Ғылымның объекті


Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу-



бет24/32
Дата16.05.2023
өлшемі119,66 Kb.
#93339
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
6.Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу- зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды- даралық ерекшеліктері мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бір түрі. Оқушылардың жеке дара іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу, олардың жазбаша, графикалық және басқа да жұмыстарына талдау жасау зерттеушіге окушылардың мотивтері, іс-әрекет стилі мен оларды орындаудағы жетістіктер туралы, сондай-ақ сол іс-әрекеттің сыныпта, сыныптан тыс және бос уақытта әр түрлі қөрініс табуы туралы жан-жақты мәлімет береді.
Оқушылардың даралық-психологиялық ерекшеліктеріне, ынта- талаптарына, мақсат-мүдделеріне, бейімділігі мен қабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту процестеріне деген қатынасын анықтауға мүмкіндік береді, жеке тұлғаның танымдық процестері мен қабілеттерінің қалыптасу денгейін көрсетеді. Оқушылардың психологиялық-педагогикалық мінездемелерімен, жеке құжаттарымен, оқушылардың медикалық- педагогикалық тексерулерінің, педагогикалық кеңес мәжілісінің, әдістемелік кеңес хаттамаларымен танысу, сынып журналдары мен есеп беру құжаттарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың оқу-танымдық қызметінің даму деңгейі мен ақыл-ой іс-әрекетінің ерекшеліктері, олардың жұмысқа жарамдылыҒЫ туралы пайдалы объективті мәлімет береді, оқушылардың жеке тұлғасының дамуының дәрежесі, деңгейі мен құрылысындағы сандық және сапалық өзгерістерін көрсетеді.
7. Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік ощу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу-тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары мұғалімдердің есеп берулері, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компонентері тіркелетін баска да кұжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады. Мектеп іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тестердің, емтихандардың, бақылау жұмыстарының, шығармалардың, эсселердің, жобалардын, суреттердің ерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зерттеушіге мектептің іс жүзіндегі іс-әрекетінің шынайылығын анықтауға, себеп-салдарлык байланыстарды, окушы жеке тұлғасының дамуына әсер
ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді.
Мәліметтер мен зерттеудің басқа да әдістері парадигмалық түсініктер мен зерттеудің концептуалды сорабын құрастырудың әдістемелік еріекшеліктері жүйесінде талдау жасалуы тиіс алғашқы эмпирикалық ақпаратты алуға бағытталған. Зерттеу белгілі бір мәселені шешудің ақыл- - ой, концептуалды-жекелік және практикалық процесі. Алайда, бұл мәселені тек эмпирикалық деңгей әдістерін қолдана отырып шешу мүмкін емес. Зерттеуші накты Ғылыми Деректерден олардың дәлел теориялык ретінде қорытындыларына көшуі қажет. Сонда ғана оларды негіз деп санык зерттеу мәселесінін теориясын педагогикалық ғылымға енгізуге болады. құрастырудағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет