Ғылымның объекті



бет21/32
Дата16.05.2023
өлшемі119,66 Kb.
#93339
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
Іскерлік ойындар дегеніміз болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін модельдеу, елестету.
Адам тәжірибесінде ойын іс-әрекетіндегі мынадай кызметтерді орындайды:
- Көңіл көтеруші: (бұл ойыннын негізгі қызметі шаттану, ләззат алу,қызығушылық ояту)
- Коммуникативті: қарым-қатынас диалектикасын меңгеру
- Өзіндік жүзеге асыру
-Ойынды терапевтикалық: өмір іс-әрекетінің басқа түрлерінде пайда болатын әр түрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу
-Диагностикалык: өзін-өзі тану ойын процессінде (ережеге сай мінез- кұлықтан ауытқушылықтың пайда болуы)
- Коррекция кызметі: тұлғаның құрылымдык көрсеткіштердің позитивті езгеруіне үлес косу
- Ұлтаралық коммуникация қызметі бойынша: барлык адамға ортак әлеуметтік-мәдени кұндылықтарды меңгеру
- Әлеуметтендіруші: адамдардың қоғамдасып өмір сүру нормасын менгеруін қоғамдық қарым-қатынастар жейесіне бекіту.
Осылардың көбісі өздеріне мынадай 4 басты қырлары болады (С.А.Шмакров бойынша):

-Еркін дамушы іс-әрекеттілік нәтижесінен немесе iс-әрекеттілік процесінін камы үшін ғана емес тек баланын тілегіне байланысты қабылдпады (процедуралық қанағаттану);


-Шығармашылық, белгілі деңгейдегі импровизациялық осы іс-әрекеттіліктің өте белсенді мінездемесі (шығармашылық “жолы");
-Эмоционалды көтеріңкілік, қарсыластык, конкуренттік және т.б. (ойынның табиғи сзімділігі “эмоциялык кернеулік");
-Түзу немесе жанама ережелердің бар болуы, ойын дамуындағы логикалық мазмұнды ашу.
Ойын құрылымына оның процесі ретінде
А) ойнаушының өзіне алған ролі;
Б) осы рольдер реализациясының қоспасы ретінде ойын іс-әрекеті;
В) пәндерді ойын түрінде пайдалану;
Г) ойыншылар арасындағы шынайы қарым-қатынас;
Д) сюжет - ойындағы “шындық аумағы".
Экономика пәнін оқыту барысында іскерлік ойындардың бірнеше түрін колдануга болады. Мысалға мыналарды келтіруге болады:
"Биржа". Студенттер тобымен өткізіледі. Студент үшін ойын мақсаты -максимум табыс табу. Әрбір студент жеке фирма ретінде тіркеліп, "банктан" несие алады және кәсіпкерлік қызметті бастайды. Бұнда бастапкы шарттар бәріне бірдей және әрқайсысы мына кезеңдерді етеді: аукцион - бұнда ойынды қыздыру үшін жүргізуші аукцион шарттары бойынша әртүрлі сыйлықтарды сатады; еркін саудаласу бұнда компанияларға бірегей тауардың бөлшектері ұсынылады (мысалы, Ферманы бөлшектеп сатуға болады: жер, жұмысшылар, тұрғын үйлер және т.б.). Еркін саудаласу бірнеше рет өткізіледі. Кейін студенттер өздері биржаны ұйымдастырып, онда компания үшін жеткіліксіз бөлшектерді сатып алады немесе артық бөлшектерді сатады. Осы және келесі кезендердін мағынасы студент тауар бөлшектерін арзаннан сатып алып, дайын тауарды қымбатқа сату. Ойын соңында, түскен табыска студенттер голландиялық аукцион шарттарында сыйлыктарды сатып алады. Сыйлыктар әртүрлі болуы мүмкін тіпті емтиханға қосымша балдарға дейін. Ойын нәтижелерді шығарумен, ойынды, қателерді талдаумен аяқталады. Бұл ойында бәсекелестік жағдайда өзінің іскерлігін білдірген студент ұтады.
"Келісім шарт жасау". Бұл ойын барысында студенттер теориялық білімдерін тәжірибе барысында толык колдана білуге үйренеді.
Басында - ойын барысында жүргізуші келісім деген не, оны жасау әдісін, келісімде қандай бөлімшелер бар екенін түсіндіреді және әрбір бөлімшені дұрыс толтырылуы екі жақтың біреуіне артықшылык беретіндігі жайлы акпарат береді. әрбір бөлімше жайлы ақпарат алған соң, студенттер жұптарға бөлінеді: сатушы сатып алушы. Олар келісім жасау үшін тауар тандап алады. Жүргізушіден келісім парағын алып, оның әрбір бөлімшесін өзара келісіп алып толтырады. Жүргізуші әрбір бөлімшені толтыру үлгісін
тақтада немесе мониторда көрсете отырып, сауданы сақтандырады. Келісімнің барлық бөлімшелері толтырылып болғаннан кейін, әрбір бөлімше бойынша сатушыға және сатып алушыға балдар жарияланады. әрбір ойыншының балдары есептелініп, әрбір жұпта женгендер мен женілгендер анықталады және балдардағы айырмашылық көп болған сайын, бағадағы айырмашылық көп болады.
"Мемлекет және нарық". Бұл ойын жүргізушінің минималды катысуын кажет етеді. Бұнда әрбір студент экономикалык субьектінің рөлін ойнайды. Мысалы: импорттаушы, машина жасаушы өнеркәсіп, телекомпания, дукен және т.б. Рөлдер 12-ден 35-ке дейін болуы мүмкін. Студенттер релдерді еркін тандайды - өздерінің жеке талғамдары бойынша. Кейін субьектілер іс-әрекет жасау үшін экономикалық ситуация береді, Мысалы: үлкен мерзімді несие үшін пайыздық төлемдер жоғарылайды, ал кыска мерзімдік пайыздык төлемдер төмендейді; энергоресурстар үшін баға бақылауы енгізіледі; әкелінген тамақ өнімдері үшін акциз жоғарылауда; шикізат экспорттау шегі жойылды.
Студенттерге жағдайды ойлану үшін бірнеше минут уақыт беріледі, кейін сұрақ қою жүргізіледі. Әрбір студент өзінің экономикалық рөліне байланысты жауап береді. Оның ойы бойынша көп пайда табу үшін қандай шаралар қолданылатынын, қандай іс-әрекет жасайтынын айтады. Оның жауабымен катар басқа субъектілердің іс-әрекеті есепке алынады. Қалған студенттер оның қателерін түзете алады және жауаптарын талқылайды. Онсыз ойын қызық болмайды. Басқа ойындармен салыстырғанда бұл ойынды топпен емес топшамен өткізген тиімді. Өйткені ол жеке жұмысты кеп кажет етеді.
"Жеке кәсіпкерлікті ашу". Бұнда студенттер тыңдаған лекциялары мен ұсынылған қосымша әдебиеттердің арқасында өз бизнесін ашады. Сонымен қатар, ол оны барлық ережелер бойынша және белгіленген кезендік шарттар бойынша жасайды: іс-әрекет түрін, ұйымдастыру кұкықтык формасын тандау. Формасына байланысты (акционерлік қоғам, серіктестік, өндірістік кооператив) студент өз ісін дұрыс құруы тиіс: атауын тандау, құрылтайшылар іс-қағазын дайындау, тіркеу процесінің барлык кезендерінен өту және іс жүзінде жұмыс істеуге дайындық. Берілген уақыт аяқталған соң, әрбір студент істелген әрбір істің кезендерін белшектеп айтып береді. Ал қалғандары онын тастап кеткен жерлерін, кателерін іздейді. Бәрінен де аз түзетулері болған және оған сыйлық — емтиханға қосымша бал беріледі.

“Презентация". Презентация - бұл тауар өндіру немесе қызмет көрсету максатында құрылған белгілі бір мекеменің ашылу салтанаты. Мұнда катар бойынша бөлінген әр фирма өзінің бизнес жоспарымен таныстырады. Бизнес жоспар дегеніміз фирманын негізгі кұжаты, жоспары мен үміті, әр кәсіпкердің жеке бизнесінің бүгіні мен болашағынын рентген түсірмесі. Кімнің бизнес жоспары көбірек табыс әкелсе және Риімді ұйымдастырылса, сол катардың ойыншылары жоғары бағаланады.


“Аттестация”. Демек, әр фирманың сапалы тауар немесе қызмет түрін көрсету үшін саналы ой түйе білетін, жоғары білімді, білікті мамандары болуы қажет. "Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады" дегендей, бәсекелестер сайысында “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" болып озып шығуы үшін білімді болудың маңызы зор. Сондықтан да әр фирманың қызметкерлерінің білім сәйкестендіру тесті, криптограмма, денгейін бағалау мақсатында есеп карточкалары таратылады. Нәтижелеріне байланысты әрбір студент бағаланады. [10]


Педагогикалык эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол кұбылыстарды олардың ету барысынын нақты тіркелген жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент жағдайларында құбылыстың күнделікті жағдайларда бақылауға болмайтын қасиеттерін ашуға болады. Эксперимент зерттеу құбылыстарын басқа шарттар мен жағдайлардан бөліп алып, кұбылыстар мен деректерді "таза" күйінде зерттеуге мүмкіндік береді. Эксперимент гылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Оның мақсаты ғылыми теория немесе болжамды растау немесе жоққа шығару, сондай-ақ эмпирикалық заңдылықтардың фактуалды мәніне жету мен қалыптастыру. Эксперименттің тағы бір мақсаты білімді жетілдіру, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту тәжірибесін жаңарту.
Эксперимент пен практикалыө іс-әрекеттің басқа формалары арасындағы шектеулер әр түрлі, сондықтан эксперимент таным әдісі де, оку-тәрбие процесін үйлестіру әдісі де бола алады.
Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенін күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабораториялық, окушылардын белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады. Сондай-ак, эксперименттін белгілеп-анықтайтын түрі бар, ол зерттеу объектісінің педагогикалық жуйесінін бастапкы күйін белгілеп, көрсетеді; калыптастыратын түрі зерттеу обьектісін қайта құруға бағытталған. Эксперимент жана зерттеу материалына қол жеткізуге бағытталған. Ол тәжірибе арқылы теориялык болжамдарды тексеру, ол бұл болжамдарды растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін. Педагогикалык эксперименттің ерекшелігі - зерттеуші оқушылармен жұмыс істейді және оның, әсіресе окытуда, теріс нәтиже алуына болмайды, өйткені зерттеушінің құрастырған сәтсіз бағдарламасынан окушылар жапа шегуі мүмкін. Бұл қоғамның құқықтық және адамгершілік қалпыларының бұзылуы
Педагогикалық зерттеулерде эксперименттің ойдағы эксперимент деген түрі де болады, алайда оны эксперимент деп шартты түрде гана атайды, өйткені эксперимент дегеніміз - тәжірибе, практика.
Эксперименталды жұмыстың жоспары, максаты болуы кажет, эксперимент түрі таңдалып, оның мүмкін нәтижелері де ойластырылуы кажет. Зерттеу құбылыстары мен онын касиеттеріне ықпал ететін факторларды, сондай-ақ эксперименталды жұмыс кезінде бакылануы тиіс мөлшерлерді бөліп алған жөн. Қазіргі экспериментті жүргізу бақылаудың техникалық құралдарынсыз және өлшеу саймандарынсыз өткізу мүмкін емес және де олар практикада тексерілген, теориялық тұрғыдан дәлелденген, зерттеу мәселесін дұрыс шеше алатын болулары кажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет