Әдіснамадегеніміз - әдістер туралы ілім, оларды зертттеушінін ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын аныктаушы ретінде қарастыру қажет. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылыми әдістерінің негізгі мазмұның кұрайды. Кез-келген мұндай теория зерттеу әдісі қызметін атқара алады, баска теориялардын құрамды бөлігі болып табылады. Таным процесіндегі әдіске антикалык философияда-ақ үлкен мән берген, онда алғаш рет зерттеу нәтижесі мен ғылыми таным әдісі арасындағы өзара қатынас айкындалган болатын. Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондыктан ғылыми-педагогикалык зерттеу әдістерінің даму мен жақсару процесі тұтас педагогикалық ғылымының дамуынның ең басты құрамды бөлігі болып табылады.
Педагогика ғылымы сияқты педагогикалық зерттеу әдістерінін казіргі жүйесінің көлемі кең. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әртүрлі әдістері мен зерттеуші ойлауының шығармашылық сипаты ғылыми зерттеудін барлык әдістерінің мен олардың өзара байланысынын сипаттайтын ортақ теорияны құрастыруда біршама қиындықтарға әкеледі. Осыған орай, таным әдістерінін көптеген жіктемелері бар, оларды колдану максатка, объектіге және пәнге, сонымен қатар зерттеу әрекеттеріне және ғылыми іс-әрекет пен зерттеу жорамалдары жүзеге асатын жағдайларға негізделеді.
Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе аспектілерінің бірі - ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе. Зерттеушінің теориялык ойлауынын негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ал ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың біржақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға, оның дамуының тенденциясы мен зандылықтарын табуға, таным мен болмыстағы қарама-қайшылықтарды шешудің тәсілдерін ашуға шақырады. Бұл объективті заңдылықтармен анықталатын білім мен ақиқаттын әр түрлі формаларынын өзара байланысын анықтауға, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарын дамытатын ойлаудың басқа да диалектикалық, әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі. Ғылыми танымның осы әдістері шешуші мәнге ие, зерттеудін бағыты мен оның тағдырын анықтайды, ал оның таным объектісін зерттеудегі принциптік ынғайы зерттеу нәтижелері мен олардын әдістемелік кұндылықтары бағасының дүниетанымдық критерилері болып табылады.