-манап екенін кінәлағаны болмаса, ақындық шеберлігіне тәнті
екені көрініп-ақ тұр.
“Абай Құнанбаевтың тілі майда, өткір екенінде сөз жоқ. Өлеңнің іші-
сыртын түгел қылып түсіреді. Жалғыз-ақ тарихы құрғыр, ақсүйектерден
көңілді күдікті қылып тастапты. “Сенің мұсылмандығыңда шегім бар”
дегендейін, жеті атасы би болған, тобықтыны бір шыбықпен айдаған тұқым.
Қай күнде ақсүйекте ұлтшылдық та, елгезектік те азғантай болатын еді.
“Арғын, найман жиылса, таңырқаған сөзіме, қайран сөзім қор болды
тобықтының езіне” деген өлеңі кім екендігін сездіреді. Бұл сөзінен: бір кезде
Арғын, найманды билейтін Абай қазір қолынан билік кетіп, ақыр аяғы өзінің
тобықтысына да қадірсіз болғандығын, оған Абайдың назаланатынын
көрсетеді. Тек өлеңдері мына жаңа заманның әуенімен кетіп, өзі көненің ізін
қумағай еді. Өйткені ақындардың көбі шыбық басын сындырып, істейтін ісі
болмаса да “мен пәлен, мен түген” деп лаға беретін” [4] деген пікірінде
алып-жұлып бара жатқан онша ештеңе жоқ. Абайдың бар айыбы қанаушы
табынан шыққандығы.
Абай арғы жағында таза қазақ тілімен сөз жасаушылардың жолын
мықтап ұстап қалған, бастаған жолдың иесі ғана. “Абайдың қазақ әдебиетінің
ағасы
деушілік қате ” деген ой бар. Бұл Сәкеннің аузынан шықты ма, әлде
98
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Ахмет К. Абайтану мәселесіндегі С.Мұқановтың рөлі
Сәбит
Төңкерісұлының қосқаны ма, әйтеуір осы пікір үшін Сәкен мықтап
жауап берді. “Ақ жол ” газетінің 5 наурыздағы санында Темірбай (кім екені
мәлім емес) тілі жеткенше сөгіп, әсіресе қазақ әдебиетінің сонау Қожахмет
Иассауиден басталатындығына күдік келтіріп, “Егерде мен Сәкен жолдастай
әңгі болсам, баяғы Абай 1905 жылдан бастап өлең жаза бастады.... Оны қазақ
әдебиетінің ағасы деушілік те қате дер едім.” деп, Сәкенге мін таққанда,
Ғабит Мүсірепов 24 наурызда “Қисық сынға әділ төре” деген мақала жазып,
“Темірбайдың бар ойы–Сәкенді жұртқа жаманатты көрсетіп өту, одан басқа
түгі жоқ. Темірбайдың мақсаты - әдебиетті сынау да емес, Сәкенді сынауда.
Менің ойымша “әдебиет - Сәкен емес те, Сәкен - әдебиет емес.”деген таласта
Абайдың тарихтағы орны деген үлкен проблеманың шеті көрінеді. Соны
Мәскеуде оқып жатқан Бейсенбай Кенжебаев 1925 жылы“Абай”деген
мақаласында түзетуге талаптанды: “Абай қазақтың жазба әдебиетін бастады,
соған негіз салды. Сондықтан Абай – қазақ жазба әдебиетінің ағасы. Бұл
орын Абайға үлкендік те, кішілік те қылмайды” [5] дегені сол кезде екпін ала
бастаған айтыс барысында бұрынғыдан да шығандай түсті.
Сәкен
лекциясында
айтылған
пікірлерді
жариялаған
Сәбит
Төңкерісұлының кім екені белгісіз болса да, сондағы ойдың өзегі Сәбит
Мұқановтың 1926–1928 жылдарындағы мақаласында кездеседі. “Пушкин де,
Абай да орыс пен қазақ әдебиетінен бастап жаратқандар емес, түйінін түйіп
қорытқандар. Қазақтың әріден келе жатқан жақсылы–жаманды әдебиеті
болды. Абай кезі келген соң даяр таяқтың иесі, даяр тоқпақтың ұрушысы,
даяр қазықтың қағушысы болды да жүре берді. Абай - байшыл табының
ақыны, оңдап зерттеген кісіге байшылдық–ұлтшылдықтың түп қазығы -
Абай.
Абай кедейге көріне қарсы жазған жоқ. Абай – жаңашыл. Онысында дау
жоқ. Өз заманында пайдалы адам болды. Әлі де пайдасы бар, онысында да
дау жоқ. Абайды орынсыз көтеретіндер де бар. Ол дұрыс емес” [6] дегені
тапшылдық көзқарастың тереңдей түскенін көрсетеді. Айтысқа араласқан
Ыдырыс
Мұстанбаев:
“Сәбит
пен
Көшкенің
(Көшмұхамбет
Кемеңгеров)сөзіне қарағанда, Абай кейін шыққан ұлтшылдардың бастығы
болуы керек. Ұлтшылдар Абайды жақсы көреді деп, Абайды - Абай демеуге
бола ма? Абайды жуан атаның баласы деп үркетіндер де бар. Бұл-бізге ұят.
Абайдың тумысы бай болғаны оның ақындығына таңба сала алмайды. Қазақ
елінің түңғыш шын ақыны – Абай дейді” [7]. Одан бұрынғылар “көже
байлар” деп түзетпек болды. Бірақ ештеңе өне қоймады.
Бұл жылдары жалғыз Абай ғана емес, жалпы әдеби мұра жайында
кереғар пікір айту, оған тапшылдық қарауылынан қарап, тырнақ астынан кір
іздеу, саяси астар беру әдеттері айрықша күшті болды. Идеология саласында
Нәзір Төреқұлов, Сәкен Сейфуллин, Ғаббас Тоғжанов, Әбдірахман
Байділдин, Тұрар Рысқұлов, Таутан Арыстанбеков, Шәймерден Тоқжігітов,
т.б. жел беріп отырғанын еш уақытта естен шығармау керек.
99
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Ахмет К. Абайтану мәселесіндегі С.Мұқановтың рөлі
Көркем әдебиетті социологиялық тұрғыдан қарап бағалау машығы,
әсіресе 20-жылдардың аяғымен 30-жылдардың басында айрықша күшейді.
Осының нақты үлгісі алдынғы тарауда әңгіме болып өткен Сәбит
Мұқановтың XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. I бөлім (ұлтшылдық, байшылдық
дәуірі) деп аталатын 1932 жылы шыққан еңбегі. Ой нысанасы, пікір түтіні әр
қашан марксизм-ленинизмнің таптық көзқарасына әдебиет пен ғылымның
партиялығы принциптеріне негізделеді. Солай бола тұрса да, тарихи
шындықтан аттап кете алмай, аз болса да, түйінді ойын айтар кезде тарихи-
архивтік деректерге, естіп–білгенге сүйенгенін көреміз. Сондықтан Сәбит
Мұқановтың бұл еңбегі деректемелік тұрғыдан айрықша құнды. Мәселен,
“Ахмет Байтұрсынұлы Абайдың аяғын ала шыққан ақын” дегенде, әдебиеттің
ұлы өкілі Абай деген ой аңғарылмай ма? Немесе Мағжанды бағалауына назар
салайық. “Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиетіне жаңа түр енгізу ретінде
Мағжанның еңбегі өте көп. Абайдан кейінгі тіл өнегесінде Мағжаннан асқан
ақын жоқ.” деуі ең алдымен Абайдың ұлылығын, оны құдірет тұтқан
зерттеушінің келбетін аңғартпай ма? “Абайдан асқан ақын жоқ, қазақтың
ұлы данышпаны Абай” деген қанатты сөздер Сәбит санасындағы таптық
түсініктердің бәрін жоққа шығармай ма? Бір қызығы, Сәбит Мұқанов 1937
жылға шейін Абайдың өзіне тікелей бағышталған бірде–бір мақала жазбай,
тек сөз арасында Абайды көркемдік шеберліктің қол жетпес биік шыңы деп
мойындамағанымен, байдан шыққандығына жығып беріп отырған кездері аз
емес.
Алайда, 30–жылдардың бас кезінен С.Мұқановтың көзқарасында әдеби
мұраны, әсіресе Абайдың өнерпаздығын тану мәселесінде өзгерістің нышаны
көріне бастады. Енді мәселенің бәрін әрбір шығарманың туған дәуіріне, әрбір
дарынның өскен ортасына бейімдей бермей, тарихи нақты бағалау қажет
екендігі ескеріле бастады. С.Мұқанов осы жаңаша түсініктің алғашқы
қарлығашын көрсетті. Мәселен, жалпы әдеби мұра жайында айтқанда:
“Пролетариат жазушылары өздерінен бұрын өткен ақсүйек байлардың
жазушыларының табысымен толық пайдаланады. Олардан түр үйренеді.
Онда“дау жоқ” деп ой түйіп, Абай жайында жаңаша тұжырым жасады:
“Қазақтың ұлт әдебиетіне күшті негіз салған Абай Пушкин мен
Лермонтовтың үлгісімен жүрді. Философия жағынан Абайға толық әсер
еткен адам - Толстой” [8] екенін айту Абайдың идеялық–эстетикалық
арқауын анықтаудың жемісті бір өңірін меңзейді.
Мұндай эволюция жалғыз Сәбит Мұқановта ғана емес, қолына қалам
алғандардың бәрінде де кездесіп жатты.
Алайда қалың оқушыны былай қойғанда, көп нәрсені тындырып жүрген
әдебиетші–ғалымдардың қайсыбірі: “Таптық, көзқарас үшін күйетін Сәкен
мен Сәбит бар ғой”деп, үндемей төте жазғанын ескере бермейді. Көз жұма
салады.
100
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Ахмет К. Абайтану мәселесіндегі С.Мұқановтың рөлі
Абайдың 1933 жылы шыққан толық жинағына жазған алғысөзінде Ілияс
Жансүгіровтың тапшылдық түсініктен ада бола алмағанын көреміз. Қазақ
даласында жұт пен аштық қосарланып, екі миллион екі жүз мың
бауырларымызды баудай қырып жатқан уақытта социализмнің озық ой
дарытатын артықшылығын жәреуке рапорт, өлең, жарнамалармен әдіптеп,
зұлмат болмай жатқандай өзеуредік, ұятты белден бастық. Және олардың бәрі
де салыстырмалы деңгейде болып, қасиет пен қасіреттің ара жігін ажырата
алмай әурелендік. “Біздің заманымыздағы социалистік құрылысты қолма-қол
жасап жатқан қазақ еңбекшілерінің жұмысшысы да, колхозшысы да,
комсомолы да, коммунисі де, еңбекші әйелі де – Абайдан озық, өзгеше
бағытты төңкерісшіл, дүние төңкерісінің әскері. Сол сықылды біздің кешегі
жалшы, бүгінгі Қалмақан ақынымыз Абайдан озық, бағыты бөлек, мазмұны
өзгеше, төңкерісшіл. Міне, біз Абайдың заманын қаншалық артта қалдырып
отырмыз.
Сондықтан Абай сөзі – бізге тарих, тарихи мұра. Абайдан бізге жеткен
жаңа сөз табылмайды. Абай сөзі бізге ескі, кешегі кешкен жұрттағы қойма
сықылды қазына. Абай өз заманына қаншалық жаңалық айтса да, қаншалық
маңызды келешек меңзесе де – оның барлығы да бізге ескі. Бізге керітартпа.
Сондықтан Абайдың мазмұнынан бүгінгі өмірге жарайтын жаңалық таба
алмақшы емеспіз” дегеннің де саясатқа, не ғылымға жанаса алмайтын
қисынсыздықтың І. Жансүгіровтің аузынан шықты деуге дәтің бармайды [9].
Кіріспенің негізгі мақсаты Абайдың дүниетанымын көпшілікке
таныстыру,
түсіндіру
болғанымен,
зерттеудің
жөн-жосығын
бұрмалағандықтан, Абайдың оңы да, солы да социологиялық дөрекілікке
кезігіп, сыншыл, жұртшыл Абайға ұлықшыл, бекшіл, байшыл, діншіл,
бітімшіл, орысшыл Абайлар қосақталып мүше-мүшеге жіліктенді. “Абайдың
тарихи туысы”, “Абайдың ата заманы”, “Екі заманның сапырылысы”,
“Абайдың қайшылықтары” деген тарауларда Абайда іліп алар ештеңе
болмағандығы рас. Әйтеуір құдай оңдағанда, Абайдың ақындығына келгенде,
Ілияс Жансүгіровтың бауыры біраз жазылып, алда айтқандарын жоққа
шығаратындай ой-пікірлер айтып, өнімді өңірлерге көз салады. Өйткені
ақынды ақынның түсінуі, оның сырын ашуы бір қыдыру құнарлы ойды
сабақтатты. Алайда социологиялық ой еске түсіп кеткенде, аяғын жиып алып,
тартына сөйлеп, емеурінінен ғана білдірген кезі де аз емес.
Бұның бәрі заман идеологиясы, сондықтан да Сәбит Мұқанов, Ілияс
Жансүгіров, Сәкен Сейфуллиндердің оған қарсы шамалары келмей, өздері де
білек сыбанып кірісіп кеткендеріне мысалдар келтіруге болады. Оны
аңғармау әбестік болар еді.
С.Мұқанов Қазақстан жазушыларының 1934 жылғы тұңғыш съезінде
жасаған баяндамасында, 1935 жылы қазақ поэзиясы жайында жазған
мақаласында
бұрынғы
социологиялық
ой-пікірлерінің
шет
сілемі
көрінгенмен, көркемдік таным-білік биігінен ой айтып, пікір түюдің лебі есе
101
Достарыңызбен бөлісу: |