Интерактивтік оқыту технологиясы мен концепциясы интеракция
(ағылш. Іnteraction – өзара әсер, бір-біріне әсер ету) кұбылысына негізделген.
Оқыту барысында жеке тұлғалар арасында танымдық қарым-қатынас орнап,
оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке
жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу
және өзара әрекеттесу барысында жүзеге асады.
Осы концепцияны жақтаушылардың ойынша, осындай ситуацияның жиі
қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады.
М.И.Кларин, Ю.С.Тюнников және басқалар ойындардың білім беру
мүмкіндіктерін зерттеген: ойындар педагогикада оқытудың (білім, білік,
дағды) қолданылуын, жаттығу мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді,
білім деңгейі әртүрлі оқушыларды ойынға тең, дәрежеде қатыстыру
нәтижелерін көрсететін мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойындарда
барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету, коммуникативті біліктілік пен дағды
427
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Балтабаева Н.М. Оқушының білім сапасын интерактивті әдістер арқылы көтеріп, шығармашыл...
қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы сияқты мүмкіндіктер бар.
Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп оқушыларының жеке және
тұлғалық сапаларын қалыптастыруға қолайлы.
Интерактивтік оқыту технологиясы (ИОТ) – деп оқу әрекеті барысында
олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоционалдық және басқа да
жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын,
оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік
беретін, мұғалім мен оқушының іс-әрекетін оқу ойындары түрінде
ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
ИОТ-сын қолданатын оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді
бөліп көрсетуге болады:
1.
Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау
кезеңі. Мұғалім жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты
мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.
2.
Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл жағдаят, нұсқаулар,
қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім сценарий
жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ойын бөлімдеріне, ұпай санау
тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Оқушылар қосымша ақпарат
жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысы және мазмұны туралы өзара
талқылайды.
3.
Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады.
Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға және бағытын өзгертуге
қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады,
егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса, мұғалім ойынды
бастағаннан кейін аса қажет болмаса оған қатыспауы керек. Бұл жерде
мұғалімнің міндеті: ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау
және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына
жауап беріп немесе өтініші бойынша оның жұмысына көмектесу.
4.
Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау
кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз
позицияларын және
шешімдерін қорғайды,
қорытынды
жасайды,
таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары, идеясы
туралы әңгімелейді. ИОТ-сын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін
сабақтастыруға
(өзара
әсерлесудің
бүтіндей
жүйесі
пайда
болады: мұғалім-оқушы, мұғалім-сынып, оқушылар-сынып, оқушылар-
оқушылар, топ-топ, топ-оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар
арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.
Бүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір
мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы
қажет. Нақты өмірде бұл жағдай әрқашан іске аса бермейді. Неге десеңіз,
мұғалім бір технологияны немесе оның бір көрнекті элементін ғана
тәжірибеде
428
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Балтабаева Н.М. Оқушының білім сапасын интерактивті әдістер арқылы көтеріп, шығармашыл...
қолдануға
бейім
тұрады.
Бұл
жағдайда
ИОТ-сының
бүтіндік
принципі бұзылады: бұл процесс әртүрлі технологиямен жан-жақты
қамтылуды талап етеді, бүтін болғанда ғана технология педагогикалық
тұрғыда әсерлі болады [3.18].
Интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды өз бетінше ой
қорытып, жауап табуға үйрету. Интерактивті тәсілмен оқыту әдісі дегеніміз
не? Сабақ кезінде оқушылардың өзара және оқушы мен мұғалімнің арасында
қатынастың мейлінше көп болуын оқытудың және білім берудің интерактивті
әдісі деп атаймыз. Мұндай ара-қатынас әдетте қандай да бір мәселелерді
шешу жолдары мен ұсынылған шешімнің қаншалықты көңілге қонымды
екендігін талқыға салу арқылы жүреді. Себебі, интерактивті әдістің мақсаты
жай ақпарат беріп қана қоймай, оқушыларды өздіктерінен жауап іздеуге
бейімдеу. Интерактивті әдістеме кең ауқымды мақсаттар мен ара-қатынас
түрлерін қамтиды. Алайда қандай әдістеме қолдансаңыз да, негізгі білімнің
көзі оқушылардың өмірлік тәжірибесінде. Білім беру үрдісінде оқушылар
мынадай адамдармен өзара қатынаста болады: мұғаліммен (оқушы
мұғалімнің сұрағына жауап бергенде), шақырылған адамдармен (ата-аналар,
басқа ұйым өкілдері немесе сыныптың өзі қандай да бір ұйымдар мен
адамдарға баруы мүмкін), басқа оқушылармен (жұппен жұмыс істеу), шағын
топпен (3-5 оқушы), үлкен топпен (көбінесе әр түрлі рөлдік ойындар, пікір
сайыстар, сыныптағы пікірталас, т.б.), оқушылар тобымен және халықпен
(топ әлеуметтік сұраулар алады), кейбір техника түрлерімен (мысалы,
компьютермен).
Интерактивті әдіс не үшін қолданылады?
Интерактивті әдісті белсенді қолданатын мұғалімдер дәл осы өзара
қатынас үрдісінде білім беру нәтижелі болады деп сенеді. Бұл мынандай
себептерге байланысты:
Оқушылар ақпарат алып қана қоймай, шешімді табу жолы мен
шешімнің дұрыстығын немесе бұл ойдың ұсынылған нұсқаларының ішіндегі
ең жақсысы екендігін қисынды түсіндіре білулері және өз ойларын
дәлелдеулері керек;
Қисынсыз құрылған шешімдер дау туғызатынын білетіндіктен
оқушылар өздерінің идеяларын терең талқылайды;
Оқушылар мәселесін шешу барысында өздерінің және басқалардың
тәжірибелерін қолданады. Мұндай жалпы білім қоры жеке оқушының
біліміне қарағанда молырақ келеді.
Жұптасып немесе шағын топпен жұмыс істеу қарым-қатынасының
артықшылығы:
– оқушылар сынып алдында айта алмағандарын немесе тек мұғалімге
айтатын ойларымен шағын топтарда өздерінің құрдастарымен бөлісе
алады;
429
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Балтабаева Н.М. Оқушының білім сапасын интерактивті әдістер арқылы көтеріп, шығармашыл...
– оқушылар өздерінің жеке пікірлерінен өзге жақсы пікірлердің де бар
екендігін біледі [3.80].
Тек ақпарат беріліп, оны талқыға салмай, бірден жаттығуға көшетін
сыныптарда мұғалімдердің сөзі оқушылардың есінде нашар сақталады.
Сонымен қатар, мұндай жағдайларда оқушыларға көбіне құнды ресурстарды,
яғни сыныптастарының идеяларын пайдалануға мүмкіндік берілмейді.
Зерттеулерге сүйенсек, біз істеген нәрсеміздің 80%-ын, оқығанымыздың 20%-
ын, ал естігеніміздің 10%-ын есте сақтайды екенбіз.
Қорытындылай келе тәжірибе арқылы шеберлікті шыңдай отырып, біз
ақпаратты өңдеп қайтадан әрекетке айналдырамыз. Осы үрдіс барысында біз
ісімізге қисынмен терең үңілеміз. Біз оқушыларға дайын жауаптарды
бергенде, олардың белсенділіктерінің деңгейі аса жоғары болмайды. Ал бізге
өз идеямызды іске асыруға және қорғауға тура келетін болса, ойлау
белсенділік деңгейі бірден өседі.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Суворова Н. Интерактивное обучение: Новые подходы М., 2005.
2.
Албытова Н. Интерактивті әдістер кәсіптік шеберлікті шыңдайды //Бастауыш мектеп.- 2005 - №6.
3.
Сманқұлова Ж.Е. Оқытудың интерактивті әдісі. Әдістемелік құрал. Алматы, 2006.
430
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
СОЦИОЛОГИЯ
А.ЕСЕНЖОЛОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ–нің оқытушысы
ЖАСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
В настоящей статье рассматриваются некоторые проблемы современной молодежи и
особенности ее правовой социализации.
This article deals with some problems of modern young people and their social legal features.
Жастар - еліміздің ертеңгі болашағы. Сондықтан да жастар мәселесі
мемлекеттің стратегиялық маңызды бағыттарының бірін құрайды. Жастарға
қарап ертеңгі мемлекетіміздің даму бағытын, бейнесін көруге болады. Жастар-
ең озық, жасампаз топтың өкілдері.
Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар қалай да болмасын белгілі
кезеңдер өткеннен кейін жастардың бойында өзінің жақсы және жаман
қырынан өзіндік ізін қалдыратындығы айқын. Міне, бұл жастар ісіне, оны
тәрбиелеуге немқұрайлы қарауға болмайтындығын білдіреді.
Жастардың бойында өте жоғары деңгейдегі қүқықтық мәдениетті
орнықтыру - болашақта мемлекетіміздің өркендеуінің бірден-бір негізгі
жолының бірі. Қазіргі жеткен жетістіктерді одан әрі қарай дамыту міндеті де
солардың мойнында.
Байқағанымыздай, жастардың қоғамдағы үлес салмағы өте басым екен.
Осы жастар деген кім? Ол қандай әлеуметтік топтың көрінісі және
мүдде-мақсаттары қандай? Соған тоқталып өтетін болсақ, онда жастардың
ғылыми анықтамасын беру, олардың жас аралығын айқындау көптеген
ғылым бағыттарының: философия, әлеуметтану, саясаттану, тарих, құқық,
т.б. ғылымдардың негізгі мәселелерінің біріне айналады. Жастардың
табиғатын тануда, оның ұғымын тұжырымдауға қатысты ғылымда әр
уақытта, әр түрлі пікірлер мен көзқарастар айтылған болатын.
Әлеуметтанушы И.В. Бестужев-Ладаның жастарға қатысты пікірі ерекше.
Оның ойынша жастық өмір сүру дағдысы тек отызға дейінгілерге тән емес,
сонымен қатар отыздан асқан көптеген адамдарда осындай өмір салтын
жалғастыруда деп келе: "Вот почему в понятие "современная молодежь"
приходится включать возрастную группу населения от 14-16 до 28-30 лет...
и ту часть населения 30-40 лет, которая продолжает вести молодежный образ
жизни" деп, жастықты адамдар арасындағы жас айырмашылығына байланысты
жіктелу емес, өмір сүру дағдысына қатысты бөлініс деп қарайды [1].
Осы саланың белгілі білгірлерінің бірі И.С.Кон былай анықтайды:
«Молодежь - социально-демографическая группа, выделяемая на основе
современности возрастных характеристик, особенности социального
положения и обусловленных тем и другим социально-психологических
свойств.
431
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Есенжолова А. Жастар және олардың құқықтық әлеуметтенуінің ерекшеліктері
Молодость как определенная фаза, этап жизненного цикла биологически
универсальна, но ее конкретные возрастные характеристики, связанный с
ней социальный статус и социально-психологические особенности имеют
социально-историческую природу и зависят от общественного строя,
культуры
и
свойственных
данному
обществу
закономерностей
социализации» [2]. Бұл берілген түсінік жастардың табиғатын толық ашуға
мүмкіндік беретін және қазіргі кезеңде осы саланы зерттеушілер тарапынан
қолдауға ие тұжырымдардың бірі.
Осы мәселені зерттеудегі тағы бір маңызды жағдайдың бірі жастардың
жас аралығы болып табылады. Бұл мәселеге қатысты ғылыми әдебиеттерде
сан алуан көзқарастар мен пікірлер бар екендігін көруге болады. Сондай
ойдың бірі: "Сущность молодости, как природа жизни человека состоит в
переходе от детства к "взрослости" (зрелости). Исходя из этого многие
ученые, занимающиеся молодежной проблематикой, предлагают следующие
критерии возрастных границ молодости:
- для нижней границы выход из детства, вхождение в трудоспособный
возраст (от 14-16 лет);
- для верхней границы вхождение в пару социальной зрелости,
"отрицание молодежного социального качества", сформированность
мировозрения (до 30 лет)". И.А. Громов, С.Н. Иконникова, В.Т.
Лисовскийлердің ойы бойынша жастардың жастық шектері төменгісі 15 жас,
жоғарғысы 25 жас деп саналады" [3]. Кейбір әдебиеттерде тек жастықтың
жас мөлшерінің ең жоғарғы шегі көрсететілген көзқарастарды көруге
болады.
Кеңестік кезеңде шыққан "КСРО жастары" атты анықтамалықта
жастардың жастық шегі 16 жас пен 30 жастың аралығы деп белгіленген еді.
Қоғамның әлеуметтік құрылысындағы жастардың алатын орны мен рөлін
саралауға арналған жұмысында С.А.Золотухин осы мәселемен айналысқан
ғалымдардың бірі В.И. Борездің қараған еңбектерін сөз ете отырып: "Кстати
сказать, по подсчетам В. Бореза, специально изучавщего ответ на этот
вопрос, в 121 работе 61 раз нижней границей молодежного возраста
назывались 16 лет, 77 раз верхней границей 30 лет" дей келе, өзі былай
қорытынды жасайды: "Таким образом, по нашему мнению, возрастные
группы молодежи, как большие социально-демографические группы,
включает в себя индивидов в возрасте от 14 до 30 лет" [4].
Қазіргі кездегі елімізде қолданып жүрген заңдар мен басқа да
нормативтік құжаттарда да бұл мәселе өзінің нақты шешімін таба қоймаған.
Қолданыстағы Қазақ ССР-індегі "Мемлекеттік жастар саясаты" туралы заңда
арнайы ештеңе айтылмаған. Бұл заңның Казақ ССР-індегі мемлекеттік жастар
саясаты туралы заңдар және халықаралық шарттарға қатысты 4 бабында 30-
ға дейінгі жастардың мүдделеріне қатысты қатынастарды реттейтіндігі сөз
етіледі. Аталған заңның 6-бабының 5-тармағында жас отбасы деп
жұбайлардың
432
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Есенжолова А. Жастар және олардың құқықтық әлеуметтенуінің ерекшеліктері
жас мөлшері 30-ға дейінгілер болып табылатындығы көрсетіледі [5].
Ал, Қазақстан Республикасының Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік
жастар сыйлығы туралы қаулысында "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы
Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтарына жемісті ғылыми,
шығармашылық және қоғамдық қызметі үшін беріледі. Бұл қаулыдан
еліміздегі жастар деген әлеуметтік топтың ең жоғарғы жастық шегі 35-ке
дейін екендігін көреміз. Қазақстан Республикасында жастардың жастық
мөлшерлерінің төменгі және арнайы шектері заңда арнайы көрініс
таппағанын байқаймыз. Болашақта жастар атты әлеуметтік топтың жас
мөлшері белгіленуі қажет. Ол бізге жастар деген кімдер және де оларға
қатысты құқықтық, әлеуметтік және т.б. қолдауларды беру және қолдану ісін
жеңілдеткен болар еді.
Жастар мәселесіндегі тағы бір маңызды жағдайлардың бірі, біздің
ойымызша, олардың құқықтық әлеуметтенуі. Жастардың құқықтық
әлеуметтенуі бізге жастардың құқықтық санасының, құқыққа сай жүріс-
тұрысының, құқықтық мәдениетінің қалыптасуының механизмін ашуға,
жастардың қоғамда қалыптасқан құқықтық нормаларды сақтауы мен жүзеге
асыруына әсерін тигізетін объективті, субъективті және оң, теріс әлеуметтік
факторлардың табиғатын тануға мүмкіндік беретін еді. Жалпы құқықтық
әлеуметтену нақты қоғамда қалыптасқан құқықтық сипаттағы
талаптарды жеке адамдардың сақтауына жол ашатын нормативтік
құндылықтар, ұстанымдар, көзқарастар, т.б. қамтып қана қоймайды, ол оның
толыққанды азамат болып қалыптасу дәстүріне әсер ететін объективті және
субъективті жақтарын да қамтиды.
Құқықтық әлеуметтену өте күрделі құбылыс болып табылады. Тұлғаның
өмірінде қүқықтық әлеуметтенудің маңызы туралы А.С.Тагиев былай дейді:
"В процессе правовой социализации происходит приобщение личности к
правовым ценностям, формирование у нее внутренней системы социального
контроля и соответствующей этой системе нормативного одобряемого
поведения". Яғни, құқықтық әлеуметтену барысында адам қоғамның толық
әлеуметтік даярлықты бойына сіңірген мүшесі болып қалыптасады. Осы
қырынан мәселеге көз жүгіртетін болсақ, жастардың құқықтық әлеуметтенуі
өте үлкен маңызға ие екендігін аңғару қиындық тудыра қоймайды деуге
болатындай: «Изучение проблем правовой социализации имеет важное
социальное» значение для уяснения закономерностей, тенденций и
противоречий, связанных жизнедеятельностью молодежи в общественно-
правовой сфере и для нахождения научно-обоснованных путей и методов их
разрешения" деп, студенттердің құқықтық әлеуметтенуінің методикалык
мәселелерін қарастырған ғалымдардың бірі Т.А.Царева жастардың өмірде
құқыктық әлеуметтенудің алатын орны мен рөлін көрсетуге ұмтылады [6].
Әрмен қарай, жастардың құқықтық әлеуметтенуін қарау барысында қандай
433
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Есенжолова А. Жастар және олардың құқықтық әлеуметтенуінің ерекшеліктері
алғы шарттарға баса назар аудару керек екендігі туралы ойын былай
сабақтайды:
"Процессправовой
социализации
молодежи
должен
рассматриваться в тесной связи с такими предпосылками, составляющими
суть всякого существования людей, как социальные условия жизни,
общественные отношения, деятельность посредством которой изменяется
социальная среда и соотносится с собственной сущностью, идеалами,
взглядами и поведенческими стереотипами. Эти предпосылки, являются
исходными
методологическими
принципами
сущности,
структуры,
механизма процесса правовой социализации молодежи [6]".
Қазіргі уақытта Жастардың құқықтық әлеуметтенуінде өмірдің
әлеуметтік жағдайының маңызы өте зор. Қоғам қаншалықты алға дамыса,
жастардың да құқықтық әлеуметтенуі өте орынды, қалыпты жүретін еді.
Қалыпты өмір адамды ертеңгі күніне сеніммен қарауға бейімдейді.
Экономикалық хал-ахуалдың көтерілуі жастардың да әлеуметтік тұрғыдан
қорғалуында көптеген мүмкіндіктерге жол ашқан болар еді. Қазіргі кезде
еліміздің экономикасы бірте-бірте көтеріліп келе жатыр, бұл дегеніміз жастар
мәселесі, олардың әлеуметтік және т.б. жағынан қорғалуы жақын уақыттарда
шынайы сезілетін деңгейде қолға алынады деген сөз.
Осыдан бірнеше жылдар бұрынғы еліміз дағдарыстан әлі шыға қоймаған
кездегі ауыл жастарына қатысты зерттеулерде көбінесе төмендегідей
суреттеме басым: "Районы наибольшей концентрации казахов охвачены в
настоящее время социально-экономическими и экологическими кризисами.
Отток населения оттуда стремительно набирает темп, что создает
дополнительную нагрузку на социальную инфраструктуру. По мере
дальнейшего притока сельской молодежи в городах и с ростом социальной
необустроенности все большее их число пополняет ряды преступных
группировок. Эта часть молодежи непосредственно влияет через
нелегальные формы социализации, например, через систему землячеств и др.
на студенческую молодежь, расширяя тем самым социальную базу
крименногенности" . Әрине, жерлестіктің мұндай жағымсыз қыры көрініп
қалатын да тұсы бола тұрғанмен, жалпы ол ауыл жастарының қала өміріне,
бойларын үйретуде үлкен маңызы бар жақсы құбылыстың бірі болып
табылады. Бүгінгі таңда ауылдың әлеуметтік жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне
көңіл бөліне бастады. Елбасы үш жылды қатарынан ауыл жылы деп
жариялап, мемлекет деңгейінен ауылға оң өзгерістер әкелуге қадамдар
жасауда. Бұл бетбұрыстар өз деңгейінде нақты іс-шараларға ұласатын болса,
онда ауылдың жай-күйі біраз түзелері сөзсіз. Ол – ауыл жастарының бойында
тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімнің орнығуына жол ашар еді.
Адам өзінің өмірінде қоғамдық қатынастар жүйесінен тыс өмір сүруі
мүмкін емес. Күнделікті өмірде де адам белгілі қоғамдық қатынастарға түсіп
отырады. "Общественные отношения - это форма материальной и духовной
деятельности людей, способ организации, характер этой деятельности, но не
434
Достарыңызбен бөлісу: |