Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет5/66
Дата06.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#7953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66

Һ  дыбысы  түркі  тілдерінің  тарихи  дамуында  өзіндік  орны  бар. 

Жоғарыда  келтірілген  тілдік  фактілердің  бүкіл  түркі  тілдерінде  көптеп 

кездесуі  және  сол  сияқты  „аһ!”,  „оһ!”,  „уһ!”  тәрізді  адамның  көңіл-күйіне 

байланысты  қолданылатын  одағайлардың  дүние  жүзі  халықтары  тіліне 

ортақтығы  бұл  дыбыстың  қазақ  тілінде,  сонымен  қатар  түркі  тілдер 

жүйесіндегі кездейсоқ фонема емес екендігін дәлелдей түседі.  

    Қазіргі түркі тілдерінде мысалы: 

 

Қазақ тілінде 



Қырғыз тілінде 

Өзбек 


тілінде 

Түрікмен 

тілінде 

Татар 


тілінде 

Түрік 


тілінде 

қанжар 

kancar 

hancör 

hancar 

häncär 

hançer 

хабар 

kabar 

habär 

habar 

häbär 

haber 

шығыс 

çığış 

çіkış 

 

çığış 

çıkış 

 

Әзірбайжан 



тілінде 

Башқұрт 


тілінде 

Ұйғыр 


тілінде 

Білдіретін мағынасы 

 

häncär 

 

häncär 

белге  байлап  жүретін  екі  жүзді,  ұшы 

үшкір  өткір  пышақ  [ҚТТС.,  6-т.,  8-б.,  -

624] 


 

 

häbär 

 

 

häbär 

 

 

hävar 

астық  бастыратын,  болған  іс,  оқиға, 

сондай-ақ 

біреулердің 

хал-жайы 

жөнінде  білдірілген  ауызекі  немесе 

жазба  түріндегі  қысқаша  мәлімет 

[ҚТТС., 10-т., 49-б., -512] 



 

çıhış 

 

sığış 

 

çіkış 

шаруашылықты 

ұйымдастыруға 

жұмсалған  ақшалай–заттай  шығын 

[ҚТТС., 10-т., 317-б., -512] 

    

 


    

 

31 



Мағынасы  жағынан  ешқандай  айырмашылығы  жоқ  бұл  тілдік  деректердің 

сыртқы  тұлғалық  жағын  салыстырсақ,  һ



х



қ



к



ғ



г  дыбыстарының 

сәйкестігін  түзеді.  Түркі  тілдері  арасында  һ



х



қ



к



ғ



г  дыбыстарының 

ешқандай мағыналық мән жүктемей алмасып жатуы әсіресе сөздің абсолют  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 Ерімбетова А.Х.  Түркі тілдеріндегі һ дауыссыз дыбысының табиғаты жайында 

 

 



соңында  жиі  кездестіндігін  тілшілер  де  анықтайды.  Түркімен  тілі 

говорларында  gіrk-gіrq-gіrh  „сорок”  [8].  Татар  әдеби  тілінде  vaga,  түмен 

говорында paγa „лягушка”. Чуваш тілінде saxal, қаз. тілінде saqal „борда”

қаз. т-де žaγa, ноғ. т-де   jaga, құмық т-де jaqa, қырғыз т-де žaga, якут т-де 



saxa, хакас т-де čaga, чуваш т-де suxa „воротник”

    Һ



х



қ



к



ғ



г  дауыссыз  дыбыстарының  сәйкестігіне  негіз  болған 

дыбыстар тілдің белгілі бір даму тарихында нақты бір фонеманың сапалық 

жетілуінен  пайда  болып,  қазіргі  тілімізде  фонема  дәрежесіне  жеткен.  Бұл 

сәйкестіктің  архетипін  анықтауда  түрколог-ғалымдардың  пікірі  әр  түрлі. 

Белгілі түркітанушы Н.А.Баскаков һ, х, қ, к, ғ, г дыбыстарының қалыптасу 

жүйесін анықтай келе, к дыбысын алғашқы деп танып, аллофондардың даму 

жолын  бес  кезеңге  бөледі.  “Первоначально,  как  видно  из  привлеченного 

фактического материала по всем тюркским языкам, задние согласные были 

представлены  одной  фонемой  с  множеством  аллофонов,  не  имеющих 

смыслоразличительной функций:  

І.  

1. [к(-g-q-q-у-х-һ)]; 2[ņ] 



ІІ. 

1. [к(-g-q-q-у)]; 2[у]; 3[ņ] 

ІІІ. 

1. [к(-g-q-q-)]; 2[у]; 3[ņ]; 4 [һ] 



ІҮ-Ү.  1. [к]; 2 [g]; 3 [q]; 4 [х]; 5 [һ]; 6 [у]; 7[ņ].  [9. 105-108]. 

    Соңғы  кездегі  ғылыми  зерттеулер  һ~х~қ~к~ғ~г  дыбыстарының  архетипі 

туралы мынадай нәтижеге келеді:  

  

 



                                              х 

                                             һ-*х-қ 

   { к-г   

 

 



 

 

 



      ғ-г 

        Көп  жылдар  бойы  зерттеудің  нәтижесінде  ғалым  Б.Сағындықұлы  һ 

дыбысын  архетип  деп  санайды  және  өз  ойын  былайша  нақтылай  түседі: 

«Тілдің  өзі  қандай  көне  болса,  һ  дауыссызы  да  соншалықты  көне.  Бұл 

дыбыстың  одағайлардың  құрамында  сақталуы  осы  пікірдің  толық  дәлелі. 

Одағайлар  ең  алғаш  пайда  болған  дыбыстардың  қатарына  жатады.  А 

дауыстысының айтылуында қандай еркіндік болса, ежелгі һ дауыссызының 

айтылуында  да  сондай  еркіндік  болған.  Бұл  да  оның  байырғылығын 

көрсететін  қасиет.  Ол  баста  эмоциялық  сезімдер  (қуану,  жөтелу,  күрсіну 

т.б.)  һ  дыбысын  жарыққа  шығарды.  Бұл  дыбыс  уақыт  өте  келе  фонемаға 

айналды»  [10.  44].  Шынында  да,  дауыстылардың  да,  дауыссыздардың  да 

көмейден,  тіл  артынан  тіл  алдына  қарай  жылжу  заңдылығын  ескерсек, 

әріден, аса терең ауа толқынымен айтылатын һ дыбысын архетип деп тануға 

тура  келеді.  Н.А.Баскаков  таныған  к  дыбысы  өзінің  орны  жағынан  х 

дыбысынан  да  кейін  тұрады.  Нақты  фактілерге  сүйеніп,  х,  қ,  к,  ғ,  г 

дауыссыздарын  тілдік  дамуда  һ  спирантының  аллофоны  түрінде  пайда 



    

 

32 



болып, қазіргі кезде дыбыстық жүйемізде фонема дәрежесіне айналған деп 

танимыз.    Сондықтан  бұл  аталған  дыбыстар  бір  негізден  тараған  тектес 

дыбыстар сәйкестігін құрайды.  

     


Жоғарыда  келтірілген  схема  бойынша һ  архетипінен пайда болған х, 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 Ерімбетова А.Х.  Түркі тілдеріндегі һ дауыссыз дыбысының табиғаты жайында 

 

 



қ, к, ғ, г  дауыссыздары сәйкестік түзіп, түркі тілінің әр даму кезеңдерінде 

көрініс табады. Орта ғасыр жазба ескерткіштерінің тіліндегі сөз соңындағы 



ғ/г дыбыстарымен айтылатын көптеген сөздер қазақ тілінде қатаңданып қ/к 

дыбыстарымен жазылады. Мысалы, атағ - “наименование, название, имя” – 



атақ;  йарлығ  –  «повеление,  приказ,  распоряжения»  –  жарлық;  тамуғ  – 

«схватки  (при  родах)»  -    толғақ;  билиг  –  «знание»  –  білік  т.б.  Бұл 

келтірілген  сөздер  қарлұқ-ұйғыр  тілдерінде  осылай  айтылады,  ал  оғыз 

тобындағы  тілдерде  ішінара  дыбыстық  өзгерістерге  ұшыраған.  Көптеген 

ғалымдардың  пікірінше,  түркі  тілдері  дамуының  ежелгі  кезеңінде  сөздің 

басы  да,  аяғы  да  бірыңғай  қатаң  дыбыстардан  тұрған.  А.М.Щербак  түркі 

тілдерінде қатаң дауыссыздардың сөз соңында ұяң дауыссыздарға қарағанда 

жиі қолданылғанын айта келіп, ерте дәуірде сөздің бәрі қатаң дауыссыздарға 

аяқталған  деген  пікір  айтады  [5.95-97].  Б.Сағындықұлы  да  «…  Орхон-

Енисей,  орта  ғасыр  ескерткіштері  тіліндегі  ғ  мен  г-ге  аяқталатын  сөздерді 

кейінгі құбылыс деп тануымыз керек» – дейді [10.41].  

Түп  тамырын  өте  ерте  кезеңдерден  алған  һ  архетипінің  жаңа 

фонемалық қасиетке ие болып, дамуының нәтижесінде пайда болған һ, х, қ, 



к,  ғ,  г  дауыссыздары  қазіргі  қазақ  тілінде  және  қазіргі  түркі  тілдеріндегі 

кездесетін Һ~х~қ



к~ғ



г сәйкестіктері тектес дауыссыз дыбыстар сәйкестігі  

болып табылады және қазақ тіліндегі сөз соңындағы қ, к дыбыстарын сөздік 

қорымызды жасауға қатысқан көне дыбыстардың бірі ретінде танимыз.  

 Қазіргі  түркі  тілдерін  тілдік  материалдарын  салыстыра  келе,  түп 

төркіні  көне  түркі  тілінен  алып,  даму  барысында  тілдер  арасында  түзілген  

сәйкестіктер қатары барына көз жеткіздік.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР  



 

1.

 



Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. Алматы:  “Ғылым”, 1988. -144 с. 

2.

 



Барашков П.П. Звуковой состав якутского языка. Якутск, 1953. -45 с. 

3.

 



Баскаков Н.А. Каракалпакский язык. Фонетика и морфология. Москва: Изд. АН СССР, 1952. 

310 с. 


4.

 

Строй казахского языка. А., 1991, 128 с. 



5.

 

Щербак А.М. Сравнительная фонетика тюркских языков. Л., Наука, 1970, 240 стр. 

6.

 

Убрятова Е.И. Опыт сравнительного изучения фонетических  особенностей языка населения 



некоторых районов Якутской АССР. М., 1960, 74 с. 

7.

 



Бураев  И.Д.  Некоторые  фонетические  особенности  говора  алароунгинских  бурят. 

Исследования бурятских говоров. Вып. ІІ, Улан-Уде, 132 с. 

8.

 

Атамедов Н. Манышский говор дилекта туркменского языка. Автореф. дисс… канд. филолог. 



наук. Ашхабад, 1965 

9.

 



Баскаков Н.А. Историко-типологическая фонология тюркских языков. –Москва: Наука, 1988. 

207 с. 


10.

 

Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. А., 1994, 168 б. 

 

 

 



    

 

33 



 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

А.Ә.ҮСЕНОВА  

филология ғылымдарының кандидаты, 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің аға оқытушысы 

 

ҚАЗIРГI ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАҢА ҰЙҚАСТАР 

 

          

В  статье  рассматриваются  поиски  современных  поэтов  в  области  рифмы.  Исследуются 

новые формы рифмы, а также внедрение новых способов рифмовки. Анализируются возможности 

образования ритмов посредством рифм.  

 

  

The author researches the use of  new methods of rhymes of famous Kazakh poets in the modern 

Kazakh poetry. The author also analyses  the formation  possibilities of rhythms by means of rhymes. 

 

         

Қазiргi 

әдебиеттану 

алдында 

тұрған 


мәселе 

дәстүр 


мен 

жаңашылдықтың  арақатысын  айқындау.  Дәстүрдiң  дамымай,  аясының 

кеңiмей  отырғандығының  қазақ  әдебиеттануындағы  тағы  бiр  үлгiсiн  қазақ 

ұйқастарынан байқаймыз. Б.Кенжебаев, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов 

сынды  өлең  құрылысының  мамандары  таратып,  нақты  айтып  кеткен  

дәстүрлi ұйқас түрлерiнiң айналасынан ұзай алмай келемiз.       

          Қара  өлең,  қаусырма,  кезектес,  шұбыртпалы,  аралас,  егiз  ұйқас 

түрлерiн қазiргi өлең ұйқастарына өзiндiк өрнегiн дөп басатын атау таппай, 

өңiн  айналдырып,  аталмыш  ұйқастарға  тели  беру  үрдiсi  бар.  Қазiргi  қазақ 

поэзиясында  жиi  кездесiп,  кеңге  жайылған  ұйқастың  өзгеше  өрнектерiн 

айқындап,  жаңадан  дәстүрге  айналдыратын  мүмкiндiк  қазақ  өлеңiнiң  даму 

мүмкiндiгiн  таразылауға жол ашар едi. Ұйқас туралы сөз қозғағанда оның 

өлеңнiң  дамымайтын,  бiр  түрден  екiншi  түрге  өзгермейтiн  таптаурын 

құбылысқа ұқсайтындығы жасырын емес.  

          Бұл  мақаланың  мақсаты  қазiргi  қазақ  өлеңiнде  кеңiнен  жайылып, жиi 

қолданысқа  ие  болған  ұйқас  түрлерiн  ажыратып,  олардың  шығу  төркiнiн 

айқындау.  Сонымен  қатар  қазiргi  ұйқастардың  пайда  болуына  жетекшi 

алғышарттарды  атап көрсету.    Өлеңдi  жасаушы  үш  негiз  болса,    оның осы 

үш  негiзiнiң  де  бұл  күнде    ерекше    түрленiп,  дамып,  өзгеше  өрiс  ашып 

отырғандығы  байқалады.  Қазiргi  қазақ  өлеңiнде    өзгеше  ұйқас  түрлерi 

жеткiлiктi.  Бұл  ұйқас  түрлерi  дәстүрлi  ұйқастардың  негiзiнде  жасалған. 

Дәстүрлi ұйқастар өлеңдегi логикалық өрiстiң жетегiне ерiп жаңа ырғақтық-

интонациялық серпiн тудыруда өзгеше ұйқас түрi   туындайды.  

Мен қарапайым қарттарды сүйем, 

Не деген керiм едi! 

Не бiледi осы жұрт, не бiледi?!       

Бабалардың баласы – қариялар 

Сиреп бара жатқандай көрiнедi [1.7]. 

Сусыны жоқ жолаушыдай кезерген 

Сусыным бiр қанбай қойды ежелден. 

Ол жүректiң шөлдегенi сезем мен; 

Төрт аяғын тағалатып бурылдың 



    

 

34 



Бұрқыратып кең өлкемдi кезер ме ем [1.66]? 

Қарайып кешегi аппақ маңдайлары



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 Үсенова А.Ә.  Қазіргі қазақ поэзиясындағы жаңа ұйқастар 

 

 



Аңызақта қаңситын таңдайлары 

Көздерiнде  тұратын Күндерiмнiң 

Көктегенi даланың  сарғайғаны. 

Қайран  бiздiң өмiрдiң – балқаймағы [1.79]. 

       Ақын  М.Мақатаев  өлеңдерiнде  мұндай  ұйқаспен  үндескен  өлең 

тармақтары  мол  ұшырасады.  Оның  үш  түрлi  комбинациясындағы  ортақ 

негiз - қара өлең ұйқасы. Дәстүрлi төрт тармақтың орнына  бес тармақ өзара 

сабақтасқан.  Алғашқы  шумақта  ұйқастан  тыс  қалған  алғашқы  тармақ  

қалған  тармақтардағы  ойдың  түйiнi.  Мұнда  дәстүрлi  қара  өлең  ұйқасы  

сақталған. Екiншi шумақта 1-2-3-5 тармақтар ұйқасады. Ал соңғы тармақта 

мүлдем  өзгеше  комбинация  жасайды.  1-2-4-5  тармақтар  үндеседi.  Тыңнан 

қосылып,  ұйқасу  ретiне  соны  сипат  дарытқан  соңғы  тармақтағы  ой  өрiсi 

өзгеше  ашылады.  Алдыңғы  тармақтармен  тығыз  сабақтастықтағы  ойдың 

түйiндеу мәнi мен эмоционалдық реңкi көтерiңкi.  

Көңiл күйде тыншу жоқ, 

Әлдененi аңсай ма, жабыға ма, 

Өрт кешкендей тынысым тарыла ма, 

Әлде дауыл тiлеген теңiз-сынды,  

Бiр бұрқаныс сәттердi сағына ма…[2.82] 

 

Сен маған бақыттасың, қайғыдасың



Өмiрсiң, таусылмайтын бай мұрасың

Өлермiн сол сезiммен. Маған десе  

Аспаннан қара жерге ай құласын

Әйтеуiр анық менiң айнымасым [2.100]. 

       Мұндай  шумақтар,  яғни  ұйқас  сабақтастығы  екi  ақында  да  алғашқы 

шумақтарда кездеседi. Алғашқы шумақтағы  ұйқаспайтын бiрiншi тармақта 

ой  түйiнi  айтылып,  өзге  тармақтарда    оның  салдары  тартылады.  Екiншi 

шумақтағы  таратылған  ой  жүйесi  соңғы  тармақта  тұжырымдалады.  

Ф.Оңғарсынова өлеңдерiнде  бұл сабақтастықтар күрделене түседi.  

Қайтермiн ендi… 

Тумайды басқа  көгiмде менiң сендей Күн

Өзiңсiз мен бiр тартылыссыз қалған Жердеймiн.  

Өмiрдей сиқыр сезiмдер барда  жалғанда, 

Тiрлiктiң қатал заңдарынан өтер көнбей кiм

Есалаң болдым. Үмiтке алданған мен сорлы 

Дәл менше соның сүйетiнiне әлi сенбеймiн [2.109].     

Бiлмеймiн: 

Жанарыңнан сыр ұқтым ба

Әлде өзiмдi сол сәтте ұмыттым ба

Өзiң болдың әйтеуiр бұл күнгi әнiм



    

 

35 



Көтерiп ап кетiп ең- бұлқынбадым- 

Әлде аймалауыңа құнықтым ба [2.235].  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 Үсенова А.Ә.  Қазіргі қазақ поэзиясындағы жаңа ұйқастар 

 

 



Бiрiншi  шумақта  қара  өлең  мен  қаусырма  ұйқас  бiр-бiрiне  кiрiгiп 

кеткен.  2-3-5  тармақтар  қара  өлең  ұйқасының  негiзi  болса,  5-7  тармақтар 

жұп тармақтар үндестiгiне құрылған қаусырма ұйқастың негiзi екенi белгiлi. 

Мұндай  ұйқасқа  құрылған  шумақ  түрi  ойға  кең  тұсау  берiп,  ырғақтық-

интонациялық өрiстi де серпiндi етедi.  

         Екiншi  шумақта  қара  өлең  ұйқасының  ортасына    егiз  ұйқас  кiрiгедi. 

Дәстүрлi  ұйқаста  дыбыстық  үндестiктен  тыс  қалатын    тармақ  мұнда  өзiне 

дыбыстық  сыңарын  тауып,  (бұл  күнгi  әнiм-бұлқынбадым)  интонацияны 

өзгертуге  негiз  болады.  Бұл  шумақта  соңғы  тармақтың  логикалық-

интонациялық салмағы дәстүрлi қара өлеңнен гөрi күштi сезiледi.  

         Қара  өлең  ұйқасының  жаңа  үлгiсiнiң  ең  қарапайым  түрi  -    қара  өлең 

ұйқасының қосарлануы, яғни жұптасуы. Бұл үлгi аса кең таралмаған. Және 

бұл ұйқас түрi тұрақты түрде қолданылмайды. Яғни бiр өлең бойында бiрдi-

екiлi шумақта ғана кездеседi.  

Жарау күндер зулайды, оралмайды, 

Дамыл көрмей заулау да оған жайлы. 

Жастық шақты от жылдар алып қашты, 

Жете алмадық, ұрттадық содан қайғы. 

Жеткiзбейдi мезгiл –жел дара шалқып, 

Қол жетпеген нәрсенiң бағасы артық. 

Төбешiктен жасайды қия шыңды, 

 Құз, тауларды мүжидi аласартып [2. 226]. 

Ақын  Ф.Оңғарсынова  бұл  ұйқас  түрiн  «Жастық  шақ  туралы  элегия» 

атты өлеңнiң үш шумағында қолданады. Қалған 6 шумақ дәстүрлi қара өлең 

ұйқасымен  құрылған.  Бұл  шумақтарды  екiге  ажыратса  да  болар  едi.  Ақын 

екi шумақ арасындағы логикалық бiрлiкке иек артып, жеке шешiм шығарған 

болса керек. 

 Қара өлең ұйқасы  қазiргi поэзияда өзiндiк жаңа мүмкiндiктерiн ашып 

келедi.  Ақындардың  ой  оралымы  мен  интонациялық-эмоционалдық  өрiсiн 

кең  қамти  бiлгендiктен  кезiнде  акдемик  З.Қабдолов  айтқандай,  жаңарып, 

дамып,  жетiлiп  келе  жатыр.  Оның  әсiресе  кең  қолданылатын  үлгiсi  оның 

қаусырмалы  ұйқаспен  сабақтасқан  түрi.  Қаусырмалы  ұйқас  өте 

ыңғайлылығымен ерекшеленедi. Ол ой бiткен тұста қайыруға қолайлы. Ойға 

сай сыйымды.  

Құбылмалы-ау өмiрде … 

Көздi ашқанша бәрi де өзгередi: 

Өзгергенiн тiрлiкте көз көредi. 

Көк шалғын да кешегi сарғайыпты, 

Көңiлдiң де солай-ау өзгерерi. 

Кеше маған қадалған сұлу жiгiт 

Бүгiн кешегiсiндей көздемедi [2. 253].   


    

 

36 



         

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 



 

 Үсенова А.Ә.  Қазіргі қазақ поэзиясындағы жаңа ұйқастар 

 

 



Бұл ең қарапайым үлгiсi оның көп тармаққа созылған күрделi түрлерiн 

кез-келген  ақын  поэзиясынан  табуға  болады.  Мұндағы  айтарлықтай 

жаңалық  –  ертеден    астрофикалық  өлеңдерден  таныс  бұл  үлгiнiң  бүгiнгi 

поэзияда тұрақталып, жекелеген шумаққа айналғандығында. Астрофикалық 

түрден строфикалық түрге айналған ұйқастың тағы бiр түрi - шұбыртпалы. 

Ол үш тармақтан ондаған тармаққа дейiн қамтиды.   

Неңдi сенiң аңсаймын, бала шағым? 

Бұлдыраған айналаң ала сағым. 

Ала сағым iшiнде - болашағың, 

Болашағың - болашақ алашағың [1.136]. 

Өкпелеттi дей алман өмiр менi, 

Кейбiр ойым ұшқанда көңiлдегi. 

Салауат боп сал денем жеңiлдедi [1.249]. 

Айтылған арыз, назға да, 

Көктемге қысқа, жазға да. 

Мен деген ырза мәз бала. 

Рахат көрген аз ғана,  

Азап та тартқан аз ғана, 

Мен деген - ырза мәз бала 

Сәби қалпымнан қозғама [1.286]. 

       Барлық  тармақтарды  бiр  ғана  дыбыстық  үндестiкке  құру  Мұқағали 

ақында  ерекше  көп  ұшырасады.  Бұл  оның  шумақтарындағы  ойды 

қуаттандыра,  мәнерiн  айшықтандыра  түседi.  Бұл  шұбыртпалы  үйлесiмдi 

негiз  еткен  шумақтар  бiр  жүйемен  берiлмейдi.  Он  бiр  буында  қара  өлең 

ұйқасындағы тармақтардың барлығы бiр дыбыстық сапамен берiледi.  

       Сол  сияқты  егiз  ұйқас  та  жаңаша  жүйеленген  түрде  көрiнедi.  Дәстүрлi 

егiз ұйқаспен аса көлемдi жырлардан бастап, екi тармақты бәйiт үлгiсiндегi 

шумақтарға  дейiн  жазылады.  Қазақ  поэзиясында  оның  екi  тармақтық  қос 

үндестiгi  кездеседi. Оның өзi өнiмдi тәсiл емес.   

 Сонша саған не қылдым? 

Менiң Иран-бағымның 

       Алмасын да, гүлiн де 

        Айдың аман күнiнде 

Желге ұшырдың-ұрлаттың, 

Не жазып ем қымбаттым? 

Сонша саған не қылдым? 

 

Менiң алдаспанымның 



Жүзiн тасқа шаптырттың, 

Алтын қынын лақтырттың, 

Жерде жатыр ол да әнi… 


    

 

37 



Мақсатың не сондағы? 

Соны бiлсем  - болғаны! 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 Үсенова А.Ә.  Қазіргі қазақ поэзиясындағы жаңа ұйқастар 

 

 



Соны бiлсем- болғаны [3.65]! 

     Алғашқы  мысалда  үш  дыбыстық  сапаға  құрылған  егiз  ұйқастардың 

шумағы  болса,  соңғы  шумақта    төрт  дыбыстық  үндестiкке  құрылған  қос 

тармақтар  тiзбегi  көрiнедi.  Қазiргi  қазақ  поэзиясында    оның  дәстүрлi  екi 

тармақты қарапайым түрi  көп қолданылады. Ж.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, 

Ж.Жақыпбаев, Е.Раушанов сынды ақындардың өлеңдерiнде жиi ұшырайтын 

бұл  ұйқас  мағыналық-интонациялық  ерекшелiктен  туындайды.  Ал  төрт 

тармақта  екi  дыбыстық  сапаға  құрылғандары  бiрлi-жарым  өлеңдердiң 

үлесiнде.  

Тең құрбымнан қашанда артып кеткiм келедi: 

Тиген жердi жалындай шарпып кеткiм келедi. 

Жану үшiн өзiмдi үрлеуге әсте талмаймын, 

Жанғаннан соң амалсыз таусылмай да қалмаймын [4.52]. 

Дүниенiң көрiп жүрген күллi елiн,- 

Көрдiм маған күннiң қатты күлгенiн. 

Қатты күлдi, әйелдерше күлдi кеп: 

Сенi тосып жүр ме ел,-деп,-үлбiреп [3.177]?! 

       Шумақтарын  келтiрген  екi  ақынның    жыр  жинақтарындағы  саусақпен 

санарлықтай өлеңдер жоғарыда айтқан пiкiрiмiздi  нақтылай түседi.    

       М.Мақатаев,  Ф.Оңғарсынова,  М.Шаханов  өлеңдерiнде  дәстүрлi  ұйқас 

негiзiнде жасалған жаңа ұйқастар басым.  Қазақ өлеңiнiң құрылымы туралы 

айтқанда  әсiресе,  ұйқастың  дәстүрмен  тығыз  сабақтастығын  байқауға 

болады. Жаңа ұйқас ретi дәстүрлi ұйқастардың жаңаша жүйеленуi негiзiнде 

жасалған. Осы сан алуан  жаңа жүйелердiң  қайсысы берiк орнығып, дәстүр 

сипатына  ие  болды  деген  мәселенi  анықтау  бүгiнгi  қазақ  өлеңi  үшiн  аса 

маңызды.    

                                      



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет