Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010



Pdf көрінісі
бет7/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   71

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Ислам Д. Қазақ өлеңінің пішіндік ізденістері

 

 

 



 

44 


бейне» деп қарастырғанның өзінде неге сенуге тиіс оқырман? Сонымен, «Көшеде 

жүремін» өлеңіне қатысты Ә.Қоңыратбаевтың талап талғамы орынды екеніне көз 

жеткіздік.  Ал,  Қ.Байтуғанұлының  өлеңді  қорғаштауына  орай  айтқан 

көзқарастарынан «Жастар бағытының бұрыс» екендігін айта алмау деңгейі анық 

көрінеді.  «Өлеңнің  де  обалы  бар»  мақаласында  «Табиғат  сырлары»,  «Көңілім» 

өлеңдері сыналатын ақын Ж.Нәжімеденов.       

                                 «Күн бата күнбатысқа көшті Алатау,  

                                 Таң  ата  шығу  үшін  күн  алдынан»  -  деген  жолдардағы 

өлеңді  мысалға  алып,  екі  жолдық  ой  үшін  жазылатын  иллюстрациялық  өлең 

қатарына  қосып  жіберуі  ғалым  тарапынан  сәл  асығыстық  болды  деп  ойлаймыз. 

Неге? Жауап  беріп  көрелік. Өлең  атауы  «Табиғат  сырлары».  Демек  мазмұн мен 

тақырып  тұтастығында  дау  жоқ.  Мазмұн  мен  форма  бірлігіне  де  шәк  келтіре 

алмаймыз. Себебі соңғы екі жолдардағы тармақтарды сындырып, үзіп берудің өзі 

ой  берілуінің  көркемдігіне  қызмет  келтіріп,  тіпті  көркемдік  тудырып  тұр. 

Қараңыз. Оқыңыз: «Күн бата күнбатысқа көшті Алатау,» (өрнегі 3 буын  +4 буын 

+5 буын) 12 буынды өлшем; «Таң ата шығу үшін күн алдынан» (өрнегі 2 буын +4 

буын +4 буын ) 10 буынды өлшем. Бұл қазақ және ежелгі Түрік өлеңдеріндегі бар 

өрнектер,  тек  ырғағы  өзгертіліп  қолданылып  тұр.  Мұндай  тәсілді  З.Ахметов 

былай  түсіндірер  еді.  «Осының  бәрі  соңғы  бунақтың  алдында  ерекше  айқын 

кідіріс  жасалып,  дауыс  толқынының  өзгеріп  отыруына,  өлеңнің,  әсіресе 

тармақтағы  соңғы  сөздердің  күшті  леппен,  сезіммен  айтылуына  мүмкіндік 

береді»  [4].  Осы  өлеңде  адам  бейнесіне  енген  Алатауды  типтендіріп  тұрған  да, 

тармақтан  үзіліп  оқшау  берілген  «Көшті  Алатау»,  «алдынан»  сөз  тіркесі  мен 

сөздегі  ой  мағына  деп  ойлаймыз.  Ақын  өлең  атауын  «Табиғат  сырлары»  деп 

бекер атамаған. Осы соңғы жолдың өзінде табиғаттың жаратылысын суреттеуде 

қаншама  дәлдік  пен  нақтылық  жатыр.  Күн  батқан  кезде  Алатаудың  көшуі,  Күн 

шыққанда  Алатаудың  алдынан  шығуы  адам  бейнесіне  баламалы  салыстырмалы 

тұрғыда  алынуымен  әсерлі.  Ә.Қоңыратбаевтің  «мұнда  адам  образының  жоқ» 

деуінің себебі, адам бейнесі көрінбей тек іс-әрекет арқылы «көшті», «шығу үшін» 

сөз  тіркестеріне  (етістіктеріне)  жасырынып,  тұруынан.  Әйтпесе  тура 

мағынасында Алатаудың көшпейтінін түсіндірудің қажеті жоқ қой.  

«...Еуропа  лирикасының  жақсы  үлгілерін  нысана  ету,  қас  қағым  сәттегі 

сезіммен мәңгілік шындықты астастыра жырлау, дәуірдің қырағы көзі, заманның 

лүпілді жүрегі бола білу» [5.228]-дегенін интимге (өлеңдердің жаңа сапаға көшуі) 

берген  анықтамасы  деп  қабылдаған  жөн  Мұнда  Ә.Қоңыратбаевтай  өлеңтанушы 

ғалым  терең  ұғынғандықтан  өлеңнің  жаңа    сапаға  өрлеуіндегі  интим  сезімінің 

жетекші  рөліне  баса  назар  аудартқаны  деп  ойлаймыз.  Мақала  жазылған  кезең 

тұрғысынан  келсек  тың  игеру  мәселесіне  қарсы  ұлт  намысын  жанып  жүрген 

Жұмекендей  ақын 

«саясатқа»    ұнай  қоймаған  тұс екенін де ескеруіміз керек. 

Ә.Қоңыратбаевтың

  мәтінді  талдаудағы  ұстанымына  келсек,  «Көңіл»  өлеңіндегі 

негізгі  идеялар  желісі  соңғы  екі  жолға  күш  түсіретінін  анық  байқауға  болады. 

Ғалымның  «Екі  жолдық  тезиске  кептелген»  -  деуі  де  сондықтан.  Бірақ,  «жалаң 

интим  сезім»  -  деуі  үстірттеу  ойға  алданған.  Бұл  өлеңде  де  ақын  ырғақ  өрнегін 

түрлендіріп  берген.  Жалаң   сезім  секілді   көрінгенмен   астарлы,  ишаратқа

  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Ислам Д. Қазақ өлеңінің пішіндік ізденістері

 

 

 



 

45 


сүйенген  тұстар  да  жоқ  емес.  Соңғы  екі  тармақтың  өзі  әуелі  оқырман 

санасындағы  керағар  ойлар  қайшыласын  туындатады.  «Аппақсың-ау,  тым 

аппақсың  көңілімдегі»  «аппақсың  көңілім»  «Мен»  атынан  айтылып  ақындық 

болмыс  пен  кіршіксіз  адалдық  қасиетті  алмастыра  берудің  оңтайлы  тәсілін 

жасаған. Сол қасиеттің «соншама» тым кірлегіш келетіні неліктен? Интим сезім 

желісіндегі  ойлар  «қоғамдық  қайшылықтарды»  да  сабап  өткендей  сезіледі. 

Оқырман  санасында  әлеуметтік  психологиялық  күй  тудыру  үшін  де  ақынның 

рухани әлемінің даусы жаңғырып тұруы керек емес пе? Бұл орайда 40-60-жылдар 

аралығындағы  қазақ  лирикасына  баға  берген  Т.Шапайдың  «Өзінің  ішкі  әлеміне 

неғұрлым  тереңдей  үңілген,  сол  арқылы  дәуір  адамының  жан-дүниесін,  арман-

мұратын  кеңірек  толғай  бастаған  лирикалық  кейіпкер  қайта  бой  көрсетті.  Осы 

құбылысқа  қарап-ақ,  совет  дәуіріндегі  қазақ  лирикасының  даму  жолы  біркелкі 

болмағанын,  ширек  ғасырдан  астам  уақыттан  кейін  өзінің  сара  жолына  жеке 

адамның  ішкі  әлеміне  үңілген  ойшыл,  сыршыл  қалпына  қайта  оралғанын 

көреміз»  [6]-  деуін  ақын  Жұмекен  Нәжімеденовтер  бастағаны  ақиқат.  Өлеңдегі 

түр  өрнектеріндегі  қатысты  кемшін  тұстарды  баса  айтқан  Ә.Қоңыратбаев 

пікірлерін  қоштаушылар  да  болды.  Соның  бірі  С.Ләмбеков  «Талғам 

тартылмасын»  мақаласы.  Мақалада  кейбір  ойлардың  бүгінгі  қазақ  өлеңіндегі 

ізденістерге қарата  айтылғанын  көруге  болады.  «Байқап  отырсаңыз  кейбір  өлең 

бастан емес, қолдан шыққан ба деп қаласыз. Соны жазған ақынның қаламы ойға 

ермей,  керісінше,  ойы  қаламға  жетектеліп  кеткен  тәрізді  болады.  Мақсатсыз, 

бағдарсыз  өлең  солай  жазылмай  қайтушы  еді?  Көп  автор  эпитет,  метафора, 

шендестіру,  теңеу  деп  аталатын  поэзияға  ежелден  тән  элементтерді  дұрыс 

қолданбайды.  Өзгеге  ұқсамау,  жаңалық  ашу,  тың  пікір  айту  дегенді  жаңсақ 

ұғады»  [7].  Ә.Қоңыратбаев  бастаған  ғалым,  жазушы,  оқырман  мақалаларының 

бәрінде  негізгі  ой  өлең  мәдениетін  көтеру  болып  табылады.  Неоромантикалық 

сарындағы  шығармалар  рухсыз  өмірді  баяндаудан  арылмады.  Осы  тұста 

Ә.Қоңыратбаев  бізге  романтика  қажет  деп  жар  салды.  Романтиктер  сомдайтын 

«идеал  образдың»  өмірге  жақын  тұруын  қалады.  Махаббат  тақырыбы  көп 

жырланды  деп  айтушыларға  мәселе  қай  стильде  жырлауда  деп  бағыт  береді. 

Махаббат  тақырыбын  романтикалық  пафоспен  қатар  реалистік  сарында 

жырлауды  қолдады.  Реалистік  туындыларда  типтендірудің  оңтайлы  екенін 

айтады. 

Негізінен    қай    сарында жазса  да  стилін  танып  жазу    қажет.  Өлеңді 

реалистік,

  романтикалық  деп  атамаймыз,  одан  өмірдегі,  адам  жанына  қорек 

іздейміз.  60-шы  жылдар  поэзиясының  басты  кемшілігі  түр,  өлшем,  ұйқас, 

тақырып,  стильдік  жағынан  да  қайталаушы  риторизмнен  аспайтын  өлеңдердің 

жазылуы.  Осыған  орай  көркемдік  формасын  тауып,  шығармашылық  бағытын 

жетілдіру,  стильдік  шеберлікті  тереңдете  түсу  мәселесі  туды.  Бұл  өлең  алдына 

тақырып    ауқымын  кеңейтуді,  бірізділіктен  арылуды  қойды.  Ә.Қоңыратбаев 

көтерген  өлеңдегі  ендігі  бір  жәйт  «поэзияның  Интеллигенцияға  арналуы». 

Біздіңше  бұл  жаңашыл  үрдістің  бір  бағытта  кетпеуіне  дұрыс  айтылған  сын. 

Интеллигенцияға  арналған  өлеңдердің  кемшін  тұсын  дұрыс  байқаған.  Жалпы 

интеллигенцияға арналған поэзияны қалай түсінеміз. Ғалымның интеллигенцияға 

арналған деп табанды атау беруінде не сыр бар? Біздіңше 60-жылдар лирикасына  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Ислам Д. Қазақ өлеңінің пішіндік ізденістері

 

 

 



 

46 


берілген  бұл  ұғым  интелектуалды  поэзияның  алғашқы  бастамасы.  Себебі 

«Интеллигенцияға  арналған»  -  деп  таныған  өлеңдердің  көпшілігінде  «меннің» 

ішкі әлемінен сыр тартатын «интимдік» белгілер бар. Бірақ алғашында «меннің» 

ішкі  даусы  өзі  көрген,  өзі  таныған  өмір  ортасын  ғана  жырлаудан    аса  алмаған. 

Сол  себептен  де  өлең  мәселесіне  қатысты  көтерілген  әдеби  айтыстарда  қазіргі 

ақындардың  «қаланы  жырлауы»  деп  бөліп  көрсетілді.  Мұның  салдарын  сол 

кезеңдегі  қоғамдық  әлеуметтік  психологиядан  да  іздеген  дұрыс.  Қазақ 

қоғамының  санасы  қалалық  өмірді  сүйіп,  қала  тіршілігіне  бейімделіп  ауыл 

тынысынан ірге ажырата бастаған тұс. Сонымен қатар қазақ оқығандары (мейлі 

ол ауылдан шықса да) қалалық жерге шоғырлана бастады емес пе? Қалада тұру, 

«мәдени  тілде  сөйлеу»  қазақ  санасында  берік  орын  алып,  ауылды  менсінбеу 

психологиясы «қоғамдық (модаға) салтанат» құра бастаған кез. Интеллигенцияға 

арналған  поэзияны  сынау  арқылы  ұлттық  мәселені  қоғам  алдына  қаймықпай 

тарту етіп отырғанын ғалым білген де болар. Әйтпесе, интеллигенцияға арналған 

поэзия  сыртында  ауыл  тынысы,  ауыл  адамының  ойы  қалып  бара  жатқанын 

арнайы  айтпаған  болар  еді.  Қазақ  руханиятының  алдындағы  қордаланған 

мәселелерді ғалым ұлт жанашырларымен бірге бұған дейін де көтерген болатын. 

М.Әуезовтің    «Ана  тілін,  әдебиетін  сүйіңдер»  (1957),  Ә.Қоңыратбаевтың 

«Сынның  сырқаулары»  (1956),  Б.Кенжебаевтың  «Өтелмеген  парыз»  (1957), 

С.Қирабаевтың  «Әдебиет  сынына  не  бөгет  болып  отыр»  (1956),  Р.Бердібаевтің 

«Ең  үлкен  мәдени  байлық»  (1956),  М.Базарбаевтың  «Қазақ  халқының  әдеби 

мұрасын зерттеу туралы» (1952), т.б. мақалалар қазақ санасына қозғау сала берді. 

Өлеңдегі  дәстүр  мен  жаңашылдық  мәселесін  сөз  еткенде  Абай,  Сұлтанмахмұт, 

Сәкен, Бейімбет,  Ілияс,  Шолпан  стилін  үйренуге  жол сілтейді. Себебі  қазақ  

өлеңі  өз заманының  кескінін  бере  алмай  ақсап  отыр.  Қазақ  ақындары озық 

дәстүрден,  ұстаз  шеберлігінен  үйренбей  классикалық    стильге  жете  алмайды. 

Образдау  мен  форманы  шытырмандыққа  ұластыру  ұйқасты  абстракциялау  тіл 

мен өлшемді бұзу, дәстүрді білмеуден шығады. Форманың, жанрдың  ыдырауына 

жол жоқ, [2] - деп кесіп айтылған пікір Б.Кенжебаевтың қазақ өлеңі құрылысына 

қатысты 


ойларымен 

үндес. 


Ә.Қоңыратбаевтың 

форманың, 

жанрлық 

құрылымының  ең  басты  өлшемі  ырғақты  тұтастықтан  туындайтын  әуенділік, 

әуезділік  екенін  ескертуі  қазақ  өлеңіне  қойылатын  негізгі  талап.  Өлеңнің 

силлабика мен әнге құрылуы қажет. Сазы келмеген өлеңнің ырғағы бұзылатыны 

сөзсіз.  Бұл  жерде  зерттеушінің  өлеңнің  әнге  құрылуын  сөз  етуін  қазақ  өлеңінің 

өлшемі  ретінде  қабылдаған  дұрыс.  Өлең  жаратушы  қазақ  тілі  жаратылысында 

фонетикалық дыбыстармен бай екені мәлім. Фонетикалық дыбыстар әуелі сөзге 

саз  дарытады.  Сөздегі  әуен  мен  тілдегі  әуезділік  өлеңге  үйлесімді  ырғақ 

құратады.  Өлеңдегі  интонацияның  өзі  көркемдік  құрылымның  бастауы  болса 

керек. Бұл қазақ өлеңіне әуелі өлшем өрнектер тудыруға қолайлылық тудырады. 

Б.Кенжебаев,  З.Ахметов,  Ә.Қоңыратбаев  еңбектеріндегі  қазақ  өлеңіндегі 

формалық  жаңалықтарын түрден  емес, өлшем  өрнектерден  іздеуі  де  сондықтан. 

Ал кейбір зерттеушілердің формалық өзгерісте жасалған өлеңдерді түр жаңалығы 

ретінде  қабылдауы  жаңсақтық.  Бұл  мәселені  жоғарыда  айтып 

өткендіктен   

қайтып   тоқталып    жатпаймыз.   Формадағы    жаңалық    қалай   

болғанда да

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

Ислам Д. Қазақ өлеңінің пішіндік ізденістері

 

 

 



 

47 


дәстүрлі  арнаға  тәуелді.  Дәстүрден  форманы  дамытып,  мазмұн  құраған  Абай, 

Мағжан,  Сәбит,  Ілияс,  т.б.  болатын.  Өлең  тілінің  ұғымдылығының  форма 

қуалаушылықтан  да  бұзылып  жататын  тұстары  болады.  Мұндай  жағдайда  тіл 

өрнегі мен өлшем ұғынымсыздыққа ұшырайды. Интим сезімді жырлауда да ұзақ 

суреттеу  мен  сөзуарлық  оқырман  ойын  жалықтырады.  Қазақ  өлеңінің  табиғаты 

60-жылдары  қайта  құнарланып  көктей  бастағанда  поэзиядағы  осындай 

кемшіліктерге  де  жол  беріп  алғандығы  белгілі.  Формалистік  өлеңдердің  қаптап 

кетуі  жаңашылдықты  дәстүр  арнасынан  бөліп  жіберді.  Формалистік  өлеңдердің 

ұйқасында  да  селкеуліктер  көп  ұшырады.  «Жұмекен  Нәжімеденовтың 

өлеңдеріндегі  кездесетін  15  буынды  өлеңдер,  немесе  Қасым  аударған  Тарас 

Шевченконың «Өтеді күндер» атты өлеңі талапкерлерге әсерін тигізген» [8]. Осы 

көзқарастардан  Ә.Қоңыратбаев  ойларынан  бұрмалаушылық  табы  да  байқалмай 

қоймайды.  Форма  туралы  орыс  әдебиетінен,  Шығыс  әдебиетінен  ауысқан  деп 

байбалам  салуын  түсіне  алмадық.  Оны  Ә.Қоңыратбаев  білмей  отырған  жоқ. 

Сосын  Ә.Қоңыратбаев  өз  мақаласында  ақындарға  форманы  қайдан  тапқан  деп 

отырған жоқ қой. Мейлі ол ақындар форманы басқадан-ақ үйренсін. Мәселе онда 

емес  екенін  Ж.Тайшөгеловтің  түсінбеуі  таң  қалдырады.  Ә.Қоңыратбаев  ақын 

тудырған  форма  мен  мазмұнның  үйлеспейтінін,  ырғағы,  әуезі  сақталмағанын 

баса  айтып  тұр.  Форманың  мазмұнды  жеткізудегі  құрал  болатынын  білгендей 

алдымен  сол  мазмұнның  өз  ырғағын  ойдан  адастырмай  беру  керек  екенін 

Ж.Тайшөгелов  неге  ұқпаған.  Асылы  Ә.Қоңыратбаев  мақаласы  алдымен  өлең 

өнері  үшін  жазылған  дүние  ғой.  Онда  ақындардың  өмірдегі  емес,  өлеңдегі 

кемшілікті  айтуы  парыз  екенін  Ж.Тайшөгелов  дұрыс  қабылдай  алмаған.  Бұл 

кезеңдегі өлең  жайында  Қ.Шаңғытбаевта да дұрыс  ескертулер бар. «Лирикалық 

өлеңдеріне    тән   бір   олқылық   өздерінің      баяндау      сипаты      жөнінен болсын, 

тақырыпты  шешу  әдістерінің  біркелкілігі  жөнінен  болсын,  бір-бірінен  тіпті 

аумайды»  [9].    60-жылдары  міндеттелген  тақырыптарының  бірі  еңбек  болатын. 

Ақын  еңбекті  жырласа  соның  нәтижесін  мадақтаумен  шектелді.  Еңбек 

жолындағы  күрес,  еңбек  процесінің  ішкі  кухнясы  сырт  қалды.  Бұл  тек  еңбек 

тақырыбындағы емес, барлық тақырыпта кездесетін  ортақ кемшілік. Ақын нені 

жырласа  да,  өмір  шындығынан  ұзамауы  тиіс.  Ал,  өмір  шындығын  суреттеу 

шеберлікті,  ізденуді  талғайды.  Шеберлік  шымыр  болмаса  Қ.Шаңғытбаев, 

Ә.Қоңыратбаев  айтқандай  өлеңнің  обалына  қаласыз.  Сонымен  қазақ  өлеңінің 

жаңа  сапаға  көшкен  тұсында  форма  мен  мазмұн  жаңа  өлшем-өрнектермен 

толысты.  Формалистіктен  арылу  қазақ  ақындары  алдына  шеберлік  міндеттерін 

қойды.  Өлең  түзеле  бастады.  Өлең  формасына  қатысты  ақындардың  өзі  де 

араласып  қоғамдық  пікір  туғызды.  Ә.Қоңыратбаев  мақаласынан  кейін  өлең 

өрнегінің  жаңашылдығына  үн  қосқан  ақындарымыздың  бірі  Ж.Қыдыров 

болатын.  Ж.Қыдыровтың  «Түр  туралы  ойлансақ»  тақырыбындағы  мақаласы 

айтысқа  түскен  өзге  көзқарастармен  салыстырғанда  жанр  табиғатына  тереңдей 

бара алды. «Қара өлең мен жыр үлгісінен басқа өміршең түр жоқ деген пікірлер 

естіліп  қалды.  Бұл  сөз  әрі  рас,  әрі  өтірік.  Рас  дейтініміз  қазіргі  поэзияға  қарап 

отырсақ,  ақындарымыз  (жасы  болсын,  кәрісі  болсын)  көбінесе  осы  екі  түрді 

пайдаланады.  Өтірік   дейтініміз – көпке  топырақ   шашуға  болмас.  Сүйікті  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Ислам Д. Қазақ өлеңінің пішіндік ізденістері

 

 

 



 

48 


ақынымыз  Ә.Тәжібаев,  жаңа  буын  жастарымыз  бұл  салада  елеулі  еңбек  ете 

бастады» [10].  Алдымен мақала туралы бірер сөз. Бірақ өлеңде қалыптасқан түр  

өлшем  өрнектерді  түрлендіріп  беруі  мүмкін,  бірақ  жаңа  түр  тудырмайтынын 

айтқанбыз.  Сондықтан  мақала  тақырыбының  (мазмұнын  оқығаннан  кейінгі 

ойымыз)  аталуында  теориялық  дәлдік  жетіспейді.  Бірақ  бұл  атау  газет 

оқырмандары  үшін  түсінікті  ұғым  тудырады.  Себебі  жалпы  оқырман  өлеңдегі 

формалық  ізденістер,  өлшем-өрнектер  тудыру  секілді  өлеңнің  құрылымдық 

бөлшектерінен  хабардар  бола  бермеуі  мүмкін.  Бұрынғы  қалыптасқан  қара 

өлеңмен, жыр үлгісінен басқа өрнектерді «түр» - деген жалпылама атаумен атай 

салғанды  оқырман  ұғымына  түсінікті  болар  деп,  мақала  авторы  да,  газет 

редакциясы  да  ойлаған  шығар.  Ал,  мақала  мазмұнында  бұл  мәселелер 

ескерілмеген.  Мақала  «Мен  Ә.Қоңыратбаев  жолдастың  мақаласындағы  түр 

туралы  айтқан  ойларына  ғана  байланысты  өз  пікірлерімді  білдірмекпін-деп 

басталады. Бірақ Ә.Қоңыратбаев мақаласынан «түр туралы ойларды» кездестіре 

қоймайсыз.  Бұл  жерде  Ж.Қыдыров  Ә.Қоңыратбаевтың  «Тәуір  үлгілер,  өлеңнің 

формасы  ыдыраған,  тартымсыз,  нақтылау  тәсілінен  жырылған    өрнектер,  ауыл 

оқушысынан  алыстаған  өрнектер,  формадағы  шытырмандық,  формалистік 

өлеңдер т.б.» [2]  жанрға тиесілі тілдік ұғымдарын «түр» қалыбымен (атауымен) 

алмастырып  алған.  Қазақ  өлеңінің  бұрынғы  түрінен  басқа  өміршең  түр  жоқ 

дегенді  автор  әрі  рас,  әрі  өтірік  деп  бағалайды.  Рас  болатыны  осы  екі  түрді 

бүгінге  дейін  пайдаланады  дегеніне  қосыламыз.  Ал  өтірік  деп  Ә.Тәжібаевтің 

«Теңізге  тілек»  өлеңін  мысалға  алады.  Демек  мақала  иесі  Ж.Қыдыров  түр  мен 

өлшем  өрнекті  ажырата  алмаған.  Ал  Ә.Тәжібаевтің  өлеңінің  өлшемдік 

жаңалықтары  байырғы  екі  түрдің  негізінен   таралып,  дамытылып,   тармақтық 

өрнек  туғызып  тұрғанын  дәлелдеп   жату  артық  секілді.  Автордың  өз   ойына 

қайшы  келетін  тұсы  да  Ә.Тәжібаев  өлеңіне  қатысты  айтқан  пікірі.  Өлең 

үзіндісіндегі  кестелі  өрнекке  «мұнда  жаңа  ырғақ,  буын  өлшемдері  бар  екенін 

дәлелдеп  жатудың  қажеті  шамалы  болар  еді»  [10]-деп  пікір  білдіреді.  Бұл 

мақаланың  өзге  мақалалардан  артықшылығы  да  осында.  Поэзияға  талап  қоя 

білуінде.  Автор  «оқушыға  ой  саларлық  салмақты  жолдар  (ұзын  болсын,  қысқа 

болсын)  ұйқастар  үшін  күресу  міндетіміз»  [10]-деп  өлеңге  формалық, 

эстетикалық  талаппен  келуге  шақырады.  Қазақ  өлеңіне  қатысты  осындай 

сындарлы  толғамдар  кейінгі  интелектуалды  поэзияның  жаңа  өрнектер  табуына 

жол ашты.   

  

          ӘДЕБИЕТТЕР  



 

1.

 



Ислам Д. 1970-80 жылдардағы қазақ лирикасы. Түркістан, Тұран, 2006.-125 б. 

2.

 



Қоңыратбаев Ә. Өлеңнің де обалы бар //Лениншіл жас, 21 октябрь, 1962 ж. 3-б. 

3.

 



Байтуғанұлы Қ. Жастар бағыты дұрыс //Лениншіл жас,  1962 ж. 

4.

 



Ахметов З. Өлең сөздің теориясы.- А.,  Мектеп, 1973.-212 б. 

5.

 



Нұрғалиев Р. Телағыс. Әдеби дәстүр мен әдеби даму. Монография. Алматы: Жазушы, 1986. 440 б. 

6.

 



Шапай Т. Шын жүрек – бір жүрек: зерттеу. – А., Жазушы, 1999.-256 б. 

7.

 



Ләмбеков С. Талғам тартылмасын //Лениншіл жас, 1962 ж. 

8.

 



Тайшөгелов Ж. Өлеңге де, ақынға да жанашырлық керек //Лениншіл жас, 1962. 

9.

 



Шаңғытбаев Қ. Лирика туралы кейбір пікірлер //Лениншіл жас, 1959 ж. 

10.


 

Қыдыров Ж. Түр туралы ойлансақ //Лениншіл жас, 1962 ж. 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

 

Т.БАЙМАХАН 



 

49 


кандидат филологических наук, 

профессор МКТУ им. А.Ясави 

 

И.А.ФАЙЗИЕВА 

магистрант МКТУ им. А.Ясави 



 

МОРФОЛОГИЧЕСКИЕ СРЕДСТВА ВЫРАЖЕНИЯ МОДАЛЬНОСТИ  

В АНГЛИЙСКОМ  И КАЗАХСКОМ ЯЗЫКАХ 

 

Бұл  мақалада  ағылшын-қазақ  тілдеріндегі  морфологиялық  модальділіктің  берілу 

жолдары қарастырылады. 

 

This article deals with morphological ways of expressing modality in the English and Kazakh 



languages 

 

 

В  последние  десятилетия  ясно  обозначился  интерес  к  новому 



направлению  в  современной  лингвистике  сопоставительно-типологическому 

исследованию  языков  в  целях  выявления  наиболее  характерных  сходств  и 

различий в языковой структуре сравниваемых языковых пар. 

 Данное  направление  в  языкознании  изучает  языки,  являющиеся 

неродственными  друг  другу  или  находящиеся  в  отдаленном  родстве. 

Отличительная особенность такого языкознания - системный подход к языку, 

когда  исследуются  языковые  пласты:  фонетические,  морфологические, 

лексические, словосочетательные и синтаксические системы сопоставляемых 

языков. 

На    уровне    морфологии  коммуникативная  функция    языка  выработала 

различные синтетические и аналитические средства выражения модальности. 

К  ним  относятся  наклонения  и  другие  синтетические  модальные  формы 

глагола, а также частицы с модальным значением. Доминирующим способом 

в  этой  группе  является  категория  наклонения,  имеющая  наиболее 

грамматикализованное 

и 

чисто 



модальное 

значение, 

выражаемое 

специальными аффиксами. 

Поскольку  грамматическим  ядром  выражения  модальности  является 

система глагольных наклонений, то, естественно, что существенные признаки 

модальности  оказываются  присущими  и  наклонениям.  Поэтому  в  работах, 

посвященных  как  английскому,  так  и  казахскому  языку,  относительно 

глагольных  наклонений  утверждается,  что  они  показывают  действие  по 

отношению к действительности. 

Как известно, В.В.Виноградов [1.94-98]  связывал категорию наклонения 

именно  с  действием,  т.е.  с  тем  содержанием,  которое  в  предложении 

выражено  глаголом.  Это  проявляется,  например,  в  том,  что  наклонение  он 

понимает как морфологическое средство выражения модальности, а также, в 

том,  что  категория  наклонения  отражает  точку  зрения  говорящего  на 

характер  связи  действия  с  действующим  лицом  или  предметом.    Она  

выражает   оценку    реальности   связи     между  действием и его субъектом с 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Баймахан Т., Файзиева И.А.  Морфологические средства выражения модальности... 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет