Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010



Pdf көрінісі
бет15/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   71

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Ахмет К. Абайтану мәселесіндегі С.Мұқановтың рөлі 

 

 



 

бастады.  Осы  екпін  қазақтың  әдебиеті  мен  мәдениетінің  сорпа  бетіне 

шығарларын  сыпырып  әкетіп  жатқан  1937  жылы  Сәбит  Мұқанов  “Абай–

халық ақыны” деген принципті мақаласынан көрінді. 

Бұл мақала Сәбит Мұқановтың Абай туралы толымды да көлемді зерттеу 

жасауының  басы  болды.  Өйткені  қаншама  саяси‐ әлеуметтік  жайларға 

барғанмен  қазақ әдебиеттану  ғылымында  Абай “ағартушы‐ демократ  ”  деген 

тұжырымды  Сәбит  Мұқанов  қалыптастырды.  Мұндай  пікірді  айтуға 

ыңғайланғандар, ой ағынын осылай бұрғандар көп болғанмен, мұндай пікірді 

ауызға  алуға  дәті  бармағандары  шындық.    Қазақ  әдебиетінің  дамуындағы 

ағартушылықты  оңды‐ солды  айтқанымызбен,  саяси  көзқарас  ретінде 

демократтықты қосақтаған Сәбит қана болды.  

Абайтануда Сәбит Мұқановтың рөлі айырықша болып еді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Әуезов М. 50 томдық. 2-том. 1998. 

2.

 



Мұқанов С. Өсу жолдарымыз. 1960, 654 б. 

3.

 



Кәкішев Т. Сәбең әлемі. 2000. 

4.

 



 Мұқанов С. Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер! //Еңбекші Қазақ. №69, 01,03, 1932.  

5.

 



 Кенжебаев Б. Абай //Еңбекші қазақ. №28, 29,19,1925. 

6.

 



Мұқанов С. Көркем әдебиет туралы //Еңбекші Қазақ. №14, 15,10,1926. 

7.

 



Мұстанбаев Ы. Көркем әдебиет туралы //Қызыл Қазақстан. №2, 1927. 

8.

 



Әдебиет майданы. №2 ,1931. 

9.

 



Жансүгіров І. Кіріспе. Абай жинағы. 1933. 67-68 б.б.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

102 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

Ұ.К.ИСАБЕКОВА  

филология ғылымдарының кандидаты 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің доценті 

 

«ҚҰДАТҒУ БІЛІК» – ОРТА ҒАСЫРДЫ ҚАЗІРГІ ТІЛІМІЗБЕН 

САБАҚТАСТЫРУШЫ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШ 

 

В  статье  рассматривается  актуальность  комплексного  исследования  средневекового 

письменного  памятника  «Кутадгу  билиг».  Главной  целью  работы  является  анализ  текста 

средневекового письменного памятника «Қутадгу билиг» и последующее включение его в научный 

оборот. Полученные выводы доказывают, что при исследовании моносиллабов можно доказать, что 

нынешние языки кыпчакских груп взаимосвязаны.  

 

 

 The importance of complex research medieval  written monument «Kudatgu bilik» is considered in 

the article. The main objective is the analysis of the text of a medieval written monument «Kudatgu bilik» 

and its inclusion in scientific turn. The received conclusions prove that during research of оne syllablest can 

be proved  that present languages of   kipchak groups are connected with each other. 

 

Қазіргі  тілімізде  ерте  кезеңдерден  бері  адамзаттың  тілдік  қатынасын 

қанағаттандырып  келе  жатқан,  экстралингвистикалық  фактілермен  қоса  

тілдік  үдерістерді  бірнеше  мәрте  басынан    өткізген,  сан  ғасырлық  дербес 

даму  жолынан  өте  отырып,  жалпытүркілік  табиғатын  сақтап  келе  жатқан 

алтын  қазына  қоры  бар.  Бұл  қазынаның  үлкен  бір  бөлігін  бір  буынды 

түбірлер  –  моносиллабтар  құрайды.  Тіліміздегі  моносиллабтар  қазіргі  түркі 

тілдерінің  қалыптасу  ерекшеліктерін  анықтап  қана  қоймай,  сонымен  бірге 

олардың  өзара  туыстық  деңгейін  айқындауға  да  көмектеседі.  Біз  бұл 

зерттеуімізде  орта  ғасырдың  құнды  тілдік  деректерін  сақтап  қалған  ХІ 

ғасыдың  ең  ірі  тарихи  жазба  ескерткіші  -  Жүсіп  Баласағұнның  «Құдатғу 

білік» дастаны.  «Құдатғу білік» – орта ғасыр жазба ескерткіштерінің ішінен 

қазақ  тілінің  орта  ғасырмен  сабақтастығын  нақты  дәлелдейтін  тілдік 

фактілерді бойына сақтаған құнды мұралардың бірі.  

Біздің  заманымызға  «Құтты  біліктің»  үш  қолжазбасы  жеткені  белгілі. 

Біріншісі  -  Вена  нұсқасы  (көшірілген  жеріне  қарай  Ғират  нұсқасы  деп  те 

атайды);  екіншісі  —  араб  әрпімен  жазылған  Қайр  нұсқасы;  үшіншісі    —  ең 

толығы,  жақсы  сақталғаны  Наманған  (Ферғана)  нұсқасы.  Ескерткіш 

көшірмелерінің бір шеті Мысырдан, енді бір шеті Венадан шығуы, сонымен 

қатар    көне  Сарайшық  қаласынан  табылған  XIII  ғасырдың  ескерткіші  деп 

есептелінетін  қыш  құмырада  «Ақыл  көркі  —  тіл,  тілдің  көркі  —  сөз.  Кісі 

көркі  —  жүз,  Жүздің  көркі  —  көз»  деген  «Құтты  біліктің»  бір  бәйтінің 

жазылуы  аталған  екерткіштің  түркі  әлеміне  өте  танымал  болғанын,  Тұран 

шахнамасы  атанғанын,  «Махабхарата»,  «Шахнама»,  «Златоуст»,  «Домо-

строй»,  «Сиасатнаме»,  «Құпия  шежіре»  т.б.  сияқты  әлемге  әйгілі  түркі 

халқының орта ғасырдағы ұлы жазба ескерткіш екенін дәлелдейді. 

Түркологияда  ескерткіштің  тілі,  орта  ғасырда  түркі  халықтары 

қолданылған  бірнеше  жазудың  ішінде  алғаш  қай  түрімен  жазылғандығы  

туралы  зерттеулер  көп.  Белгілі  түркітанушы  С.Е.Малов:  «Трудно  сказать, 

кақим  шрифтом  писал  сам  автор  свое  произведение,  но  все  же,  судя   по  



 

103 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Исабекова Ұ.К.

 

«Құдатғу білік» - орта ғасырды қазіргі тілімізбен сабақтастырушы тарихи...

 

 

 



 

рукописям, хотя и XV в., можно думать, что Юсуф Баласагунский сочинял и 

писал  свое  произведение  арабскими  буквами,  и  затем  уже,  возможно  в 

качестве  подарка  хану  «Кутадгу  билиг»  было  переписано  уйгурским 

шрифтом» — деген пікірін айтты [1.224-229]. Ғалым бұл пікірін ескерткіштің 

кіріспесіндегі  Жүсіп  Баласағұнның  «Машрық  (шығыс)  уәләятында,  күллі 

Түркістан  елдерінде  (бүтін  түркі  халықтары  жасаған  жерлерде)  Бұғрахан 

тілінде, түркі сөзімен  бұл кітаптан жақсырақ кітапты әркезде ешкім жазған 

жоқ»  деген  бәйт  жолдарында  келтірілген  деректерге  сүйенсе  керек.  Оның 

үстіне  қараханидтер  ислам  дінін  мемлекет  діні  ретінде  қабылдаған,  ғылым 

мен  білімге,  мәдениетке  ерекше  ден  қойған  мемлекет  болғандықтан,  оның 

әдеби тілі мен төл жазуының болуы ақиқат. Сонымен қатар араб графикасына 

негізделген түрік жазуы орта ғасырдың ерте кезеңінде қолданыла бастағаны 

тарихтан  белгілі.  Сондықтан  ескерткіш  қараханидтер  мемлекеті  қолданған 

төл жазумен жазылған деп айтуға толық негіз бар. 

Ескерткіштің  тіліне  қатысты  мәселеге  осы  жазбаны  зерттеумен 

шұғылданған  тілші-ғалымдардың  соқпай  өткені  кемде  кем.  Айталық, 

азербайжан  тілінің  маманы    В.И.Асланов:  «Кутадғу  білікке»  сүйену  көп 

жағдайда  зерттеуші  лексикологқа  азербайжан  тілінің  бірқатар  сөздерінің 

мағынасын  нақтылауға  көмектеседі»  десе  [2.46];  М.  Н.  Хыдыров:  «Қутадғу 

білікте»  кездесетін  кейбір  сөз  тіркестері  қазір  де  түркімен  тілінде  өзгеріссіз 

қолданылады...  Қандай да  болмасын бір  нақты  тілдің  «Құтадғу  білік»  тіліне 

қатынасы  жөніндегі  мәселе  халықтың  тілі  мен  тарихының  байланысы 

тұрғысынан қызықты, мәнді саласы» деп жазыпты [3.40];  Ө.Қараев (Фрунзе) 

ескерткіш тіліндегі терминдерге назар аудара отырып, «арпа, ас, қымыз, сұт, 

жүн,  құрт,  киіз,  тон,  қой,  қодас»  тәрізді  сөздер,  терминдер,  жалпы 

ескерткіштің  бүкіл  терминологиясы  Шығыс  халықтарының  әртүрлі  тарихи 

мәселелерін  зерттеу  үшін  аса  бағалы  материал»  деп  түйеді  [4].  А.Сиқалев 

(Черкесск)  Сарайшық  қаласынан  табылған  қыш  құмырадағы  жазу  туралы 

еске  түсіре  отырып:  «  бұл  деректің  өзі,  біздіңше,  атақты  ақынның  ноғай 

елінде  кең  танымал  екендігінің  дәлелі,  оның  ара-сындағы  көптеген  найман, 

бұғы,  байтегі,  тағы  басқа  руларының  өкілдері  Жүсіп  Баласағұнды  өздерінің 

туған  ақыны  деп  санауына  да  болады»  деген  ойды  білдіреді  [5].    Ұйғыр 

тіліндегі  аудармасын  баспаға  дайындаушылар:  «Құтадғу  білік»  –  ұйғыр 

халқының  XI  ғасырда  жасаған  ұлы  ағартушы  ақыны  Юсуф  Хас  Қажиб 

қолымен жазылған шоң хажимлік дастан»  - деп хабарлайды [6.1]. Жоғарыда 

келтірілген қай зерттеушілердің пікірін алсақ та шындыққа жанасады. Себебі  

«Құтты  білік»    ХІ  ғасырдың  барлық  белгілерін,  сипаты  мен  ерекшеліктерін 

бойына  сіңірген,  түркі  халықтарының  рухани-философиялық,  моральдық-

этикалық  құндылықтарымен  дүниетанымдық  ерекшеліктерімен  үндесіп 

жатқандығын   көреміз.  Ал  ескерткіш тілін  қазіргі  тілімізбен   салыстырып, 

қыпшақтық негізін айқындау арқылы қазақ тілінің де тарихи тамырын тереңдете 

түсеміз. 

 


 

104 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Исабекова Ұ.К.

 

«Құдатғу білік» - орта ғасырды қазіргі тілімізбен сабақтастырушы тарихи...

 

 

 



 

«Қутадғу  билиг»  ескерткішінің  транскрипциясын  алғаш  рет  атақты 

түркологтар В.Томсен мен В.Радлов жасады. Содан кейін түрік ғалымы Р.Р.Арат 

үш  қолжазбаны  транскрипциялап,  толық  текстін  жасады  және  түрік  тіліне 

аударып  1947  жылы  Стамбул  қаласынан  І  бөлімін,  ал  ІІ  бөлімін  1959  жылы 

Анкара  қаласынан  басып  шығарды.  Бүгінде  «Құтты  біліктің»  толық  аудармасы 

орыс  тілінде  (С.  Н.  Иванов,  Ю.Баласагунский,  «Благодатное  знание»,  Москва, 

1983),  орыс  тіліндегі  көркем  поэзиялық  еркін  аудармасы  Н.Гребнев  (Ю. 

Баласагунский  «Наука  быть  счастливым»,  Москва,  1971),  өзбек  тілінде  (К. 

Каримов, Ташкент, 1972), ұйрыр тілінде (Шыңжаң ұйғыр автономиялық районы 

Академиясы, Юсуф Хас Хажиб, «Кутадғу билиг». Пекин, 1984) жарық көрді. Осы 

басылып  шыққан  еңбектердің  негізінде  соңғы  уақыттарда  Москва  мен 

Ленинградта, Ташкент пен Бакуде, шетелдерде көптеген зерттеулер мен ғылыми 

жұмыстар  жүргізіліп  келеді.  Қазақстанда  Асқар  Егеубаев  (Алматы,  1986)  пен 

Әбжан  Құрышжанұлы  (Түркістан,  2004)  аталған  ескерткіштің  поэтикалық 

аудармасын жасады.    

Ескерткіштің  тілі  жөнінде  ғылымда  бірізді  айтылған  пікірлер  жоқ.  Ұлы 

түрколог  В.В.Радлов  «Құтты  біліктің»  тілін  зерттеу  барысында    күрделі 

«шырғалаңға»  түскені  бұл  мәселенің  қаншалықты  күрделі  екендігін  аңғартады. 

В.В.Радлов  алғаш  Вена  нұсқасы  бойынша  транскрипиялағанда  Алтай 

түркілерінің  тіліне  сүйенгені  белгілі.  Бірақ    кейінгі  зерттеулер  В.В.Радлов 

принципінің  жаңылыс  екендігін  дәлелдеді.  Қалай  дегенде  де,  қазіргі 

түркологияда  «Кутадғу  билиг»  ескерткішінің  тілі  жөнінде  бір  байламды 

тұжырым  жоқ.  Ескерткіштің  өз  дерегіне  кіріспе  бөлімінде:  «буғрахан  тілінде, 

түркі  сөзімен»  деп  жазылғаны  туралы  дерек  бар.  Бұл  туралы  А.Н.Кононов 

«бұғрахан  тілін    қараханидтер  ұлысы  (840—1212)  қолданған  әдеби-жазба  тіл» 

деп тұжырымдайды. С.Е.Малов ескерткіш тілін көнеұйғыр тіліне апарып тіресе, 

дыбыстық  және  грамматикалық  белгілерін  салыстыра  зерттеген  А.М.Шербак 

қарлұқ  тілінде жазылғанын  айтады.    «Кутадғу  билиг»  ескерткішінің  тілі  туралы 

бүгінгі  кезге  дейінгі  зерттеулерде,  айталық,      Э.Р.Тенишев  қараханидтер, 

бұғрахан-хақан      тілінде,  Г.Ф.Благова  қарлұқ-қыпшақ  тілінде,  А.Валидов 

қараханидтер  тілінде  (қараханид-түркі  тілінде)  жазылған  деген  де  пікірлер 

кеңінен мәлім. Сонымен қатар қазіргі түркі тілдерінің қайсысымен салыстырсақ 

та,  ұқсас  белгілер  көптеп  кездесетіндіктен,  әр  түркі  халқынан  шыққан 

зерттеушілер  өз  тілімен  сабақтас  екенін  дәлелдейді.  Ескерткішке  қатысты 

түркологиялық зерттеулерді саралай келе, ескерткіштің тілін қараханид-түркіше, 

қараханид-ұйғырша,  қай  ру-тайпаға  жататынына  қарай  сараласақ  қарлықша, 

мәдени-тарихи  белгілері  бойынша  қарлықша-ұйғырша  деуге  болар  еді.  

Дегенмен,  «...қараханид  адамдары  өздерін  ұйғыр  деп  атамағаны  және  де  Жүсіп 

Баласағұн  үшін  ол  жазған  тіл,  ұйғыр  тілі  болмағандығы  күмәнсіз»  деген 

В.В.Бартольдтың және орта ғасыр ескерткіштері бойынша маман Э.Н.Наджиптің 

осы пікірді қуаттайтындығы болашақ зерттеулерге жол ашып, ХІ ғасырдың ең ірі 

жазба ескеркіші «Кутадғу билигтің» және  орта  ғасырдағы  түркі  халықтарының 

тілі  туралы  ақиқатты  тануда  өте  маңызды.  Зерттеу  барысында  қараханидтер 

мемелекетінің қалыптасқан  әдеби әрі мемлекеттік  тілі болған, ал  «Құтты білік»  


 

105 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Исабекова Ұ.К.

 

«Құдатғу білік» - орта ғасырды қазіргі тілімізбен сабақтастырушы тарихи...

 

 

 



 

ескерткіші  ХІ  ғасырдың  әдеби  тілінде  жазылған  деген  қорытындыға  келдік.  Ал 

енді  сол  әдеби  тілдің,  яғни    «Құтты  білік»  ескерткішінің  қыпшақтық  негізін 

анықтау  қазақ тілінің өзекті мәселелерінің бірі.  

ХІ ғасырдың әдеби тілінде жазылған «Құтты білік» ескерткішінің қыпшақтық 

негізін анықтау  барысында моносиллабтарға талдау жүргіздік.  Моносиллабтар 

ХІ  ғасырдағы  түркі  халықтары  тілінің  лексикалық  құрамы  мен  фонетикалық 

жүйесін,  морфологиялық,  синтаксистік  құрылымы  мен  стильдік  ерекшелігін 

қазіргі  қазақ  тілімен  табиғи-генеологиялық  сабақтастықты  ғана  көрсетіп 

қоймайды,  жалпытүркілік  рухтың,  тілдік  сананың  беріктігіне  де  дәлел  бола 

алады.  

 «Кутадғу  билиг»  ескерткіші  жазылған  орта  ғасыр  мен  қазіргі  қазақ  тілін 

жақындастыратын тілдік фактілердің бірі – ақ моносиллабы. Қазіргі қазақ тілінде 

бұл сөз әр тарапты, зат есім, сын есім, етістік, шылау бола алатын, бес түрлі ұғым 

беретін  омоним  түбір.    Әсіресе,  етістік  ретінде  туынды,  ауыспалы  мағыналары 

жан-жақты  дамыған.  Түсіндірме  сөздікте:  АҚ  ІІІ  1.  Судың  өз  арнасымен 

бірқалыпты  жылжуы.  2.  Тер,  қан,  жас,  сорпа  сияқты  сұйық  заттардың  сорғалап 

құйылуы. 3. Судың еркімен біреуді ағызып алып кетуі. 4. Бойдағы ет, сөл сияқты 

заттардың біртіндеп құрып бітуі. 5. Ауысп. Жүйітку, зулау. 6. Ауысп. Аспаннан 

ағып түсу (31-бет).   

АҚ  моносиллабының    семантикалық  құрылымы  күрделі  екендігін    тарихи 

жазба ескерткіштер материалдары да айғақтайды. «Кутадғу билиг» ескерткішінде 

аталған лексеманың бізге беймәлім жоғары көтерілу мағынасын берген: Көтүрди 

йашық  бақты  Машрық  тапа,      Көрүр  ағды  йердин  йуқару  қопа  –  Бас  көтеріп, 

Шығыс жаққа қарады, Күн жоғары көтеріліп барады  (5557-бәйт).    

1.  Өрмелеу  мағынасында  жұмсалған:  Аңар  ағдым  емди  бирәр  бағнача, 

Башынгә теги бағна садым нечә – Өрмелеп барады екем ана жаққа, Басқыштың 

баспалдағын  санамаққа  (5909-бәйт).  Егер  өрмелеу  іс-әрекеті  жоғары  жаққа 

бағытталатынын  ескерсек,  мұнда  да  көтерілу  мағынасының  бір  семасын  беру 

үшін қолданылғанына көз жеткіземіз.  

2. Ұшу мағынасы: Йа Иса болуб көккә ағдым тақы мен, Йа Нушинраван-тег 

төрү  түз  йурыттым  – Исадай  ұштым  көкке рауандай, Ең  әділ  заң  орнаттым 

Нәушаруандай (6316-бәйт).  

3.  Жоғары  мағынасында:  Йағыз  йер  йашыл  көкда  ерди  көшүш,  Аңар  берди 

тәңри  ағырлық  өкүш  –  Қара  жерде,  жасыл  көкте  —  ең  ірі,  жоғарғы  құрмет 

берген оған Тәңірі (43-бәйт).  

4. Өсіру, арту мағынасында: Кишиг тил ағырлар булур қут киши, Кишиг 

тил учузлар йарыр ер баша – Тіл сыйлы етер, құтты қылар, өсірер, Бас та 

жарар, қадір-құтты ол өшірер (159-бәйт). 

5.  Тұру,  орнынан  көтерілу  мағынасында:  Ағырлады  хажиб  орун  берди 

төр, Адаб бирла Айтолды олтурды көр – Төрден орын беріп хажиб о тұрды, 

Сақтап әдет Айтолды да отырды (564-бәйт). 

Ақ  моносиллабының  көтерілу  мағынасы  көне  түркі  тілінде  де  кездеседі: 

1.Көтеріл  мағынасы: Ай  йоқары  ағар – Ай  жоғары  көтерілер  (ДТС; 16); 2.  Тік  



 

 

106 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Исабекова Ұ.К.

 

«Құдатғу білік» - орта ғасырды қазіргі тілімізбен сабақтастырушы тарихи...

 

 

 



 

тұру  мағынасында:  Мені  көрүп  йини  ағды  –  Мені  көріп  (қасқырдың)  түгі  тік 

тұрды  (қатты  қорықты)  (ДТС,  16);  3.  Шық  мағынасында:  Зұлқарнайын  Қаф 

тағына ағды – «Ескендір) Зұлқарнайын Каф тауына шықты (Боровков, 1963, 36-

б.); 4. Көш, жөңкі мағынасында: Булут ағмыш – Бұлт көшті (Ибатов, 1974, 25-б.).  

Тарихи  ескерткіштерде  көп  мағыналы  сөздердің  барлық  мағыналары 

толығымен  қамтылмайды,  тек  айтылмақ  ойды  дәл  беру  үшін  сөздер  іріктеліп, 

мақсатқа  сай  қолданылады.  Сондықтан  байырғы  тілден  әр  жақты  дамып  орта 

ғасырға  жеткен  ақ  лексемасы  «Кутадғу  билиг»  ескерткішінде  қозғалыстың, 

күйдің, бағыттың сан алуан сипатын білдіргеніне көз жеткіземіз.    

АҚ  моносиллабының  семантикалық  дамуы  оның  өзге  сөз  таптарына 

ауысуына  мүмкіндік  жасады.  Қазіргі  тілімізде  ақ  жауын,  ақ  жаңбыр 

фразеологизмі  қолданылады,  оның  мағынасы  –  ұзаққа  созылып,  майдалап 

жауатын  жаңбыр.  «Кутадғу  билиг»  ескерткішінде  қолданылған  мағынасы 

бойынша  тұрақты  тіркестің  мағынасын  қалпына  келтірсек:  ақ  жауын  –    ағып 

тұрған  жаңбыр.  АҚ  моносиллабының  басқа  да  орта  ғасыр  ескерткіштерінде 

қозғалыстың,  процестің,  күйдің  сан  алуан  түрін,  сипатын  білдіргенін 

Б.Сағындықұлының  еңбегінде  де  талданған  [7.136].  Сонымен  ақ  жауын 

фразеологизмінде  ақ  сөзі  сын  есім  емес,  етістік  қызметінде  жұмсалудан 

тұрақтанған деген қорытындыға келеміз.  

Ақсу  географиялық  атауы  –  Қазақстанның  көп  жерінде  қолданылатын 

топоним.  Топырақты  өңірлерде  немесе  жаңбыр  жиі  жауатын  жерлердегі  өзен 

лайланып, мөлдір болмай, ағарып ағатыны белгілі. Бір қарағанда, бұл атау судың 

түсіне  қойылғандай  көрінеді.  Ал  егер  орта  ғасырдағы  жазба  ескерткіштерде 

қолданылған мағыналарын қалпына келтірсек, онда қимыл-қозғалыс мағынасын 

білдіретініне оңай көз жеткіземіз. Сонда Ақсу - ағын су немесе аққан су. Етістік 

мағынасы дами келе сын есімге айналып кеткен. Белгілі тілші Б.Сағындықұлы ақ 

етістігі    трансформация  (конверсия)  тәсілі  арқылы  ақ  сын  есімі  пайда  болған 

деген  пікір айтады.  Жиі  қолданыстан  ақ  етістігінің  мағынасы абстракцияланып, 

нәтижесінде түркілік үрүң сөзін ығыстырған дей келе ғалым конверсиялық тәсіл 

бойынша  етістіктен,  сын  есімдік  мағынасы,  дамудың  келесі  сатысында  одан 

заттық мағынасы пайда болған дейді [7.137]. Ғалым қазіргі сөздік қорымыздағы 

сау  (сағ-),  жау  (йағ-)  ұш  сөздері,  сонымен  бірге  шыр-ақ;  от-ақ;  шу-ақ;  там-ақ 

сөздеріндегі  түбірге  кірігіп  кеткен  –ақ  (-ек,  -ық,  -ік,  -қ,  -к)  өлі  жұрнақ  осы 

байырғы ақ моносиллабынан тарағандығын дәлелдейді [7.137]. 

Зерделеп қарасақ, демеулік шылау қызметінде жұмсалатын ақ сөзінің де түп-

төркіні  АҚ    моносиллабына  барып  тіреледі.  АҚ-етістік  ретінде  қызмет  еткенде 

белгілі  бір  процесс  қимылдың  тоқтаусыз,  үнемі  іске  асатынын  білдірсе,  ақ 

шылауы осы күйдің бір кесегін, бір бөлігін  үзіп көрсетеді.   

Орта  ғасыр  жазбаларының  тіліне  талдау  жүргізе  отырып,  қазақ  тілін,  сол 

сияқты  басқа  да  түркі  тілдерінің  қазіргі  сөздік  қорындағы  бірқатар  сөздердің 

даму ерекшеліктерін анықтауға болады. Сонымен қазіргі барлық түркі тілдерінде 

аздаған   фонетикалық  өзгерістермен   қолданылатын  АҚ   моносиллабының

  

семантикалық  құрылымы:  қозғалыс,  жылжу  (судың  өз  арнасымен  бірқалыпты 



жылжуы), шығу; қозғалыстың белгілі бір бағытта іске асуы; сұйықтықтың

  

 

107 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Исабекова Ұ.К.

 

«Құдатғу білік» - орта ғасырды қазіргі тілімізбен сабақтастырушы тарихи...

 

 

 



 

(тер,  қан,  жас,  сорпа  және  т.б.)  сорғалап  құйылуы;    сан  мыңдаған  майда 

бөлшектердің бірігіп, бір бағытта орын ауыстыруы; орын ауыстырудың ілгері, 

жоғары  қарай  бет  алуы  (көне  түркі  тілінде:  ай  ағар  –  жоғары  көтерілер 

мағынасы);  тұру,  орнынан  көтерілу  (ескерткіштердегі  хажиб  ағырлады 

(орнынан)  -  тұрды    мағынасы);  орын  ауыстырудың  кейін,  төмен  қарай  бет 

алуы;  сан  мыңдаған  майда  бөлшектер  жиналып,  белгілі  бір  күшке  ие  болуы 

(судың  ағыны  қатты  болуы,  т.б.);  орын  ауыстырудың  белгілі  бір  уақытқа 

байланысты болуы; ілгері қозғалудың баяу іске асуы (ескерткіштердегі өрмелеу 

мағынасы);  баяу  қозғалыстың  артуы,  өсуі  (ескерткіштердегі  тіл  өсірер 

мағынасы);  қозғалыстың  тез,  жылдам  іске  асуы  (жұлдыздың  ағуы;  ұшу); 

қозғалыстың  үнемі,  ұзақ  уақыт  ішінде    іске  асуы  (ақ  жауын);  басталған 

қозғалыстың  аяқталуы,  сұйықтықтың  таусылуы;  сұйықтықтың  біртіндеп 

құрып бітуі.  

Сөздің  лексикалық  мағыналарының  мазмұнын  құрайтын  семалар  азаю 

немесе  көбею,  ерекшелену,  басқаша  өң  алу  немесе  сөздің  қолдану,  тіркесу 

ерекшелігіне  қарай  күрделі  семантикалық  құрылымдағы  белгілі  бір  семалардың 

жетекші  қызметке  ие  болуы,  әлсіз  семалардың  көмескіленуі  немесе  жылжып, 

басқа  семамен  бірігіп  кетуі  және  т.б.  тілде  толып  жатқан  процестерді  басынан 

өткереді.  Бұл  даму  өз  кезегінде  мағыналық,  тұлғалық,  тұрпаттық  өзгерістерді 

тудырады.  Осыдан  барып  сөздің  семантикасы,  дыбыстық  құрылымы, 

морфологиялық  тұлғасы,  синтаксистік  қызметі  өзгереді.    Байырғы  АҚ  түбірі 

осындай  өзгерістерді  басынан  өткізе  отырып,  фоно-cема-морфо-синтаксистік 

жағынан  дамып,  біздің  заманымызға  әр  түрлі  сапада  жетіп  отыр.  Тіліміздегі  әр 

моносиллабтың  даму  жолдары  әр  басқа.  Оларды  зерттеп,  ақиқат  даму  жолын 

анықтау  арқылы  қазіргі  тіліміздің  бірқатар  күрделі  мәселелерін  шешуге  көмегі 

зор.  


«Кутадғу  билиг»  ескерткішінің  тілі  мен  қазіргі  қыпшақ  тілдеріндегі  бір 

буынды  түбір-негіздердің  тұлғалық  ерекшеліктерін  анықтау  арқылы  аталған 

тілдердің  дыбыстық  жүйесін,  морфологиялық  құрылысы  мен  семантикалық 

құрылымын  тереңірек  танып,  қазақ  тілінің  орта  ғасырдағы  түркі  әдеби  тілімен 

сабақтастығына көз жеткізуге болады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет