«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»


Синтез əдіс ретінде. Талдаумен (анализбен) байланысы, қолдану ерекшеліктері



бет81/94
Дата18.01.2023
өлшемі1,46 Mb.
#61759
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   94
Байланысты:
Ғзн ворд

Синтез əдіс ретінде. Талдаумен (анализбен) байланысы, қолдану ерекшеліктері.


Синтез —грек тілінен алынған термин сөз, казақша біріктіру деген мағынаны аңғартады. Мұның дәл қазақша баламасы жинақтау деген үғымды білдіреді. Бұл термин (синтез) методикада белгілі бір тілдік материалдардың бөлшектерін қосу, қүрастыру, біріктіру немесе жеке бөлшектерден бүтін жасау деген мағынада жұмсалады. Окушылардын, тілден алған білімдерінен өнімді нәтиже шығаруға, оны іс жүзінде қолдана білуге, молықтырып кеңейтуге жол ашады. Талдау мен жинақ-таудың логикасы ой тәсілдеріне байланысты. Талдау мен жинақтау логикалық ойлаудың тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.
Синтез (жинақтау) әдісі – анализбен бірдей таным үрдісінде маңызды орын алатын таным әдісі. Синтездің негізгі қызметі – талдау барысында бөлшектелген ұғымдық қасиеттерді жинақтау, біріктіру. Синтездеу барысында жалпы мен жекенің ереше бірлігі танылады, бірлік пен түрлілік өзара тұтастық жасауға бағытталады. Синтаксисті оқыту барысында синтез әдісі синтаксис тіл бірлігінің тұтастығын құрайтын жекелеген бірліктерінің тұтасып келіп, оқушылардың топтастырылған ұғым жасауына жетекші қызмет атқарады. Анализ бен синтез әдістері бір-бірімен байланысты түрде қолданылып отырады.Анализ бен синтез әдісі – ойлаудың логикалық тәсілі. Талдау әдісі қазақ тілінің табиғатына лайық келеді. Талдау барысында ой қарапайымнан күрделіге қарай, кездейсоқтан тепе-теңдікке, бірлікке қарай жүреді. Синтаксисті оқытуда анализ әдісін оқушыға оқушыға дұрыс үйрету арқылы сөйлем түрлеріне ажырату, сөйлем мүшелеріне талдау т.б. дағдылары қалыптастыралады.



  1. Индукция таным əдісі ретінде, индуктивті əдісті қолданудың қолдану аймағы.


Индуктивті әдіс Бұл индукцияға негізделген ақыл-ой стратегиясы, ол жалпы тұжырымдар жасау үшін белгілі бір алғышарттардан шығады.
Бұл тұрғыда индуктивті әдіс нақты бақылаулар негізінде кең жалпылау жасау арқылы жұмыс істейді. Бұл индуктивті пайымдауда алғышарттар тұжырымға шындықты беретін дәлелдемелер болып табылады.
Индуктивті әдіс бірнеше сатыдан тұрады. Ол белгілі бір фактілерді бақылаудан басталады, оларды жазады, талдайды және қарама-қарсы қояды. Содан кейін ол алынған ақпаратты жіктейді, заңдылықтарды орнатады, жалпылау жасайды, жоғарыда айтылғандардың бәрінен түсініктеме немесе теория шығарады.
Индуктивті әдіс ғылыми салада кеңінен қолданылады. Бұл, бір жағынан, салыстырмалы түрде икемді әдіс, ал екінші жағынан, барлауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс, ең алдымен, теориялар мен гипотезаларды тұжырымдау үшін қолданылады.
Индукцияның жекелеген факттерінің негізінде эврикалық қорытынды жасауға алып баратын, біріктіруші функция атқаратын гипотеза дүниеге келеді. Осылайша эвристикада индукция эвристикалық операцияның бір типі (түрі) ретінде көрінеді, бірақ кейбір жағдайларда ол эвристикалық ізденудің негізгі стратегиясы болуы мүмкін.
Бұл мәселе жөнінде алғаш рет ағылшынның жаңа заманғы ғалымы және философы Ф.Бекон айтты. Ол реальды нақты барлықты түсіну үшін «Аристотельше» қорытынды жасау аздық қылатынын, яғни жекелеген ойларды жалпы түсініктен алғаннан гөрі керісінше жекелеген ойлардан жалпы түсінік қалыптастыру маңыздырақ деді. Бұлай ойлауға тәжірибелер мен эксперименттер негіз болды, яғни индуктивтік білім процедурасы. Ол классикалық ережелер мен операцияларға мыналарды қосты.
-Эмпирикалық бақылау
-Факттерді тиянақты жинау
-Мәселені эмпирикалық үйрену
-Экспериментальді әдістерді қолдану
-Факттерді корреляциялау
-Шешуші эксперименттерді енгізу.
Нақты барлықтың құбылыстарын зерттеп, оның жеке обьектілері мен өзгерістерін бақылып және үйреніп адамдар олар жөнінде жалпылама білім жинады. Ойда бұл үйрену процесі индуктивті жүрді. Адам жекелеген ой түйулерден жалпы заңдылықтары көрінген жалпы ой түйулерге келді. Ой қорытудың индуктивті формасы адамның алғашқы еңбек етуді үйренуінен туындады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет