Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010



Pdf көрінісі
бет6/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Саурықов Е.Б. Сөзжасам, тұлғажасам және сөзөзгерім жүйесінің теориялық мәселелері  

 


 

37 


 

таза синтаксистік қатынасын білдіреді» деген тұжырым жасайды [8.7-8]. 

Бұл ұғымдардың ара жігін ажыратуда М.А.Хабичевтің зерттеулері толық 

әрі  жан-жақты  болып  келеді.  Қарашай-балқар  тілдерінің  деректеріне  сүйене 

отырып,  бұл  үш  ұғымның  өзара  ерекшеліктерін  көрсетіп  берді:  «Егер 

сөзжасам  аффикстері  жаңа  лексикалық  сөз  жасайтын  болса,  ал  тұлғажасам 

жаңа лексикалық сөз жасамайды, ол негізгі және туынды түбірге жалғанып, 

сөзге  жаңа  грамматикалық  мағына  үстейді.  Ол  мағына  әр  түрлі  болады: 

тәуелдік, салыстыру, ұқсату, кішірейту, қатыстық т.б. Тұлғажасамның кейбір 

аффикстері көп мағыналы болып келеді де, синкреттік рольде қолданылады. 

Кейде тұлғажасам аффикстері лексикаға айналып сөзжасамға ауысады» [9.7]. 

Сондай-ақ автор тұлғажасам аффикстерінің айырмашылықтарын төмендегіше 

нақтылап көрсетеді:  

 



 Тұлғажасам  аффикстері  көбінесе  сөзөзгерім  аффикстерінің  алдында 

қолданылады.  

 

 Тұлғажасам 



аффикстерімен  келген  есімдер  өзіне  сөзөзгерім 

аффикстерін қабылдайды. 

 

 Тұлғажасам  аффикстерінің  мағынасы  сөзөзгерім  аффикстерінің 



мағынасынан кеңірек. 

 



 Есімдердің тұлғажасам аффикстері тек есімдер мен субстантивтенген 

сөздерге ғана жалғанады. 

 

 Тұлғажасам  аффикстеріне  аяқталған  сөздер  сөйлемде  бастауыш, 



толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш қызметін атқарады. 

 



 Кейбір тұлжасам аффикстері үндестік заңына бағынбайды. 

 



 Тұлғажасам аффикстері негізгі түбірдің құрамына кіреді. 

 



 Тұлғажасам  аффикстері  бір-біріне  қабатталып  қолданыла  береді. 

Одан сөздің грамматикалық мағынасы әрі қарай дамиды. 

Автор  құман  тілінің  деректері  постфикстерді  төрт  түрге  бөлуге 

мүмкіндік  беретінін  айтады:  «словообразующие  аффиксы  (суффикс), 

формообразующие 

аффиксы 


(суффиксы), 

синкретические 

аффиксы 

(суффиксы),  словоизменительные  морфемы  (флексии),  обладающие 

своеобразными 

структурно-семантическими 

и 

грамматическими 



особенностями» [9.34]. М.А.Хабичев «формообразование» деген терминді екі 

мағынада  қолданады.  Бірінші,  тар  мағынада  негізгі  және  туынды  түбірге 

жалғанып жаңа сөз жасамайды, оған қосымша грамматикалық мағына үстейді 

және  мынадай  формалар  жасайды:  притяжательную,  относительную, 

сравнительную, уподобительную, уменшительную, обладания, привативную, 

степени сравнения, неполноты качества [9.34-35]. Екінші «формообразование 

в широком смысле в тюркских языках включает в свой состав аффиксальное 

формообразования  (т.е.  суффиксальное  формообразования),  аналитическое 

формообразование  (описательное   или  сложные   формообразования   путем 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Саурықов Е.Б. Сөзжасам, тұлғажасам және сөзөзгерім жүйесінің теориялық мәселелері  

 


 

38 


 

сочетания  слов),  флективное  формообразования  (словоизменения)»  [9.179]. 

Сонымен қатар автор тұлғажасам мен сөз түрлендіретін аффикстердің жалпы 

сипаттамасын,  олардың  тілдік  (фонетикалық,  сөзжасамдық,  морфологиялық, 

синтаксистік)  ерекшеліктерін,  оған  қандай  грамматикалық  категориялардың 

жататынын және  олардың  қай  сөз  таптарына  тән екенін  жан-жақты  қамтып, 

толық түсіндіріп береді. 

Түркі  тілдерін  зерттеуші  В..Г.Гузевтің  монографиясында  тілдегі  сөз 

түрлендіру  жүйесі  да  кеңірек  сөз  болады.  Автор  сөзжасам  мен  сөз 

түрлендіруді  тілдің  ұқсас  морфологиялық  механизмі  ретінде  салыстыра 

зерттейді. 

Олардың 


өзіндік 

ерекшеліктерін 

айқындайды: 

«… 


словообразования  в  ряду  других  подсистем  языковой  системы  представляет 

собой  совокупность  языковых  средств,  используемых  для  создания фонем  с 

новым лексическим значением на базе уже имеющихся в языке лексических 

единиц. 


В  отличие  от  словообразования  словоизменение  предстает  как 

совокупность  языковых  средств,  используемых  при  порождении  речи  для 

производства разнообразных словоформ, в основе которого лежат следующие 

операции  с  языковыми  значениями:  1)  сочетание  знаменательных  или 

служебных  лексических  значений  со  служебными  грамматическими 

(последнее  в  случае,  например,  склонения  служебных  слов);  2) 

окказиональное  (т.е.  осуществляемое  эпизодически,  лишь  при  наличии 

коммуникативной необходимости) сопряжение значений отдельных лексем и 

комбинаций  значений,  репрезентируемое  в  речи  словоформами  или 

словосочетаниями  с  классифицирующими  грамматическими  значениями,  в 

результате  чего  мыслительное  содержание,  передаваемое  с  помощью  слов, 

словоформ  или  словосочетаний,  предстает  в  образах  предметов,  признаков 

или обстоятельств» деп өз ойын тұжырымдайды [10.39]. 

Сөз  түрлендіру  жүйесін  мағыналық-коммуникативтік  өрісте  екі  түрге 

бөліп  қарастырады:  1)  формообразовательных,  которые  имеют  целью 

репрезентацию  в  речи  какого-либо  частного  категориального  значения;  2) 

формоизменительных,  которые  направлены  на  репрезентацию  не  самого 

категориального  значения,  а  одного  из  предметов,  вступающих  всегда  в 

одной  и  той  же  роли  в  ту  связь,  которая  передается  категориальным 

значением. 

Формообразование  –  основная  разновидность  словоизменения,  куда 

входят  грамматические  формы  и  категории  с  их  категориальными 

значениями.  Исключительно  и  сфере  формообразования  относятся 

рассмотренные  одночленные  категории  и  многочленные  (склонения, 

субъективной оценки, количественной соотнесенности). 

Формоизменение – разновидность  словоизменения,  которая 

 представляет 

собой     свойственный     лишь     некоторым      многочленным     категориям   

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2010 

 

Саурықов Е.Б. Сөзжасам, тұлғажасам және сөзөзгерім жүйесінің теориялық мәселелері  

 

 



 

39 


(принадлежности,  сказуемости)  механизм  изменения  (спряжения)  форм,  не 

затрагивающих их категориального значения [10.137]. 

Түркі  тілдеріндегі  аффикстерді  Л.А.Покровская  орыс  тіл  білімі 

дәстүрімен үш топқа: сөзжасам, тұлғажасам, сөзөзгерім деп бөлуді қостайды. 

Алайда  түркі  тілдерінде флекция  да, суффикс  те жоқ, сондықтан бұл  тілдер 

үшін  тұлғажасам  мен  сөз  түрлендіру  аффикстерін  ажыратуда  өзіндік  өлшем 

табу  керек.  Автор  осы  өлшем  бойынша  аффикстерді  жіктейді.  Қорыта 

келгенде,  түркі  тілдеріндегі  тұлғажасам  сөзжасам  мен  сөзөзгерімнің 

ортасындағы  аффиксті  жеке  морфологиялық  құбылыс  болып  табылады 

[11.14-16]. 

Жоғарыда  аталған  зерттеушілердің  пікірлері  мен  ой-тұжырымдарын 

салыстыра  келе  ұғымдарды  сөзжасам  және  сөзөзгерім  деп  екі  топқа  бөлу 

қажет.  Сөзөзгерімге  тұлғажасам  мен  сөздердің  парадигмалық  түрлену 

жүйесін жатқызуға болады, ал тұлғажасам зат есімнің реңк мәнін тудыратын 

жұрнақтарды, иелік мән тудыратын жұрнақтарды, сын есім мен үстеулердің 

шырай формаларын, реттік сан есім формаларын және етістіктің етіс, есімше, 

көсемше, рай, шақ категорияларының формаларын және көптік категорияның 

көрсеткіші  көптік  жалғауды  қамтиды,  ал  сөзөзгерім  септік,  тәуелдік,  жіктік 

жалғауларды  қамтиды.  Бұл  жерде  сөзөзгерім  терминін  екі  мағынада 

қолдануға болады, біріншісі кең мағынада, яғни сөздің түрлі грамматикалық 

формаларға  ие  болып  тұлғалық  өзгерістерге  ұшырауы  да,  екіншісі  тар 

мағынада,  яғни  сөздердің  септік,  тәуелдік,  жіктік  жалғаулар  арқылы  өзгеру 

жүйесі. Әр сөз табының сөзөзгерім жүйесі біркелкі емес. Ол сөз таптарының 

грамматикалық категорияларына байланысты болады.

  

 

 



ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.



 

Виноградов В.В.  Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары. –Алматы: ҚССР басп., 1951. -90 б.

 

2.



 

Реформатский А.А. Введение в языкознания. –М.: Просвещение, 1967.

 

3.



 

Бондарко  А.В.  Формообразование,  словоизменение  и  классификация  морфологических 

категории (на материале русского языка) // Вопросы языкознания. –М., 1974, №2. -3-14с. 

 

4.

 



Кубрякова Е.С. О формообразовании, словоизменении, словообразовании и их соотношении 

// ИАН, Серия литература и язык. Т.35. №6. –М.: Известия АН СССР, 1976. -514-526 с.

 

5.

 



Жирмунский В.М. О границах слова // Морфологическая структура слова в языках различных 

типов. –М. –Л.; Изд-во АН СССР, 1963. -291 с. 

 

6.

 



Лыкова Н.А. О границах между словоизменением, формообразованием и словообразованием 

в русском языке // Филологические науки. -М., 1981. №3. 48-53 с.

 

7.

 



Кононов  А.Н.  Грамматика  современного  турецкого  литературного  языка.  М-Л.:  Изд-во  АН 

СССР, 1956. -569 с.

 

8.

 



Баскаков  Н.А.  О  границах  словобразования  и  словоизменения  тюрских  языках  //  Советская 

тюркология, 1986, №2. -3-11 с.

 

9.

 



Хабичев  М.А.  Карачаево-балкарское  именное  формообразование  и  словоизменение:  опыт 

сравнительно-исторического изучения. –Черкесск: Ставроп. книж. изд-во, 1977. -110 с.

 

10.


 

Гузев В.Г. Очерки по теории тюркского словоизменения: Имя. –Л.: Изд-во ЛГУ, 1987. -141 с. 

 

11.



 

Покровская Л.А. Формообразование и его отношение к словоизменению в тюркских языках // 

Советская тюркология. 1990. №1. -12-16 с.

 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

 

Д.ИСЛАМ  

 

40 


филология ғылымдарының кандидаты, доцент  

А.Ясауи атындағы ХҚТУ 

 

ҚАЗАҚ ӨЛЕҢІНІҢ ПІШІНДІК ІЗДЕНІСТЕРІ 

 

 

В  статье  рассматривается  новизна  формирования  рифмовки,  размеров  казахского 

стихосложения из древних форм стиха.  

 

 

This article deals with novelty of rhymes and metres of Kazakh versification from ancient forms of 

poems. 

 

Өлең  құрылымындағы  сөз  ырғағын  түрлендіру  жағынан  60-жылдардағы 

қазақ  лирикасы  жаңа  кейіп  танытты.  70-80-жылдар  лирикасының  тақырыптық-

идеялық көкжиегінің кеңеюі тың мазмұнға лайықты жаңа пішін табу процесімен 

қатар  жүрді.  Өлең  ырғағына,  құрылысына,  ұйқасына,  көркемдік  тәсілдеріне 

жаңалық  енгізуге  деген  талпыныс  дәуір  әдебиетінің  тап  осы  мазмұндық 

сонылығынан  туындаған  еді.  Әрине  70-80-жылдар  лирикасы  тудырған  пішіндік 

жаңалықтар  бұрыннан  келе  жатқан  көркемдік  дәстүр  негізінде  жүзеге  асты. 

Әсіресе, өзімен іргелес 60-жылдар лирикасындағы түр жаңалықтары бұл дәуірде 

одан  әрі  дамытылды.  Бұған  бір  ғана  мысал  келтіре  кетуге  болады:  мәселен, 

Ж.Жақыпбаев  лирикасының  ең  үлкен  пішіндік  жетістігі  ретінде  бағалауға 

болатын сөйлеу тілі ерекшелігіне негізделген көп буынды ұйқас үлгісін ақынның 

өзі  аса  жоғары  бағалаған  Т.Молдағалиев  шығармашылығынан  сирек  те  болса 

кездестіре  аламыз.  С.Қирабаев  Т.Молдағалиевтің  пішіндік  ізденісінің  жетістігі 

ретінде көрсеткен мына бір шумақ өлең бұған дәлел бола алады: 

Ешкімнің атын аударып мінген де жоқпын, 

Күйген де боппын, өзімше күлген де боппын. 

Қамысқа барып бататын қызыл сәулемін

Алыста жанып жататын түнде де отпын.  

«Ж.Жақыпбаевтың  аға  буын  өкілдерінен  үйренген  көркемдік  тәжірибесі  – 

лирика  тарихы  кезеңдерінің  арасындағы  үзілмес  сабақтастықты  көрсететін 

жарқын бір мысал» [1.14].  

Енді  осы  түр  ізденістеріндегі  кейбір  кемшін  тұстарды  дер  кезінде  байқап, 

баға берген пікірлерге тоқталайық. Сонау 60 жылдардың өзінде өлең өрнектеріне 

жаңалық  әкелуші  талаптылардың  көбейе  түскені  белгілі.  Сол  талаптылардың 

көпшілігі өлең әуезділігі мен ырғағын бұзды. Бұл жөнінде ғалым Ә.Қоңыратбаев 

мәселе көтеріп, «Өлеңнің де обалы бар» мақаласын жариялады [2]. Мұндай, қазақ 

өлеңіндегі  түр  ізденістеріндегі  мәселелер  туралы  сөз  алдағы  зерттеулерде  де 

қарастырылып  отыратын  болады.    Ғалымның  мысалға  алып  талдағаны  ақын 

С.Сматаевтың  «Көшеде  жүремін»  өлеңі.  Осы  мақалада  көрсетілген  өлеңдегі 

кемшіліктерді  қандай  негізге  сүйеніп  дәлелдеді.  Ә.Қоңыратбаев  мақаласындағы 

көзқарастарға  жауап  ретінде  жазылған  мақалалар  не  уәж  айтады.  Қазақ 

өлеңіндегі  түр  мәселесіне  қойылған  талап  қандайлық  болды.  Түр  мәселесіне, 

мазмұн  мен  формадағы  ізденістерге  қатысты  қоғамдық  пікір,  әдеби  айтыс 

тудырған осы зерттеулерге терең үңілейік. Әуелі ғалым мақаласының нысанына 

алынған  ақындар   шығармашылығымен   өлеңге  қатысты  талғамды ойларымен 

терең  танысу  үшін  мақаланы  толық  келтіруді  жөн  көрдік.  «Өлең  өнері  қиын  іс 

болғандықтан,  ендігі  жерде  олардың поэзиясындағы  жалпыға  ортақ кейбір

  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Ислам Д. Қазақ өлеңінің пішіндік ізденістері

 

 

 



 

41 


кемшіліктер мен тәуір үлгілерді бөле айтып, оларға тақырып, образ заңы, жанр, 

стиль,  оригиналдылық,  типтілік,  ұғымдылық,  форма  мен  мазмұн  жайында 

байсалды сілтеулер де беріп отыру қажет...  

                                ...Көшеде жүремін күлімдеп,   

                                Сүйемін көп жерін халықтың. (?) 

                                Жақсылық дегенді біртіндеп . 

                                Солардан алыппын... 

Мұндай аяғындағы екі жол үшін жазылатын иллюстрациялық өлеңдерді жиі 

кездестіреміз.  Талапты  жас  ақын  Ж.Нәжімеденовтың  «Табиғат  сырлары», 

«Көңілім» деген жадағай табиғат суретіне немесе жалаң интим сезімге құрылған 

өлеңдерінің  бар  тиегі  аяғында  екі  жолдық  тезиске  кептелген.  Күннің  батуын 

жырлай келіп: 

                              Күн бата күнбатысқа көшті Алатау,  

                              Таң ата шығу үшін күн алдынан- 

дейді.  Табиғат  суреті  дегеніміздің  өзі  өмірді  типтендірудің  бір  тәсілі  ғой.  Ал, 

мұнда адам образы жоқ. «Көңіл» деген өлеңінің  ақын мына жолымен көмкерген: 

                               Аппақсың-ау, тым аппақсың көңілім

                               Себебі сен кірлегішсің соншама.  

Мұны интим тақырып, интим өлең дейміз. Оның бас геройы «Мен өзім» оны 

қажетсіз демейміз. Тек барлық өлеңнің тақырыбы ақынның өзі, оның ниеті ғана 

болса  онымен  бар  тақырыпты  қамти  қою  қиын.  Бұл  өмірді  білмеу,  адамды 

ұмытудан туады» [2].  Мақаладағы мысалға алынған алғашқы өлеңде не кемшілік 

барын  ғалым  Ә.Қоңыратбаев  төмендегідей  жүйелеп  айтып  өтеді.  Біріншіден, 

«өлеңнің тақырыбын табу оңай емес». Көше арқылы адамдарды айтқысы келген 

онысы  бұлдыр,  эскиз  тізім  ғана».  Ақынның  айтқысы  келген  идеясы  жақсы. 

Көшеде  жүрген  көп  халықтың  бәрін  де  жақсы  көреді.  Бейне  бір  лирикалық 

кейіпкердің  өте  мейірімді  жан  болып  тұрғанын  сезесіз.  Көп  халықтың  ішінде 

баршамен  тілдесіп,  мейірім  шашып  жүрген  персонаж  қалайша  жалғыз  болмақ? 

Лирикалық  кейіпкердің  көңіл-күйі  де  көтеріңкі  берілген.  Өлеңдегі  лирикалық 

әуеннің  райы  кейіпкерге  қарағанда  әдеби бейненің  яки,  ақынның  өз болмысына 

жақын  келеді.  Сондықтан  бұл  жерде  ескерте  кететін  жәйт,  өлең  лирикалық 

кейіпкердің  бір  сәттік  көңіл-күйін  бейнелеуді  емес,  ақынның  көңіл  қуанышын 

жария етуді мақсат еткендей. Себебі, сюжеттік желі «меннің» атынан баяндалып 

тұр.  Ендеше  лирикалық  атау,  ұғымдарды  дәл  қолдану  мақсатында  осы  өлеңдегі 

«меннің»  проекциясын  лирикалық  кейіпкер  емес,  лирикалық  бейне  деп  алған 

дұрыс.  Ә.Қоңыратбаев  мақаласында  осы  өлеңнің  кемшілік  тұстары  көп 

көрсетілгенін  айттық.  Қазақ  өлеңіндегі  олқылық  тұстары  дәлелді  келтірілген 

мақаламен  сол  кездегі  кейбір  авторлар  келіссе,  кейбірі  келіспегені  белгілі.  Енді 

сол мақалалардағы пікірлерді Ә.Қоңыратбаев ойларымен салыстыру үшін үзінді 

келтіре  кетейік.  Ә.Қоңыратбаев  мақаласынан  кейін  «Лениншіл  жас» 

редакциясына авторға жауап ретіндегі хаттар түсіп, жарияланғаны белгілі. 

«Жастар  бағыты  дұрыс»  мақаласынан  сыналған  ақындарды  қорғау  ниетін 

ғана  көруге  болады.  Мақала  авторы  Ә.Қоңыратбаевтың  өлең  яғни  жанрдың 

жетістігі  мен  кемшіліктерін  кәсіби  біліктілікпен  талдағанын  түсінбеген болуы  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Ислам Д. Қазақ өлеңінің пішіндік ізденістері

 

 

 



 

42 


керек.  Себебі  қарсы  мақаладан  дәлелді  қисындардан  гөрі  байбаламдық  әрекет 

қана  байқалады.  Сондай-ақ  ғалымның  (Ә.Қоңыратбаевтың)  жеке  басына 

бағытталған (мәселенки, Әуелбек... өзінше жаңа «теория» ашпақ болды) ойларын 

20-жылдардағы  «тұрпайы  социалогиялық  сынның»  салдары-ау  деген  ойға 

қаласың. Әйтпесе газет редакциясы мұндай мәдениетке жол бермес еді. Сонымен 

«Жастар бағыты дұрыстың» не айтпағы бар екен? Оқып көрейік. Қ.Байтуғанұлы 

пікірлерімен  Ж.Тайшөгелов,  І.Айынов,  Ө.Қожамұратовтардың  жолдаған 

көзқарастары  үндес  келетіндіктен  біз  бір  автордың  ғана  мақаласын 

Ә.Қоңыратбаев мақаласына «оппозиция» ретінде толық келтіреміз. «Адам сезімі 

болмаса  табиғат  суреті  мылқау,  жалаң  болар  еді.  Ал  аталған  өлеңдерде  жақсы 

жастық сезім бар. Ал осы сезімді Әуелбек айтқандай «жеріне жеткізе» тәптіштеп 

жатса,  майдалап  кетсе,  реализм  емес,  натурализм  болар  еді»  [3].  Енді  осы  екі 

бағыттағы  мақалалардағы  ой-пікірлерге  төрелік  жасап  көрелік.  Әңгімені 

«Көшеде жүремін» өлеңінен бастасақ. Жоғарыда айтып өткеніміздей бұл өлеңде 

лирикалық бейненің ағынан жарылған ойлары тізбектелген. Мұндағы лирикалық 

бейнеге Қ.Байтуғанұлы айтқандай «совет адамы» деп ен тағудың қажеті жоқ. Бұл 

Қ.Байтуғанұлының  өлеңді  өнер  тұрғысынан  емес,  «социалистік  принцип» 

тұрғысынан  бағалауы  деп  қабылдаймыз.  Әйтпесе,  «адамзаттың  бәрін  сүй 

бауырым  деп»  тұрғысынан  келгенде  бұл  тек  совет  адамының  еншісіндегі  сүю 

емес  қой.  Автор  ойларына  қарағанда  партияға  шын  берілгендіктен  адамдық 

жақты ғана бағалауы тұр. Ә.Қоңыратбаев өлең мәтінін талдап көрсеткенде екінші 

тармақтың тұсына сұрақ белгісін қойып өтеді.  

                                Көшеде жүремін күлімдеп, 

                                Сүйемін көп жерін халықтың  (?) 

Алдыңғы  тармақтағы  ойды  беру  жеткіліксіз.  Неге?  Себебі  ақын  негізгі 

идеясын,  көпшілік  жүретін  жерді  көрсету  арқылы  бергісі  келген.  Мұның  өзі 

оқырман  санасында  екі  ұдай  сезім  туғызады.  Біріншіден  ақын  (ұғым  жалпы 

оқырманға  түсінікті  болуы  үшін  «лирикалық  бейнені»  ақын  атауымен  атай 

береміз – И.Д) халықты жақсы көруі үшін адамдар көп жүретін жерде ғана жүруі 

керек пе? Сонда ақын тұрғындары аз қамтылған көшенің халқын сүймейді ме? – 

дегендей сұрақтар туындайды. Әлде ақын демалыс орындарын (саябақты) айтып 

отыр  ма  екен?  Демек,  ойды  берудегі  өмірлік  материалдарды  қолдану  қисыны 

келіспейді. Осы екі тармақтың арасында не қисын бар, соған да көз жеткізу қиын. 

Бірінші  тармақты  жеке  алып  оқысаңыз  дүдәмал  ойларға  кезігесіз.  «Көшеде 

жүремін  күлімдеп»  -  есті  кейіпкердің  әрекетін  суреттеуге  лайық  баяндау  емес. 

Күлімдеп  жүре  беретініне  қарағанда  оның  ес-ақылына  да  шәк  келтіре  қоясыз. 

Кез-келген  адам  баласы  кейіпкер  ретінде  сомдаса да  жағдайға байланысты  ғана 

(жағдайды  ақын  өзі  тудырып  тұрғанымен  сәтсіз  шыққан  –  И.Д)  күлімдейтін 

шығар. Халық көп жүретін жерге ғана барып күлімдей қоясыз дегенге сене қою 

қиын.  Екінші  тармақтың  соңына  сұрақ  белгісінің  қойылғанын  көзі  қарақты 

оқырман  түсіне  қояды.  «Сүйемін  көп  жерін халықтың (?)»  қай  жерін сүйетіні 

анық емес деген  ызалы  пікір  тудырады. Сірә ақын халық  көп жүретін жерді

  

(орталық көшені) айтқысы келген болуы керек. Олай болса «Сүйемін халқы көп 



көшені»  деуі керек еді. Ал, мына  жерде  оқырман  қабылдауынша қолайсыз әсер  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Ислам Д. Қазақ өлеңінің пішіндік ізденістері

 

 

 



 

43 


тудырудан  басқа  ештеңе  көрінбейді.  Оның  үстіне  сөзді  қолданудағы  талғамы 

жоқтың  қасы.  «Көп  жерін»  –  сөз  тіркесінің  мағынасы  «сүйемін»  сөзімен 

қосылғанда  ыңғайсыз  интим  тудырып  тұр.  Енді  бірінші  тармақты  зорлап 

байланыстырып  оқыңызшы.  Көшеде  күлімдеп  жүру  мен  халықтың  көп  жерін 

сүюдің  не  қатысы  бар?  Күлімдемей-ақ  халықтың  көп  жерін  сүйе  бермейді  ме? 

Хош  делік.  Осындағы  соңғы  үш  буынды  ұйқасушы  сөзді  тармақтан  бөлек, 

сындырып берудің неге қажеті болды екен деп те ойлайсың. Әлде халықтың қай 

жерін  сүйетінін  дауыстап,  интонацияны  соған  жегіп  жұртты  қаратып  алу  керек 

болды  ма  екен?  Олай  демесең  мұндағы  төрт  тармақтан  ырғақты  саз  да 

байқалмайды. Егер, «Сүйемін көп жерін»-деп дауыстап жұртты қаратып алғаннан 

кейін  «,»  –  қойып,  «халықтың»-деп  анықтап  айтуды,  тармақты  сындырып 

бергенде  көркемдік  құрылымның  белгісі  бола  қойса  мен  қосылар  едім.  Өлеңді 

ары қарай оқи түсейік.   

                                     «Жақсылық дегенді біртіндеп, 

                                      Солардан  алыппын»  -  дейді.  Жақсылықты  біртіндеп 

кімнен  алып  отырған.  Көшедегі  халықтан  ба?  Солай-ақ  болсын.  Сонда  көшеде 

жүрген көп халықтың барлығы жақсылық таратушылар ма? Оның ішінде жаманы 

кездеспейді  ме?  Әрине  кездеспейді.  Кешірерсіздер.  Ол  көшенің  халқы  «Совет» 

халқы  екен  ғой.  Бүгінгі  Тәуелсіз  ұрпақ  өкілі  біздер  оны  қайдан  түсіне  қоямыз. 

Себебі  Тәуелсіз  елдің  көшесінде  ғана  жақсы-жаман  адамдар  қатарласып  жүре 

алатынын ұмытыппын. Есіме енді түсті. Демек, ақынның жақсылықты біртіндеп 

(зат сияқты) алуы «советтік өмір сүру идеологиясымен» нанымды шыққан.  

                                        «Жымиса жас сәби қуанып, 

                                        Езуім  жетеді  құлаққа»  -  дегендегі  «жас  сәби»-деп 

отырғанының  іс-әрекеті  қазақы  атауды  дәл  бере  алмайды.  «Жас  сәби»  -  дегені 

нәресте болғаны ғой. Ал, нәресте не анасының құшағында, не бесікте (коляскада 

жатуы мүмкін) жатып ақынға жымия қоюы, жымиғанын қасынан кетпей қоймаса 

көре  қоюы  да  нанымсыздау.  Сондықтан  ақынның  «жас  сәбиді»  емес  «жас 

балғынды» жымитқаны дұрыс болар еді.  

                                       «Көшеде күніне көрем ғой! 

                                        Соларды  көруге  ұмтылам»–  деп  кімді  айтып  отырғаны 

бұлынғыр. Қызға гүл сыйлаған жігітті ме деп ойлайсыз. Себебі ақын, құрбысына 

гүл сыйлаған жігіттің ұнап қалатынын алдыңғы шашыраңқы тармақтарда айтқан 

болатын.  Осы  өлеңде  «Совет  заманында»  көшеде  қыдырып  жүрген  ақынның 

көңіл-күйін,  мейірімін  аша  түсетін  екі  тармақ  қана  негізгі  идеямен  үйлесім 

тапқан. Олар:  «Күліп тұр бейбіт күн төбемнен  Баршамен келеді кеңескім» -деп 

келетін  жолдар  деп  топшыладық.  Мұны  түсіндіріп  жатуды  артық  көрдік. 

Мейірленген  ақын  күйіне  обал  жасағымыз  келмейді.  Ғалым  Ә.Қоңыратбаев 

«Өлең  аяғында  иллюстрация  болып  тұрған»  [2]-деп  көрсеткен  екі  жолға  да 

сенімсіздік көрсетеміз. Себебі:  

 «Қорқамын жалғыздық дегеннен,   

Ал, бірақ мен өзім жалғыз емеспін»-деген жолдарды оқып ақынның жалғыз 

еместігіне  неге  сене   қоюымыз  керек.  Ақынның   нағыз   өзі  емес  «лирикалық 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет