Ғылымның объекті



бет22/32
Дата16.05.2023
өлшемі119,66 Kb.
#93339
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардын элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты "субъект - субъект" жүйесінің қ,асиеттері танылып, есепке алынады. Эмпирикалық зерттеу тәртіптерін құрастыру кезінде субъектінің өз іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі ретінде қабылдайтынына сүйену керек. Бұл ретте "түсінік" терминінің мағынасы "білім" терминіне қарағанда кеңірек. "Түсінік" ұғымында субъектінің танымдык педагогикалық жағдайды қабылдау ерекшелігі дұрысырақ беріліп, накты-сезімдік пен абстрактілі түсініктемелік бейненін бірлігі жаксырак белгіленеді. Сұрақ-жауап әдісінің мақсаты бірлі-жарым және жекелегендер жоғалып кетпесін, өйткені. олар жок болса жалпы абстрактіге айналуы мүмкін. Төменде В.А. Кан-Калик бойынша В.Ф. Ряховскийдын адамның коммуникативтік ерекшеліктерін анықтауға арналган тесті және алынған мәліметтерді өндеу тәртібі келтірілген [82, 52-54 6.]

ТЕСТ (СҰРАҚТАМА)


Сіздін алдынызда ерекше немесе іскери кездесу тұр. Ол кездесуді куту сізді кунделікті емір ағымынан тыс қалдыра ма? Сіз дәрігерге баруды акыргы кезге дейін созбайсыз ба?
Кандай да бір кенесте, жиналыста немесе тагы сондай шараларда баяндамамен, хабарламамен, ақпаратпен шыгып сөйлеу тапсырмасы сізде күйзеліс және риза болмау сезімін тудырмай ма?
Сізге бұрын бармаган калага iс-сапарга баруды ұсынады. Сіз осы іс-сапардан құтылу үшін барынша күш жұмсайсыз ба?
Сіз өз уайымдарынызбен кіммен болса да бөлісуді ұнатасыз ба?
Егер кешеде сізге танымайтын адам өтініш айтса (жолды көрсету, уакытты айту, кандай да бір сұраққа жауап беру) сіз ашуланасыз ба? Сіз «әкелер мен балалар» проблемасы бар дегенге және әрбір ұрпақ өкілдерінің бір-бірін түсіну киын дегенге сенесіз бе?
Сіз танысыңызға осыдан бірнеше ай бұрын сізден алып, қайтаруды ұмытып кеткен 10 тенге туралы есіне салуға ұяласыз ба?
Мейрамханада немесе асханада сізге сапасы анықсыз тамақ әкелді. Сіз
үндемей, тек ренішпен тарелкені сиыра саласыз ба?
Танымайтын адаммен бетпе бет қалған кезде, сіз онымен әңгімелеспейсіз және егер ол бірінші болып сөйлесе қынжыласыз. Солай ма?
Кай жерде болмасын ұзын кезек сізді шошытады (дүкенде, кітапханада, кинотеатр кассасында). Сіз өз ниетінізден бас тартуды калайсыз ба?
Сіз қақтығыстық ситуацияны қарастыру бойынша қандай-да бір комиссияға қатысудан қорқасыз ба? Сізде әдебиет, өнер, мәдениет туындыларын бағалаудың жеке өзінізге тән өлшемдері бар және осыған қатысты ешкімнің де пікірін жаратпайсыз.
Солай ма?
Бір жерлерде, кулуарларда сізге жақсы таныс сұрақ бойынша жансак кезкарасты естіген кезде, сіз дауласпай, үндемей қалғанды қалайсыз ба? Кімнің болмасын қайсыбір қызметтік сұрақтар немесе оқу тақырыбы бойынша көмек сұрауы сізде реніш тудыра ма?
Сіз өз көзқарасыңызды (пікіріңізді, бағалауыңызды) ауызшаға қарағанда, жазбаша түрде мазмұндауды ұнатасыз ба?

Енді өзіңізге өз жауабынызды бағалауды ұсынамыз: әр «иә» жауабы үшін - 2 ұпай, «кейде» - 1 ұпай, «жоқ» - 0. Содан кейін ұпайлардың жалпы саны косылады және жіктегіш бойынша сіз адамдардың қандай категориясына жататыныңыз анықталады.


30-32 ұпай. Сіздің коммуникабельді еместігіңіз анык, және бұл сіздің осал жагыныз, өйткені бәрінен бұрын одан сіз зардап шегесіз. Бірақ сіздің жакын адамдарынызға да онай емес. Топтасып күш жұмсайтын істе сізге сену қиын. Қарым-қатынас үйір болуға тырысыңыз, өзіңізді бақылаңыз.
25-59 ұпай. Сіз тұйықсыз, ашық емессіз, жалғыздықты ұнатасыз, сондыктан сізді достарыңыз да аз болар. Жаңа жұмыс және жана контакттарга тусу кажеттілігі сізді байбаламға түсірмесе де, кеп уакытка дейін сіз тепе-тендікті жоғалтасаыз. Сіз өз мінезіңіздің осы ерекшелігін білесіз де озінізге наразысыз. Бірақ наразылыкпен шектеліп қана қойманыз - мінезіңізді осы ерекшеліктерін жою сіздің өз қолыңызда. Қандай да бір күшті әуестік кезінде сіз аяқ астынан коммуникабельділікті көрсетіп
кететін кездерініз болмай ма? Тек серпілсеңіз ғана болғаны.
19-24 ұпай. Сіз белгілі дәрежеде ашық адамсыз және де бейтаныс жагдайда өзінізді әбден сенімді сезінесіз. Жана пробеламалардан сіз корыкпайсыз. Сөйтсе де жана адамдармен байқап араласасыз, дауларга пікірталастарға салғырт қатысасыз. Сіздің білдірген ойларынызда кейде ешкандай негізсіз мысқылдау көп болады. Бұл кемшіліктерді және тузетуге болады.
14-18. Сізде коммуникабельділігіні жаксы денгейде. Ci3 танымпазсыз, қызықты әңгімелесушіні ықыласпен тындайсыз, басқалармен қарым-қатынаста шыдамдысыз, өз ойынызды ашуланбай дәлелдей аласыз. Жана адамдармен кездесуге уайымсыз барасыз. Сонымен бірге шулы отырыстарды (компанияны) ұнатпайсыз; шектен тыс қылықтар мен көп соз сізде ызалану сезімін тудырады немесе жалықтырады.
9-13 ұпай. Сіз тым ашық (кейде мүмкін шектен тыс) адамсыз. Сіз әуесқойсыз, сөз құмарсыз, түрлі сұрақтар бойынша сөйлеуді ұнатасыз, бұл кейде манайыныздағы адамдардын наразылығын тудырады. Жаңа адамдармен ықыласпен танысасыз. Елдің назарында болғанды ұнатасыз, ешкімнің өтінішін орындай алмасаңыз да кері қайтармайсыз. Кейде ашулансаңыз тез қайтасыз. Сізге жетіспейтін нәрсе бұл курделі проблемаларға тап болған кезде орнықтылық, шыдамдылық және қайсарлық. Бірақ, қажет жағдайда сіздің өз дегеніңізден қайтпауға кабілетініз жетеді.
4-8 ұпай. Сіз тым ақкөңіл адам болуыңыз керек. Сіз үнемі оңды- солды қарым – қатынас жасап жүретін адамсыз. Сіз әрқашанда барлық істің мән жайын біліп отырасыз. Барлық пікір таластарға қатысқанды ұнатасыз, алайда күрделі тақырыптар сіздің басыңызды ауыртып, налып кетесіз. Кез- келген сұрақ бойынша, тіпті ол туралы үстірт ғана білсеңіз де өз ойыңызды білдіресіз. Барлық жерде өзіңізді еркін сезінесіз. Кез-келген істі қолға аласыз, бірак оны үнемі аяғына дейін жеткізе алмайсыз. Дәл осы себепке байланысты жетекшілер мен әріптестеріңіз сізге сенімсіздікпен қарайды. Осы туралы ойланыңыз.
3 ұпай. Сіздін шектен тыс қарым-қатынас жасауыңыз сізге зиян келтіреді. Сіз сөзшеңсіз, артық сөйлейсіз, сізге қатысы жоқ нәрселерге араласасыз. Мүлдем хабарыңыз жоқ проблемаларды талқылауға кірісесіз. Еркіңізбен немесе еріксіз сіз жиі-жиі манайыныздағы түрлі өз қақтығыстардың себебі боласыз. Ашушаңсыз, өкпешілсіз, көбінесе объективті емессіз. Күрделі жұмысқа жарамайсыз. Жұмыста да, үйде де, жалпы барлык жерде адамдарға сізбен болу өте қиын. Иә, сізге өзіңізді және өзіңіздің мінез-құлығыңызды өзгертуге тырысуыңыз керек! Ең алдымен өз бойыңыздан төзімділік пен ұстамдылықты тәрбиелеңіз, басқа адамдарға құрметпен қараныз; соңында, өз денсаулығыңыз жайлы да ойланыныз-мұндай өмір сүру салты ізсіз қалмайды.
Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар:
а) Әңгіме-сұхбат. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, оның кезінде әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады. Әңгіме-сұхбат алдын-ала дайындалуы мүмкін, зерттеуші оның жоспарын құрып, өзіне қажет мәселелерді бөліп алады; әңгіме-сұхбатты тіркейтін құралдарды дайындайды (бейнетаспа, аудио таспа, стенография), бұлар көбінесе әңгімелесушіні ашык, әңгімеге тартуға кедергі жасауы мүмкін. Зерттеушінің. кәсіби білімі және үлкен сыпайылык, сезімі болуы қажет, сол арқылы ғана ол әігімелесушіні ашық әңгімегетарта алады.
Әнгіме-сұхбаттар жүргізіледі (мектеп әңгімелесушілердің әртүрлі шеңберлерінде директоры, оның орынбасарлары, ата-аналар, оқушылар, білім берудің. әртүрлі деңгейдегі басшылары). Олардың білім беру саласының жағдайы мен ондағы өзгерістерге кәсіби баға беруі басқа әдістер арқылы алынған ақпараттарға маңызды қосымша болып табылады. Алдын-ала дайындалған әңгіме-сұхбаттармен қоса экспромт әңгіме- сұхбаттарды жүргізуге болады.
ә) Сұхбат - әңгіме-сұхбаттың бір түрі. Әңгіме-сұхбаттың бұл түрі зерттеу объектісінің өз іс-әрекеті туралы өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі, ол өзіндік пікірімен қоса психологиялық- педагогикалық анализдің тақырыбы болып табылады. Сұрақ-жауаптың бұндай түрінде зерттеушінің сұрақ-жауап мәтінінде белгіленген іс-әрекет туралы жорамал түсінігі зерттеу ақпаратына аз ғана Зерттеушінің міндеті зерттеу объектісінің әңгімесін .қолдау. Сұхбат әсер етеді. зерттеушінің жоғары кәсібилігін және тәжірибесін қажет етеді. Сұхбаттың мақсаты - зерттеу объектісінің педагогикалық, жағдайға деген көзқарасын қайта құру, зерттеушінің сұрақ-жауап алынғандардың міндеттері мен мәселелері арқылы ішкі және сыртқы байланыстарының ерекшеліктерін зерттеу.Зерттеуші күрделі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің жалпы заңдылықтарын түсіну сұрақ-жауап объектісімен терең қарым-қатынас жасай отырып, оның жекелік-мотивтік, когнитивтік жене операционалды компоненттерін түсіну арқылы ғана мүмкін екенін ескеруі қажет. Көптеген мамандарға сұрақ-жауап жүргізу арқылы тенденциялар мен құбылыстар дамуының заңдылықтарын қорындылап түсіну мен анықтау мүмкіндігі туындайды.
Хаттамаларда тіркелген мәліметтерге сапалық және сандық тұрғыдан талдау жасау кажет. Талдау барысында сұрақ-жауап алынған адамның іс- әрекеті объектісінің шынайы сипаттамасын, жұмысындағы білім беру міндеттерін шешуде пайда болған қиындықтарды, оларды жеңудің тәсілдерін анықтау қажет. Сұхбат нәтижелерінің талдауы мен олардың түсіндірмесі зерттеудің нақты міндеттеріне байланысты әр түрлі жүргізілуі мүмкін.
б) Анкета. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауапттарының варианттарының қатал логикалық құрылысы. Анкета құрастырушы ұсынылған алдын-ала белгіленген бірнеше мүмкін Деген жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадағы сурақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық талдау жасау қиынырақ.
Анкета әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет, пікірлерді зерттеу түрлеріне деген қатынасын анықтау үшін қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет