Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет175/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

1. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі, 1993, 5 ақпан. 

2. Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты // Алматы, 2013. 

3. Ахметова Г.К. Педагогика: оқулық / Г. К. Ахметова, З. Ә. Исаева, Н. С. Әлқожаева. 

- Алматы : Қазақ ун-ті, 2006 

4.«Орта  бiлiм  беру  жүйесiн  ақпараттандырудың  мемлекеттiк  бағдарламасы»  2015 

жыл 22 қыркүйек. 

5.Балаев А.А. Активные методы обучения. М;, 2006 

 

 

ӘОЖ  373.2: 379.8 



 

АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  ПАЙДАЛАНУ 

НЕГIЗIНДЕ  ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДIСТЕРДI  ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

ТАТЕНБАЕВА К., ШАЛШИКБАЕВА Ф., КАЛДЫБАЕВ М. - магистранттар  

АЛПЕЙСОВА Н.А.- псих.ғыл.канд. 

Шымкент университеті 



 

Бұл  жұмыста  ақпарат  пен  байланыс  мәселелері  талқыланады  оқытудың  жаңа 

педагогикалық әдістерін қалыптастырудағы технологиялар. 

Қазiргi әлемнiң ғылыми бейнесiнiң негiзгi сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы 

информациялық  процестер  мен  факторлардың  фундаментальды  ролiн  мойындау  болып 

табылады.  

Негiзiнде  оқытудың  компьютерлiк  программалары  дәстүрлi  оқыту  құралдарының 

тиiмдi  жақтарын  қамтып,  оны  жаңа  сапалық  көрсеткiштермен  толықтыруы  тиiс.  Бұл 

компьютерлiк оқыту программаларын құруда ескерiлуi қажет негiзгi талаптардың бiрi. Сол 

себептi  компьютерлiк  оқыту  жүйелерiн  даярлау  деңгейiн  жетiлдiру  қазiргi  кездегi 

көкейкестi мәселелердiң бiрi болып алдыңғы кезекке шығады. 

Жоғары  оқу  орындары  информатикасы  психологиялық-педагогикалық  қамтамасыз 

етiлуi  тиiс.  Ол  өзiнiң  маңыздылығы  жағынан  алғашқы  орында  қарастырылатын  мәселеге 



315 

 

жатады.  Қазiргi  компьютерлердiң  жоғары  оқу  орындарындағы  оқу-тәрбие  процесiне 



енгiзiлуi  компьютерлендiрудiң  барлық  проблемаларын  шеше  алмайтыны  анық. 

Компьютердi  пайдалану  жағдайында  оқу  процесiн  тиiмдi  және  өз  мақсатына  жете 

алатындай 

етiп 


ұйымдастыру 

үшiн 


бiрқатар 

педагогикалық, 

психологиялық 

проблемаларды  шешу  қажет.  Осыған  байланысты  педагогиканың,  психологияның  және 

дидактиканың  дәстүрлi  қағидалары  қосымша  зерттеудi  талап  етедi.  Бұл  жерде  оқытуды 

компьютерлендiрудiң  екi  түрлi  негiзгi  бағыты  бар  екенiн  ескеру  қажет,  олар  компьютер 

оқу объектiсi және компьютер оқу құралы ретiнде. 

Қазiргi компьютерлердiң жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесiне енгiзiлуi 

компьютерлендiрудiң  барлық  проблемаларын  шеше  алмайтыны  анық.  Компьютердi 

пайдалану  жағдайында  оқу  процесiн  тиiмдi  және  өз  мақсатына  жете  алатындай  етiп 

ұйымдастыру үшiн бiрқатар педагогикалық,  психологиялық  проблемаларды шешу қажет. 

Осыған  байланысты  педагогиканың,  психологияның  және  дидактиканың  дәстүрлi 

қағидалары қосымша зерттеудi талап етедi. Бұл жерде оқытуды компьютерлендiрудiң екi 

түрлi  негiзгi  бағыты  бар  екенiн  ескеру  қажет,  олар  компьютер  оқу  объектiсi  және 

компьютер оқу құралы ретiнде қарастырылады. 

Қазiргi  ақпараттық  коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  негiзiнде  жаңа 

педагогикалық 

әдiстердi 

қалыптастыруға 

бағытталған 

бiлiм 

беру 


жүйесiн  

ақпараттандыруды  зерттеу  iстерi  оқулықтар  шығарумен  қатарласа  немесе  оның  алдында 

атқарылуы керек. 

Бiлiм  беру  жүйесінiң  басты  мiндетi  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  қазыналар 

ғылым  мен  практиканың  жетiстiктерi  негiзiнде  жеке  адамды  қалыптастыру  және  дамыту 

үшін қажеттi жағдайлар жасау. Әрине мемлекет зиялы болуы үшін оның әр азаматы зиялы 

болуы  қажет.  Бұл  бiлiм  беру  процесiнiң  үздіксіз  болуын  талап  етедi.  Бiлiм  беру  үздіксіз 

процесс болатын болса, информатиканы оқыту да үздіксіз болуы тиiс.  

Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  Бiлiм  беру  жүйесін  ақпараттандыруға 

бағытталған бағдарламасына байланысты бiрқатар шаралар жасалуда.  

Қазақстан  Республикасындағы  бiлiмдi  ақпараттандыру  жүйесін  ары  қарай  дамыту 

процесiн  оқып-үйренудiң  ақпараттық  ресурсы  болып  табылатын  компьютерлiк  оқыту 

құралын (КОҚ) дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерiнiң 

де  ауқымы  кең,  мысалы,  бақылайтын  және  тест  жүргiзетiн  программалар,  компьютерлiк 

ойындар,  ақпараттық  жүйелер,  оқыту  орталары,  электронды  оқулықтар  және 

мультимедиялық  программалар.  Осы  оқытуға  арналған  программалық  құралдардың  әр 

түрлі нұсқаларын әзiрлеу Республикалық бiлiм берудi ақпараттандыру ғылыми әдiстемелiк 

орталығының негiзгi жұмысы болып табылады. 

Қазiргi кезде негiзiнен бiлiм жүйесінiң барлық сатылары КОҚ жасаумен шұғылданып 

келедi.  бiр  -бiрiмен  тығыз  байланыстағы  төрт  бөлiктен  тұрады  олар:  мотивациалы-

мақсаттық, мазмұндық, операциялық және нәтижелiк бақылау компоненттерi. 

КОҚ-ның  мотивациалы-мақсаттық  компонентi  модульдердi    құрастырудан  тұрады. 

Модуль  дегенiмiз  –  жергiлiктi,  жүйелiк  және  функционалдық  бiлiм  жиындары.  Ол 

студенттiң өз танымдық әрекетiн ұйымдастыратын “түйін” болып саналады. 

Модульдерде берiлген алгоритм студенттерге өз бетiмен жұмыс iстеу мүмкіндiгiн бередi. 

Мұнда сабаққа деген қызуғушылық пайда болып, бiлiм алу кезiндегi олардың белсендiлiгi 

арта  бастайды.  КОҚ-нi  пайдалану  мұғалiмнiң  де  ғылыми-әдiстемелiк  потенциалын 

дамытып, оның сабақ үстiндегi еңбегiн жеңiлдетедi. 

Оқытудың  әр  сатысында  компьютерлiк  тестер  арқылы  студенттi  жекелей  бақылауды, 

графикалық бейнелеу, мәтiндер түрiнде, мультимедиялық, бейне және дыбыс бөлiмдерiнiң 

бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды iске асыруға  көп көмегiн тигiзедi. 



316 

 

Барлық  оқулықтардың  материалдарын  модульдiк  түрде  қарастыру  оның  мазмұнын 



бiрыңғай  тұрғыдан  қарастыруға  негiзделген.  Студенттердiң  танымдық  ерекшелiктерi  мен 

жас өзгешелiктерiне  байланысты ғылыми  теориялық Ұғымдар жүйесi  арқылы жалпыдан 

жалқыға, абстрактылықтан нақтылыққа көтерiлу мұғалiмнiң бұрынғы ролiн өзгертедi. Ендi 

мұғалiм бiлiм мен ақпарат беретiн тұлға емес, ол алға қойылған мақсатқа жету жолындағы 

керектi  мәлiметтердi  әр  жерден  тауып  керектi  мәлiметтердi  әр  жерден  тауып  алуға 

көмектесетiн кеңесшi әрi әрiптеске айналып кетедi.  

Шет ел психологтарының еңбектерiнде компьютерлiк программалардың безендiрiлуi 

жайлы көптеген зерттеулер жүргiзiлген. “Жақсы интерфейс - ыңғайлы аяқ киiмге ұқсас, - 

деп  жазады  атақты  безендiру  маманы  М.Донской.  –  Оған  ешкiм  көңiл  бөлмейдi.  Көңiл 

аударған кұнде де, “Мұнда тұрған не бар” – дейдi. Ал нашар интерфейс барлық жүрттың 

назарында.  Шындығында  жақсы  ұйымдастырылған  интерфейстi  пайдаланушы 

байқамайды,  өйткенi  ол  программаның  ажырамас  функционалдық  бөлiгi  ретiнде 

қабылданады”. 

“Қазiргi  кездегi  компьютерлiк  программалар  мен  олардың  безендiрiлуi  адамның 

қабiлетi  мен  қызығушылығын  ескермей  құрылуда,  ал  бұл  адам-машина  қатынасының 

көптеген  облыстарын  зерттелмей  қалуына  себеп  болуда-,  дейдi,  шет  ел  психологтары 

С.Эллиот пен Дж. Брзезинский ”. 

 Де  М.Верней  мен  З.Л.Бердж  интерфейс  жөнiнде  былай  деп  жазады:  “Оқыту 

программасының  интерфейсi  нашар  болса,  өте  жақсы  жазылған  курстың  мазмұны  да 

игерiлмей  қалады.  Себебi  пайдаланушы  өзiнiң  көп  уақытын  интрфейспен  танысуға 

жұмсайды.  Сондықтан  алдымен  интерфейстi  дұрыстап  құру  қажет,  үйренушi  мен 

программаның өзара байланыс схемасын тиянақты зерттеу қажет”.  

Электронды оқу материалына және оның берiлуiне қойылатын талаптар үйренушiнiң 

жаңа  информацияны  қабылдау  қабiлеттiлiгiн  және  қызығушылық  деңгейiн  анықтауға  да 

тiкелей байланысты.  

Оқу материалына қойылатын негiзгi талаптар: 

 

мазмұндалу  мәтiнi  өте  қысқа  және  максимум  жаңа  информация  қамтуы  керек. 



Үлкен көлемдегi мәтiндi компьютер экранынан оқып, түсiну өте қиын; 

 



үйренушi  бiлетiн  сөздер  мен  қысқартуларды  пайдалану.  Бұл  үйретушiнiң  жаңа 

сөздердi  үйрену және есте сақтауын жоғарылатады; 

 

семантикалық  байланыстағы  информациялық  элементтердi  топтастыру  қажет. 



Мұны құрылымдық принцип арқылы жұзеге асыруға болады; 

 



өте  маңызды  информация  экранның  сол  жақ  жоғары  бұрышында  орналасуытиiс. 

Себебi  зерттеулер  көрсеткендей  адамның  назары  алғашқы  болып,  экранның  осы 

бөлiгiне аударылады; 

 



абзацтың  негiзгi  идеясы  оның  алғашқы  жолдарында  берiлуi  керек.  Бұл  абзацтағы 

алғашқы және соңғы ойлардың өте жақсы есте сақталуына байланысты;   

 

графикалық материал мәтiнмен ұйлесiмдi түрде құрылуы тиiс. 



 

күрделі  модельдер  мен  құрылымдарды  бейнелейтiн  иллюстрациялар  (  схемалар, 



карталар  т.с.с)  подсказкамен  қамтамасыз  етiлуi  тиiс;оқыту  материалының  мәтiнi 

дыбыстық  эффектiлерiмен  толықтырылуы  керек.  Бұл  информация  қабылдау 

қабiлетiн жоғарылатады. 

 

 




317 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет