Абстракция (бұл термин абстракцияның латын сөзінен шыққан абстракция), ахуалды, адамның немесе объектіні қабылдаудың жеке нүктесінен анықтайды. Осылайша, ерекшеліктер мен тұтастай алғанда жағдайды бағалау қабілетінің бұзылуы бар. Абстракция ұғымы көптеген ғылымдардың дамуында маңызды рөл атқарды.
Ғылыми абстракция әдісі- зерттеу объектісін кездейсоқ, уақытша жағдайлардан оқщаулап, оның тұрақты, өзіне тән сиптаттарын зерттеу. Осы әдіс көмегімен зерттелінетін объектінің маңызды жақтарын сипаттайтын ғылыми категорияларқалыптасып, экономикалық модельдер құрылады. «Абстракция» терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Күнделікті өмірде «абстракция» көбінесе нақты болмыстан тыс және тек ойдан, елес ретінде түсіндіріледі. Ал нақты нәрсе — бұл күнделікті өмірде көрінетін құбылыс шындығы.
Ғылыми зерттеудегі рөліне тоқталар болсам-психология,математика логика бағыты бойынша қарқынды түрде дамып тұрғандықтан, оны жан-жақты қарастыруға,зерттеулер жүргізу арқылы ғылыми мақалалар ұсынуға болады.Себебі әр салада әртүрлі бағытта қызмет атқара алады
Модельдеу зерттеу əдісі ретінде, оның түрлері мен формалары, зерттеу кезеңдері.
Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқа байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің субъект баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, ірі категориясы болып саналады.
Модельдеу екі түрге бөлінеді.
1) заттық модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалық, геометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады.
2) Идеалдық модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады. Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін.
Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді.
Модельдеу, ол ғылымның жаңадан ашылған жетістігі емес. Модельдеудің тарихы мыңжылдықтармен саналады. Медицина атасы Гиппократ та адамның көзін емдеуде модельдеуді қолданған. Әйтсе де, тек қазір біздің заманымызда модельдеу арнайы пән ретінде, сонымен қатар философиялық ізденістерде де қолданылатын болды. Бұл әдіс электроника мен кибернетиканың дамуына байланысты шынайы төңкеріске әкелуімен түсіндіріледі. Модельдеу ерекше және әмбебап ғылыми таным және кез келген бағытта емес, саналы және жүйелі қолданылатын ұғым ретінде қарастырылады.
Модельтаным объектісінің орнын басатын және ол туралы ақпарат көзі болып табылатын материалдық жүйе деп түсіндіріледі. Модельдер зерттеу мақсатына байланысты әр түрлі прициптермен классификацияланады. Солардың ішінен ортақтары ретінде келесілерді көрсетуге болады:
таным процесінде қолдану мақсаты бойынша классификациялау принципі;
түпнұсқа туралы ақпараттың орындалу әдісі бойынша классификациялау принципі;
адамның оларды жасау барысында қатысу дәрежесіне қарай классификациялау принципі.
Осы принциптерге сәйкес модельдер үш үлкен топқа бөлінеді:
эвристикалық және дидактикалық;
таңбалы және заттық-техникалық;
табиғи және жасанды.
Тереңірек қарастырса, көрсетілген топтардағы модельдер арасында үлкен айырмашылық жоқ.
Таным үрдісінде модельдер әр түрлі функцияларды орындайды. Олар кейбiр құбылыс немесе теорияның интерпретациясын түсiндiруде құрал ретінде қызмет көрсете алады. Ғылыми зерттеулердегi үлкен мәнi модельдің болжаушы (эвристикалық) функциялары болып табылады. Модель жиi ол жөнiнде теорияны шындыққа тексеру мақсаттарына да қызмет жасайды.
Модельдің алуан түрлi функцияларын жалпылай отырып, оның бас гносеология функцияларын көрсетуге болады: модель — бұл мәлiмет көзi; модель — бұл өнер — бiлiмнiң бекiту құралы.
Ғылыми модель — бұл зерттеу пәнін көрсететін және модельді зерттеуде бұл объект туралы жаңа мәлiметтi алуға мүмкiндiк беретін, оның орнын басуға теңбе-тең бейнелеуге қабiлеттi, ойша көрсетiлген немесе заттық жүзеге асырылған жүйе.
Модельдеу — бұл модельдерді жасау және зерттеу әдiсi. Модельдеудегі басты артықшылық — мәлiмет ұсынысының бүтiндiгi. Модельдеу синтетикалық бағытқа негізделеді: бүтiн жүйелерді мүшелейдi және олардың жұмыс жасауын зерттейдi.
Моделдеудің зерттеу кезеңдері жайлы әртүрлі деректер айтылып жатыр. Шамамен 1972 жылдан бастау алып,одан әрі дамыған. Моделдеудің алуан түрлі бағыттарын ғалымдар әлі де зерттеу үстінде
Бұл әдіс білдіреді процесін сипаттау объектінің, процестің немесе құрылымдар арқылы кешенді ақпараттық және математикалық құрылымдарды сипаттайтын тұрғысында белгілі бір дәрежеде егжей-тегжейлі, воспроизводя жұмыс істеуі құрылымының көмегімен есептеу және бағдарламалық құралдарының. Бұл қабылдау әрқашан бұрын өзімен эксперимент. Ол арқылы жүзеге асырылады, ерекше технологияларды қолдану, мүмкіндік беретін талдау және ықтимал баламалар, бағалап, олардың кемшіліктері мен артықшылықтары. Модельдеу болып саналады жеткілікті тиімді, қауіпсіз әдісі.