Филологическая  ÏÌÓ ÕÀÁÀÐØÛÑÛ ÂÅÑÒÍÈÊ ÏÃÓ филологическая серия



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата09.03.2017
өлшемі1,53 Mb.
#8586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

2
мәтінтанушы  ретінде  әлі  әдебиет  тарихында  сүрлеуге  салынбаған  ақын 
мұрасын  зерттеп,  орны  архив  деректерімен  дәлелдеген.  Сонымен  бірге 
Ақылбек Сабаловтың 48800 өлең жолы бар түпнұсқа қолжазбасын, Мәжит 
Дәулетбаевтың 1100 жол қолжазбасын, Ілияс Молдажановтың белгісіз болып 
келген поэмаларын, тарихи поэма «Бөгенбай батырдың» 1896 жолы бар жаңа 
нұсқасын, «Қазақ шежіресінің» [80-бет] қолжазба тізімін анықтап, Қаракерей 
Қабанбай  батыр  жыры  туралы  тарихи  мәліметтерге  ғылыми  түсініктер 
жазғанын аталған еңбекте С. Қорабай да атап айтады. Абай басылымдарына 
жазған Қ. Мұхамедханов түсініктерін қарап отырғанда, қазақ мәтіндеріне, 
оның ішінде ақындарына байланысты мәтінтанулық зерттеулер жүргізудің 
үлгілерін көруге болады. 1995 жылы жинақта: «Мұхтар Әуезов былай дейді: 
«...жұртшылығымыз  үшін  бірнеше  тарихтық  дәл  деректер,  мәліметтер 
айтайық, Мүрсейіттің өзі жасы жағынан алғанда Абайдан 10-15 жас кіші 
адам болған. Өмірі Абайдың өз қасында өткен емес, Абай ағайындарының 
бірнеше  ауылдарында  кезектеп  бала  оқытып  жүрген.  Ал,  Абай  жинағы 
тек 1896 жылы ғана қағазға топталып жиналатын болған. Ол істі істеген 
Мүрсейіт емес, Мағауия, Ақылбай, Кәкітай, Көкбайлар. Бұлар алғашқы істі 
Абайдың өзінің тапсыруымен сол 1896 жылы бастайды. Сонда 1896 жылға 
шейін Абай өлеңдерің қайда кеткен? Ондағы Абайдың қарындашпен жеке 
қағазға жазған өлеңдері Абай маңындағы жас ақын, өнерпаз хат таныған 
ақын шәкірттердің, жастардың қолды-қолына тарап кетіп отырған. Кейін 
1896 жылы көшірілгенде сол тарап кеткен өлеңдері жиналған, бірақ, бәрі 
түгел жиналып үлгермеген» [2, 281-б.]»,- деп көрсетеді Қ. Мұхаметханов. 
Міне, осылайша қазақ мәтінтануының үлгілері орныға бастаған. 
Қ. Мұхамедхановтың «Абайдың шығармаларына ғылыми түсініктер» 
[3,  8-9  бб.]  атты  еңбегінің  67-75  беттерінде    «Түсініктемелер  жайында 
бірер  сөз»  берілген.    Бұл  қысқа  ғылыми  очерк  деуге  болатын  жазбадан 
түсініктемелердің мәтінтанулық зерттеулер үшін маңыздылығы анық ашылып 
берілген. «Жинаққа кірген ақын шығармаларының қай кезде жазылғанын, 
жазылуына себеп болған жайларды, алғаш рет қашан, қайда жарияланғанын, 
шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдік қасиетін қоса көрсетіп, әр кезде 
басылған  жинақтарда  кездесетін  сөз  қайшылықтарына  текстологиялық 
талдау жасау, сол сияқты түсінік қажет ететін жеке сөздердің мән-мағынаын 
айқындап  ашып  беру  –  Академиялық  басылымның  ғылымдық  құралы 
(научный  аппарат)  саналатын  түсініктемелер    (комментарий)  бөлімінің 
басты шарты.», - дейді [67-б.]. Содан кейін әр жинақтағы түсініктемелерге 
сараптама-талдау жүргізіп, әр басылымдағы түсініктердің ерекшеліктерін, 
кемшіліктерін көрсетеді. Абайдың кейінгі басылымдарында 1933,1939,1945 
жылдарда бар толық түсініктемелердің мүлдем қысқартылып кеткенін де осы 
жазбадан білуге болады. Айталық, ғалым «Кім екен деп келіп ем түйе қуған» 
өлеңін байланысты түсінік жайында былай дейді: «1933-жылғы және 1939, 

Вестник ПГУ № 3, 2010
30 
1945 жылғы жинақтарда берілген түсініктемеде: өлеңнің айтылған уақытын 
(1855), айтылуына себеп  болған уақиғаны көрсетіп, Тұрағұл Абайұлы мен 
Мұхтар Әуезов толық баяндап берген болса, осы берілген дұрыс және толық 
түсініктеме 1977-жылғы жинақта қабылданбаған.»,- дей келіп: «Қысқасы, 
1977-жылғы жинақтағы Абай өлеңдеріне берілген түсініктемелердің, осы 
айтылғандай, үстірт, тиянақсыз екенін көреміз», [68-б.] олардың «жалаң 
сөздермен шектелгенін,  ал «мұның дұрыс еместігін» дәлелдеген пікірлерді 
көруге  болады.  Текстологиялық  зерттеулер  жүргізуде  қолжазбалардың 
маңыздылығын да осы қысқа мақалада тап басып көрсетеді. 
«Тыңнан текстологиялық тексерулер жүргізілді» деген мәселеге келетін 
болсақ,  текстологиялық  тексеруде  сүйенген  ең  негізгі  дерек  Мүрсейіт 
қолжазбалары болғанын көреміз. 1977-жылғы жинақтың «Алғы сөзінде»: 
«Ең алдымен ...Мүрсейіт Бікейұлының үш көшірмесін (1905, 1907, 1910) 
негізгі  дерек  ретінде  атаған  дұрыс»  [6-бет]  айтқанмен:  «Абай  өлеңдерін 
көшіріп жазуда Мүресйіт еңбегі үлкен екені белгілі. Бірақ ақын өлеңдерін 
көшіріп жазған жалғыз Мүрсейіт қана болмағанын естен шығармау керек. 
Мұхтар Әуезов айтқан: «Қазаннан, әскерлік қызметтен қашып келіп, Абайға 
туысқан-дос  болып  кеткен  татар  молдалары:  Ғабитқан,  Кішкене  молла 
(Мұхамметкәрім),  Махмұт  (Кішкене  молланың  баласы)  және  қазақтани 
шыққан:  Мүрсейіт,  Самарбай,  Ыбырай,  Хасен,  Дайырбай  сияқты  бала 
оқытушылар Абайдың өлеңдерін көп көшіріп, таратып отырды», - дей келіп, 
«Жаңағы молдалардың: Ғабитқан, Кішкене молла сияқты жасы үлкендері Абай 
өлеңдерін ертеректен жинастырып, көшіріп жүргенін...» атап айтады [4, 27-б.].
Абайды  зерттеп  жүргендер  әдебиетшілер  арасында  Мүрсейіт  Абай 
шығармаларын ақынның көзі тірі кезінде, тікелей түпнұсқасынан көшірген 
деген қате түсінік бар. Мысалы, М. Мырзахметов: «Мұхтар Әуезов және 
абайтану  проблемалары»  атты  кітабында  (Алматы:Ғылым,1982)  былай 
дейді: «Мүрсейіт Абай шығармаларын 1896-жылдан бастап көшіре бастады. 
Ол Абай шығармаларын асыл түпнұқсқадан тікелей көшірумен бірге, ақын 
шығармалары оның қолына Абай маңындағы жақын адамдар арқылы жетуі 
де мүмкін ғой..»,-деп жазыпты [12-б.].
Сондай мәтінтанушылық үлгі мен ізденістердің енді бірін Махамбет 
мәтіндерін қалпына келтірушілерден байқауға болады.
Мысалы, Махамбет өлеңдерінің қолжазба нұсқалары болмағандықтан, ел 
ішінде айтушы, жинақтаушы, оларды арнайы мекемелерге тапсырушылардың 
арқасында  жинақталғаны  белгілі.  Махамбет  өлеңдері  «Мұрат  ақынның 
Ғұмарқазы оғлына айтқаны» (Қазан,1908), «Шайыр, яки қазақ ақындарының 
басты жырлары, жиюшы Ғабдолла Мұштақ (Бөкейлік)» (Орынбор, 1912) 
секілді  кітаптарда  жарияланғаны  белгілі.  1908  жылы  Қазанда  жарық 
көрген Мұрат ақын айтқан деген мәтіндерден бастап, «Шайыр» (1912 ж.) 
жинақтарындағы бірді-екілі өлеңдері Махамбет өлеңдерінің мәтіндерінің 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

түзілуіне негіз, ұйытқы болды. Аталған жинақтар ішіндегі өлеңдерден кейін 
ел арасындағы белгілі ақындар аузындағы Махамбет жырларын хатқа түсіріп, 
жүйелеуші, жинап, бастырушы – Халел Досмұхамедұлы. 
Х. Досмұхамедұлы 1924 жылы «Ақ жол» газетінің 416-ншы санына 
қосымша ретінде жарық көрген «Сәуле» журналында («Қазақ әдебиеті-білім 
құрылымы», №3) «Махамбет батырдың сөзі» деген топтамамен ақынның 24 
жырын жариялаған. Қ. Сыдиқов осы аталған тұңғыш басылымға бағасын 
былай  деп  береді:  «Махамбет  өлеңдерін  шәкірті  Қуан  жырау,  Кішкене 
Қобыланды ақындар жатқа білген. Олардан Мұрат ақын үйренген. Мұрат 
білетін өлеңдерді Ығылман жаттаған. 1925 жылғы жинаққа енген Махамбет 
өлеңдері  Ығылман  аузынан  жазылған.  Бұл  жинақтың  ақын  өлеңдерінің 
басылымдарын дайындағанда, бірден-бір сүйенетін нұсқа болатын себебі 
де  сондықтан»  [5,  36-б.].    Кейіннен  1925  жылы  Ташкент  қаласында  
Х. Досмұхамбетовтің еңбегі арқасында жеке жинақ болып ақын өлеңдері 
басылып шықты, осы басылым зерттеу жүргізу барысында факсимиле ретінде 
немесе канондық мәтін ретінде пайдаланылды. 
Әртүрлі  саяси  жағдайларға  байланысты  Махамбет  жырларын 
жинастыру  да,  жариялау  да  1939  жылға  дейін  қолға  алынбады.  1939  ж. 
академик Қ.Жұмалиев латын қарпімен, «Махамбет өлеңдері» деген атпен 
және кітаптың алдына бірнеше тарау-тақырыптан тұратын алғысөз жазып,  
екінші басылымын бастырып шығарды. Осы 1939 жылдан бастап, Махамбет 
өлеңдеріне тақырып қойылып шығатын үрдіс қалыптасты. 
Кейіннен Қ. Жұмалиевтің тікелей атсалысуымен, жетекшілігімен 1948, 
1951,1958  және  1962  жылдары  Махамбет  мұралары  жеке  кітап  болып, 
басылды. Ал 1948 жылдан бастап ел арасында Махамбеттің сөзі айтылып 
жүрген жаңа өлеңдермен қоса жарияланып отырды. 
Кейіннен,  1974  жылы  және  1979  жылдары  Махамбет  жырларын 
Б.Аманшин өзі редакциялап, бастырды. Өкінішке орай, Махамбеттануда 
талай  тың  беттер  қосқан  жазушы  ақын  мұрасын  жариялауда  ғылыми 
деңгейден  көріне  алмады.    Ақын  мұраларының  лингвистикалық  мәтіні, 
түпнұсқалық қалпын бұзбауды ұстанбай, орынсыз тәжірибеге бой алдырды. 
Бұл басылымдарда Махамбет өлеңдері жалаң логикалық пайымдаулармен 
оңды-солды бұтарланды, біріне-бірі араластырылып, субъектілік көзқараспен 
жаңа  тақырыптар  қойылды.  Құрастырушы  ретінде  Б.  Аманшиннің 
Махамбет  өлеңдерін  жариялауға  бей-жай  қарамағанын,  өзіндік  түсінік, 
тұжырыммен  келгенін  айту  керек.  Ол  алдымен,  Х.  Досмұхамедұлы  мен  
Қ. Жұмалиев басылымдарына ревизия жасады, сын көзімен қарады, өзінше 
талдап, саралады. Оны 1974 жылғы Махамбет өлеңдері басылымындағы 
«Түсініктердегі» мына жолдарды оқып, көз жеткізуге болады:
«Белгілі әдебиетші ғалым Хажым Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің 
1939 жылғы басылымын даярлағанда, бұл жырлардың жоғарыда көрсетілген 

Вестник ПГУ № 3, 2010
3 
тұңғыш  басылымындағы  орналасу  тәртібін  өзгерткен.  Ол  «Махамбеттің 
Баймағанбет  сұлтанға  айтқаны»  деген  бөлімінің  15-16-17-18,  20-21-22-
23-24  баптарын  алып,  осы  аттас  өлеңнің  құрамында  қалдырған  да  бұл 
бөлімнің қалған (1-ден 14-ке дейінгі және 19-шы) баптарын жеке-жеке өлең 
түрінде беріп, әрқайсысына өз жанынан ат қойған. Сосын осы бөлімдегі бір 
өлеңді  (25-бап) жинаққа енгізбей, алып қалған. 1925 жылғы басылымдағы 
«Махамбет  батырдың  басқа  сөздері»  деген  бөлімдегі  38  бап  (тармақ) 
өлеңнің де әрқайсысына ат қойып, кейбірінің орындарын ауыстырған. Енді 
біреулерінің  бірді-екілі  жолдарын  алып  тастаған,  жекелеген  сөйлемдерін 
өзгерткен. Мәселен, «Соғыстағы» «Орыс добын үш атты» дегенді «Ханның 
тобы үш атты» деп, «Айнымандағы» «Атаңа нәлет Жәңгірдің бір ауыз айтқан 
сөзі үшін» дегенді «...қан жылатқан заңы үшін» деп өзгерткен. «Мырзалар» 
дегенді «ерлер», «қалмақ» дегенді «төре», «мұсылман» дегенді «қара қазақ» 
деп алған», - деп, мәтіндік талдау жасайды [6,  106-110 бб. ]. 
Міне, бұл Б. Амашиннің Махамбеттің кезекті жаңа жинағын құрастыруға 
барынша даярланып, мұқият әзірленгенін көрсетеді. Ол сонымен бірге 1 және 
2-нұсқа (яғни проф. Х. Досмұхамедұлы мен акад. Қ. Жұмалиев қолынан 
шыққан басылымдар) аралығындағы құрылымдық өзгерістерді де талдап 
көрсетеді: «Х.Жұмалиев сосын бұл 1939 жылғы басылымға өзі жинаған екі 
өлеңді («Махамбеттің Жәңгірге айтқанын» және «Бағаналы терек жарылса») 
қосады.  Махамбет  жырларының  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясының 
Тіл-әдебиет  институты  1948  жылы  шығарған  басылымын  даярлағанда,  
Х. Жұмалиев бұған ақынның жаңадан табылған он екі өлеңін қосты. Оларды 
ғалым 1938 жылы Орал облысының бұрынға Орда ауданын аралағанда, 
кәріқұлақ қарттардың аузынан жазып алған. Махамбет өлеңдерінің 1958 
жылғы  басылымына  бұл  кітапты  даярлаған  Х.  Жұмалиев  тағы  тоғыз 
өлең  қосты.  Бұларды  1945-1957  жылдары  Ғ.  Зәріпов,  М.Тілеужанов,  Б. 
Аманшин  ел  аузынан  жинап,  әртүрлі  қолжазбалардан  алып,  мерзімді 
баспасөзде    («Қазақ әдебиеті» т.б. газеттерде») жариялаған» [6,  110 бб.]. 
Бұдан соң Б. Аманшин: «Біз Махамбет өлеңдерінің осы қолыңыздағы кітабын 
баспаға әзірлегенімізде, ақын жырларының сол 1962  жылы «Ереулі атқа ер 
салмай»» деген атпен шыққан ең соңғы басылымын негізге алдық», - деп, өзінің  
Қ. Жұмалиев жарыққа шығарған соңғы басылымға иек артқанын нақты айтады.  
Одан әрі өз ойын сабақтай келе, Б. Аманшин: «Сосын Махамбеттің өмірі 
мен творчествосын зерттеудегі соңғы деректерге сүйеніп, ақын жырларының 
құрылымына да, текстіне де қажеттігі күмәнсіз деп тапқан біраз түзетулер 
енгіздік» және «Бұл басылымда Махамбет өлеңдерінің бұрынғы текстеріне 
ол шығармалардың идеялық-көркемдік қасиетіне нұқсан келместей дәрежеде 
бірсыпыра түзетулер мен өзгертулер енгізілді», - деп, өзінің Махамбет мәтіндеріне 
өзгеріс енгізгенін айтып, мойындайды. Б. Аманшин өзі енгізген түзетулер туралы 
кең түсінік жазады, енді соларды келтірген дұрыс.

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

1.Бұрынғы  басылымдарда  Махамбеттің  қай  өлеңі  қай  мезгілде 
шығарылғаны ескерілмей, яғни хронологиялық тәртібі сақталмай, кітапта 
ілгері-кейінді орналастырылып келді. Ақын жырлары әр жолы атақты 
«Ерулі  атқа  ер  салмай»  өлеңімен  ашылатын  да  оған  жалғас  «Соғыс» 
басылып жүрді. Көтерілістің соңғы кезеңінде туған бұл екі шығарманың 
ақынның бұлардан бұрынырақтағы өлеңдерінің алдында басылуы қай-қай 
жағынан да дұрыс емес-ті. Бұл басылымда Махамбет жырлары, алдымен, 
осы тұрғыда тәртіпке келтірілді. 
Ақынның  жарқын  өмірінің  анық  фактілеріне  сүйеніп,  оның  әсіресе 
көтеріліс  кезіндегі,  одан  кейінгі  күңгірт  жылдарда  басынан  кешкен 
оқиғаларды  ескере  отырып,  солардың  мезгіліне  сәйкестіре  Махамбет 
жырларын, бұрынғы дағдылы орындарын ауыстырып қайта түздік. Мәселен, 
халық толқуы әлі басталмаған шақта, бейбіт өмір, жастық шақ қызықтарын 
уағыздаған «Қоғалы көлдер, құм, сулар» сияқты өлеңдерді жинақтың бас 
жағында келтірдік. 
Ақын өмірінің соңғы кезеңінде, қайда жүрсе де қайта-қайта түртпек 
көріп,  қуғынға  түсіп,  назаланған  шақтарын  бейнелеген  «Тар  қамау», 
«Қызғыш құс» қатарлы жырларын жинақтың соңғы жағында орналастырдық. 
Қазақ тарихшыларының, әдебиет зерттеушілерінің ізденулері нәтижесінде 
жинақталған деректерге сүйеніп, Махамбеттің кейбір өлеңдерінің дәл қай 
жылғы, қай айдың, қай күні шығарылғанын, немесе енді бір өлеңдерінде 
суреттелген я айтылған оқиғаның қай жерде, қашан болғанын кәзір дәл атауға 
да мүмкіншілік бар. Бірақ мұндай өлеңдер көп емес, сондықтан кітапта ала-
құлалық болмас үшін ол өлеңдердің аяғына әлгідей анық белгілі даталарын 
қойғамыз жоқ. 
2. Тақырыбы, мазмұны, идеясы біртұтас, ырғағы мен ұйқасы бірыңғай 
бола тұрғанмен бұған дейін әрқайсысы әр жерде дербес өлең болып я басқа 
өлеңдердің құрамында аққа қара жамағандай оқшау жүрген шумақтар мен 
жолдар, жеке сөздер қисынды орындарына қосылды. Мұның неге және қалай 
істелгені төменде сол өлеңдерге берілген түсініктерде айтылды.
3.Бұрынғы  текстерге  соңғы  зерттеулер  нәтижесінде  табылған  тың 
жолдар қосылды. Кейбір жолдардың кейін табылған жаңа (дәлірек, күштірек) 
нұсқасы берілді. Енді бір шумақтардың, жеке жолдардың өлеңнің өз ішінде 
орындары ауыстырылды. 
4. Бұл басылымға ақынның жаңадан табылған өлеңдері қосылды. Бұл 
соңғылары көп емес, оларға да әрқайсысының тұсында қайдан алынғаны 
көрсетіліп, түсінік берілді. 
5.Ақын  өлеңдерінің  1925  жылғы  Ташкенттегі  және  1939  жылғы 
Алматыдағы  басылымдарында  бар  да  кейін  еш  себепсіз  түсіп  қалған 
«Махамбет батырдың Шернияз шешенге айтқан жұмбағы» қайтадан қосылды. 
«Махамбеттің хаты» жаңадан енгізілді.

Вестник ПГУ № 3, 2010
3 
Міне, Б. Амашин ұстанған мәтінтанымдық бағыт-бағдар осылар. 
1979 жылы Б. Аманшин Махамбеттің туғанына 175 жыл толуына орай 
«Жырсемсер» атты жинағын шығарды. Оның алғы сөзінде : «Қолыңыздағы 
кітапта Махмбет өлеңдері сол соңғы 1974 жылғы басылым бойынша  еш 
өзгеріссіз  берілді»,  -  деп,  мәлімдейді  [Махамбет.  Ерулі  атқа  ер  салмай. 
Өлеңдер.  Баспаға  әзіплеген  Б.  Аманшин.  –  Алматы:  Жазушы,  1974.-144 
б.-14-б.].  Осы  басылымда  махамбеттануға  қатысты  «Библиография» 
толықтырылғанмен, алдыңғы басылымдағы түсінік берілмеген. 
Махамбет мәтіндеріндегі тілдік ауытқулар жан-жақты сөз болатынына 
қарамастан,  осы  арада  Б.  Аманшин  жариялаған  нұсқадағы  басты-басты 
құрылымдық өзгерістерге тоқтала кетелік.
«Ат – жігіттің майданы» - «Бұрын «Арғымақ, сені сақтадым» деген өлеңнің 
соңында бірге басылып келді. Ол өлеңмен мазмұны қабыспайтындықтан, 
ырғағы, ұйқасы бөлек болғандықтан, өз алдына өлеңге бөлінді»,-деп көрсетті 
Б. Аманшин [111-б.]. 
«Аспандағы бозторғай» - «Бұрынғы текстінің соңғы жеті жолыв алынып 
қалды.  Оның  орнына  «Пыр-пырлай  ұшқан  қасқалдақтың»  он  бір  жолы 
қосылды. Бұл соңғы өлеңнің  қалған он тоғыз жолы «Күн болған» деген 
атпен басылды [111-б.].
«Арғымақтан туған қазанат» - «Бұрынғы аты «Тайманның ұлы Исатай». 
Аяғындағы бес жолы «Мінкен ерге» қосылды [112-б.]. 
«Айғайласып жауға ти» - «Бұрын «Толғау» деген өлеңнің құрамында 
басылып келді. Жаңадан ат қойып, бөлек өлең жасадық [112-б.]. 
«Арқаның  қызыл  изені»    -  Өлеңнің  бұрынғы  текстісіндегі  «өлгенде 
бекер  жыламан»  кейінгі  үш  жолы  мағынасына  қарай  «Қарағай  шаптым 
шандоздапқа» қосылды. Одан кейінгі бөлігі бөлек өлең түрінде басылды 
(«Көшер еді-ау біздің ел» [112-б.]. 
«Орай да борай қар жауса» - Соңғы алты жолы «Қайда барға» қосылды. 
Бұрыннғы осыған жалғас жүрген «Ерлердің ісі бітер ме» деген өлең осы өлеңге 
қосылды. Өлеңнің соңғы екі жолы 1925 жылғы басылымымен түзетілді (112-б.).
«Туған ұлдан не пайда» - Мағынасына қарай бұрынғы текстіндегі басқы 
бес жолы өлеңнің аяғына, соңғы төрт жолы басына шығарылды (112-б.). 
«Соғыс» - ...Бұл жолдар (7 жол өлең келтіріледі. - Ә.Ғ.) бұрынғы аяқталмай 
қалған шумақтың қисынды жалғасы екені көрініп тұр. Біз бұл шумақтың  
Қ. Мырзағалиев материалындағы нұсқасын алып, оған бұрынғыы текстінің 
мұнда жоқ екі жолын қостық. Сосын бұл үзіктің, жоғарыда айтылғандай,  
мазмұны жағынан да, ырғағы, екпіні тұрғысынан да «Соғысқа» жанасымы 
жоқ болғандықтан, өз алдына дербес өлең түрінде бердік те атын «Өтініш» 
деп қойдық- [115-116бб.]. 
«Тар  қамау»  -  Бұрынғы  басылымындағы  басқы  бес  жолына  
Қ.  Мырзағалиев  материалдарынан  сегіз  жол  қосып,  «Қоштасу»  деген 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

атпен бөлек өлең жасалды. Қалған жолдары «Толарсақпен саз кешіппен» 
біріктірілді [116-б.]. 
«Бағаналы  терек»  -  Бұрынғы  басылымындағы  басқы  алты  жолы 
қайталау болған себепті алынып қалды. Соңынан санағанда үшінші жолы 
(«Халықтың  кегін  қусайшы»)  оған  жалғас  екі  жолдың    әлсіз  баламасы, 
соңғы айтушылардың  қоспасы тәрізді. Сондықтан ол жолды алып тастадық 
[116-б.]. 
«Әй, Махамбет, жолдасым» - Бұл өлеңді Махамбет жырларының 1948 
жылғы басылымына Х. Жұмалиев енгізген. Махамбеттікі екені күмінді өлеңнің 
бірі. Бұл басылымында ақынның стиліне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын 
әрсіз, жасық шумақтарды (56 жол) алып тастадық [117-б.] және т.с.с.
Осындай «осы өлең жасалды» [124-б.], «жаңадан түзілді» [124-б.], «осы 
өлең түзілді» [124-б.], «басқа өлеңдердің ішінде жүрген шумақтардың орнына 
салынды» [124-б.] секіліді мәтіндік өзгерістерге бару себебін Б.Аманшин 
былайша түсіндіреді: «Махамбет өлеңдері бұған дейін не хронологиялық, 
не тақырыптық принцип сақталмай, о баста алғаш қағазға түскендегі ұмар-
жұмар қалпында басылып келгені белгілі. Бұл жолы ақын шығармаларының 
бұған  дейінгі  дағдылы  құрылымына  тың    көзге  кейбірі  тым  батыл  яки 
орынсыз,  енді  бірі  ұсақ-түйек  көрінуі  ықтимал  бірсыпыра  өзгерістер, 
түзетулер енгіздік [6, 129-130 б.]. 
Осы  орайда  1925  жылғңы  басылымды  жүзеге  асырған  проф.  
Х. Досмұхамедұлының еңбегін «О баста алғаш қағазға түскендегі ұмар-
жұмар қалпында басылған» деп бағалауды орынсыз деп білеміз. «Біздің 
бастырып  отырғанымыздың  негізіне  Мұрат  ақыннан  естіп  едім  деп, 
Шөрекұлы Ығылман ақынның жазып бергені алынды», - дейді ол [7, 64-б.]. 
Сонымен бірге Х. Досмұхамедұлы: «Біздің қолымызда ел ішінен жиналған 
осы  өлеңнің    («Баймағамбет  сұлтанға  айтқаны»)»  бірнеше  нұсқасы  бар» 
және  «Қолымыздағы  нұсқаларды  салыстырып  құрастырғанда  ...»,  -  деп 
жазғанынан ғалым қолында басқа да нұсқа, жазбалардың болғанын көрінеді. 
«Бала  күнінен  осы  сөзге  құлағы  қанық  Махамбеттің  еліндегі  ақсақал-
қарасақалдары біздің келтіріп отырған өлеңімізді дұрыс дейді», - деп жазып 
отырған Х. Досмұхамедұлының  өлең жинағын құрастыру барысында барлық 
жағдай мен мүмкіндіктерді екшегені байқалады. 
Әрине,  Махамбет  өлеңдерінің  ел  тішінде  сақталу  жайы  мен  мәтін 
түзу мәселесін проф. Х. Досмұхамедұлын да ойландырған. «Махамбеттің 
жыраулығы  күшті  болған.  Махамбеттің  сөзі  көп  болған.  Ел  арасында 
сақталған сөздерінің  бірқатарын осы кітапшада келтіріп отырмыз» және 
«Қолымыздағы нұсқаларды салыстырып қарастырғанда, бабтарға бөлгенде 
сөздің орыны ауысып кетуі мүмкін» , - деген жолдардан [64-б.] оның ақын 
мәтініне өте ыждағаттылықпен қарағандығы, бар мүмкіндігінше мәтіндік 
салыстыру жасағандығы көрінеді. 

Вестник ПГУ № 3, 2010
3 
Махамбет өлеңдерінің 1925 жылғы факсимиледен өзгеріп, ауытқулармен, 
түрлі тіл деңгейлік қателіктермен жарық көре бастағанын мәтінтанулық 
салыстырулар  жасап,  көруге  болады.  Мәтінтанушының  мақсаты  -  осы 
ауытқулар мен қателіктердің себептерін көрсету, сөйтіп барып канондық 
мәтінді  қалпына  келтіру.  Адресаттың  қателікке  ұрынуына  жол  бермей, 
тарихи шындықты қалпына келтіру, тілдік норма мен әр кезеңдегі әдеби тілдің 
кодификациялануын жүйелеу, сөйтіп барып әдеби тілдің емлелік ережелерінің 
түзілуі мен сөз мағыналарының, терминдердің қалыптану сатыларын анықтау, 
тілдің генетикалық қаттаулары түзілуінің әлеуметтік себептерін белгілеу, т.б.  
Осындай мақсаттарға жету үшін тілдік амал-тәсілдерді қалай пайдалануға 
болатынын көрсету үшін, қолайсыздықтардан құтылу амалдарының үлгісін 
түзу үшін  Махамбет өлеңдерінің мәтіндерін немесе әр жылдары жарыққа 
шыққан басылымдарын (тізімдерін) салыстырып көрелік. 
1925, 1939, 1948, 1951, 1958, 1962, 1974, 1976, 1989, 1991, 2001 жылдары 
жарық көрген басылымдарда кездесетін өзгешеліктер мен айырмашылықтар 
біршама.  1925  жылғы  басылымды  негізге  ала  отырып,  осы  негізгі  нұсқа 
толық сақталған 1989 жылғы басылым бойынша  салыстырулар жүргізіліп, 
талданды. 
«Көрсетілген басылымдарға тән айырмашылықтардың бірі - алғашқы 
өлең ретінде бұл басылымдардың біразында «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі  
басылып келуінен басталады. Бірақ канондық басылым болып табылатын 
1925 жылғы басылым:
1. «Махамбет батырдың Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі»,
2.  «Ереуіл атқа ер алмай»;
3.  «Махамбет батырдың Шернияз шешенге айтқан жұмбағы» және 
4. «Махамбет батырдың басқа сөздері» деген төрт  бөлімге бөлінген.
 «Махамбет батырдың басқа сөздері» өлеңі 1925 жылғы басылымда 
жеке  және түсініктемесі болғанмен, кейінгі басылымдарда өлең алдындағы 
қара сөзбен берілген түсініктеме  алынып  тасталған немесе қысқартылып, 
басылым соңындағы түсініктермен бірге елеусіздеу ғана  беріліп келген» (8, 
56-б.).  Академик  Қ.  Жұмалиев  дайындаған  басылымдар  «Ереуіл  атқа  ер 
салмай» өлеңімен басталады, ал қара сөзбен берілген түсінікті құрастырушы 
өз сөзі ретінде өлеңнің соңынан ұсынады. 1951 жылғы басылымда түсінік 
мүлде жоқ.
3-нұсқада «Ерулі атқа ер салмай» деген өлең 29-өлең болып берілген. 
Бұл  турасында  құрастырушы  Б.  Аманшин:  «Ақын  жырлары  әр  жолы 
атақты «Ерулі атқа ер салмай» өлеңімен ашылатын да оған жалғас «Соғыс» 
басылып жүрді. Көтерілістің соңғы кезеңінде туған бұл екі шығарманың 
ақынның бұлардан бұрынырақ тағы басқа өлеңдерінің алдында басылуы 
қай-қай жағынан да дұрыс емес-ті. Бұл басылымда Махамбет жырлары, 
алдымен осы тұрғыдан тәртіпке келтірілді. Бастан кешкен оқиғаларды ескере 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет