А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Шойбеков Б. Жазба айтыстың жасалу жолдары
ақындар айтысы қатар дамып отырған. Ал, жазба айтысқа қатысушылардың
арабша хат танығанын, шығыс әдебиетін жақсы білгендігін де ескеруіміз
керек. Бірақ бізге жазба айтыс үлгісін ұсынып отырған сол елдерде де әуелі
суырып салма ақындар айтысының пайда болғаны ақиқат. Сыр бойы
ақындарының шығыс сюжетіндегі дастандарды қайта жырлауы осы
аймақтағы жазба айтыстың дамуына ықпал етсе керек. Олай болса суырып
салма ақындар айтысының көшіріліп, жазба түрде таралуы да жазба
айтыстың пайда болуына әсерін тигізбеді деп айта алмаймыз.
Жазба айтыстың түрлерін де жанрлық тұрғыдан жіктеудің едәуір
қиындығы да бар. Ол қиындық жазба айтыстың әуелі не екендігін
анықтаудан туындайды. Оның жасалу тәсілдерінің алуан түрлі болып
келуінің басты сыры диалогтың әртүрлі жолдармен жасалатындығына да
байланысты. Суырып салма ақындар айтысындағы диалогтар хат түріндегі
немесе жұмбақ не мысал түріндегі айтыстардан мүлде бөлек. Жазба
айтыстың ауызша айтыстан жаратылысынан бөлек екендігі де осы
диалогтардың жасалу тәсілдерінің өзіне тән ерекшеліктерінен көрінеді.
Жазба айтысқа қойылатын жанрлық талаптардың қандай болатындығы
жөнінде ортақ пікірге келудің өзі де оңай шаруа емес. Мұның өзі, әсіресе,
хат түріндегі жауаптасулардың бәрінің бірдей жазба айтысқа қосылып-
қосылмайтындығын анықтау мәселесімен түйіседі. Біз осы арада
“жауаптасу” және “айтысу” деген сөздер бір-біріне баламалық міндет атқара
ала ма, жоқ па деген сауалға нақты жауап табуымыз керек.
Жалпы алғанда жазба айтыстың жасалу жолдары неше алуан суырып
салма ақындар айтысына қарағанда композициялық құрылымы жағынан
күрделі болып келеді. Бұл оның жасалу тәсілдеріне байланысты.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. Алматы: Мұраттас. 1976.
2.
Жармұхамедов М. Айтыс өлеңдерінің арғы тегі мен дамуы. Алматы: Мұраттас, 2001.
3.
Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Он алтыншы том. Зерттеулер мен оқулықтар.
Алматы: Жазушы, 1985.
4.
Валиханов Ч. Сочинения. СПб. 1904.
69
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Г.Р.СӘУЛЕМБЕК
А.Ясауи атындағы ХҚТУ аспиранты
ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ
В этой статье рассматриваются творческие поиски писателя Т.Жармагамбетова, тематика и
проблематика, а также своеобразные особенности его произведений.
This article studies the creative activity of the writer T.Zharmagambetov, his works’ subject-matter and
problems.
Өмір бір қалыпты тұрмайтыны секілді, әдебиет те жаңа есімдермен
үнемі толығып, құбыла түрленіп, өзгеріп, байып отырады. Алпысыншы
жылдары кең тынысты, терең ойлы шығармаларымен танылған жаңа
есімдердің бірі – Тобық Жармағамбетов еді.
Ол әдебиетке өзінің бөлек үнімен, нақышты суретімен, әрқилы сыры
мол мінез жасау шеберлігімен, өз түсінігімен, білім-парасатымен келді. Бір
өкініштісі, ол шығармашылықтың көрігін қыздырып, бірақ саф құймалардан
әдебиеттің әдемі әшекейлерін жасап үлгере алмай кетті. «Жазушының соңғы
сөзі қаламының ұшында қалды» [1.2]. Олай деуіміздің себебі Ақтөбе
Ферроқорытпа зауытының жұмысшы, қызметкерлері өмірінен үлкен роман
жазбақ ниетімен жүрген жазушы осы діттеген мақсатына жете алмай
пәниден бақиға озды. Мұрағат папкаларында оның өлеңдері, өзі теледидар
саласында қызмет атқарған жылдары жазған киносценарийлері сақталған.
Жаны нәзік жазушының ақындық қасиеттен құралақан еместігіне онда
жатқан алпысқа жуық өлеңдері куә, бірақ ол көңіл толқындарын қағазға
түсіргенмен өзін ақынмын деп есептемеген сияқты, ешбір өлеңін баспаға
ұсынбапты. Алайда, бұл жазушының әдебиетке ат басын кездейсоқ
бұрмағандығының айғағы болса керек. Табиғаттың өзі толғатып туған
тамаша таланттың бар асылы бойында кетті.
Жазушы біз «тоқырау заманы» деп атап жүрген 60-80 жылдардың
өзінде де, бойындағы табиғи талантын таныта отырып, шын мәніндегі хас
шеберге тән тереңдікпен, ойшылдықпен, сыршылдықпен қалам тербеп, аз да
болса саз, бүгінгі уақыт, замана талабына сай салиқалы ой, салмақты жүк
арқалаған шымыр шығармалар жазды. Талғампаз оқырман қауымның ыстық
ықыласына, зор сүйіспеншілігіне бөленді.
Т.Жармағамбетов шығармашылығының зерттелуі хақында сөз етсек,
Қазақстан Жазушылар Одағының жиын-пленумдары материалдары,
сыншылар, пікір айтушылар тарапынан жазылған аздаған мақалалар
болмаса, толымды зерттеу еңбегі жоқ.
Түрлі басылым беттерінде әдебиетші қауым арасында Мұхтар
Мағауин «Жанр табиғаты» [2], Қажығали Мұқанбетқалиев «Екі жүрек
жайлы бірер сөз» [3], Рахманқұл Бердібаев «Бүгінгі проза және өмір
шындығы» [4], Сәндібек Әлібекұлы «Айдындағы ақ желкен еді» [5]
мақалаларында жазушының тақырып таңдау ерекшелігі, шығармашылық
шеберлігі, т.б. мәселелерге тоқталып, оның шығармашылығының өзіндік
қолтаңбасы мен әдебиеттен алар орны туралы әңгіме өрбітіп, өз пікірлерін
70
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Сәулембек Г.Р. Жақсының аты өлмейді
білдіріп өтіпті.
60-жылдары өткір сын мақалаларымен жарқырай көрінген филология
ғылымдарының кандидаты З.Серікқалиевтің «Жазушы және шығарма» атты
мақаласы жазушы шығармашылығына берілген алғашқы баға болатын.
Ал, жазушы шығармашылығына берілген оң бағаның негізсіз
еместігіне оның тамаша туындылары мен сын-пікірлері куә. М.Мағауин
қаламгердің шығармаларына қатысты: «Жас прозаиктеріміздің ішінде аз
жазса да нәрлі жазып жүргендердің бірі – Тобық Жармағамбетов. Оның
«Екі жүрек», «Хаттар, хаттар», «Отамалы», «Қашқын» сияқты әңгімелері –
үлкен прозаға жасалған сәтті қадамдар. Тобық шығармаларын енжар оқи
алмайсыз. Автор жастығына қарамастан қалам құдіретінің кейбір
құпияларын меңгеріп үлгерген. Жас прозаиктің таланты сан қырлы, тынысы
кең. Ол өзі суреттемек өмірге бойлап ене алады. Сонымен бірге көптеген
жас жазушыларға ортақ кемшілік – тақырып тарлығы да Тобық
творчествосынан аңғарыла қоймайды. Автор өзін қайталамауға тырысады.
Сондықтан оның әрбір әңгімесінде жаңа ортаға түсіп, жаңа адамдарға
ұшырасып отырасыз» [2.2-3] – деген тұжырымын ортаға салған екен.
Жоғарыдағы қаламгер шығармашылығына қатысты түйінді пікірлер
зерттеушілер тарапынан зерделер көп дүние бар-ау деген ойға жетелейді.
Ал, соңғы жылдары Т.Жармағамбетовтың 50 жылдығы қарсаңында
замандас қаламгерлердің оның шығармашылығына қатысты әр кездерде
баспасөзде жарияланған пікірлері мен құрбы-құрдастарының естеліктерін
топтастырып шығарған «Сәлем саған, ер Тобық!» атты жинақ қана жарық
көріпті. Бір мақала көлемінде Т.Жармағамбетовтың шығармашылығына
байланысты мәселені жан-жақты, түгел қамту мүмкін емес, оның
шығармашылығы – әр қырынан зерттеуді талап ететін, түрен түспеген тың
дала.
Адамның басынан кешкен ғұмыры жылжып өткен жылдармен емес,
оның болашақ ұрпаққа қалдырған ізі, мұрасымен өлшенетіні сияқты ол –
өзінің қамшының сабындай қысқа ғұмырында ұрпақтан-ұрпаққа ұласа
беретін адамгершіліктің асыл қасиеттерін дәріптейтін тәрбиелік тағылымы
мол алты повесть, он жеті үлкенді-кішілі әңгімелерін қалдырған жазушы.
Бұл – оның тек баспа бетін көрген шығармалары.
Т.Жармағамбетовтың тырнақ алды туындысы – «Екі жүрек» әңгімесі.
Бұл шығарма 1957 жылы «Жұлдыз» журналына басылып шығады. Бұл
әңгіме адамгершілік мәселесі тақырыбында жазылған туындылардың
бірінен саналады. Жазушы алғашқы шағын әңгімесінің өзінде-ақ өмір
шындығын, мөп-мөлдір суреттегені сондай, тіпті сол кездегі студент
жастардың қолынан тастамай сүйіп, сүйсініп оқитын шығармасына
айналған. Сонымен әңгіме былай басталады: Арын деген жігіт мектепті
бітіргеннен кейін көрші ауылдың Роза деген қызымен танысып, көңіл
жарастырып, шаңырақ көтереді. Екеуі Арын әкесіне қой бағысып, келер
жылы оқуға барамыз деп жүргенде бұлардың басына күтпеген жерден
71
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Сәулембек Г.Р. Жақсының аты өлмейді
бақытсыздық бұлты үйіріледі. Қой бағып жүріп, боранда адасып кеткен
сүйген жары Розаны құтқарамын деп жүріп, Арын сол жақ аяғынан
айрылады. Сүйгені үшін өзін құрбандыққа шалып, оны ажал тырнағынан
алып қалғаны, «жас жанды ауыр азаптан құтқардым ғой» деген ой кеудесіне
нұр, көңіліне сәуле құйып, бір аяқтың жоқтығы сезіміне көлеңке
түсірмейтін. Бірақ сүйген жары Роза Арынның көзіне шөп салып, намысын
жерге таптап кетіп қалады. Содан бұлар араға алты жыл салып кездеседі.
Бұл Розаның «Адамгершілік мәселесіне» диплом қорғап шыққан соңғы
қуанышты сәті болатын. Осы жердегі автордың сәтті бейнелеуі арқылы
айтпақ ойы мынада: Кей адамдардың өмірде айтатын сөзі мен істейтін
қылықтары бір жерден шықпайтынын айта келіп, Роза сияқты
адамгершіліктің ала жібін аттаған адамға «Адамгершіліктің мәселесі»
жөнінде жазбақ түгіл, оны аузына алып айтуға өзінше тыйым салғысы
келеді. Бұл жерде Тобық ағаның оқырманды жетелей жөнелетін тартымды
тілі барын атап өткен жөн. Сірә, шытырман оқиға болмаса, сұлу сөздердің
тізбегіне бүгінгі оқырман еліте қоймайды. Бұл жерде автор оқиғаны да
тартымды етіп құра білген. Автор қай әңгімесінде болса да арқау етіп алған
жайды шашпай-төкпей шымыр суреттей білген. Бұл да болса жазушының
стилінің қисындылығымен оқырманды өзіне тартып, еліктіріп әкететін
шеберлігі шығар.
Жазушының басқа туындыларын айтпағанда, үлкен бір повеске пара-
пар «Отамалы» әңгімесі әдебиетіміздің алтын қорына қосылған асыл мұра
болып қалмақ. Белгілі сыншыларымыздың бірі бұл әңгімені Эрнест
Хемингуэйдің Нобель сыйлығын алған «Шал мен теңіз» повесімен үндесіп
жатыр деп бағалауы тегін емес. Сыншы, филология ғылымдарының
кандидаты Зейнолла Серікқалиев «Отамалыны» талдай келіп: «Бұл әңгіме
не үшін керек деген сұраққа жауап берер болсақ, ата-бабаларымыздың өткен
өлмеші өмірін, ауыр да азалы тіршілігін танып, бүгінгі бақытты бағалай білу
үшін керек!..» – деген болатын [6.7].
«Өткен жылғы әңгімелер ішінен көз тартарлық, көңіл бөлерлік
шығарманың бірі – Тобық Жармағамбетовтың «Отамалы» деген туындысы.
Бұл әңгіме көтерген идеясымен де, көрсеткен оқиғасымен де оқырманға ой
саларлық. Автор көктемгі кенет боранда қой соңында жүріп үсіп өлген
қойшы Отамалы немесе «бес қонақ» туралы ескі аңызды жаңғырта айтып
шыққан. Бірақ әңгіменің бүгінгі күнге де жалғасатын түрі бар. Өмірдің аса
маңызды мәселесін танытуға септесетін ескі оқиғаны жалғап ала білуі, оны
көркем ақиқат етіп әңгімелеуі – жас жазушының әлеуметтік мәселелерге
көңілі сергек, көркемдік жинақтаулар жасауға қабілетті екендігін көрсетеді.
«Отамалы» – әдебиетімізге қосылған жақсы шығарма деп айта аламыз»
[4.2].
«Отамалы»
– этнографиялық әңгіме. Халық күнтізбесінде
«Бесқонақты» халқымыз екінші сөзбен «Отамалы» деп атап кәсіпке
бейімдеп аңызға қосқан.
72
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Сәулембек Г.Р. Жақсының аты өлмейді
«Абай жолы» роман-эпопеясының «Шытырманда» тарауында
Отамалы туралы ел аузындағы аңызға М.Әуезов аз ғана тоқталып кеткен
[7.106]. Автор заманымыздың ұлы жазушысы бір бетке ғана сыйдырып,
кейіпкерлерінің аузына салған аңызға жан бітіріп, жаңа қырынан танытып,
«Отамалы» арқылы астарлы, қат-қабат әлеуметтік сыры бар хикаяны жақсы
ашып берген.
«Нәзік бұлттар» повесі – Тобықтың ақындарға тән аса нәзік
сезімталдықпен беріле жазған, өлеңдей өріліп, жібектей есілген шынайы
лирикалық, терең психологиялық шығармасы. Бұл – жазушының кәдімгі
суретшінің сырлы бояумен салған суретіндей тап-таза мөлдіреп тұрған
жарқын дүниесі. Оны оқыған кісінің сусынын қандыратын өзгеше бір сырлы
қуаты бар, жалындап тұрған жастық өмір бар. Бұл шығарманың басынан
аяғына дейін тұнып тұрған нәзік лиризм бе, әлде қанық бояумен берілген
дала суреттері ме, әлде найзағай сияқты мұңсыз махаббаттың тосыннан
туған трагедиясы ма, кім білген әйтеуір көңіл пернесін босататын жақсы
қасиеті бар. Мұнда Бекежан мен Төлеген жоқ. Махаббат пен адалдық бар.
Сол адалдықтың, адамгершіліктің асқарлы мұраты суреттеледі.
Т.Жармағамбетовтың «Ақ жауын» повесі – Кеңес өкіметінің орнауы
кезеңдерінде орын алған оқиғалар негізінде жазылған шығарма. Азамат
соғысының аумалы-төкпелі дүрбелеңінің оқшау бір реалистік суреті, даланы
советтендіру кезіндегі «қиян-кескі тап күресі» «Сентябрь түні» мен «Ақ
жауын» повестерінде мейлінше шынайы көрсетіледі.
«Сентябрь түні» повесінде жазушы азамат соғысы кезіндегі бір қазақ
ауылының, оның адамдарының тағдырын суреттейді. Мұнда автор атты
казактардың ауылда орнатқан ылаңын баса баяндайды. Екі дүркін келген
казактар бейбіт жатқан қазақ ауылына ойран салады. Атты казактардың
озбырлығы шындық шеңберінде жазылған. Жазушының сипаттап отырған
жайлары сонша нанымды және сонша анық та, дәл. Осы повесте үңгір
ішіндегі ауыл әйелдерінің оларға қарсылық көрсетіп, өлтіруге дейін барған
айқас
та
тартымды
суреттелген.
Жазушының
жеке
мұрағат
материалдарынан кездестірген осы повестке жазылған Ж.Жұмахановтың
рецензиясында «бұл қанды тартыстың әлеуметтік астары берілмеген» деген
сын пікір айтылыпты. Яғни, осы ауылда болып жатқан тартыстың себеп-
салдары көрсетілмеген, жау мен ел арасындағы болып жатқан үлкен
майданнан ешқандай белгі, мысал келтірілмейді делінеді. Алайда, нағыз
шындықтың өзі осында ма деп қаласыз. Өйткені шалғайдағы момақан ауыл
тап күресі, ақтар мен қызылдар күресі, жалпы үлкен майданнан хабары жоқ.
Тек ел іргесіне ылаң салып, тыныштықты бұзғандармен, малы мен арына
қол салғандармен ғана күрес бар.
«Ақ жауын» повесінде де «Жанымнан – малым садақа, арымнан –
жаным садақа» деген ізгі принцип Өтепберген мен Сағындық бейнелерінен
айқын сезіледі. Олар қияметтей қиыншылық көрсе де, аранын ашқан ажал
аузында тұрса да арын сатпайды, әр уақыт адамгершілік деңгейінен көрініп
73
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Сәулембек Г.Р. Жақсының аты өлмейді
отырады. Қапылыста тұтқынға түсіп қалған партия қызметкері Өтепбергенді
тірі қалдыру үшін өз жолдастарының қанын жүктеп, өлтіруге үгіттейді. Ол
іштей: «Арам өмірден адал өлім артық. Ол – қасиетті өлім. «Өлім-өлім» деп
қорқыта берме кісіні. Ол сен ойлағандай құбыжық емес! Оның да қасиеттісі
болады. Өмірден жабысып айырылмайтындар – тек қорқақтар ғана. Өмір
үшін олар бәрін де сатады. Жоқ жалғыз адамның өмірінен де артық нәрселер
бар шығар дүниеде. Өмір сүрсең – соны ұмытпа!» – деген берік шешімге
келеді.
Жазушы тап күресін әсіре боямалылықпен беруден аулақ, кеңес
үкіметіне шын берілген Өтепбергеннің бүгін бар, ертең жоқ ауылдардың
келешегі туралы күмәнді ойларын, сонымен қатар пайғамбар атын
жамылып, өз мүддесін көздеп елді айдап салып отырған Таңжарықтың да
пенделік құпияларын ашады. Сонымен қатар, бейбіт елдің қантөгіске,
жауыздыққа қарсылығы, қай топқа ерерлерін білмей дағдарған екіұдай
күйлері де нанымды бейнеленген. Өтепбергендер тобы ұсынған кеңес
үкіметінің жаңалығынан сескеніп, күмәнді күй кешкен ел, Таңжарық
ұсынған жолды да құп көрмейді.
«Бәйтеректің жас шағы» деген повесі жазушының аса дарынды халық
ақыны Нұрпейіс Байғаниннің өмірі мен өнер жолына арналған. Ақынның
қандай орта, қай кезеңде, қалай ақын аталып танылғаны жайындағы бұл
хикаяның бүкіл болмысынан дәуір тынысы, сол кездегі дәстүр, салт-сана
жан-жақты суреттеледі. Халық сүйікті, орақ тілді ақынын танытса, ақын
халқын танытады.
Біздің әдебиетімізде Отан соғысы кезіндегі ауыл өмірі, ер азаматын
майданға аттандырып, шиеттей бала-шағаны бағып қалған аналар туралы
үлкенді-кішілі шығармалар көп жазылды. Бұл тақырыпқа жазушы да қалам
тартқан. Оның «Қара жаңбыр» атты повесі – соның айғағы. Кейіпкер
характерін мүсіндеу, олардың жан тебіреністерін небір құбылыстарына
дейін ыстық табын суытпай дәл беруі жағынан, әсіресе ұлы майданда мерт
болған ана қасіретін және оның ұлылығын бейнелеу жағынан туған
әдебиетімізден мұндай туындыны табу қиын шығар. Ақлағыл атты ана –
осынау сар даланың сараң табиғатымен біте қайнап өскен, түз өмірінің күллі
ауыртпалығын қанша арқаласа да мыңқ етпей тарта беретін нар тектес
төзімді жан. Оның екі ұлы сонау аласапыран қуғын-сүргін кезінде құрбан
болған. Солардың күйігінен бе, әйтеуір шал байғұсы да үнсіз жүріп сөнеді.
Енді иек артар жалғызы, майдандағы Мырзашының тілеуін тілеп, соның
шаңырағын шайқалтпай, от басына өзі келгенше бас-көз болсам деп
жүргенде, одан да «қара қағаз» келеді. Автор оның адам тілімен айтып
жеткізгісіз жан күйзелісін шеберлікпен суреттейді. Қаралы қасірет үстінде
де сабырлылық деген ұлы қасиетін сақтап қалады. «Өзіне жаудырай қарап
тым-тырыс қалған үй ішінен аяғын әдеттегіден гөрі еппен басып шығып
кетеді. Сосын ойланбастан-ақ құла түзге жүре береді. Оны... аяқтарының
өзі-ақ алып келе жатқандай. Ол әлі көзіне бір тамшы жас алған жоқ. Тек
74
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Сәулембек Г.Р. Жақсының аты өлмейді
жоқтау сарынымен іштей күбірлеп келеді. Алды ақ тұман... Көзінің
нашарлығынан ба? Қарайып барады ғой... Тас қараңғы ғой... Ең болмаса
жұлдыздар қайда? Баяғыдай... жоқ, жоқ, ештеңе жоқ... Баяғыда қыз күнінде
күн тұтылғанда осындай болып па еді?» Осыдан әрі қарай автор қарт
ананың қасіретін, өмір мен өлім туралы толғанысын, жан азабына түсіп
жатып, шалының маңдайынан сипағандай құлпытас бетін сипағанын егіле
отырып жазады.
Т.Жармағамбетовтің әңгімелерінің табиғаты тылсым, ең ерекше
дүниесі – «Эмигранттың өлімі». Жазушы тақырыбына шек қойылмайды ғой.
Дегенмен, дипломат, саяхатшы болмаған жазушыны түрткен ой, әңгімені
жазуға итермелеген қандай күш болды екен? Ол әзірге белгісіз болып
отырған сырлардың бірі.
Жазушының әдебиетке келуін алғашқы бір-екі шығарма беруімен
емес, белгілі дәрежеде көркемдік шеберлікті меңгеруімен белгілеген дұрыс
болады.
Қай әңгімесін алмаңыз, ол оқушысын ешқашан бейтарап
қалдырмайды, сүйсіндіреді, тебірендіріп сендіреді, ойландырады. Ол ылғи
да іздену, зерттеу, сезіну үстінде жүретін, өзіне ұнаған тағдырды ой елегінен
өткізіп, әбден тебіренбейінше қолына қалам алмайтын. Оның туындылары –
тұтас тұрған бір өзінше әлем. Оны оқыған мезетте адам көркемдік қуат,
ләззат алып қана қоймайды, сонымен бірге адам баласына тән не қилы мұң
мен сырдың аралын аралап жүре береді. Жазушы мен оқушы арасындағы
белгілі бір байланыс іштей сабақтасып жатады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Дияр Н. Тобықты біледі екен бүгінгі жұрт // «Ұрпақ үні». 3 маусым, 1994.
2.
Мағауин М. Жанр табиғаты// «Лениншіл жас». 17 ноябрь, 1965.
3.
Мұқанбетқалиев Қ. Екі жүрек жайлы бірер сөз // «Коммунизм жолы». 14 март, 1969.
4.
Бердібаев Р. Бүгінгі проза және өмір шындығы // «Қазақ әдебиеті». 9 май, 1969.
5.
Әлібекұлы С. Айдындағы ақ желкен еді// «Ақтөбе» 10 маусым, 2004.
6.
Жармағамбетов Т. Отамалы. – Алматы: «Раритет», 2002. -212 б.
7.
Әуезов М.. Абай жолы. Роман-эпопея. – Алматы: «Жеті жарғы», 1997. 1-кітап: -320 б.
Достарыңызбен бөлісу: |