А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Жолдасова Б.Б. Болашақ технология мұғалімдерін тігін материалын көркем өңдеуге үйрету...
Конструкцияның суреті, сызбасы немесе схемасы жұмыс сатыларын, оның
орындалу тәртібін көрсетіп тұрады. Тігін материалын көркем өңдеуде студенттің
бойында қалыптасқан технологиялық қызметтің, яғни іс-әрекеттің деңгейі
төмендегідей негізгі өлшемдермен анықталады:
1.
Бұйым сызбасына талдау жасау, бұйымның композициялық шешіміне
назар аудару, жинақталған сызбаға талдау жасау, бұйым бөлшектерін
жасау әдістерін таңдау, бұйым формасын шығаруға және жасауға мүмкін
болатын әдістерді анықтау.
2.
Бұйым дайындауда жобалау жұмыстарын орындауға қажетті дағдыны
қалыптастыру.
3.
Көркем өңдеу білімдерін меңгеру.
4.
Технологиялық жобалау мен бұйымды сызбаға сай жасай білу.
5.
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік іскерлік пен білімді игеру.
Болашақ мұғалімдер іс-әрекет барысында технологиялық өңдеудің түрлі
әдістерін пайдалана отырып жұмысты қаншалықты жеңілдетуге болатынына
және жасалар заттың сапасын қалай жақсартуға болатынына көз жеткізеді. Ал
құрал-жабдықты дұрыс әрі орнымен пайдалану оларға еңбекті неғұрлым ұнамды
етіп көрсетеді. Құрал-жабдықтарды, мәселен тігін машиналарымен жұмыс
істеуде құралдарды мейлінше еркін пайдалану барысында жұмыс орнын ұтымды
ұйымдастырғанда ғана еңбек дағдыларын қалыптастыру жүзеге асады. Матаны
өңдеу бойынша еңбекке үйретудің практикалық жұмыстарында өз ісіңді
жоспарлай білуді жетілдіре түсудің де мәні аз емес. Мұндай іскерлік әр
тапсырманы орындау барысында қалыптасады [4].
Бүгінгі жастардың ой-қиялы ғылыми техникалық прогрестің дамуымен бірге
күн санап даму үстінде. Олардың ой-қиялының дамуымен білім мен біліктілік,
дағдыларын қалыптастыруда қазіргі кездегі күнделікті өмірдегі техникалық
ағымдық ақпараттық құралдар – телевизор, радио, компьютермен газет-
журналдардың өзіндік үлестері мол. Білім беру жүйесін дамыту мақсатының
негізгі бағыттарында оқу мен тәрбие сапасын арттыру, әр пәнді оқытудың
ғылыми дәрежесінің жоғары болуын және ғылым негіздерінің берік игерілуін
талап ету қарастырылады.
Оқытудың әдістері мен студенттер тарапынан жүзеге асырылатын оқу
әдістері еңбектік іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырудың кепілі болып
табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Пошаев Д.Қ. Педагогика, педагог және заман талабы. Оқу құралы. Шымкент, 2010. -70 б.
2.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері оқушыларының еңбекке оқыту
мен тәрбиелеу тұжырымдамасы. Алматы, 1993. 21 қаңтар.
3.
Ортаев Б.Т. «Технология» пәнін оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері. Оқу құралы.
Шымкент: Нұрлы бейне, 2010.-120 б.
4.
Ортаев Б.Т. Технология пәнін оқытуда технологиялық бағыттылық: оқу-әдістемелік құрал.
Шымкент: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ. 2006 -124 б.
397
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
А.БАТЫРОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІПТІК БАҒЫТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
В данной статье рассматриваются современные проблемы профессиональной подготовки
учителей.
The modern problems of teachers’ professional training are considered in the article.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген
жауапкершілікті талап етеді. Қазақстандағы жалпы және кәсіби білім беретін
мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар педагогикалық үрдіске жүйелі
өзгерістер енгізеді. Қазіргі кезеңде білім беру мақсаттары күрделеніп, оқу
ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары
және педагогикалық әсер етудің объектісі - оқушылар да айтарлықтай
өзгеруде. Осы факторлардың барлығы мұғалімнің педагогикалық кәсіби
шеберлігінің деңгейін жоғарылатады. Оқу үрдісі жаңаруының басты шарты –
кез келген педагогикалық жүйенің тұлғасы болып табылатын мұғалімдердің
педагогикалық шеберлігін арттыру.
Педагог-мамандар белгілі бір пән мұғалімі ретінде ғана танылмай, ол
қоғамдық
іс-шараларды
ұйымдастырушы,
үлкенді-кішілі
ұжым
басқарушысы, оқу-тәрбие ісін жетілдіруші, қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар
тұлға деп қаралғаны жөн.
Осы тұрғыдан қарағанда педагог тек «бала жетектеуші» ғана емес,
педагог-гуманистік сапа кешенін түзетін өнер иесі. Ал ондай сапаның
болмауы кәсіби іс-әрекеттің тиімді орындалуын болдыра алмайды. Мұндай
сапаларға педагогтің кері адамгершілік тұрпаты, жоғары теориялық және
әлеуметтік ойлау қабілеті, өмірге оң көзқарасы, адамдардың гуманистік
қуатына сенімі жатады. Осы мағынада педагог рухани азамат болуы тиіс [1].
Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы –
оның кәсіби шеберлігі мен білімінің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Қазіргі педагогтардың жұмыстарында мұғалімдерді кәсіби даярлау
үрдісінің
психологиялық-педагогикалық
негіздері,
педагогикалық
мамандықтың мәні, ерекшеліктері, функциялары, мұғалім әрекетінің
профессиограммасы зерттеледі.
Мұғалімдерге кәсіптік бағыт берудің теориялық негізін жасап, оның
ерекшелігін айқындау үшін танысып, талдаған педагогикалық еңбектердің
және жоғары білім беруге арналған оқу жоспарларының мазмұнын
тұжырымдау барысында байқағанымыз, мұғалімдер дайындауға қойылатын
талап негізінен мамандық бойынша оқытылатын пәндердің мазмұнын
меңгеруге бағытталады. Әрбір жеке пәндердің әдістемесін меңгеру арқылы
мұғалімдердің кәсіби шеберлігі артады.
398
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Батырова А. Мұғалімдердің кәсіптік бағытын қалыптастыру мәселелері
Сондықтан да маман даярлау мәселесіне кешенді қарау ұсынылады.
Болашақ маман әр жеке пәннің әдістемесін ғана емес, бүкіл педагогикалық
жүйенің мақсатын, міндетін, мазмұнын, негізін, түрін, оқытудың жаңа
әдістерін және тәрбие жүйесін біртұтас қабылдап меңгеруге тиіс.
Педагогикалық үрдісте мұғалімнің іс-әрекеті мен кәсіби шеберлігіне бағыт
беру сабақтастықта жүзеге асатын жағдайда ғана болашақ мамандарды өз
дәрежесінде дайындау жүзеге аспақ [2].
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі мұғалімдердің кәсіби шеберлігі
мәселесін күрделендіріп отыр. Өйткені дәл қазіргі таңда оқушылардың
жалпы
және
рухани
мәдениетін
мұғалім
анықтайды.
Көптеген
шығарылымдарда педагогикалық шеберлікке берілетін анықтама бойынша
мұғалім өз жағынан балаларды сүюге, тәрбиелеу және білім беруін барлық
уақытта жоғары деңгейде жаңалап отыруға тиіс. Педагог - өз ісінің шебері.
Бұл дегеніміз жоғары мәдениетті, өз пәнін терең білетін, өзіне тиісті ғылым
және мәдениет салаларымен жақсы таныс, психологиялық мәселелерін
тәжірибелік түрде талдай білетін, тәрбиелеу мен білім беру әдістемесін терең
меңгерген маман. Осылайша, педагогикалық шеберліктің маңыздылығын
кәсіби әрекеттерді ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуші
жекелік қасиеттердің жиынтығы деп көрсетеді. Бұл қасиеттерге оқытушы
әрекетінің
гуманистік
бағытталуы,
кәсіби
білімі,
педагогикалық
ерекшеліктері және педагогикалық техникасы жатады.
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі – маманның соңғы қол жеткізетін
дайындық деңгейі. Ол өмірлік тәжірибелер негізінде қалыптасып жүзеге
асырылатын үрдіс.
Мұғалім мамандарын дайындауда, ең алдымен қойылатын талап –
мектеп бітірушінің мамандық түріне қызығушылығының, ынта-ықыласының
болуы. Бұл әрі шарт ретінде қарастырылуы тиіс. Себебі, жоғары оқу
орындарын бітірген болашақ педагогтар өз мамандық сапасы бойынша
қызмет етпей басқа салаға ауысуы көптеп орын алады. Сол себепті де мектеп
қабырғасынан
бастап
педагогикалық
қызметке
кәсіптік
бағдар
жұмыстарының жүргізілуі, кәсіптік жарамдылықты, үйлесімділікті анықтауға
бағдарланған жұмыстардың ұйымдастырылуы үлкен мәселе.
Мұғалімнің кәсіби білімі мен біліктілігі жоғары деңгейде болып,
оқушылардың тұлғалық
қасиеттерін дамыту
мәселелерін шешуге
шығармашылық қабілеттері болуға тиіс. Мұғалімнің кәсіби даярлығын
жетілдіруде екі негізгі міндетті орындау қажет:
- Бірінші мәселе – ұстаз қызметінде тәрбие беру мәселесі;
- Екінші мәселе – дидактикалық даярлығын арттыру [3].
Еліміздің жоғары оқу орындарында мұғалім-тәрбиешіні даярлау
барысында бірнеше бағыт анық байқалады. Дәстүрлі педагогикада олардың
ең негізгі бағыттары - әлеуметтік сұраныстың өсуіне сәйкес жеке тұлғалық
мінез-құлықтары, қоғамдық тәрбие саласындағы мақсатты талаптардың
399
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Батырова А. Мұғалімдердің кәсіптік бағытын қалыптастыру мәселелері
өзгеруімен қатар тәрбиелік жұмысына қажетті дағдылар, мүмкіндіктер, білім
ауқымын анықтау, мұғалім даярлаудың мінсіз нәтижесін ұсыну болып
табылады. Мұғалімді даярлау мақсатына қызмет етіп, оның бағдарламасын
айқындайтын өлшемдік бейнелерге мамандық моделін, кәсіби паспортын
және біліктілік сипаттамаларын жатқызуға болады.
Педагогикалық қызметті, оның құрылымдарын, міндеттік бөлшектерін,
жүйелік ұйымдастыру қағидаларын зерттеу мәселелерін қамтитын басқаша
бағыт саласында маңызды теориялық және тәжірибелік мәліметтер де
баршылық. Демек, бұл жерде ғылыми білімдерді теңестіру кезеңін көрсететін
мәліметтердің жеткілікті көлемде жинақталғанын айтуға болады. Мұғалімнің
еңбекке деген ықыласы, өмірлік көзқарасы, кәсіби бағыты сияқты жеке
жинақылық сапалық мінезін зерттеу және іздестіруді сипаттайтын қарсы
үрдістегі пікірлер де жоқ емес.
Педагогикалық ғылымның үздіксіз білім беру мәселелерінің ойысуы
мұғалім-тәрбиеші қызметіне байланысты тақырыптарды жаңа қырынан
қарастыруға мүмкіндік туғызды. Нәтижеде мұғалім даярлаудың әдістемелік
мүмкіндіктері мен кәсіби мазмұнына баса назар аударатын оқытудың
мақсатты тәсілі де дами түсті.
Болашақ мұғалім-тәрбиеші жұмысының мазмұндық және міндеттік
қырларын нақтылау қажетті мәліметтерді таңдап алу негізінде жүргізіледі.
Негізгі педагогикалық ережелерді ғылыми пайдалану дәрежесін арттыру,
педагогикалық қызметті игерудің сапасын жетілдіру де осы мақсатқа қызмет
етуге тиісті.
Дидактикалық дайындық – кәсіби-педагогикалық даярлықтың негізгі
және маңызды саласы.
Дидактикалық даярлықты қалай түсіну қажет? Бұл – күрделі ұғым.
Мұғалімдердің дидактикалық даярлығына жататындар: олардың оқыту
үрдісінің теориясы мен тәжірибесі бойынша игерген білімдері,
педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүмкіндіктері. Нақты айтқанда,
оқытудың мақсаты мен мазмұны оны ұйымдастырудағы қолданатын тиімді
әдіс-тәсілдерді жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруді дидактикалық
даярлықты анықтайтын белгілер деуге болады. Осыған орай, педагогикалық
қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында мынадай дидактикалық
қабілеттер болуы қажет: оқыту үрдісін жоспарлай білу, оны мақсатты түрде
бақылау мен бағалау ісін орындап отыру.
Мектептегі оқыту дидактикалық үрдіс болғандықтан, болашақ мұғалім
өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерді білуі міндетті.
Оқыту үрдісінің басты құралы – оқытудың мақсаты мен мазмұны.
Оқушылардың рухани дамуына, ең алдымен, оқытудың ғылыми мазмұны мен
гуманитарлық бағыты орасан зор ықпал етеді.
Мұғалімдердің дидактикалық дайындығын арттыру үшін оларды оқыту
үрдісінің заңдылықтары туралы психологиялық тұжырымдармен, белгілі
400
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Батырова А. Мұғалімдердің кәсіптік бағытын қалыптастыру мәселелері
теориялармен қаруландыру қажет. Соңғы курстың студенттері мен
мұғалімдер арнаулы пәндерден алған білімдер дағдыларының сапасы мен
деңгейі психология, педагогика, әдістемелік пәндерге қарағанда жоғары
екенін айтады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен әрекетінің дербес әдісінің
құрылымдық негіздері оқытудың құрылымына қатысты толық және жүйелік
жобаларды қамтиды.
Сондықтан, оқытудың және білім берудің келіскен және динамикалық
мақсаттарын білім беру үрдісінің өзгеріп отыратын барлық талаптарына
жауап беретіндей етіп өңдеу керек. Жаңа үрдістің белсенділігі - мұғалімнің
біліктілігін жоғарылату жүйесінде кәсіби шеберлігінің құрылуының
қорытындысы болып табылады. ХХІ ғасыр білім беру жүйесінің нақты
кешендерін ескере отырып, қазіргі заманғы мұғалім өзгермелі оқыту
технологиясын тез арада жүзеге асыруға, балалармен инновациялық оқу
үрдісін жылдам ұйымдастыруға қабілетті болуы қажет деген тұжырымдамаға
келеміз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Жолдасбекова С.А. Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімін кәсіби даярлау. Алматы:
Жаршы, 2008.
2.
Аубакиров С.А. Қазіргі заманғы мұғалім //Қазақстан мектебі. №6. Алматы, 2005.
3.
Пошаев Д. Қ. Мамандыққа кіріспе. Оқу құралы. Шымкент, 2004.
401
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Г.Т.МУРТАЗАЕВА
старший преподаватель МКТУ им. А.Ясави
КОММУНИКАТИВНОСТЬ КАК ЦЕННОСТНОЕ КАЧЕСТВО
ЛИЧНОСТИ ПЕДАГОГА
Бұл мақалада мұғалім тұлғасының қарым-қатынас құндылығын арттыру мәселелері
қарастырылған.
This article deals with the communicativeness as the valuable quality of teacher’s personality.
Каждый человек за свою жизнь много раз побывает и в роли ученика,
воспитанника, и в роли учителя, воспитателя (преподавателя, наставника,
инструктора и т.п.). Поэтому профессия педагога - одна из древнейших в мире.
Педагог - не только профессия, суть которой передавать знания, но и
высокая миссия сотворения личности, утверждения человека в человеке. В этой
связи можно выделить совокупность социально и профессионально
обусловленных качеств педагога: высокая гражданская ответственность и
социальная активность; любовь к детям, потребность и способность им отдать им
свое сердце; духовная культура, желание и умение работать вместе с другими;
готовность к созданию новых ценностей и принятию творческих решений;
потребность в постоянном самообразовании; физическое и психическое здоровье,
профессиональная работоспособность.
Происхождение слова «педагог» было рассмотрено выше, а сейчас
педагогами называют людей, имеющих соответствующую подготовку и
профессионально занимающихся педагогической деятельностью, т.е. вопросами
воспитания, образования и обучения. Здесь следует обратить внимание на слово
«профессионально». Педагоги занимаются педагогической деятельностью
профессионально, а непрофессионально этой деятельностью занимаются почти
все люди. Между тем трудно представить себе другую деятельность, столь же
разнообразную и столь же требовательную к качествам и возможностям
исполнителя. Требования к педагогу определяются не только большой
важностью, но и редким своеобразием педагогической деятельности.
Процесс труда учителя складывается из осуществления педагогической
деятельности, педагогического общения и самореализации личности учителя.
«Педагогическую деятельность можно определить как особый вид социальной
деятельности, направленный на передачу от старших поколений младшим
накопленных человечеством культуры и опыта, создание условий для их
личностного развития и подготовку к выполнению определенных социальных
ролей в обществе»
В отношении педагогической деятельности преобладает подход выделения
ее компонентов как относительно самостоятельных функциональных ролей, для
успешного осуществления которых необходимы соответствующие способности.
Применительно к педагогической деятельности наиболее глубокое исследование
способностей провела Н.В.Кузьмина [1]. Она выделила основные компоненты
деятельности педагога, которым соответствуют те или иные способности.
Одним из структурных компонентов педагогической деятельности является
402
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Муртазаева Г.Т. Коммуникативность как ценностное качество личности педагога
коммуникативный компонент, определяющий эффективность педагогической
деятельности в целом.
Коммуникативность - качество необходимое для усиленного выполнения
любой педагогической деятельности. Это общительность, эмоциональная
экспрессия, развитая речь (правильное произношение, логичность, стройность
изложения мыслей и т.п.), педагогический такт, способность прочесть душевное
состояние учащегося по выражению лица, мимике, жестам, позе, походке.
Коммуникативность — это процесс взаимодействия между людьми, в ходе
которого возникают, проявляются и формируются межличностные отношения.
Коммуникативность предполагает обмен мыслями, чувствами, переживаниями и
т. п.
Говоря о таком явлении как коммуникативность личности, следует иметь в
виду, что это явление необходимо рассматривать не только как совокупность
некоторых характерологических свойств и качеств, позволяющих осуществлять
процесс общения, но и то, что коммуникативность личности является
компонентом мотивационно-потребностной сферы. Это подразумевает собой то,
что коммуникативность требует наличия соответствующей направленности
личности, определяющей социальный и нравственный вес личности, ее
потребности, интересы, убеждения, идеалы и соответствующих ценностных
ориентаций, как правило, не непосредственно мотивирующих поведение, а
выполняющих координирующую функцию, в том числе и «фильтрующую».
Коммуникативность в целом определяется такими компонентами, как
коммуникативная активность, эмоциональная реактивность в общении,
коммуникативная уверенность, коммуникативный объект.
Развитие коммуникативности личности начинается с формирования у
педагога такой направленности личности, при которой ценность человеческого
общения находится не на периферии, а в центре системы ценностных ориентаций
человека.
Понятие
коммуникативности необходимо дополнить элементами,
относящимися к осознанию деятельностной среды (социальной и физической),
окружающей человека и способностью воздействия на нее для достижения своих
целей, а в условиях совместной работы делать свои действия понятными для
других.
Все это предполагает осознание:
а) собственных потребностей и ценностных ориентаций, техники личной
работы;
б) своих перцептивных умений, т. е. способности воспринимать
окружающее без субъективных искажений и «систематизированных слепых
пятен» (стойких предубеждений в отношении тех или иных проблем);
в) готовности воспринимать новое во внешней среде;
г) своих возможностей в понимании норм и ценностей других социальных
групп и культур (реальный интернационализм);
д) своих чувств и психических состояний в связи с воздействием факторов
внешней среды;
403
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Муртазаева Г.Т. Коммуникативность как ценностное качество личности педагога
е) уровня своей экономической культуры (отношение к среде обитания –
жилищу, земле как источнику продуктов питания, родному краю, архитектуре и
т. [2].
Одним из центральных факторов коммуникативности является способность
педагога адекватно отражать личностные и индивидуальные особенности
окружающих людей.
Коммуникативность предполагает ситуативную адаптированность и
свободное владение вербальными и невербальными средствами социального
поведения.
Основными источниками приобретения педагога коммуникативности
являются жизненный опыт, искусство, общая эрудиция и специальные научные
методы. Все эти источники имеют для каждого из нас различную субъективную
значимость, однако ведущая роль в любом случае принадлежит жизненному
опыту.
Особое
место в структуре жизненного опыта занимает опыт
межличностного общения.(3) К сфере жизненного опыта следует отнести также
уровень совершенства профессиональной и бытовой деятельности, так как
успешные трудовые операции коммуникативно значимы для формирования в
повседневной культуре моделей коммуникативного поведения. Общая эрудиция
также является одним необходимых компонентов коммуникативности. Под
общей эрудицией понимается запас достоверности и систематизированных
знаний гуманитарных, относящихся к истории и культуре человеческого
общения, которыми располагает данный индивид.
Педагог- это искусство, труд не менее творческий, чем труд писателя или
композитора, но более тяжелый и ответственный. Учитель обращается к душе
человеческой не через музыку, как композитор, не с помощью красок, как
художник, а впрямую. Воспитывает личностью своей, своими знаниями и
любовью, своим отношением к миру.
Однако, учитель в гораздо более высокой степени, чем артист, должен
воздействовать
на
свою
аудиторию,
содействовать
формированию
мировоззрения своих подопечных, дать им научную картину мира, пробудить
чувство прекрасного, чувство порядочности и справедливости, сделать
грамотными и заставит поверить в себя, в свои слова. При этом в отличие от
актёра, он вынужден работать в режиме обратной связи: ему постоянно задают
разнообразные вопросы, в том числе коварные, и все они требуют
исчерпывающих и убедительных ответов. Настоящий учитель, Учитель с
большой буквы - это личность, рождающая, формирующая другие личности (в
идеале - совместно с семьёй). Для этого ему необходимо не только внимание и
уважение со стороны его учеников, со стороны всего общества.
ЛИТЕРАТУРА
1.
Кузьмина Н.В. Профессионализм личности педагога, М.: Высшая школа, 1990.-119 с.
2.
Галкина Е.В. Коммуникативная деятельность педагога в рамках образовательного комплекса.
М.: Весь мир. 1995. 105 с.
3.
Крутская Е.А. Роль имиджа педагога в его профессиональном общении. М.: Высшая школа,
2005.-198 с.
404
Достарыңызбен бөлісу: |