Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет57/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71

 

 

 

412 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

П. ДОСЫБЕКОВ  

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі 



 

КЕРАМИКА ӨНЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ  

КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

 

В  этой  статье  рассматриваются    некоторые  вопросы  методики  преподавания  искусства 



керамики. 

 

 

This article deals with the problem of training  students to use and develope the chances of Kazakh 

nationality's ceramic upbringing which have been collected for last centuries and ceramic pedagogical 

technology is  also informed in this article.  

 

Болашақ  мұғалімдерді  керамиканы  үйретуге  дайындау  қазақ  халқының 

көркемдік  мәдениетін,  оның  ішінде  керамика  өнерін  танумен,  көркем  өнердің 

білімдік, тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындаумен және жеке тұлғаның дамуымен, 

керамика өнерін мектепке оқыту бағдарламасын айқындаумен, оның формалары 

мен нәтижелерін ашумен, дайындық мазмұнын жасаумен байланысты шешілетін 

педагогикалық 

мәселе. 


Болашақ 

мұғалімдерді 

керамиканы 

үйретуге 

дайындаудағы шешімін таппаған мәселелердің бірі – керамиканың қазақ жерінде 

дамуны орай қоғамдық мәнін ашу, ел мәдениетіндегі орнын анықтау қажеттілігін 

көрсетеді. 

Болашақ  мұғалімнің  керамика  өнері  мен  оны  оқушыларға  үйрету 

технологиясын  меңгеруі  жоғары  оқу  орнында  жүзеге  асатын  болғандықтан, 

студенттердің  керамиканы  оқыту  құзыреттілігінің  қалыптасу  деңгейін  шартты 

түрде ұғыну, үлгі бойынша қолдану және шығармашылық деңгей деп бөлуімізге 

болады [1.33].  

  Біз ұсынып отырған жүйе келесі педагогикалық шарттарды қамтиды:  

-оқытушыларға  арналған  керамиканы  оқыту  атты  арнайы  семинар 

ұйымдастыру; 

-  бейнелеу  өнерін  үйрету  әдістемесіне,  педагогика,  философия  пәндеріне 

қосымша керамиканы оқыту мәселелерін қамтитын тақырыптар ұсыну;  

- керамиканы үйретуге қажетті педагогикалық білім беріп, таңдау курстарын 

енгізу;  

-керамика  өнерін  оқыту  әдістемесіне  байланысты    дидактикалық  кешен 

жасау. 

 Жоғарыда 



келтірілген 

керамиканы 

оқыту 

технологиясы 



арқылы 

мұғалімдерді  қалыптастырудың  педагогикалық  шарттарын  біртұтас  жүйеге 

келтіру  үшін  оларды  толықтырып,  өзара  тәуелділікте  қарастырдық.  Әрбір 

шарттың  өзіндік  орны  болғандықтан,  бұл  жүйеде  өзіндік  міндет  атқарады, 

шарттар жүйесінің мазмұны да, формалары да өзіндік дербестікке ие.  

  Педагогикалық  шарттар  жүйесінің  біріншісі  –  студенттерге  арналған 

«Керамика  үйірмесін  ұйымдастыру»  атты  арнайы  семинар  ұйымдастыру. 

Семинардың  мақсаты  –  оқытушыларға  ақпараттық  технологиялар  арқылы 

керамиканы  үйретуден  білім  беру  әдістемесін  меңгерту.  Семинар  мазмұны 

мынадай тақырыптарды қамтиды:  

Оқытуда инновациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктері;  

-керамика пәніндегі деңгейленген оқыту ортасы,  



 

413 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Досыбеков П. Керамика өнерін оқыту әдістемесінің кейбір мәселелері 

 

 



керамиканы  электронды  оқулықтар  арқылы  саралап,  даралап  үйретудің 

компьютерлік сценарийлері; 

-  үйретудің  аудиовизуалды  құралдарын  қолдану,  мультимедиялық  ортаны 

қалыптастыра білу;  

-пән мұғалімінің құзырлықтары;  

-керамиканы  үйретуге  арналған  оқу-педагогикалық  тапсырмалар  жүйесін 

жасау  жолдары,  педагогикалық  технологияны  саралау,  бейімдеу;  Керамикадан 

электронды оқулықтар  құрастыру, педагогикалық  талаптар  жүйесі [2.47]. 

 Педагогикалық    технологияларға    талдау    жасай    отырып,  біз  керамиканы 

үйрету  технологиясының    төрт  түрлі  нұсқасын  салыстырдық. Бірінші нұсқада 

оқытушы  бағдарламалық  жасақтамамен  жұмыс  істеуді  компьютер  көмегімен 

түсіндірді.  Студенттер  қажетті  керамика  жасау  әдістері  бойынша  мәліметтерді 

конспектілеп,  содан  кейін  бағдарламалық  жасақтамамен  жұмыс  істеудің 

оқытушы көрсеткен негізгі тәсілдерін меңгерді. Оқытудың бұл түрінде оқытушы 

түсіндіру-иллюстративтік тәсілді қолданды да, оның студенттермен жеке жұмыс 

істеуіне аз уақыт қалды. Студенттер керамика жасаудың белгілі бір білім көлемін 

меңгергенмен  керамика  үйретуді  жоспарлау  бойынша,  жұмыс  істегенде  оны 

салыстырмалы  түрде  оқыту  әдістерін  меңгеру  жағы  болды.  Керамиканы  жасау 

туралы білімі мен іскерліктерін меңгеруінің орташа балы 3,3 - 3,4 құрады.   

Екінші  нұсқада  студенттер  керамиканы  үйретуші  бағдарлама  көмегімен 

зерттеді. Одан кейін олар сабақ берудің іскерліктері мен дағдыларына өз бетінше 

жаттықты.  Сабақ  кезінде  оқытушы  студенттерге  керамиканы  оқытудың 

педагогикалық  білімін,  іскерліктері  мен  дағдыларын  меңгеруге  бағытталған 

жұмысын  түзетіп,  тапсырманы  орындауға  бағыт-бағдар  беріп  отырды. 

Жұмыстың бұл  түрінде  де    иллюстративтік  әдіс  басым  болды,  бірақ  «Керамика 

үйірмесін  ұйымдастыру»  атты  арнаулы  курс    бағдарламасын  қолдануда  оқу 

процесінде  студенттердің  педагогикалық  тапсырмаларды  орындауына  жекелеп 

жұмыс  жүргізуге  мүмкіндік  берді.  Педагогикалық  білім  мен  педагогикалық 

іскерлікті меңгерудің орташа балы 3,5- 3,7 құрады.    

Үшінші  нұсқада  студенттер  керамика  үйірмесінің  күнтізбелік,  тақырыптық 

жоспарын жасау, керамика үйірмесінің сабақ жоспарын жасау, сабақтың көрнекті 

құралдарын  жасау,  сабақта  инновациялық  оқыту  әдістерін  қолдану  мәселелері 

бойынша алдын-ала дайындалған тапсырмалармен жұмыс істеді. Ондай жағдайда 

оқытушының әрбір студентпен жеке-жеке жұмыс істеуіне көбірек уақыт бөледі. 

Оқытудың  бұл  әдістемесі  орташа  балды  4,1-  4,3-ке  дейін  жоғарылатуға  ықпал 

етті.  


Төртінші  нұсқада  студенттер  керамика  үйірмесін  ұйымдастыруға  дайындық 

бағдарламасымен    жұмыс  істеуді  және  мүмкіндіктерін  үйренуді  бағдарлама 

көмегімен  іске  асырды,  сонан  кейін  оқытушының  басқаруымен  алдын-ала 

құрастырылған  тапсырмаларды  орындап,  білім  мен  іскерлікті  бекітті.  Бұл 

жағдайда педагогикалық білім мен іскерлікті меңгеру 4,4-4,7 балды құрады. 

Эксперимент  нәтижелері  болашақ  мұғалімдерді  керамиканы  оқытуға 

дайындау бойынша  тапсырмаларды үйретуші бағдарламамен кешенді оқу

  


 

414 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Досыбеков П. Керамика өнерін оқыту әдістемесінің кейбір мәселелері 

 

 



процесін  белсендіре  отырып,  жаңа  материалды  түсіндіргенде  уақыт 

үнемделетінін  көрсетті.  Сол  арқылы  студенттерге  керамиканы  оқытуға 

дайындықты қамтамасыз ететін материалды практикалық тұрғыда бекітуге уақыт 

көбірек  бөлінді  де,  педагогикалық  білім  мен  педагогикалық  іскерлікті  терең 

меңгеріп, дайындық сапасын арттыруға жағдай жасады. Сонымен бірге берілген 

уақыт  ішінде  оқытушының  студенттермен  жеке  жұмыс  істеуіне,  материалды 

меңгеруіне мүмкіндік жасалды.  

Болашақ  мұғалімге  керамиканы  үйретуге  қажетті  педагогикалық  білім  беру 

үрдісінде  педагогикалық  технологияларды  пайдалану:  педагогикалық  тапсырма 

(білім  беру  үрдісінің  қажеттілігіне  қарай  керамика  үйірмесін  ұйымдастыруға 

қажетті  күнтізбелік,  тақырыптық  жоспар,  сабақ  жоспары  көрнекі  құралдарды 

жасау  мен  жетілдіру);  баяндама  (керамикалық  бұйым  жасаудағы  нысанды 

басқаларға  тікелей  көрсету);  зерттеу  (сипаттамаларды,  нобайларды,  т.б 

ақпараттық нысандарды зерттеу); жобалау мен құрастыру (қажеттілік, тапсырма, 

сипаттама,  т.б.  негізінде  ғылыми-зерттеу  жұмысына  қажетті  объектілер  мен 

процестерді  жобалау);  тілдерді  үйрену;  студенттердің  педагогикалық  білімдері 

мен  педагогикалық  іс-әрекеттерін  тексеру  (компьютер  немесе  практикалық 

тапсырмалар орындау көмегімен) сияқты формаларда жүзеге асты.  

Педагогикалық  шарттар  жүйесінің  екіншісі  –  бейнелеу  өнерін  оқыту 

әдістемесі, педагогика, философия пәндеріне қосымша  тақырыптар негізі. Оның 

мақсаты  –  педагогикалық  дайындығын  қалыптастыру,  педагогикалық  білімін 

тереңдету. Мазмұның екінші кестеден көруге болады.  

Үшінші педагогикалық шарт – студенттерге арналған керамика өнерін оқыту 

әдістемесінен «Керамика өнерін үйретуде инновациялық оқыту технологияларын 

қолдануды» таңдау пәндерін ұйымдастыру. 

Осы  педагогикалық  шарттар  жүйесінің  арасындағы  ең  маңыздысы, 

керамиканы  үйретудің  дидактикалық  кешенін  пайдалану.  Оның  құрамына  оқу 

бағдарламасы,  оқу  құралдары,  әдістемелік  нұсқаулар,  силлабустармен  қатар 

міндетті түрде ЭЕМ-на арналған бағдарлама немесе электронды оқулық енгізуге 

тиіс. 


Керамиканы  оқыту  бойынша  дидактикалық  кешен  құрастырғанда 

студенттердің  педагогикалық  технологияларды  қолданудың  педагогикалық 

білімдерін,    дағдыларын  қалыптастыру,  сонымен  бірге  керамиканы  үйретуді 

жоспарлап үйретуді ұйымдастыруға дайындау үшін деңгейленген педагогикалық 

тапсырмалар құра білу іскерліктерін дамыту маңызды екендігі көрінді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Ералин Қ., Досыбеков П. Қыш өнері үйірмесін ұйымдастыру. - Түркістан: Тұран, 2007. -54 б. 

2.

 



Кемешов Д. Керамика. Шымкент: А. Ясауи атындағы ХҚТУ, 2002. 

 

 

 



 

 

415 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

 

Г.Қ.НАҚЫПОВА 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ізденушісі 



 

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДА ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ АРТТЫРУ 

МОДЕЛІНІҢ МАЗМҰНДЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 

 

В  статье  рассматриваются  содержательные  аспекты  модели  повышения  познавательной 

активности в самостоятельных работах. 

 

This article deals with the content aspects of cognitive activeness increasing models in self  work.  

 

Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде оқу пәндерінің білім берудегі 

орны  мен  атқаратын  қызметі  жоғары  шығармашылық,  интеллектуалдық, 

коммуникативтік  және  басқа  да  мүмкіндіктері  болашақ  мектеп  бітірушінің 

білімін, қабілеті мен дағдыларын дамыту мақсатымен анықталады. Бастауыш 

сынып  оқушыларының  өзіндік  жұмысында  танымдық  белсенділігін  арттыру 

шеңберінде  біздің  алдымызда  педагогикалық  модель,  яғни  элементтер 

жүйесінің  логикалық  құрылымын,  білім  беру  процесін  басқару  жүйесін, 

теориялық  білімдерді  өздігінен  игеру,  іс-әрекеттің  мақсат,  міндеттерін 

белсенділікпен  шешу  мақсатын,  оның  мазмұнын,  оны  жүзеге  асыруда 

қолданылатын  әдіс-тәсілдерді,  яғни  тиімді  педагогикалық  технологияны 

жобалау мәселесі туындады. 

 «Модель», 

«модельдеу»  ұғымы  бірнеше  мәндік  мағынаға  ие. 

Педагогикалық  зерттеудің  әдістерін  талдауға  арналған  бірнеше  ғылыми 

зерттеу  жұмыстарында  модельдеу  ғылыми-танымдық  әдіс  ретінде 

қарастырылған.  Қ.А.Штофф  модельді  «шындық  өмірді  терең  түсіну 

мақсатында оны сыртқа шығару құралы ретінде» қабылдайды. Сонымен бірге 

модельді танымдық бақылау мен эксперименттен теорияға көшуде теориялық 

жалпылаудың  әр  түрлі  формаларына  қарай  қозғалыс  барысындағы  «саты 

ретінде» қарастырады [1.28]. 

А.Н.Дахин  модельді  «Болашақта  зерттелетін  нысанның  (құбылыстың) 

элементтері  арасындағы  құрылымдарды,  ерекшеліктерді,  қарым-қатынастар 

мен  байланыстарды  сызба,  конструкциялар,  белгілік  формалар  немесе 

формулалар  арқылы  неғұрлым  қарапайым,  тереңдетілген  түрде  көрсететін 

жасанды құрастырылған үлгі» деп сипаттайды [2.13].  

Философиялық  сөздікте  модельдеу  (фр.  modele  –  үлгі,  пішін)  -  зерттеу 

үшін арнайы жасалған бір объектіде басқа бір объектінің сипаттамасын қайта 

жаңғырту  [3.280-526]  десе,  ал  педагогикалық  сөздікте:  (лат.  мodulus  –  үлгі, 

өлшем) – нысан және оған қарым-қатынастық мәндерді көрсететін көрнекілік 

құралдардың бірі (шартты бейне, схема, т.б.) деген анықтама берілген [4.149]. 

Ғылыми  түрде  анығырақ  айтсақ,  модель  дегеніміз  –  белгілі  бір  үрдісті 

немесе  құбылысты  басқаруға  бағдарланған  тұжырымдамалық  құрал.  Ал 

мұндағы  алдын-ала  болжау,  бағдарлау  қызметтері  басқарудың  мақсатынан 

туындайды.  

Оқыту  үрдісіндегі модельдеу жүйесінде бірнеше кезеңді бөліп көрсетуге  



 

416 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Нақыпова Г.Қ.  Өзіндік жұмыстарда танымдық белсенділікті арттыру моделінің мазмұндық...

 

 

 



Ол  кезеңдердің  әрқайсысы  оқушылардың  өзіндік  жұмысында  танымдық 

белсенділігін арттырудың моделін жүзеге асыруға сәйкес келеді. 

  I кезең  - даярлық (өзіндік жұмыста танымдық белсенділікті арттыруды 

модельдеуді негіздеуді қамтамасыз етеді). 

  II  кезең  -  өзіндік  жұмыста  танымдық  белсенділікті  арттырудың 

концептуальды  және  нормативті  модельдерін  құрастыруды  қамтамасыз  ету 

(болжамдық). 

  III  кезең  -  тәжірибеде  өзіндік  жұмыс  негізінде  танымдық  белсенділікті 

арттыруды іске қосу және нормативті моделін жүзеге асыру.  

  IV  кезең  -  тәжірибеде  өзіндік  жұмыс  негізінде  танымдық  белсенділікті 

арттыруға  қатысатын  субъектілердің  іс-әрекетін  түзету  және  оның 

шындықтағы моделін жетілдіру. 

Модельдеу  жүйесінде  субъектілер  іс-әрекетінің  тиімділігін  қамтамасыз 

ететін әр кезеңінің өзіне сәйкес шарттары бар. Өзіндік жұмыстарда танымдық 

белсенділікті арттыруда модельдеуді бастайтын шарттарды қарастырайық.  

Өзіндік  жұмыстарда  танымдық  белсенділікті  арттыруды  сипаттайтын 

зерттеулерді,  ғылыми  әдебиеттерді  талдау,  әдетте,  педагогикалық  ұжымдар 

көптеген 

мазмұндық, 

технологиялық 

және 

ұйымдастырушылық 



қиыншылықтарға  кездесетінін  көрсетті.  Оларды  төмендегідей  төрт  топқа 

бөлуге болады: 

1. Өзіндік жұмыстарда танымдық белсенділікті арттыруды модельдеудің 

теориялық және әдістемелік негіздерінің зерттелмегендігі. 

2. Өзіндік жұмыстарда танымдық белсенділікті арттырудың элементтері 

мен  параметрлерін  анықтаудың  қиындығының  модельдеу  объектісінің 

күрделілігімен байланыстылығы. 

3.  Өзіндік  жұмыстарда  танымдық  белсенділікті  арттырудың  жолдары, 

әдіс-тәсілдері, технологиялары, даму қарқындарының көпнұсқалылығы. 

4.  Өзіндік  жұмыстарда  танымдық  белсенділікті  арттыруға  қатысатын 

субъектілердің  әрекеттері  мен  пікірлерінің  сәйкестілігіне  қажетті  қосымша 

күштердің ұжымдық сипаты. 

Қиыншылықтарды  жеңудің  маңызды  шарты  және  бірден  бір  тәсілі  - 

өзіндік  жұмыстарда  танымдық  белсенділікті  арттыру  моделінің  мазмұндық 

аспектілерін  анықтау.  Өзіндік  жұмыстарда  танымдық  белсенділікті 

арттырудың  моделіне  тән  жалпы  қасиеттер,  жеке  белгілері  мен  қасиеттері 

арқылы көрініс беретін болжамдық сипаты жатады. Модельді құрастырудың 

алғашқы  кезеңіне  арналған  зерттеу  жұмыстарын  талдау  барысында 

модельдеу үрдісін бастауға қажетті бірқатар негіздер анықталды: 

1.  Өзіндік    жұмыстарда    танымдық    белсенділікті  арттырудың  мақсаты 

мен  міндеттерінің  әлеуметтік  орта  және  оқушылардың  сұранысына 

сәйкестілігі.  Бұл  зерттеушілердің  пікірінше,  екі  шартты  сақтағанда  мүмкін 

болады. Біріншіден, оқушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің  


 

417 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Нақыпова Г.Қ.  Өзіндік жұмыстарда танымдық белсенділікті арттыру моделінің мазмұндық...

 

 

 



оқу-тәрбие  үрдісінің  мақсатына  сәйкес  келетіндігін  мұғалімдердің 

мойындауы.  Екіншіден,  мақсатты  айқындау  үрдісіне  оқушыларды  тартудың 

тиімді технологияларын меңгеру. 

 

2.  Өзіндік  жұмыстарда  танымдық  белсенділікті  арттыруды  жүзеге 



асыруда  мұғалімдер  мен  оқушылардың  басым  іс-әрекетін  анықтау 

мүмкіншілігі. 

Өзіндік  жұмыстарда  танымдық  белсенділікті  арттырудың  болашақ 

моделінде мұндай іс-әрекет түрі оның қалыптасуы және дамуында, ішкі және 

сыртқы  байланыстар  орнатуында,  оқушылар  мен  мұғалімдердің  өзара 

әрекеттесуінде негізгі фактордың рөлін атқарады.  

Осылайша,  өзіндік  жұмыстарда  танымдық  белсенділікті  арттырудың 

шындықтағы түсінігінің болуы концептуалды және нормативті (болжамдық) 

модельдерді  құрастыруды  бастаудың  алғышарты  болып  табылады.  Өйткені, 

осы түсініктер ғана модельдеу субъектілеріне нені өзгерту, нені алып тастау, 

нені сақтау және нені жаңа модельге қосу керектігін айқындауға көмектеседі.  

 

Өзіндік 



жұмыстарда 

танымдық 

белсенділікті 

арттырудың 

шындықтағы түсінігінің болуы концептуалды және нормативті (болжамдық) 

моделін  қамтамсыз  ету  шарттары  модельдеу  үрдісінің  кезеңдерінің 

сипаттарымен  және  оған  қатынасушылардың  іс-әрекетінің  алгоритмімен 

тығыз  байланысты.  Болжамдық  модельге  қатысушылардың  әрекетінің 

бірізділігі төмендегідей болады: 

 

-  өзіндік  жұмыстарда  танымдық  белсенділікті  арттыруда  модельдеуді 



ұйымдастыруды жоспарлау; 

 

-  өзіндік  жұмыстарда  танымдық  белсенділікті  арттырудың  қалпы  мен 



жағдайларын талдау; 

 

-  өзіндік  жұмыстарда  танымдық  белсенділікті  арттыру  іс-әрекетін 



ұйымдастыру; 

 



өзіндік 

жұмыстарда 

танымдық 

белсенділікті 

арттыруға 

қатысушылардың әрекеттерін интеграциялауды жүзеге асыру; 

 

-  өзіндік  жұмыстарда  танымдық  белсенділікті  арттыруға  арналған 



тапсырмалар жүйесінің соңғы нұсқасын ұсыну

 

-  өзіндік  жұмыстарда  танымдық  белсенділікті  арттырудың  моделін 



эксперимент арқылы дәлелдеу. 

 

Бірінші,  өзіндік  жұмыстарда  танымдық  белсенділікті  арттырудың 



моделін жалпы түрде іске асыру мүмкін емес. Тәжірибеде ол кезең бойынша 

іске  асырылып,  үнемі  жүйені  тұтастай  қабылдаумен  шамаластырылып 

отырылады.  Екіншіден,  мұғалімдер  мен  оқушылардың  субъективтік 

ұстанымдарын  қамтамасыз  ету  қажеттілігі.  Мұғалімдер  мен  оқушылар 

модельдеу  үрдісіне  тікелей  қатыстырылып,  олардың ұсыныстары ескеріліп, 

модель көптеген талқылаулардан өтуі қажет. Үшіншіден, өзіндік жұмыста негізгі 

танымдық белсенділікті арттырудың моделін тиімді жүзеге асыру үшін бастауыш 

мектептер  маман  кадрлармен  қамтамасыз  етілуі  тиіс. Төртіншіден,  өзіндік  



 

418 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Нақыпова Г.Қ.  Өзіндік жұмыстарда танымдық белсенділікті арттыру моделінің мазмұндық...

 

 

 



жұмыстарда  танымдық  белсенділікті  арттырудың  моделін  жүзеге  асыратын 

ғылыми-әдістемелік  жағынан  қамтамасыз  етілуі  материалдық-техникалық, 

қаржылық мүмкіншіліктермен астасып жатыр.

 

Модельдің  шешетін  түпкілікті  мәселелерінің  бірі  –  модельденетін  жүйенің 



орнын  анықтау.  Модель  мазмұнын  талқылау  оның  негізгі  элементтері  мен 

өзгерту  жағдайларының  қызмет  ету  сипатын  анықтауға,  адамның  жалпы 

дамуының бірнеше ерекшеліктерін анықтауға ықпал етеді. 

Бірінші  ерекшелік  –  ақпараттарды  сыртқы  жүйеден  бұрмалаусыз,  толық 

көлемде  қабылдау.  Бұл  үшін  адамның  барлық  сезім  мүшелерінің  қолайлы 

жұмысын,  оқу  материалдары  мен  мәдени  құндылықтарды  қабылдап,  өңдеп, 

меңгеру  үшін  оқушының  қалыпты  да  жұмысқа  қабілетті  күйін  қамтамасыз  ету 

керек. 


 Екінші  ерекшелік  –  бұл  сырттан  келген  ақпараттың  ойлаудың  құрылымы 

мен  қажеттілік  жүйесінің  даму  деңгейіне  сәйкес  келуі.  Бұл  ақпарат  адамда 

«қызықты», «қозу», «көңіл-күйге ортақтасуы» арқылы жүзеге асырылады. 

 Үшінші  ерекшелік  –  ішкі  арна  байланыстары,  реттеу  бағдарламалары  мен 

құрылымдарының  тиімді  жұмысын  «Мен  тұжырыммен»  қамтамасыз  ету.  Бұл 

үшін педагогтың оқушыға қатысты жеке, бағдарлы жолы жасалуы қажет. 

 Төртінші  ерекшелік  -  нәтижелі кері байланыс арқылы өзінің маңыздылығы 

(қоғамдық  қолдау)  мен  өзін-өзі  жүзеге  асыруды  (жеке  жетістік)  қамтамасыз 

ететін сыртқы іс-әрекетті қалыптастыру. Бұл жерде ерекше айта кететін жай: кері 

байланыс шығармашылық сипатта болуы керек. 

Бесінші  ерекшелік  –  адамның  дамуы  тәрбиелеу  мен  оқыту  мақсаттарына 

кешенді  түрде  жетумен  ғана  мүмкін  болады,  яғни  адамның  жеке,  дара  адам, 

субъект  пен  өзіндік  тұлға  болып  дамуы.  Мұндағы  тәрбиелеудің  қажеттілік 

иерархиялары  мен  құндылық  нысаналарын  қалыптастыру,  ал  оқытудың  ойлау 

құрылымы мен когнитивті жаңадан пайда болғандарды қалыптастыру. 

Сонымен, ұсынылып отырған тұлға моделі педагогикалық қызметтің негізгі 

мақсаттары  мен  міндеттерін  шешу  жолдарын  алға  қойып,  оларды  анықтауға 

ықпал етеді. Жеке адам, қоғам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықтарды 

шешу жеке тұлғаның қажеттіліктері мен құндылық нысаналары жүйесін дамыту 

арқылы жүзеге асырылады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Штофф В.А. Роль модели в познании. – Л.: Изд-во: Ленинград. 1963.-128 с. 

2.

 



Дахин  А.Н.  Педагогическое  моделирование:  сущность,  эффективность  и  неопределенность 

//Педагогика. − 2003. − №4. − 22 с. 

3.

 

Философиялық сөздік //құрас. Нұрғалиев Р.Н. - Алматы, 1996. – 522 б. 



4.

 

Қоянбаев Р.М. Педагогикалық сөздік. - Түркістан, 2006. – 170 б. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет