Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


В  данной  статье  поэзия  А.Кунанбаева  рассматривается  в  контексте  коммуникативного



Pdf көрінісі
бет3/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71

 

В  данной  статье  поэзия  А.Кунанбаева  рассматривается  в  контексте  коммуникативного 

пространства глобальной жанровой интертекстуальности. 

 

The  article  presents  A.Kunanbayev’s  poetry  in  the  context  of  the  communicative  field  of  global 

intertextual genre. 

  

 

 



Абайдың  ақын  ретіндегі  қалыптасуы  мен  даму  эволюциясына, 

шығармашылық  өмірбаянына  терең  талдаулар  жасайтын  уақыт  келіп  жетті. 

Ақындықты жоғарыдан берілген тылсым күш, «көк ала үйрек» деп танып, сөз 

өнерінің осы бір нәзік те қуатты тегі лириканы адам еркінен тыс болатын, не 

жоғарғы  күштердің  әсерімен  туындайтын  өнер  ретінде  бағалау  біршама 

ескірген  сыңайлы.  Лириканы  мистификациялау  әдебиеттанушыларға  және 

әдебиетті тануға талаптанушыларға аса тиімді тәсіл бола қоймас.  

  Ақын Абайдың, тұлға Абайдың, классик Абайдың қалыптасу және даму 

жолдары  қандай  болды?  Ақынның  лирикасының  диалектикасы  қалай 

өрбіді?Абай ақын ретінде ет пен сүйектен жаралған, бойына жаны мен тәні, 

қаны мен нәпсісі бар күрес үстіндегі адам ба, әлде барлық кемшіліктен ада, 

бүкіл нәрсені біліп туған, аузынан шыққанның бәрі асыл, ерекше жаратылған 

жан ба? 

Абайдың  ақындық  өсу  жолдарын  оның  шығармашылық  өмірбаянымен, 

дүниетанымымен,  тарихи-әлеуметтік,  саяси-мәдени  жағдаяттармен  қатар 

алып  қарастыруды  негізге  алған  ғұлама  ғалым  М.Әуезовтен  бастап  [1,2], 

кейінгі  зерттеушілер  М.С.Сильченко  [3],  А.Нұрқатов  [4],  З.Ахметов  [5], 

З.Қабдолов [6], М.Мырзахметұлы [7], Ә.Дербісалин [8], М.Базарбаев [9], т.б. 

абайтануды үлкен белеске шығарды.  

1934  жылы  жазылған  М.Әуезовтің  «Абайдың  ақындығының  айналасы» 

(«Поэтическое  окружение  Абая»)  атты  іргелі  мақаласында  Абайдың  ақын 

ретіндегі  қалыптасу  жолдары  мен  нәр  алған  көздері,  рухани  қайнарлары 

тұрғысында  ғылыми  дәлдікпен  поэзия  теориясына  бой  ұра,  әдебиеттануға 

байланысты  зерттеудің  түрлі  әдіс,  тәсілдерін  пайдалана  отырып,  өз  заманы 

үшін  де,  қазір  де  маңызын  жоймаған  сенсациялы  ойларын  жариялайды. 

М.Әуезовтің  аталмыш  мақаласы  жарияланғанымен,  сол  кезеңдегі  саяси-

идеологиялық ұстанымдарға байланысты түрлі сындарға ұшырап, мақаланың 

орыс  тіліндегі  толықтырылған  нұсқасы  көп  жылдар  бойына  жарияланбай 

қалады. Қазақ тіліндегі нұсқасы 1995 жылы шыққан «Абай Құнанбаев» атты 

монографиясында  қысқартылған  түрінде  беріліп  жүр.

 

Орыс  тіліндегі 



толық

  

нұсқа  1997  жылы  шыққан «Абайтану дәрістерінің дерек көздері»



  

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

Кенжеғараев Н. Абай поэзиясы және жаһандық жанрлық интермәтіннің

 

коммуникативтік... 

 

 



 

 

17 


(құрастырушылар:  т.ғ.д.  Л.М.Әуезова,  ф.ғ.д.,  профессор  М.Мырзахметұлы) 

деген еңбекте берілген. 

Абайдың  нәр  алған  қайнар  көздері,  ақындық  мектебі  тұрғысында 

академик  М.Әуезов  салып  беріп  кеткен  даңғыл  жол  концепция  болып 

орнықты. Ақынның үш қайнар бұлағы туралы кейінгі абайтанушылар өнімді 

зерттеулер жасады. Үш қайнар бұлақтың алғашқысы өзінің төл халқының аса 

бай  әдебиеті  мен  мәдениеті  болды.  Фольклорлық  туындылардан  бастап, 

авторлы  индивидуалды  поэзия,  не  жыршы  ақындар  шығармашылығы,  қазақ 

әдебиетінің  тарихындағы  ақын-жыраулармен  қатар,  өз  тұсындағы 

ақындардың,  сал-серілердің,  жыршылардың  шығармашылығын  Абай  толық 

меңгерді.  

Абайдың  нәр  алған  екінші  қайнар  бұлағы  –  Шығыс  әдебиеті  мен 

мәдениеті  екендігі  ақиқат.  Ақынның  жас  шәкірт  күнінен  оқып  өскен  түркі-

мұсылман  елдерінің  ақындарының,  оқымысты  ғұламаларының,  философ, 

тарихшы, дінтанушыларының еңбектері болды. 

Үшінші қайнар бұлақты – орыс әдебиеті мен мәдениеті, орыс тілі арқылы 

меңгерген Еуропа әдебиеті мен мәдениеті құрайды. 

Абайдың сусындаған бұлақтары, ақындық кітапханасы деген ұғымдарда, 

ақынның  шығармашылық  лабораториясына,  ақындық  энергетикасына, 

болмысына  әсер  еткен,  қалыптастырған,  дамытқан  кеңістік  -  өте  ауқымды. 

Шын  мәнінде,  сол  кезеңдегі  қалыппен,  Абай  дәуіріндегі  ақпараттық 

коммуникация тұрғысынан алатын болсақ, жаһандық деп толық айтуға негіз 

боларлық, әлемдік мәдениетті бойына сіңірген. 

Академик  М.Әуезов  «Абайдың  ақындығының  айналасы»  атты 

мақаласында  осы  жаһандық  мәдениеттің  қай  бұтағы  ақынның  санасына 

тереңірек  әсер  етті,  қайсысына  Абай  көбірек  мойын  бұрды,  не  оның 

дүниетанымының  ұйытқысы,  локомотиві  болып  қай  мәдениет  орын  алды 

деген  сұрақтар  төңірегінде  талдаулар  жасайды:  «Абай  Батыстың  өнер, 

мәдениет көрмесіне қазақ сахарасынан, Шығыстан шығып, сапар шегіп келіп, 

әдейі  не  барын,  нендей  сырлы  екендігін  танып  қайтайын  деген  кісі  сияқты. 

Бірақ  шын  өнер,  шын  мәдениетті  көру  мұң,  көрген  соң  дәмін  татып,  нәрін 

алған  соң  жым-жылас,  түк  жұқтырмай  кету  мүмкін  емес.  Басында  кердең 

басып,  тайталас  түспек  боп  келген  беті  біраздан  соң  өзгере  береді.  Рас, 

Еуропамен таныса келе: «Шығысым батыс, батысым шығыс боп кетті» деген 

сөз Абайдың ішкі дүниесінің барлығы бірдей қопарыла өзгеріп кетті дегенді 

білдірмейді.  Еуропаның  ғылым,  өнер,  мәдениеті,  мұңы  барған  сайын 

қызықтыра  тартып,  соңына  шындап  телмірткенін  білдіреді.  Бірақ  Абай  іші 

бұрынғыша дін қазығына арқасын нық тіреп алып келген іш екені жоғарыда 

айтылған.  Сол  қалпы  негізінде  өзгермейді.  Бірақ  барған  сайын  икемделіп, 

сыпталып,  сырт  буындығынан  арыла  береді»  [1.248].  Ғұлама  ғалым  Абай 

шығармашылығындағы  маңызды  құбылыстар  тұрғысында  өте  дұрыс 

позицияны  айқындай  білген.  Дүниетанымдық  тұрғыдан   Абай  орыс   және  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Кенжеғараев Н. Абай поэзиясы және жаһандық жанрлық интермәтіннің

 

коммуникативтік... 

 

 



 

 

18 


батыс  мәдениетіне  сыртын  береді.  Оның  дүниетанымының  ажырамас 

темірқазығы  –  ислам  діні,  ислам  философиясы  болды.  Абайдың  Шығысқа 

қатысы, ақындық кітапханасы, шығыс классиктерімен үндестігі, исламиятпен 

байланысы,  мораль  философиясы,  Әл-Фараби,  Ж.Баласағұн,  Ғ.Дауани, 

Қ.А.Ясауи пікірлерімен сабақтастығы, «Кабуснама», «Тотынама»,  «Мың бір 

түн»,  «Бабырнама»,  «Бұқара  тарихы»,  т.б.  еңбектерді  Абайдың  қабылдауы, 

шығыстық  өлең  теориясы  мен  үлгісінің  Абай  поэзиясына  әсері,  сопылық 

поэзияның  ықпалы,  т.б.  іргелі  мәселелерді  зерттеулеріне  арқау  еткен 

ғалымдар 

М.Мырзахметұлы, 

А.Машанов, 

А.Көбесов, 

И.Жеменей, 

Д.Кенжетай,  М.Әліпхан,  С.Оразалиев,  Қ.Әлқожаев,  т.б.  еңбектерінде  жан-

жақты талқыланады.  

Кеңестік  дәуірде  Абай  шығармашылығын,  әсіресе  оның  лирикасын 

зерттеген ғалымдар ақынға шығыс әдебиеті мен мәдениетінің, ислам діні мен 

философиясының  концептуалды,  фундаменталды  ықпалын  көзден  таса 

қалдырып,  батыстың  ықпалына  екпін  түсіре  айтулары  орын  алды.  Сол 

кезеңде  үстем  болып  тұрған  саяси-идеологиялық  көзқарастың  салқын 

ықпалына 

бой 


ұрушылықты 

ескермегенде, 

М.С.Сильченконың, 

А.Нұрқатовтың,  З.Ахметовтың,  Ә.Дербісалиннің  еңбектерінде  лирика 

теориясына  байланысты  құнды  талдаулар  мен  сараптаулар  бар.        Қалай 

дегенмен  де  Абайды  шын  мәнінде  классиктік  деңгейге  көтеріп,  әлемдік 

аренадағы  ақындар  галереясынан  ойып  орын  алатын  биікке  шығарған, 

әлемнің  озық  ақындарымен  иық  теңестіретін  қалыпқа  жетуі  –  осы  үш 

бұлақтың  тоғысуынан,  қорытпасынан  туындаған  жетістік.  Абай  лирикасы  –  

симбиоз,  синтетикалық  дүние.  Онда  қазақтық  мұң,  исламдық,  сопылық 

дүниетаным,  батыстық  лиризм  мен  психологизм,  сыншыл  реализм,  т.б.  біте 

қайнасады.  Абай  лирикасының  эволюциясы  ұзақ  үдерісті  басынан  өткізіп 

отырған,  үнемі  даму,  баю  үстіндегі  лирика  болды.  Жаһандық  интермәтін 

Абай  шығармашылығына,  оның  лирикалық  лабораториясына,  идеялық-

эстетикалық,  жанрлық-композициялық,  стильдік-тілдік  ұстанымдарына 

айтарлықтай  әсер  етті.  1880-жылдардың  аяғы  мен    1890-шы  жылдардағы, 

тіпті өмірінің соңына дейінгі кезеңдердегі шығармашылық үрдісінің толығуы, 

кемелденуі, жаңа белеске, жаңа мазмұнға, жаңа түрге, жаңа сатыға көтерілуі 

де  жаһандық  интермәтіннің  жанрлық  коммуникация  кеңістігі  арқылы  іске 

асты.  М.Әуезов    Абай  лирикасына  жаһандық  интермәтіннің  ықпалы 

тұрғысында былай дейді: «Рационалшы, жаңашыл Абай пішіні айқындалып, 

ашыла  береді.  Өз  ішін  бермеймін  деп  жүрсе  де,  ақын  көп  жанасу  арқылы 

бірқатар  жаңғырып,  түлей  бастады.  Ой  білімінде ақындық  өнеріне  тереңдеп 

өсе бастаған сайын Еуропадан үлгі таңдап, нәр алады. 

Абай Шығыс жағасына араласу арқылы, жоғарыда тексерілген махаббат 

жайындағы, көңіл-күйі жайындағы, дінқұлақ жайындағы жырларды шығарса, 

Батыс  жағасының  өз  кемесіне  соққан  ағымдарын  қорытқанда  да  сол 

жаңағыдай  бірнеше   тақырып   үстінде  еңбек   етеді. Осы  жайға көз жіберіп  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Кенжеғараев Н. Абай поэзиясы және жаһандық жанрлық интермәтіннің

 

коммуникативтік... 

 

 



 

 

19 


байқасақ,  Абайда  еуропалық  төркіні  бар  екі  алуан  өлеңді  көреміз.  Бірі  – 

ғашықтық  жайының  өлеңі  (махаббат  лирикасы),  екіншісі  –  көңіл-күйінің 

өлеңі (настроение лирикасы) [1.249-250].  

Белгілі  лирика  зерттеушісі  Л.Гинзбург  айтқандай:  «Лирическое  слово  –

концентрат  поэтичесности.  Оно  должно  обладать  несравненной  силой 

воздействия.  Эта  сила  длительно  подготовляется,  иногда  наращивается 

многовековыми  навыками  восприятия  поэзии.  Вне  традиции  не  бывает 

искусства,  но  нет  другого  вида  словесного  искусства,  в  котором  традиция 

была бы столь мощной, упорной, труднопродолимой, как в лирике» [10.11],- 

лирикадағы 

дәстүршілдік 

аясында 


шығармашылдығының 

алғашқы 


кезеңдерінде  дидактикалық,  моральдік,  декларативтік,  тенденциялық, 

ағартушылық  дискурсте,  жыршы  ақындар  поэзиясы  сарынында  өлеңдер 

тудырғанымен,  орыс  поэзиясының  ілгерінді  әсерімен  қазақ  поэзиясын  жаңа 

белеске  көтергені  ақиқат.  Абай  шығармашылығының  алғашқы  кезеңінде  өзі 

де  Еуропалық  әдебиеттен  қанықпаған,  түркілік-мұсылмандық  кеңістіктегі 

дәстүрлі  поэзияның  өкілі  болды.  Орыстың  сол  кезеңде  кәсіби  тұрғыда 

дамыған  әдебиетін,  эстетикасын,  әдебиеттануын  оқи  отырып,  80-шы 

жылдардың  орта  тұсынан  бастап,  шығармашылыққа  ден  қойғаны  белгілі. 

«Шу  дегенде  құлағың  тосаңсиды,  Өскен  соң  мұндай  сөзді  бұрын  көрмей»,- 

деп  1888  жылы  «Мен  жазбаймын  өлеңді  ермек  үшін»  деген  өлеңінде 

айтқанындай  қабылдаушы  халқының  құлақ  күйін  келтіріп,  тыңдаушы 

талғамын  дайындайды,  дағдыланған  дәстүрлі  жырынан  бөлек,  мазмұны  да, 

өрнегі  де  соны,  поэзияның  жаңа  деңгейіне  шақырады.  Әрине,  бұл 

процестердің  бәрі-интермәтіндік  коммуникация  кеңістігінің,  дәстүрлі  түрде 

айтсақ,  әдеби  байланыстардың,  мәдениеттер  диалогының  арқасында  іске 

асып отырған процестер. Лирика теориясы шеңберінде келер болсақ, өлеңдегі 

«субъектілік»,  лирикалық  кейіпкер,  лирикалық  мен,  лирикалық  қаһарман, 

автор бейнесі, поэтикалық нарратология бойынша баяндау тәсілдері, баяндау 

түрлері,  рөлдік  персонаждар,  монолог  түрлері,  авторлық  монолог, 

монодиалог,  авторлық-қабылдаушылық  байланыс,  сумулякр  рөлі,  лиризм, 

психологизм, экзистенциализм, шығарманың идеялық жүгі, сыншыл реализм,  

эмоционалдық-эстетикалық  тон,  модернизм  сарындары  –  бәрі  орыс  және 

батыс 

лирикасын 



оқу, 

меңгеру, 

түсіну, 

қабылдау, 

оларды 

өз 


шығармашылығында қорыту, сіңіру, жаңа қазақтық бояу беру арқылы ұлттық 

поэзиямызға Абай әкелген дүниелер.  

Абайдың  жасөспірім  кезінде  медет  тілеп  жазған  ақындары  Физули, 

Шәмси,  Сәйхали,  Науаи,  Сағди,  Фирдауси,  Хожа  Хафиз  –  сопылық 

поэзияның алыптары. Жас Абай шығыстың классикалық поэзиясымен терең 

таныс болған, алғашқы өлеңдерінің бірі «Шығыс ақындарынша» деп аталуы 

да  тегін  емес.  Жас  ақын  сопылық  поэзияның  өкілдерінше  жас  ару  бейнесін 

сипаттайды.  Ару,  сұлу,  жар  бейнесі  –  сопылық  поэзияда  Аллаға  ғашық 

болудың  символы,  тәни,  адами  қызға  ғашықтық  емес, Алланың сипатына,  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Кенжеғараев Н. Абай поэзиясы және жаһандық жанрлық интермәтіннің

 

коммуникативтік... 

 

 



 

 

20 


дидарына  ғашықтық  сөз  болады.  «Әлифби»  өлеңі  де  –  сопылық  поэзияның 

ықпалының  жемісі.  Кейін  Абайдың  1890-1898  жылдар  аралығында  жазған  қара 

сөздерінде  едәуір  тарқатылып  талданатын  сопылық  дүниетанымның  алғашқы 

мәйегі  осы  өлеңдерінде  көрінеді.  М.Әуезов  айтқандай  «Абайдың  іші,  діні 

беріктігін»  ескеретін  болсақ,  жас  кезінде  тоқыған  ілімінен  кейінгі  ұлғайған 

шағында  бас  тартпағандығын,  қайта  тереңдеп,  тіпті  сопылықтың  өзін 

ревизиялайтын сыни пікірлерді айтуға дейін барғандығы, ақын дүниетанымының 

үнемі даму, қозғалыс үстінде болғандығын көрсетеді. 

М.Әуезовтің  мына  тұжырымы:  «Вместе  с  тем  он  ничего  не  берет  от 

демократических  поэтов,  писателей,  а  также  от  такого  политического, 

общественного деятеля, как Чернышевский... 

Все время он клонится в сторону Пушкина, Лермонтова, Крылова...» [2.66] 

талай  тартыстарға  мұрындық  болғаны  аян.  С.Мұқанов,  Ә.Жиреншин, 

М.С.Сильченко,  А.Нұрқатов  сынды  ғалымдар  өз  еңбектерінде  Абайдың  орыс 

әдебиетінен  алғаны  не  деген  сұрақтарға  жауап  іздейді.    М.С.Сильченко, 

А.Нұрқатовтардың  зерттеулерінде  Некрасов,  Салтыков-Щедрин,  Белинский, 

Чернышевскийдің  еңбектерінің  Абайға  ықпалы  төңірегінде  дәйекті  ойлар  мен 

нақты  мысалдар  келтірулер  арқылы  дәлелді  пікірлер  айтылады.  Рас, 

Белинскийдің эстетикалық  ойларымен Абай  таныс болған және  ұлы  сыншының 

көзқарастары  Абайдың  эстетикасына  әсер  еткен:  «В.Г.Белинский  в  пушкинских 

статьях  преимущественное  внимание  уделил  трем  героям  «энциклопедии 

русской  жизни»:  Онегину,  Ленскому,  Татьяне.  Очевидно,  вслед  за  Белинским, 

Абай также решился воссоздать, наряду с Онегиным и Татьяной, образ Ленского, 

чтобы  представить  более  полную  картину  русской  жизни  и  многообразие 

национального  характера»  [3.121].  Аталмыш  ғалымдар  еңбегінде  Белинский 

көзқарастарының  Абайдың  танымына  әсері,  Некрасов,  Салтыков-Щедриндердің 

ақынның  сатиралық  өлеңдер  жазуға  тигізген  ықпалы,  ондағы  әжуа,  мысқыл, 

сатира,  юмор,  ирония,  т.б.  тәсілдердің  әлеуметтік  астармен  астасып  жатуы, 

идеялық-әлеуметтік мазмұны көптеп дәлелденіп, таратылып түсіндірілген.  

Ғалым М.С.Сильченко Абайдың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты 

өлеңінде  шығыстың  классиктері  Джами,  Науаи  поэзияларының  ізі  барлығын 

дәлелдеп  жасады.  Ол  ақындардың  поэзияға  қойған  талабы,  поэзияның  мақсат-

мұраты,  өрнегіне  байланысты  критерийлері  Абай  талғамымен,  талабымен, 

өлшемімен байланысатындығын айғақтайды. Яғни Абай поэзия туралы тек орыс 

ақындарының шығармаларын ғана емес, шығыс классиктерінің де туындыларын 

оқып, екі арнаны қорытып, тың дүние берген. 

М.Әуезов  айтатын  Абайдың  орыс  әдебиетінен  алған  екі  жаңалығы  – 

махаббат  және  көңіл-күй  лирикасы  болса,  лириканың  осы  түрлері  ақын 

шығармашылығындағы  ең  өнімді  түрлер  болды.  «Өзгеге,  көңілім,  тоярсың», 

«Менсінбеуші ем наданды», «Не іздейсің, көңілім не іздейсің», «Жүрегім, ойбай, 

соқпа енді!», «Қайғы шығар ілімнен», «Күлімсіреп аспан тұр»,  «Жүрегім менің 

қырық  жамау»,  «Жүрегім,  нені  сезесің»,  «Жапырағы  қуарған  ескі  үмітпен», 

«Көлеңке  басын  ұзартып»,  «Есіңде  бар  ма  жас  күнің»,  «Ауру  жүрек  ақырын 

соғады жай», «Жүректе қайрат  болмаса», «Өлсем  орным  қара  жер  сыз  болмай  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2010 

 

Кенжеғараев Н. Абай поэзиясы және жаһандық жанрлық интермәтіннің

 

коммуникативтік... 

 

 



 

 

21 


ма?», «Қуатты оттай бұрқырап»,  «Жалын мен оттан жаралып»,  «Домбыраға қол 

соқпа»,  т.б.  өлеңдерін  ақынның  көңіл-күй  дискурсінде  жазылған  лирикасына 

жатқызуға болады. Орыс классиктерінің ішіндегі Абайдың барынша үйір ақыны 

М.Ю.Лермонтов  болса,  жоғарыдағы  өлеңдерде  Лермонтовтық  сарын  сайрап 

жатыр.  Әрине,  бұл  деген  сөз  Абайдың  ақын  ретінде  даралығы  жоқ,  тек 

шығармашылығының  бәрі  әсерден,  ықпалдан  тұрады  деген  ой  тумауы  керек. 

Саяси-тарихи  факторлар  арқылы  Абай  танысқан  орыс  поэзиясы  ақынның 

лирикалық  әлеміне  дәстүршілдік  шеңберінде  ықпал  етті.  Олардың  лирикасын 

тұшына  білген  ақын  ретінде  Абай  ешқандай  қайталанбас,  жаңа  сападағы,  жаңа 

мазмұн,  жаңа  түрдегі,  қазақ  контексіндегі  симбиоз  дүниені  өмірге  алып  келді. 

Орыстан үйренгеннен қазақ поэзиясы, Абай поэзиясы ұтылған жоқ. Абай арқылы 

қазақ  поэзиясы  шырқау  шыңына  қол  жеткізді.  Шығыстың,  Батыстың  әдеби 

ықпалынсыз Абай поэзиясы мұндай биікке көтеріле алар ма еді? Барды бар деп 

бағалауға  үйренетін  болсақ,  Абай  саяси  факторлардан  өнерді, поэзияны жоғары 

қойып,  жан-тәнімен  шын  өнерге  бой  ұсынды.  Ол  өнер  Шында  болса  да,  Абай 

одан  сусындар  еді.  Ғалым  М.С.Сильченконың  мына  ойлары Абай  поэзиясының 

өзегін дұрыс айқындай біледі: «Учась искусству изображения внутренней жизни 

персонажа у русских классиков или художестенно-конкретному показу внешней 

обстановки,  увлекаясь  тонкой  романтикой  восточных  классиков,  философской 

направленностью их творений, Абай шел самостоятельным путем национального 

поэта-демократа. 

Абай  отбирал  из  созданного  предшественниками  лишь  то,  чего  требовали 

исторические  условия  казахской  культуры  и  сама  жизнь  казахского  народа»  [3. 

291-292].  

Абай өлеңдерін интермәтіндік талдаулар жасау, болашақтың жұмысы, саяси 

идеологиялардан  ада,  кәсіби  поэзиялық,  әдебиеттанушылық  сараптаулар  жасалу 

керек.  Лириканың  аса  дәстүршіл  екендігін  ескеретін  болсақ,  ұлттық  поэзия 

дегеніміздің  өзі  адамзаттық  поэзияның  құрамдас  бөлігі.  Абай  Құнанбаев 

алғашқылардың  бірі  болып,  ұлттық  шеңберден  де  шығып,  әлемдік,  адамзаттық 

деңгейге көтерілген алып тұлға. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Әуезов М. Абай Құнанбаев. – Алматы: Санат, 1995. 

2.

 



Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері.  – Алматы: Санат, 1997. 

3.

 



Сильченко  М.С.  Творческая  биография  Абая.  –  Алма-Ата:  издательство  Академии  наук 

Казахской ССР, 1957. 

4.

 

Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. – Алматы: Жазушы, 1966. 



5.

 

Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы: Ана тілі, 1995. 

6.

 

Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы: Рауан, 1996. 



7.

 

Мырзахметұлы М. Абай және Шығыс. – Алматы: Қазақстан, 1994. 

8.

 

Дербісәлин Ә. Байтақ пен бәйтерек. – Алматы: Арда, 2009. 



9.

 

Базарбаев  М.  Казахская  поэзия:  художественные  искания  (К  традициям  Абая).  Алматы: 

Жазушы, 1995. 

10.


 

Гинзбург Л. О лирике. – Ленинград: Советский писатель, 1974. 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

Ж.А.ҚҰСАЙЫНОВА  

 

22 


филология ғылымдарының кандидаты 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 



 

МОДАЛЬДІЛІК САНАТЫНЫҢ ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ 

ТРАНСПОЗИЦИЯЛАНУЫ НӘТИЖЕСІНДЕ КӨРІНІС БЕРУІ 

 

В  статье  анализируется  категория  модальности  при  транспозиции  простых  предложений  в 

функционально-прагматических аспектах.  

 

Modality category with transposition of simple sentences in functional and pragmatical aspects has 

been analyzed in the article



                                

Бұған  дейін  талданған  лексикалық  бірліктердің  транспозициялануында 

сөз  мағынасының  кеңеюі  нәтижесінде  лексикалық  қолданыстардың 

синонимдік 

қатары 


толықса, 

сөйлемдердің 

транспозициялануында 

синтаксистік  құрылымдардың  бір-бірінің  орнын  ауыстыруы,  синтаксистік 

қызметтерінің  түрленуі,  мағыналық  жақтан  өсуі  көзге  түседі.  Лексикалық, 

синтаксистік бірліктердің бір қызметтен екінші қызметті меңгеруін ажырату 

үшін  белгілі  бір  синтаксистік  қатынас,  оның  қолданыстағы  синтаксистік 

қызметін  нақтылайтын  мәтін  қажет.  Сондықтан  сөз  мағынасының  ауысуы 

болсын, синтаксистік құрылымдар қызметінің ауысуы болсын грамматикалық 

заңдылықтар аясында жүзеге асады.   

Жай  немесе  құрмалас  сөйлемдердің  табиғатында  байқалатын  ауысулар 

кезінде қандай ерекшеліктер орын алады десек: 

біріншіден,  сөйлеуші  ойын  жеткізуде  қолданылатын  синтаксистік 

құрылымдардың жұмсалу аясы кеңейеді; 

екіншіден,  құрылымдық  жақтан  дербестенген  жалпы  модалді 

сөйлемдердің ішкі байланысы артады; 

үшіншіден,  жалпы  модалді  сөйлемдердің  стилистикалық  қызметі 

толығады.  

Транспозициялануда 

сөйлемдердің 

қызметтік 

аясының 


кеңеюі 

еркіндігімен  көзге  түседі.  Бірақ  белгілі  бір  функционалды-прагматикалық 

аспекті  заңдылықтарына  бағынады.  Сөйлемдердің  белгіленген  қалыпты 

функциясынан басқа екінші қызметті меңгеруі: жағдаятпен, жағдаят үстіндегі 

субъектілердің 

әлеуметтік 

қарым-қатынасымен, 

ауызекі 


сөйлеу 

дағдыларының  ерекшелігімен,  стилистикалық  шеберліктің  сырымен,  

субъектінің  ішкі  дүниетанымы  т.б.  ішкі  лингвистикалық,  сыртқы 

бейлингвистикалық ықпалдарға тәуелділігімен түсіндіріледі.  

Бұл  ерекшелікке  З.Ерназарова:  «Тіл  біліміндегі  функционалды  аспект 

адам  әрекетімен  тығыз  байланыста  қарастырылады.  Әрекет  туралы  түсінік 

коммуникативті-функционалды бағыттың негізгі әдістемелік принципі болып 

табылады.  Жеке  адам  –  тілді  қолданушының  қарым-қатынас  жасау  әрекетін 

лингвистикалық   талдаудың   негізінде  алу   коммуникативті-прагматикалық  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет