Ғылымның объекті


Дәстүрлі емес оқыту формалары



бет17/32
Дата16.05.2023
өлшемі119,66 Kb.
#93339
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Дәстүрлі емес оқыту формалары

Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрлі емес түрлері де пайда болуда. Ол, әрине когамнын жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрлі емес түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп, құрылуда. Ондағы мақсат-әрбір сабақтың оқу- тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына конференция, пікір сайыс, пікір-талас, дебат, компьютерлік сабақтарын және т.б. жатқызуға болады.


Бірақ, жогарыда аталған сабақтың дәстүрлі емес түрлері оның жана немесе жеке түрлеріне жатпайды. Себебі, ондай сабақтардың дидактикалық қағидаларға негізделмеген. Сабақта қолданатын дәстүрлі емес жеке тәсіл амалдарга жататын ( конкурс, сайыс, көкпар, жарыс, бәйге, аукцион, ойын,экспедиция) - сабактын элементтері деп карау керек.
Дәстүрлі емес сабақ түрлерін жаңа сабақ ретінде ұсынып жүрген авторлар сабакты оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формаларымен (экскурсия, конференция, семинар, консультация т.б.) шатастырады. Бұлар оку жұмысын ұйымдастырудың қосымша формаларына жатады, сондықтан оларды сабактан өзгеше қарау дұрыс.
И.П.Подласый «Педагогика» атты оқулығында «Дәстүрлі емес сабак
жұмысы» деп бағалайды.
Педагогтардың дәстүрлі емес сабақтар бойынша пікірлеріне карама- қайшылықтар бар: біреулері педагогикалық ойлауда прогресс, мектептерді демократияландыру бағытында дұрыс қадам деп караса, басқалары, керісінше, мұндай сабактар педагогикалық қағидаларды қауіпті жағдайда бұзу, шындап еңбек ету қолынан келмейтін және оны қаламайтын жалқау окушылардың қысымымен педагогтардың амалсыз кейін шегінуі деп осы мәселе жайында ез көзқарасындағы пікір қайшылықтарын алға тартады.
Әрине, дәстүрлі емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесі бар күнделікті оқу жұмыстарына қарағанда әдеттегідей емес ой, ұйымдастыру, өткізу тәсілдері оқушыларға өте ұнайды. [2]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет